Жаса,жайна, мәңгілік ана тілім!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаса,жайна, мәңгілік ана тілім!

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім салалары:«Қатынас», «Таным», «Әлеуметтік орта», «Денсаулық» , «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған

оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, дене шынықтыру, көркем әдебиет,музыка, би, жапсыру

Тақырыбы: «Жаса, жайна мәңгілік, ана тілім!»

Мақсаты:

Білімділік:Балаларға қазақ тілінің қадір-қасиетін түсіндіру.Тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсінуге шақыру.

Дамытушылық: Балалардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін, құрмет-қасиеттерін арттыру.Ой-өрістерін кеңейтіп,сөздік қорларын молайту.Көру, есте сақтау, сөйлеу дағдылырын дамыту.Мәнерлеп оқу дағдылырын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Ана тілін сүюге, ардақтауға, қадірлеуге, және оған қамқорлық жасауға, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, адамгершілікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Міндеті: «Жарыс» ұғымын сезіндіре отырып, туған тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, сөз өнеріне баулу. Тілдерін дамыту, жүйелі түрде сөйлей білуге, өз ойларын нақты жеткізе білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,әңгімелеу,көрсету, сұрақ-жауап,ойын, топтастыру

Көрнекілігі: Табиғаттың суреті,қоғам қайраткерлерінің нақыл сөздері, мақал- мәтелдер жазылған плакаттар

Биллингвизм:Қазақ тілі – казакский язык

Әлеуметтік инклюзия: Карина-өзге ұлт өкілімен жұмыс









Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-

әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы
















Жылулық шеңбері:

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға гүл шашылды.

Қайырлы таң! Біз нәзік қыздармыз!

Қайырлы таң! Біз ержүрек ұлдармыз!

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз,

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Сәлем бердік біз!


Біздің Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері тұрады. Дегенмен олардың туған тілдері біздің қазақ тілі болып саналады.

Бүгін біз екі топқа бөлініп жарысамыз. Сендер кеуделеріңе қараңдаршы, кімнің кеудесінде тұлпардың суреті болса, ол «Тұлпар» тобында болады.Ал, кімде қыранның суреті болса, ол «Қыран» тобында болады.


Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз мезгілінде қанша ай бар?


  • Қазір қай ай?


Балалар шеңбер жасап

тұрады.



(қимылмен көрсетеді)











Балалар топқа бөлінеді.










  • Қазір жылдың күз мезгілі

  • Күз мезгілінде 3 ай бар.


  • Қазан


Іздену-ұйымдастырушы

Ана тілім –анамның

Ақ сүтімен келген тіл.

Ана тілі – бабамның

Ақылымен келген тіл.

Біздің І-бөліміміз.Таныстыру.

(Есік қағылып, топқа орыс ұлты келеді.)


Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.


ІІ-бөлім « Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»


(Есік қағылып грузин отбасы келеді.)


Туған тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылыр сыр ойдағы.

Өссе тілім менде бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.


ІІІ-бөлім «Мақал – сөздің мәйегі»

Мен мақалдың жартысын айтамын, ал, сендер жалғастырасыңдар.


Сергіту жаттығуы:


Орнымыздан тұрамыз , Мойнымызды бұрамыз

Қолымызды тік ұстап,

Билеп-билеп аламыз.



«Ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге дайынмын», деп Расул Ғамзатовтың айтқаны тілдің қай елде, қай ұлтта болса да қастерлі, қасиетті екенін дәлелдейді.


ІV-бөліміміз «Бәйге»

Яғни сұрақ-жауап.

(Сұрақтар геометриялық пішіндер бейнеленген қарточкаларда жазылған. Оны балар қай геометриялық пішін екенін табуы керек, содан кейін сұраққа жауап беруі тиіс)

1.Біздің елбасымыз кім?

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?

3. Біз қай Республикада тұрамыз?

4.Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.


(Есік қағылып топқа бақа келеді)

-Балар сәлеметсіңдер ме?

Менің ертең досым Кірпінің туған күні еді, ал мен ешқандай тілек білмеймін. Сендердің бақшаларыңда бір сиқырлы жеміс ағашы бар екен.Бір қызығы онда барлық жемістің түрлері өседі екен.Ал, сол жемістерде тілектер жазылған екен.Сол жемістерді маған жинап беріңдерші.

-Бізде тіл мерекесіне арналған жарыс сабағы болып жатыр ,біздің балар сізге көмектеседі.


Ойын: «Кім тез жинайды?»


(Бақа жиналған жемістерге қуанып, жемістердегі тілектерді оқып береді.)


«Жүректен жүрекке»

- Дендерің сау болсын!

- Аспандарың ашық болсын!

- Ауырмаңдар!

- Балабақшаларың көркейе берсін!



«Тіл – халықтың алтын діңгегі» дейді халық даналығы. Ана тіліміз біздің ғасырдан ғасырға, заманнан заманға аман жеткізген бірден бір арымыз да, нарымыз да.


V-бөлім Қолөнер сайысы

Матадан қиылған өрнекті балалар матаға жапсырады.


Саусақ жаттығуы:

Бір саусағы тіпті де

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті.

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен, он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.


Қауіпсіздік ережесін ескерту.


  • Іске сәт, балалар.




Екі топ өздерін таныстырады.











Балалар тақпақ айтып жарысады.


Балалар жауабы













Тіл тас жарады.

Тас жармаса бас жарады.


Өнер алды –қызыл тіл.




Балалар қимылдар жасайды.

















-





Балалар жауабы.




















Балалар қызыға ойнайды.





























Балар саусақтарын қимылдатып жаттығулар жасайды.





Балалар жұмыстарын аяқтап, қандай ою-өрнекті жапсырғандарын айтады.



Рефлексивті -

түзету



-Балалар бүгінгі жарысымызда екі топта жеңіске жетті, яни, достық жеңді.

Сүйемін туған тілді, анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Ән: «Анамның тілі – аяулы үні»

-Бүгінгі жарыс сендерге ұнады ма? Балаларды мақтап, мадақтау.






  • Иә












Балалар хормен айтады.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.11.2018
1011
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі