Күні:9.11.2018
Сыныбы:
9
Пәні:физика
|
Сабақтың аты
|
§17. §18.Жасанды серіктердің қозғалысы.
Дененің салмағы. Салмақсыздық.
|
|
Сілтеме
|
Жоспар
|
|
Жалпы мақсаты
|
-
Жасанды серіктердің қозғалысы.
Дененің салмағы. Салмақсыздық жайлы мағлұмат
беру
-
Жасанды серіктердің қозғалысы.
Дененің салмағы. Салмақсыздықты күнделікті тұрмыста және
формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге
үйрету
-
Өзін-өзі бағалауға
баулу
|
|
Күтілетін нәтиже
|
-
Жасанды серіктердің қозғалысы.
Дененің салмағы. Салмақсыздық жайлы мағлұмат
алады
-
Жасанды серіктердің қозғалысы.
Дененің салмағы. Салмақсыздықты күнделікті тұрмыста және
формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге
үйренеді
-
Өзін-өзі бағалай алатын
болады
|
|
Негізгі идеялар
|
Бүкіл әлемдік
тартылыс күші әрекетінен дененің дөңгелек орбита бойымен қозғалысы
жүзеге асатын жылдамдық бірінші ғарыштық жылдамдық деп
аталады.
Жерден ұшатын дене үшін бірінші
ғарыштық жылдамдықты анықтайық.

Бірінші ғарыштық жылдамдық ≈7,9
м/с-қа тең.
(2)
Б ұл формула бойынша
кез келген планета серігінің бірінші ғарыштық жылдамдығын есептеуге
болады.Параболалық траекторияға сәйкес келетін жылдамдық екінші
ғарыштық жылдамдық деп аталады.

Дененің Жерге тартылуы
салдарынан оның тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші дененің
салмағы деп аталады.
Үдеу болмаған жағдайда
горизонталь жазықтықтағы дененің салмағы ауырлық күшіне
тең.
Дене тіреуімен бірге вертикаль
жоғары қарай қозғалған жағдайда дененің салмағы оған әрекет ететін
ауырлық күшінен артық болады.

Тіректің немесе аспаның үдемелі
қозғалысынан туындайтын дене салмағының артуын асқын салмақ
дейді.Дененің салмағы нольге тең болатын дененің күйі салмақсыздық
деп аталады.
Дене тіреуімен бірге вертикаль
төмен қарай қозғалған жағдайда дененің салмағы оған әрекет ететін
ауырлық күшінен кем болады. 
|
|
Тапсырмалар
|
Топтық жұмыс
«Жигсо»
|
|
Тапсырмалар
|
Жұптық
жұмыс
|
|
Тапсырмалар
|
Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»
|
Сабақ
бойынша мұғалімнің жазбалары:
(мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2
минут)
-
Сәлемдесу
-
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
-
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа
бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
-
Ауырлық күші деп қандай күшті айтамыз?
-
Ол қандай шамаларға тәуелді?
-
Денелердің еркін түсуі қандай қозғалыс түріне
жатады?
-
Еркін түсу үдеуінің дене массасына тәуелді емес екенін
қалай дәлелдеуге болады?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі
(3 минут)
-
І ғарыштық жылдамдық дегеніміз не? Формуласы.
-
ІІ ғарыштық жылдамдық дегеніміз не? Формуласы.
-
Денеің салмағы дегеніміз не?
-
Асқын салмақ дегеніміз не?
-
Салмақсыздық дегеніміз не?
ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)
Сіздің
тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және
бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен
жүреді:
Берілген
мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың
бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын
жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
|
№
|
Бағалау өлшемдері
|
Көш
басшы
|
Хатшы
|
Баяндамашы
|
Уақыт сақшысы
|
|
1
|
Тақырыптың ашылуына үлес қосу
|
|
|
|
|
|
2
|
Міндетін атқару
|
|
|
|
|
|
3
|
Топтық жұмысқа атсалысуы
|
|
|
|
|
Әр оқушы
өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін
тыңдау.
Ү. Жұптық
жұмыс «Пилот -
Штурман» (5 минут)
(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы) берілген формуланы
түсіндіру


Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді
бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»
(13 минут)
|
1
|
Білу
|
Салмақсыздық дегеніміз не?
|
|
|
2
|
Түсіну
|
Дене салмағының формуласын жаз?
|
|
|
3
|
Қолдану
|
Массасы 1,5 кг болатын денені жоғары қарай 2,5
м/с2 үдеумен лақтырады.
Осы кездегі дененің салмағын табыңдар ?
|
|
|
4
|
Талдау
|
Дене жоғары көтерілгендегі және төмен
түскендегі салмағын салыстыр?
|
|
|
5
|
Жинақтау
|
Суретті
түсіндір
Дене жоғары және төменгі қозғалысын сипаттап
бер?
|
|
|
6
|
Бағалау
|
Салмақ күшіне еркін түсу үдеуінің маңызы
қаншама?
|
|
Жасаған
жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не
үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
|
Кейінгі тапсырмалар
|
№65
|
|
Кейінгі оқу
|
§17. §18.Жасанды серіктердің қозғалысы.
Дененің салмағы. Салмақсыздық.
|