Материалдар / Жасөспірім арасындағы құқық бұзушылық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жасөспірім арасындағы құқық бұзушылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағатына қмж
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2024
137
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Білім беру ұйымының атауы

18 М.Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу»

Педагогтің аты-жөні:

Мирзазияева Ж.Е.

Күні:

14.12.2023

Сынып: 10 «Ә»

Қатысушылар саны: 18

Қатыспағандар саны:18

Тәрбие сағатының мақсаты:

Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету.

Жабдықталуы:

Интербелсенді тақтаның көмегімен дайындалған слайдтар, қанатты сөздер, мақал- мәтелдер, тірек сызбалары.

Барысы:

Шара кезеңдері

Әдіс түрі

Мұғалімнің сөзі,

іс-әрекеті

Оқушы

ның іс-әрекеті/ дағды түрі

Нәтиже

/

Құндылық

Тәрбие сағатының

басы


Психологиялық ахуал



















І. Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе сөз

























Топқа бөлу

Мұғалім сөзі: Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.
Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт.
Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. — Әрекет — бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.


1,2,3 топка сыныпты бөлеміз. Ойларын айтып, сараптау үшін































Арнайы карточка арқылы



Ұлттық мүдде


ІІ. Мақал-мәтелдер.

Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер айтып, мағынасын ашу:
1.«Ісін өндіре алмаған қырсыз бала, қырсығын әкесінен іздейді.»
2. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.»
3. «Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлыңдай қина, он үштен ары сырласыңдай сыйла.»
4. «Жақсы бала сүйініш , жаман бала күйініш.»
5. «Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер»
6. Біреуге ор қазба, өзің түсесің.
7. Заңның құйрығы, бәрінен ұзын.
8. Ұрлық түбі, қорлық.
9. Өтірікшінің құрығы, бір – ақ тұтам.
10. Тура биде, туған жоқ.
11. Туғанды биде, иман жоқ.
12. Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер.
13. Тік жүрсең, тоқ жүресің.
14. Заңды сыйлаған, еркін жүреді.

15. Әр елдің заңы баска, иттері қарақасқа.

16. Патша заң емес, заң – патша.

17. Әділ заң — аспан тірегі.

18. Заң дегеніміз - ноқта.

Слайдтан ұяшық таңдайды, сол мақал-мәтелдің мағынасын ашады

Ар-ұят


ІІІ. Ойлан тап.

Интербелсенді тақтаның көмегімен дұрыс жауабын табу.
1. Құқық --------А – Еліміздің негізгі заңы.
2. Конституция ---------------------------------Б – Мемлекет басшысы
3. Мемлекет ------------------------------------В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым
4. Азамат -----------------------------------------Г – Тәуелсіздік
5. Құқық бұзушылық -------------------------Д – Заңдар жүйесі
6. Президент ------------------------------------Е – Заң шығарушы орган
7. Парламент ------------------------------------Ж – Заң жүйесін бұзу
8. Егемендік --------------------------------------З – Құқығы бар ел тұрғыны
Дұрыс жауабы:
1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г

Learningapp программасында сәйкестендіру


https://learningapps.org/display?v=pe6eag09523


Талап

Сабақтың ортасы

Ой шақыру

IV. Сұрақ-жауап.

Жағдаят №1

Нұрлан 5-сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға талабы жақсы. Оқыса, жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата-анасының тәрбиесі баланы дұрыс жолдан тайындырды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, тіпті кейде апталап қалдыратын кездері де болды. Мектепте, сыныпта ата-аналарға байланысты өтетін жиындарға мүлдем келмейді.

Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата-анамен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата-анасы құр уәде беріп, шығарып салады. Бір жетіден соң жағдай қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра, соны орындамауда ата-анасы салғырттық танытты.

Сұрақтары:

1. Нұрланның ата-анасының қылығын қалай бағалайсыздар?

2. Сынып жетекшісінің орнында не істер едіңіз?

3. Ата-ананың бала алдындағы міндеті қандай?

4. Осы жағдайға байланысты қандай шара қолдану керек деп ойлайсыз?

Жағдаят №2

Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасты. Ерланның есіне асханадағы ақша майдалатқан Қайрат есіне түсті. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтты. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырды. Ойында ештеңе жоқ Қайратты Ерлан артынан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етті. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол, ақшасының жоқ екенін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екенін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере салды. Аман-есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертті. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтса, онда жақсылық болмайтынын Қайратқа жақсылап ұғындырды.

Сұрақтары:

1. Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?

2. Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?

3. Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелді?

4. Сіз ата-ана ретінде қандай пікірлер ұсынасыз?

Слайд 31-34

Ашық микрофон


V.

Қорытынды







Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет.



Рефлексия




https://padlet.com/siriniti84/padlet-yietlu7sa73fdfmm

Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі

Падлет тақтасында

өзінін ұсынысын

жазу










Shape4 Shape1 Shape7 Shape6 Shape5 Shape3 Shape2

14.12.2023ж., 5 сабақ, №6 кабинет

АШЫҚ СЫНЫП САҒАТЫНА

шақыру

Тақырыбы: Жасөспірім арасындағы құқық бұзушылықты

алдын алу

ДОСЖАНОВА АСЕЛЬ БАХТЫГЕРЕЕВНА

МИРЗАЗИЯЕВА Ж.Е.

10 «Ә»

Shape10 Shape12 Shape8 Shape14 Shape13 Shape9 Shape11

10 «Ә»

Тақырыбы: Жасөспірім арасындағы құқық бұзушылықты

алдын алу

АШЫҚ СЫНЫП САҒАТЫНА

шақыру

14.12.2023ж., 5 сабақ, №6 кабинет

ҚАДЫРОВА РЫСКУЛЬ АМАНТАЕВНА

МИРЗАЗИЯЕВА Ж.Е.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!