400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Жасанды мұхит

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасанды мұхит. 4- сынып. Қазақ тілі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Бөлім: 5. Табиғат құбылыстары

Күні :

Педагогтің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар :

Сабақтың тақырыбы: Жасанды мұхит

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

4.3.5.1* қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер, инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу

4.5.1.2* көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақтың мақсаты :

қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер, инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана біледі,

көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолданады

ЕББҚ үшін

қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер, инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана біледі,

көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолданады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Ертеңгілік шеңбер.

«Мен саған тілеймін»


Үй тапсырмасын тексеру

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және

мақсатымен таныстыру.

Барлық оқушылар бір-біріне шеңбер бойы жақсы тілек айтады.

Мысалы: Саған денсаулық тілеймін! Саған жақсы көңіл күй тілеймін!

98 бет 4-тапсырма

Қолпаштау







Сабақтың ортасы

























1.Тыңда. Қайтала.
Сөздікпен таныстыру:

Жаңа сөздер:

Тұз-соль

Су перісі-русалка

Балдыр-водоросли

Мұхит-океан

Жасанды-искусственный

Қоңыр-коричневый

Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру жаттығуы:


2. Тыңдалым. Айтылым.

1-тапсырма

Сұрақтарды оқы, көршіңмен талқыла.

1. Мұхит дегеніміз – не?

2. Мұхиттың теңізден қандай айырмашылығы бар?

3. Мұхиттың суы қандай болады? Оны ішуге бола ма?

4. Мұхит астынан не көруге болады?

5. Жасанды мұхит жасауға бола ма? Қалай?

! Есте сақтайық

Қанша? неше?

Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он бір, он екі,

он үш, он төрт, он бес, он алты, он жеті, он сегіз, он тоғыз, жиырма.

Отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз.

Нешеу?

біреу екеу үшеу төртеу бесеу алтау жетеу.


3. Айтылым. Ойланайық.

2-тапсырма

Асты сызылған сөздерге сұрақ қой?

1. Мұхиттан салмағы алпыс килограмм акуланы ұстады.

2. Осы аймақта тоқсан екі кит тіршілік етеді.

3. Менде акуланың суреті – біреу.

4. Су перісінің қолы екеу болады емес пе?


4. Айтылым. Жазылым

3-тапсырма.

А және Ә оқушы деп бөлініңдер. Өзге оқушының суреттерін

парақпен жап. Үлгі бойынша сөйле.

Үлгі: менің бірінші суретімде акула – екеу. сенің бірінші

суретіңде не бар?

а оқушы үшін:

Ә оқушы үшін:

Тыңдалым,айтылым.

Сөздерді оқиды, қайталайды, сөз тіркесін құрастырады. Мысалы:

Тұзды су










Тыңдалым. Жазылым.Айтылым


Сұрақтарды оқиды. Сыныптастарымен талқылайды.



ЕББҚ оқушы жұптасып тапсырманы орындайды








Ережелермен танысады. Сан есімдерді таңдап 5-6 сөз тіркесін құрастырып жазады.












Ойланып, берілген сұрақтарға жауап береді.


Сөйлемдерде септік жалғаулары бар сөздерді тауып, септігін анықта.



ЕББҚ оқушы жұптасып тапсырманы орындайды






3-тапсырма

А және Ә оқушы деп бөлінеді. Өзге оқушының суреттерін

парақпен жабады. Үлгі бойынша сөйлейді.

Үлгі: менің бірінші суретімде акула – екеу. сенің бірінші

суретіңде не бар?

А оқушы үшін:

Екі кит, 5 акула,1 балдыр,бір кеме,алты тасбақа, үш дельфин, екі су перісі,төрт жылан, алты қап құм, екі пачка тұз, жеті сегізаяқ,бір балық.

Ә оқушы үшін:

Бір кит, үш акула, бес балдыр, екі кеме,жеті тасбақа, төрт дельфин, бір су перісі,үш жылан, үш қап құм, екі пачка тұз, төрт сегізаяқ,бір балық.



ЕББҚ оқушы жұптасып тапсырманы орындайды



«Бас бармақ»






Дескриптор:

- Сұрақтарды оқиды. Сыныптастарымен талқылайды

ҚБ: «Табыс сатысы: Алғашқы қадам».







Дескриптор:

Ережелермен танысады. Сан есімдерді таңдап 5-6 сөз тіркесін құрастырып жазады.

ҚБ: «Табыс сатысы: Екінші қадам».


Дескриптор:

Ойланып, берілген сұрақтарға жауап береді.


ҚБ: «Табыс сатысы: Үшінші қадам»






Дескриптор:

А және Ә оқушы деп бөлінеді. Өзге оқушының суреттерін

парақпен жабады. Үлгі бойынша сөйлейді.



Слайд







Слайд

Оқулық 99 бет



















Слайд

Оқулық

100 бет














Оқулық

101 бет





















Оқулық

102 бет


Сергіту сәті



6. Тыңдалым.Жазылым. Айтылым.

4,5-тапсырма Мәтінді оқып, мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.

Океанариум – Қазақстанда ең алғаш ашылған жасанды мұхит. Ол 2003 жылы ашылды. Бұл жер табиғи мұхиттан шамамен 3000 километрге алыс орналасқан. Ол жазық даланың қақ ортасында тұр. Сол себепті оны рекордтар кітабына енгізген.

Оған 120 тоннадай мұхиттың табиғи құмы қолданылған. Океанариумға 3 000 000 литрдей су құйылған. Шамамен 2000 теңіз жануары әкелінген.

Ғажап көрініс! Су астынан түрлі балықтар мен өсімдіктерді көруге болады. Жасыл, қоңыр балдырлар су астында әсем жайқалады. Ең маңыздысы, мұнда дауыл ешқашан болмайды, жаңбыр жаумайды. Мұхит үнемі тұп-тұнық болып тұрады.

1. Океанариум дегеніміз – не?

2. Қазақстанда океанариум қашан және қай қалада ашылды?

3. бұл океанариум не себепті рекордтар кітабына жазылды?

4. «Думан» океанариумына қанша тонна мұхит құмы әкелінген?

5. бұл жасанды океанариумға қанша литр су керек болды?

6. Океанариумда шамамен неше теңіз жануары бар?

Дескриптор:

Мәтінді оқып, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді

ҚБ: «Табыс сатысы: Мәре»


Көшіріп жазу

Біздің аралда жабайы табиғат сақталған. Бұл жерде табиғи жылы су бар. Мұнда құпия жерлер көп. Аралдың орманды бөлігінде жабайы тайпалар

өмір сүреді. Ол жер айрықша қорғалады.

Оқулық

103 бет

Сабақтың соңы

Үйге: 102 бет 6-тапсырма



Рефлексия «Табыс сатысы: қорытынды».

«Мен ........................................білемін», «Мен....................................түсінемін»,

«Мен ..........................жасай аламын».



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 ақпан
466
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі