Жасанды интеллект:
әлеуеті мен адамзатқа әсері
Айтмирзаева Райхан
Океновна
Аннотация
Жасанды интеллект – компьютерді, роботтық
технологияны немесе аналитикалық жүйені адам сияқты интеллектуалды
ойлауға үйрету жолдарын зерттейтін технология, дәлірек айтсақ,
қазіргі ғылымның
бағыты.
Шындығында, адамдар интеллектуалды робот
көмекшілерінің болуын алғашқы компьютерлер ойлап табылғанға дейін
армандаған. Біздің күнделікті өмірімізде жасанды интеллекттің пайда
болуы соңғы жылдары барған сайын қарқынды болуда. Терең оқыту және
нейрондық желілер саласындағы елеулі жетістіктер сөйлеуді тану,
компьютерлік көру, табиғи тілді өңдеу және т.б. көптеген
технологияларды
жетілдірді.
Аннотация
Искусственный интеллект-это
технология, или, скорее, направление современной науки,
которая изучает способы обучения компьютера, роботизированной технологии или аналитической системы интеллектуальному мышлению, как человек. Фактически, люди мечтали о
существовании интеллектуальных роботов-помощников еще до изобретения первых компьютеров. Появление искусственного интеллекта в нашей повседневной жизни в последние годы становится все более интенсивным. Значительные достижения в области глубокого обучения и нейронных сетей улучшили многие технологии,
такие как распознавание речи, компьютерное зрение, обработка естественного языка и многое другое.
Abstract
Artificial intelligence is
a
technology, or
rather,
a
branch
of
modern
science
that
studies
ways
to
train
a
computer,
robotic
technology,
or
analytical system
to
think
intelligently like
a
human.
In
fact,
people
dreamed
of
the
existence
of
intelligent robot
assistants even
before
the
invention
of the
first
computers. The
emergence
of
artificial intelligence in
our
daily
lives
has
become
increasingly intense
in
recent
years.
Significant advances
in
deep
learning
and
neural
networks
have
improved
many
technologies such
as
speech
recognition, computer
vision,
natural
language
processing,
and
more.
«Жасанды
интеллект бұдан былай ғылыми фантастика емес, өмірдің ақиқатына
айналды. Жаңа дәуірдің басталғанына куә болып отырмыз. Кезінде
электр жарығы мен интернетті ойлап табу тіршілігімізді қалай
түбегейлі өзгертсе, жасанды интеллекті технологиясының ықпалы да
дәл сондай орасан зор. Ол адамзаттың тұрмыс салтын мүлдем басқа
арнаға бұрып, жұмыс процестерін автоматтандырады және ауқымды
экономикалық құндылық қалыптастыра алады. Кейбір
сарапшылардың бағалауынша, жасанды интеллектінің жаһандық
экономикаға қосатын елеулі үлесі – дүниежүзілік ЖІӨ-нің төрттен бір
бөлігіне пара-пар. Аталған технологияның кең қолданысқа ие болуы
Қазақстанның қарқынды дамуында маңызды рөл атқара
алады.
Жасанды интеллект робототехника, компьютерлік
көру, табиғи тілді өңдеу, автоматты жоспарлау сияқты әртүрлі
салаларда кеңінен қолданылады. Жасанды интеллектіні мамандануы
бойынша әлсіз, күшті және супер деп жіктейді. Әлсіз жасанды
интеллект нақты қарапайым мәселелерді шешуге арналған және жалпы
интеллектке ие болуға ұмтылмайды. Ал, қарқынды дамып келе жатқан
күшті жасанды интеллект қоршаған ортаны қабылдай алатын, адамдарға
ұқсас автономды шешім қабылдай алатын жүйе. Супер интеллект -
адамнан қабілеті жоғары интеллект. Ол жетілдірілген ойлау,
дәлелдеу, пайымдау, қарым-қатынас және оқу қабілеттерінің арқасында
адамның міндеттерін жақсы орындай
алады.
Жасанды интеллектіні дамыту тек озық
технологияларды ғана емес, ғалымдардың, инженерлердің және басқа да
мамандардың ынтымақтастығын қажет етеді. Адамның интеллектісі мен
жасанды интеллектінің интеграциясы ең пайдалы және инновациялық
нәтижелерге әкелуі мүмкін. Сондықтан зерттеуді жалғастыру және оны
қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес дамыту маңызды, ол біздің
өмірімізді жақсартудың пайдалы құралына
айналады.
Білім беру
саласында жасанды интеллект оқу
бағдарламасын оқушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкестендіруге
көмектеседі. Машиналық оқыту алгоритмдері әрбір студент үшін
жекелендірілген оқу жоспарлары мен ұсыныстар жасау үшін бағаларды
және оқу деректерін талдай алады. Сонымен қатар, ЖИ жаңа дағдылар
мен тілдерді үйренуге көмектеседі.
Бизнесте жасанды интеллект
күнделікті тапсырмаларды автоматтандыруға және деректер талдауын
жақсартуға көмектеседі. Бұл шешім қабылдау процестерін
жылдамдатады, тиімділікті арттырады және компанияларға нарықтағы
өзгерістерге тезірек жауап беруге мүмкіндік береді. Үлгіні
автоматты түрде тану, дауыс пен мәтінді өңдеу және үлкен көлемдегі
деректерді талдау - бұл прогресс пен жаңа ашуларды жеңілдететін
маңызды құралдар.
Қорытынды
Жасанды интеллект (ЖИ) – интеллектуалдық
қабілеттерді қажет ететін тапсырмаларды орындауға қабілетті
бағдарламалар мен жүйелерді жасауға арналған ғылым саласы. Жасанды
интеллекттің негізгі мақсаты - компьютерлік жүйелерге қоршаған
ортаны қабылдауға, ақпаратты өңдеуге, шешім қабылдауға және
тәжірибеден тәуелсіз үйренуге мүмкіндік беретін алгоритмдер мен
модельдерді жасау.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Ғ. Айғараева, Қ. Асанова, М. Нысанов. Сандық қондырғылар және
микропроцессорлық жүйелер. Оқулық. 2010
2.
Д. С. Козен. Есептеу теориясы. Сандық. Оқулық Алматы.
2013.
3.
Асамбаев А.Ж. Жасанды интеллект негіздері.- Алматы: ЖШС РПБК
"Дәуір", 2011 Оқу құралы.
4.
Рассел С., Норвиг П. Жасанды интеллект: Жаңашыл әдіс -Алматы, 2014.
Оқу құралы.