400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Жасанды интеллект мұғалім алмастыра ала ма?

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасанды интеллект мұғалім алмастыра ала ма?
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МҰҒАЛІМДІ АЛМАСТЫРА АЛА МА?




XXI ғасыр жаңа технологиялардың кең қанат жайған ғасыры. Әлемнің бір орынында тұрмай жаһандануы көптеген жаңалықтар мен өзгерістер енгізді. Сондай жаңалықтардың бірегейі - жасанды интеллект. Медицина, ХҚК, тіпті күнделікті өмірде қолданатын сервистеріміз дамыған технологияның жемісіне айналды.

Білім беру саласы да осы өзгерістерден құр қалмай, көптеген жаңашылдықтарды қабылдауда. Қажетті курстар мен сабақтарды ұйымдастыру, оқушыларға жеке кеңістік құру, берілетін тапсырмалар мен деректерді өңдеу, бағалау секілді мүмкіндіктер көбейіп келеді. Тіпті сабақты ЖИ көмегімен өткізсе, оқушылардың ынтасы артып, білім алуға қызығушылығы оянатындай. Осы тұста менің көкейіме “ЖИ мұғалімді алмастыра ала ма?” деген сауал келеді.

Әрине, жасанды интеллекттің артықшылықтары мол. Ол оқу үдерісін жеңілдетуге, оқушының өзіне керек дүниені тез саралай алуына көмек көрсетеді. Сонымен бірге ол деректерді лезде талдай отырып, әр оқушының оқу үлгерімін бақылай алады, әрқайсысына жеке тапсырмалар мен білім беру жоспарын құрастыра алады. Мысалы, бір оқушы математиканы үйреніп жатса, жасанды интеллект оның деңгейіне сай тапсырмалар беріп, қабілетін дамытуға ықпал етеді. Тура солай баланың ынтасы жаратылыстануға болса, әртүрлі функциялары арқылы қызықтырып оның қабілетін одан сайын ашуға көмек береді. Бұдан бөлек, ЖИ әр уақытта қолжетімді. Оқушы тәулік бойы, кез келген уақытта білім ала алады. Дегенмен ЖИ мұғалімнің орынын толық ауыстыра алмайды деп есептеймін. Өздігімше үш түрлі себебін келтірейін.

Бірінші. Мұғалімнің ең басты міндеті – оқушының тәрбиесін, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету. Баланың алған білімді ізгілік жолына жұмсауы ең маңызды бөлік. Оған мұғалім мен оқушы арасында болатын эмоциялы қарым-қатынас ғана көмек көрсете алады. Жасанды интеллект қанша жақсы дамығанымен, қанша оқытуды жеңілдеткенімен адамның жүрегімен сезіну, оқушының күйзелістері мен қиындықтарын түсіну, оған моральды қолдау көрсету сияқты маңызды қасиеттерді иелене алмайды.

Екінші. Мұғалім- ақылшы, шабыт беруші. Ол оқушыларға өзі таңдаған ісіне деген сүйіспеншілікті, құндылықтарды дарытады. Олардың өмірде жақсы адам, жақсы мaман болуы үшін өмірлік тәжірибесі, даналығы, кейде тіпті қателіктері aрқылы да oқушыларға үлкен сабақ бeреді. ЖИ мұндай рухани қолдау көрсете алмайды, өйткені ол тек алдын ала бағдарлама негізінде жұмыс істейтін «ҚҰРАЛ» ғана.

Үшінші. Қарым- қатынас жасау. ЖИ оқушыға білім беріп ғана қояды, ал оны бөлісу, өз керегіне жарату сынды нәрсені үйрете алмайды. Қоғаммен тығыз байланыста болуды үйрене алмайды. Мұғалім арқылы ғана бала сыныптастарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, қоғамдағы орнын табуға үйренеді. Өз ойын ашық білдіріп, еркін ойлауды үйренеді. ЖИ бұл рөлді де толыққанды атқара алмайды.

Өз ойымды қорытындылай келе, жасанды интеллект мұғалімнің көмекшісі ретінде ғана білім беру үдерісін жақсартуға септігін тигізуі мүмкін деген тұжырым жасадым . Ол мұғалімнің орнын еш баса алмайды, себебі білім беру – тек ақпарат беру емес, мұғалімнің жан дүниесі, адамгершілігі арқылы оқушылардың тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26.03.2025
138
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі