Жасанды интеллект туралы ұғым.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жасанды интеллект туралы ұғым.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасанды интеллект туралы ұғым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жасанды интеллект туралы ұғым.

Жасанды интеллект - деген не деп ойлайсың? Әр күні таңертең ұйқыдан оянғанда телефоныңнан ауа-райын қарайсың ба? Немесе YouTube саған дәл ұнайтын видеоны ұсынып жатқанына таңғалдың ба? Мұның бәрі — жасанды интеллекттің (ЖИ) нақты өмірдегі жұмысынан бір мысал. Жасанды интеллект – бұл адамның ойлау қабілетін еліктейтін, үйреніп, шешім қабылдай алатын "ақылды" компьютерлік жүйе. Ол қазіргі заманда біздің күнделікті өміріміздің бір бөлшегіне айналды. Ол біз сияқты ойлана алмаса да, көптеген тапсырманы біз үшін орындай алады.Жасанды интеллект — адамның ойлау, үйрену, шешім қабылдау сияқты қабілеттерін компьютерлер мен бағдарламаларға «үйрететін» технология.

Жасанды интеллекттің артықшылықтарын білесің бе? ЖИ бізді қоршаған ортада көптеген қызмет атқарады. Ол бүгінгі күні біздің күнделікті өмірімізде де, білім беру саласында да кеңінен қолданылады. Мысалы, күнделікті өмірде ЖИ смартфондардағы дауыс көмекшілер арқылы сұрақтарға жауап беріп, Google Maps пен навигация қосымшалары арқылы ең тиімді маршруттарды белгілеп, YouTube сияқты платформаларда сенің қызығушылығыңа сай видеолар ұсынады, сондай-ақ онлайн сауда және банк жүйелерінде жеке кеңесшілер ретінде қызмет етеді; ал мектепте ЖИ оқушылардың білім деңгейін талдап, әрқайсысына арнайы тапсырма береді, тесттерді автоматты түрде тексеріп, мұғалімге оқу барысын бақылау мен талдау жасауға көмектеседі, сонымен қатар тіл үйрену қосымшалары арқылы оқуды қызықты әрі қолжетімді етеді, осылайша жасанды интеллект біздің оқуымызды жеңілдетіп, тиімді етіп қана қоймай, өмірімізді де жаңа деңгейге көтереді, сонымен қатар, медицинада науқастарды тез диагностикалау мен өндірісте жұмыс тиімділігін арттыруға, автокөліктердің өзін-өзі жүргізуіне, банк ісінде алаяқтықты анықтауға және экология саласында ауа сапасын бақылауға жәрдемдеседі.

Алайда, жасанды интеллекттің пайдасы зор болғанымен, одан неге қорқуымыз мүмкін деген сұрақ та маңызды. Мысалы, кейбір адамдар жасанды интеллекттің адам жұмысын алмастырып, адамдардың жұмысы азаюы мүмкін деп алаңдайды. Сонымен қатар, ЖИ дұрыс бағдарламаланбаса немесе бақылаусыз қалса, қателіктер жасап, қауіп төндіруі ықтимал. Мысалы, автокөліктің өзін-өзі жүргізу жүйесі дұрыс жұмыс істемесе, апатқа себеп болуы мүмкін немесе әлеуметтік желілерде жеке ақпараттың жариялануы құпиялылықты бұзуы мүмкін. Сондай-ақ, жасанды интеллект кейде адам сезімін түсінбеуі және әділетсіз шешімдер қабылдауы ықтимал, бұл адамдар арасында сенімсіздік туғызады. Сондықтан, жасанды интеллектті қолданғанда оның қауіптерін ескеру, этикалық нормаларды сақтау және бақылау маңызды. Жасанды интеллект — бұл тек көмектесетін құрал ғана емес, сонымен қатар дұрыс пайдаланылса ғана пайдалы болатын жауапты технология.

Сондықтан жасанды интеллекттен қорқу емес, оны дұрыс түсініп, тиімді әрі қауіпсіз қолдануды үйренуіміз қажет. Бұл технологияның мүмкіндіктерін дұрыс пайдаланып, адам өмірін жақсартуға бағыттасақ, ЖИ біздің ең сенімді көмекшімізге айналады. Болашақта жасанды интеллект білім беру, медицина, экология және басқа да көптеген салаларда адамзаттың дамуына үлкен үлес қосары сөзсіз. Ең бастысы – оны адамгершілікпен, жауапкершілікпен қолдану арқылы ғана біз оның пайдасын толық сезіне аламыз. Осылайша, жасанды интеллект бізді қорқытуға емес, көмектесуге арналған керемет мүмкіндік болып табылады.

Жасанды интеллект – заманауи технологиялардың бірегей өнімі, ол біздің өмірімізді жеңілдетіп, жаңа мүмкіндіктер ашады. Алайда, өзгерістерге бейімделе білмеген адам өмірде артта қалады. Сондықтан біз ЖИ-ды қорқынышпен емес, ашық оймен қабылдап, оны дұрыс пайдалана білуіміз керек. Осылайша, жасанды интеллекттің көмегімен білімімізді жетілдіріп, өмірімізді жақсарта аламыз және заманауи әлемде алға ұмтыла аламыз.


Бердібек Алмасбек Әбдімұратұлы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.00.2025
111
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі