400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жасай бер,жас ұлан,шарықта!"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне арналған сценарий балалардың бойында ұлттық патриоттық сезімдерін тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жасай бер,жас ұлан,шарықта!»патриоттық әндер байқауының сценарийі.

Мақсаты:Жас ұрпақ бойына еліне,жеріне,ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

Жүргізуші:Бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған,Желтоқсан оқиғасымен келген,тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалады. «Тәуелсіздік күні»мерекесіне арналған «Жасай бер,жас ұлан,шарықта!» атты патриоттық әндер байқауын назарларыңызға ұсынамыз.

Тәуелсіздік таңын сүйем,

Таң мен бірге келді ме өлең?

Көк туына басымды ием

Көгімізде желбіреген.

Аласармас аспанымда

Күнмен гүлдеп ел өседі.

Қазақстан аспанында

Бостандықтың желі еседі.

Әнді алысқа жеткіземіз,

Көкке елдің туы ілінді

Жылда той қып өткіземіз,

Тәуелсіздік ұлы күнді.

Маған қымбат ұлы елімнің

Шешек атқан әр күні

Аялайды бәрімізді

Азаттықтың таң нұры.

Еліміздің көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп,әлемге таныла берсін.Тәуелсіздік мерекесі кұтты болсын!

Сахна төріне бүгінгі үміткерлерімізді шақырамыз.

1.Чеден Айбар №9 «Жасдәурен» ересек тобының тәрбиеленушісі.

2.Сейтмұхамбет Ақмерей №13 «Ақбота» ересек тобының тәрбиеленушісі.

3.Айдарбай Нұрбибі №10 «Балдаурен» ортаңғы тобының тәрбиеленушісі.

4.Алтыбай Айғаным №12 «Назерке» ортаңғы тобының тәрбиеленушісі.

5. Абдулла Балауса №8 «Балауса» ересек тобының тәрбиеленушісі.

6. Исатай Нұржан №11 «Ертөстік» ересек тобының тәрбиеленушісі.

7.Нұрберген Ардақ №14 «Ақбөбек» Мад тобының тәрбиеленушісі.

Алдарыңызда әділ баға берер қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Тәуелсіздік ұлы күнім,

Тұрсын жайнап төбемде.

Сен жасай бер мәңгі бақи

Қуанышқа бөлен де

Тәуелсіздік-

Бақ туын

Қолға ұстаған сәт бүгін

Болсын дәйім шат күнім – дей келе кезекті бақтарын сынап келген үміткерлерімізге берейік.

1.Чеден Айбар №9 «Жасдәурен» ересек тобының тәрбиеленушісі.

«Қазақстан» әні.

2.Сейтмұхамбет Ақмерей №13 «Ақбота» ересек тобының тәрбиеленушісі.

«Ұлы Отан»

3.Айдарбай Нұрбибі №10 «Балдаурен» ортаңғы тобының тәрбиеленушісі.

«Елтаңбасы елімнің»

4.Алтыбай Айғаным №12 «Назерке» ортаңғы тобының тәрбиеленушісі.

«Нұр аға»

5. Абдулла Балауса №8 «Балауса» ересек тобының тәрбиеленушісі.

«Туған жердей жер болмас»

6. Исатай Нұржан №11 «Ертөстік» ересек тобының тәрбиеленушісі.

«Қазақстаным менің»

7.Нұрберген Ардақ №14 «Ақбөбек» Мад тобының тәрбиеленушісі.

«Қазақстан»

Қазылар алқасы шешімге келгенше видиороликке назар аударамыз.

Сөз кезегі қазылар алқасында.

Көкке өрле,самға да!

Мереке бүгін ұлы күн

Бабалар рухы көксеген .

Азатты елдің ұлымын,

Теңескен төбем көкпенен.

Туған халқымыздың тарихын,батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын,байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді.Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай өткізіліп отырған «Жасай бер,жас ұлан,шарықта!» атты патриоттық әндер байқауы өз мәресіне жетті.Еліміз тыныш,елбасымыз аман болсын!Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!Қош сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
450
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі