15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жасай бер,қазақ тілі-ана тілі!
Уақыты: 21.09.2018 сағ: 12:00
Өтілетін орны: Мәжіліс залы
Тақырыбы:
Жасай
бер, қазақ тілі - ана тілім!
Мақсаты:
Қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, мәңгілік елдің – мәңгілік тілі етуге ат салысу;
Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру;
Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тіл туралы нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, слайд, тапсырмалар...
Әдісі: Мерекелік іс-шара.
Қатысушылар: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері,
5 -10 сынып оқушылары
Би «Қазақ батыры» Орындайтындар: бастауыш сынып оқушылары.
Жүргізуші:
Үйсінбай А.
Тілім
менің-тірлігім,
Тіл жайында толғанбайтын
кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді
кімді-кім?
Тілім менің, тілім
менің-тірлігім!
Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,
Абай
, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Армысыздар,
құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі
«Жасай
бер, қазақ тілі - ана тілім!»
атты мерекелік іс-шарамызға қош
келдіңіздер!
2
- жүргізуші:
Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі - қазақ халқының тілі. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс.
1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды.
Ал, «22 – қыркүйек – Қазақстан халықтары тілдер күні» - барлығымыздың мерекеміз!
Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.
Ән. «Жаса ,жаса – қазақ тілім» Орындайтын: Сақбай Төребек.
Жүргізуші:
Тарихтарың сыр шертіп ғасырлардан,
Көкте күнің Түркістан жарқыраған.
Ән арнадым рұхсат ет , бас иемін,
Тебіренттің рухыңмен асыл бабам.
Қожа-Ахмет ойын тербеп шарлаған,
Болашақтың
шамын жағып Түркістан.
(Слайд)
Елбасымыз Оңтүстік Қазақстан еліміздегі экономикалық, көлік-логистикалық, демографиялық әлеуметі зор аймақ екенін, биыл халқының саны миллионға жеткен Шымкент шаһары Қазақстандағы ең ірі мегаполистің қатарына қосылғанын, атап айтқанда, Тәуелсіздік жылдарында Астанадан кейін Шымкент миллионнан аса халқы бар қала екенін, облыстағы өнеркәсіп өндірісінің 60 пайызы Шымкентте шоғырланғанын айта келе,. Шаһар еліміздегі жетекші сауда-өнеркәсіп және мәдениет ошақтарының бірі болып саналатынын, қаланың осындай мүмкіндіктерін ескеріп, оған республикалық мәртебе беру жөнінде шешім қабылдады. Ал облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілді.
Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Орта ғасырларда (ХҮІ – ХҮІІІғғ) ол Орта Азия мен Қыпшақ даласы халықтарының саяси орталығы болған. Бері де Қазақ хандығы ордасы болды. Қасиетті Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған.
Ән: «Түркістан» Орындайтындар: Ергешбай Бақдәулет пен Үсенбек Ажар.
Жүргізуші:
Тілім менің тірегім, дінім менің,
Тілсіз
қандай болады күнім менің.
Өз
халқыма жетеді өз мәнінде
Өз
тілімде оқылса жырым менің.
Түркістан туралы өлеңдер. Оқитындар: 5-6 сынып оқушылары
Жүргізуші:
Қазағым
тіліңменен жана берші.
Әуендетіп,
әніме сала берші.
Мәңгі даңқың
түспесін-қазақ тілі.
Көкейімде
жатталып қала берші.
Би: «Қазақша». Орындайтын: 10 сынып оқушылары.
Жүргізуші:
Тіл! Тіл-құрал! Әсіресе, егер ол өз ана тілін немесе туған тілің болса... Әрбір ұлттың өзінің ұлттық тілі болады. Сол ұлттық тілді әрбір адам қорғай білуі қажет. Сол сияқты ұлттық тілді қорғау-біздің міндетіміз.
«Полиглот». Мақал – мәтелдерде жетіспейтін сөзді тауып, үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) айтып беру керек.
Отан оттан да ...... (ыстық, горячий, hot)
Ананың сүті ...... (бал, мёд, honey)
... - адамның арқауы. (ас, еда, food)
..... көпті жау алмайды. (дос, друг, frend)
...... жолы жіңішке.(қыз, девочка, girl)
Бала ...... бал.( тіл, язык, language)
Көз қорқақ, ..... батыр. (қол, рука, hand)
Судың да ...... бар. (сұрау, просить, ask)
Қына тасқа бітеді, білім ...... бітеді.( бас, голова, head)
Оқу білім азығы, білім.... қазығы.(өмір, жизнь, life)
Жүргізуші: «Тіл –ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру-мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз.
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.
Тіл туралы тақпақтар. Оқитындар: 5-6 сынып оқушылары.
Жүргізуші:
Ана тілі - біздің туған анамыз!
Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.
Ана тілін бағаласақ, қалай біз
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
"Анасынан безген ұл!" - деп қараңыз. (М.Әлімбаев)
Барлық оқушылар бастарын иіп, тағзым етеді.
Жүргізуші:
О,
адамдар, қадіріне жетіңдер!
Ана
тілің-анаң. Сыйлап өтіңдер!
Туған
тілін танымаған көрсоқыр,
Болып өтер
ертең мәңгі өкінер.
Ән: «Мәңгілік ел» Хор.
Қорытындылау.
Шымкент №1 саңырау балалардың мектеп – интернаты
Тақырыбы:
«Жасай бер, қазақ тілі – ана тілім!».
Жауапты: Үйсінбай А
2018 -2019 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген