Материалдар / «Жасөсіпірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу»

«Жасөсіпірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала Біздің Конституциямыз «Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі» деп басталады. Ендеше сол қымбат қазынаны көзіміздің қарашығындай етіп қорғау әрбір азаматтың алдындағы, сондай-ақ жалпы қоғамның алдында тұрған өзекті мәселе. Біздің қазақ көз ашқалы адам шығынын көріп келе жатқан халық. Арғы тарихты айтпағанда, соңғы бір ғасырдың ішінде ғана шұбырып жатқан қалың алаштан ұлтарақтай ұл аман шықты. Бестен үш бөлігін аштыққа берсек, қалғанын болашағымыз үшін деп жүріп құрбандыққа шалдық.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2022
504
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ақтөбе қаласы №76 ЖОББМ

Педагог-психологі: Уринбаева Айгуль Жанбирбаевна

«Жасөсіпірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу»

Біздің Конституциямыз «Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі» деп басталады. Ендеше сол қымбат қазынаны көзіміздің қарашығындай етіп қорғау әрбір азаматтың алдындағы, сондай-ақ жалпы қоғамның алдында тұрған өзекті мәселе. Біздің қазақ көз ашқалы адам шығынын көріп келе жатқан халық. Арғы тарихты айтпағанда, соңғы бір ғасырдың ішінде ғана шұбырып жатқан қалың алаштан ұлтарақтай ұл аман шықты. Бестен үш бөлігін аштыққа берсек, қалғанын болашағымыз үшін деп жүріп құрбандыққа шалдық.

Аумалы төкпелі заманның өзі солай етуге мәжбүр етті. Ал енді елге тыныштық орнаған мына бейбіт заманда біздің Қазақстан адам шығыны жағынан әлем бойынша алдыңғы қатарда тұр. Оны біреулер денсаулық сақтау саласының нашарлығымен де байланыстырып жатады. Алайда бір таң қаларлығы- біздің еліміз суицид бойынша да, яғни азаматтардың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша да «көшбасшы» елдердің бірі екенбіз.

Суицидке барудың негізгі себебтері:

Әлеуметтік психологиялық тұрғыдағы себептер: ортамен қарым-қатынастың бұзылуы; психологиялық климаттың балаға жағымсыз әсер етуі; отбасындағы басқару стилі; үлкендер  тарапынан күш көрсетілуі; ата-анасы тарапынан балаға тиісті көңіл бөлінбеуі және мейірімсіздік, қаталдық көрсету; балаларға қол жұмсауы; ата- анасының айырылысуы; құрбы құрдастары, көше мен ауланың жағымсыз әсерлері мен қысымдары, т.б.

Педагогикалық психологиялық тұрғыдағы себептер: балалардың проблемалары жағдайларда өз өздерін басқара алмауы, қиын жағдайлардан шығуда өзін дұрыс бағыттай алмауы; кері әсерлерге қарсы тұра алмауы, өзіндік ішкі қорғаныс бағытының, алға жетелейтін мақсаттың жоқтығы, эмоциялық күйлердің тұрақсыздығы, фрустрацияға, стресске бейімділігі; ҰБТ жағдайларында, әсіресе теріс не төмен нәтижеге ие болғанда өздерін ұстай алмауы, т.б.

Экономикалық психологиялық тұрғыдағы себептер:балалардың құрбы- құрдастары қатарынан қаржы қаражат, киім киісі, ақша жарату, материалдық тұрмыстық жағдайы жағынан жетіспеушілік көруі, т.б.

Жоғарғы суицидтік тәуекел зонасында жүрген адамдардың қатарына:

-депрессиядағы жасөспірімдер;

-ішімдік және наша қолданатын жасөспірімдер

-суицидтік ұмтылысқа (попытка) барған жасөспірімдер немесе отбасы адамдарының

-ішінде өз өзіне қалай қол салғанына куә болған жасөспірім.

-дарынды жасөспірімдер.

-мектепте оқу үлгерімі төмен жасөспірімдер;

-аяғы ауыр қыздар;

-зорлық –зомбылықтың құрбаны болған жасөспірімдер;

-религиялық сектаның, қалыптан тыс ықпалына түскен жасөспірімдер


Суицид белгілері:

Сыртқы түрі мен мінезінде:

Сағынып, мұңайып жүргендей түр

Баяу қимылдау

Монотонды дауыс (естілер естілместей)

Сөйлеудің баяулауы

Қысқа жауаптар

Жауап бермеу

Сөйлеудің жылдамдауы

Екпіндеп сөйлеу

Ұқыптылықтың шектен шығуы

Іс-әрекетсіздік

Қимыл-қозғалыстың артуы

Ұйқысы келіп жүргендей

 

Эмоциялық жағынан бұзылуы:

Зерігу

Ашулы

Кекті

Қоршаған ортаға өшпенді қарым-қатынас

Өзінің сезіміне сенімсіздік

Мақсатсыз үрейлену, қорқыныш

Қуанышты сәттерге қуана алмау

Секемшілдік

Еш нәрсеге мән бермеушілік

Қайғылы түр

 

Психикалық аурулар:

Депрессия

Себепсіз қорқынышты байқататын невроздық

Шизофрения

 

Өз өмірін бағалау:

Өткен өміріне пессимистік баға беру

Өткеннің жағымсыз сәттерін көп еске алу

Жаңажағдайларғақұлықсыз, төменбаға беру

Болашақ туралы жоспарларының болмауы

 

Тәулік барысындағы динамикалық жағдайы:

Кешке қарай көңіл-күйінің көтерілуі

Кешке қарай көңіл-күйінің төмендеуі.

Қоршаған ортамен араласуы

Ортамен араласудан қашқақтауы

Көмекті қажетсініп ортамен қарым-қатынас жасауға ұмтылыс, қолдау күту

Вегативтік ауытқулар:

Көздің жасаулары

Көз қарашығының үлкеюі

Ауыздың құрғауы

Тахикардия

Қан-қысымының көтерілуі

Ауаның жетіспеуі, тұншығатындай күйде болу

Тамақта бір нәрсе тұрғандай болуы

Бас ауруы

Ұйқысыздық немесе ұйқышылдық

Кеуде тұсының ауруы, дене бөлшектерінің ауруы

Ішқату

Салмағының төмендеуі немесе артуы

Тәбетінің азаюы, дәм сезуінің төмендеуі

Менструалдық циклдің бұзылуы.

 

Демонстративті қылық:

Демонстративті суицидті қылықтын көрінуі көбіне тамыр кесу, улы емес дәрімен улану, дарға асылуды көрсету.

Аффективті суицидтік қылық:

Аффективті суицидтік қылықтын көрінуі жиі дарға асылу, токсинді және қатты әсері бар дәрі-дәрмекпен улану.

Шынайы суицидтік қылық:

Әркезде дарға асылумен негізделеді

Адамның жаны – Алла Тағаланың бір бөлшегі. Өйткені, ет пен теріден жасалған тәндегі рухты Тәңіріміз өзінен алып үрлепті деседі. Ендеше, осындай ізгі құрметпен берілген асылды бағаламау – қымбаттың берген сыйлықты иесіне лақтырып қайтару мен тең. Әрине, өмірді «қиын» етіп көрсететін факторлар жетіп жатыр. Ондай сәттерде Шығыс пәл сапасында айтылатын жұмыр жердің бетіндегі қайғы-қасіреттің өткінші болатындығын еске алған жөн шығар.

Әр күнге үкілі үмітпен қызыға қараныз. Қызыға отырып, құлшына өмір сүріңіз және де алланың берген сыйы, көзіңіздің ағы мен қарасындай болған сіздің болашағыңыз, сіздің ет жүрегіңіз-ішіңізден шыққан балаңыз.Олай болса, бала тәрбиесіне сіз боп, біз боп бірге көңіл бөлейік!!!

Психологиялық кеңес:

Өмірдің мәні мен сәні, қызығы мен қуанышы, арайлап атқан әр таңы жүрегінізге, өміріңізге деген махаббат сезімін оятсын. Алаңсыз өмір сүріп, уайымсыз күн кешіп жатқан болашағыңыз бүгінгіден де нұрлы болуына үздік білімім мен үлес қосуға талпыныныз. Өйткені, сіз нұрлы өмірдің иесісіз!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ