Жасанды
интелект арқылы
бейне құрушы генератор (Vidnoz)
ЖАҢАБЕКҚЫЗЫ
АЯУЛЫМ
Аннотация:
Бұл
мақалада Vidnoz бейне редакторы арқылы
жасанды интеллект бейнелерін жасау
үшін қысқаша шолу берілген. Оларды
әлеуметтік желілерде, білім беру
саласында, телевидения, маркетинг және
жарнама салаларында бейнелерді жариялау
үшін пайдалануға болады.
Аннотация:
В этой статье представлен краткий обзор
создания видео с искусственным интеллектом
с помощью видеоредактора Vidnoz. Их можно
использовать для публикации видео в
социальных сетях, в сфере образования,
телевидения, маркетинга и рекламы.
Abstract:
This article provides a brief overview of creating videos with
artificial intelligence using the Vidnoz video editor. They can be
used to post videos on social networks, in the field of education,
television, marketing and advertising.
Кілт
сөздер:
жасанды интелект, бейне редактор,
бейнелер жасау, Vidnoz, мәтінді сөйлеуге
түрлендіру, виртуалды диктор.
Ключевые
слова:
искусственный интелект, видео редактор,
создание видеороликов, Vidnoz,
преобразование текста в речь, вертуальный
диктор.
Keywords:
artificial intelligence, video editor,
video creation, Vidnoz, text-to-speech
conversion, virtual
speaker.
Қазіргі
цифрлық дәуірде бейне жазбалар
жасау
маңызды ақпарат көздерінің бірі болып
табылады.
Дегенмен, қызықты бейнелер жасау көп
уақытты қажет ететін және ақылы әрекет
болуы мүмкін. Бейне жазбалар жасауға
арналған көптеген бейне редакторлар
бар, бірақ олардың көпшілігі мұғалімнен
көп күш жұмсауды талап етеді. Мұғалімге
күш салмай-ақ, жасанды интелект көмегімен
қызықты бейне жазбалар жасауға мүмкіндік
беретін генератор – Vidnoz [1].
Vidnoz
-
виртуалды
дикторы бар бейне жасау құралы.
Vidnoz
пайдаланушыларға жоғары сапалы бейнелерді
оңай жасауға мүмкіндік береді және ең
жақсы жағы-бұл мүлдем тегін.
Күні бойы бір минуттық бейнені тегін
жасауға болады. Келесі бейнені келесі
күні ғана жасай аласыз. Vidnoz
бейне жасау процесін оңтайландыру үшін
жасанды интеллект пен машиналық оқыту
мүмкіндіктерін пайдаланады. Vidnoz
өте
ыңғайлы интерфейсті ұсынады, ол жаңадан
бастаушыларға да, тәжірибелі бейне
жасаушыларға да сәйкес келеді. Бұл бейне
редакторды пайдалануды бастау үшін
сізге технологияны жақсы білетін маман
болудың қажеті жоқ [2].
сурет.
Vidnoz
беті
Бұл
платформаға Google, Facebook, Linkedln, Microsoft және
электрондық почта арқылы тіркелуге
болады. Тіркелгеннен соң Vidnoz
беті (1-сурет)
ашылады.Vidnoz жасанды интелект бейне
редакторы сіз таңдаған үлгіні автоматты
түрде талдайды, бұл сізге бірегей бейне
жасау үшін мәтінді, суреттерді және
басқа медианы оңай енгізуге көмектеседі.
Ол тіпті сіздің мазмұныңызға сәйкес
келетін музыка мен ауысуларды ұсынады.
сурет.
Vidnoz
генераторында
жаңа бет ашу
Алдымен
бейне жазбаны құру үшін жаңа бет ашып,
оның өлшемін таңдап аламыз (2-сурет).
сурет.
Фон
таңдау
Ашылған
бетке тақырыпқа сәйкес фон таңдаймыз.
Фонды арнаулы генераторда сақталған
фото суреттер арасынан таңдауға болады
(3-сурет) немесе өзіміз фото, видео
жүктесек болады.
сурет.
Жасанды интелект пен мәтінді қосу
Өзімізге
қажетті фонды таңдап алған соң, жасанды
интелектті яғни виртуалды дикторды
таңдап аламыз және қажетті мәтінімізді
қосамыз (4-сурет).
сурет.
Дыбысты таңдау
Жазбаша
мазмұныңызды табиғи дыбыстық дауысқа
айналдыру үшін жасанды интелекттің
тілі мен дыбысын таңдаймыз. Егер өзіңізге
қажетті тілді таба алмасаңыз өзіңіз
жүктейде аласыз (5-сурет).
сурет.
Анимация таңдау
Жасалынған
бейнені әрі қарай безендіру мақсатында
өзімізге ұнаған анимацияны таңдаймыз
(6-сурет).
сурет.
Келесі бетті қосу
Алғашқы
бетімізді толық безендіріп болған соң,
«бос» батырмасын басып жаңа бет қосамыз
(7-сурет). Осылайша
қалған
беттерімізді де толықтырып шығамыз
[3].
сурет.
Бейне жазбаны сақтау
Сіз
дайын жобаңызды әртүрлі платформаларға,
соның ішінде әлеуметтік медиа мен
YouTube-ке сәйкес келетін әртүрлі форматтарға
оңай экспорттай аласыз. Сілтемені алуға
немесе бейнені компьютерге жүктеуге
болады (8-сурет).
Қорыта
келгенде бұл платформаның артықшылықтары:
біріншіден уақыт пен ресурстарды
үнемдеу. Бейне жасау автоматты түрде
жүретіндіктен, бұл пайдаланушының
уақыты мен ресурстарын үнемдейді.Екіншіден
сапалылығында. Себебі бейне генераторлары
сапаны жоғалтпай, көптеген мазмұнды
жасау үшін оңай масштабтай алады.
Үшіншіден көрермен қызығушылығын
арттыру болып табылады. Бейне жасау
процесінде жасанды интелект қолдану
аудиторияның назарын өзіне аудартады.
Қолданылған
әдебиеттер:
Искусственный
интеллект. Этапы. Угрозы. Стратегии /
Ник Бостром ; пер. с англ. С. Филина. —
М. : Манн, Иванов и
Фербер,
2016
http://didaktor.ru/vidnoz-otlichnyj-generator-sozdaniya-video-s-iskusstvennym-intellektom/
https://aiapp.vidnoz.com/