400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

"Жасөспірім және заң" (кездесу кеші)

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жасөспірім және заң"тақырыбы бойынша заң қызметкерімен кездесу кешінің сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ: ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ЖОЛ
(Құқық қорғау қызметкерімен кездесу)

Кіріспе бөлімі

Жүргізуші:
– Құрметті ұстаздар, құрметті қонақтар және оқушылар! Бүгін біз
«Жасөспірім және заң: жауапкершілікке жол» тақырыбындағы танымдық кеште бас қосып отырмыз. Бұл кездесу оқушыларымыздың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз іс-әрекетімізге жауапкершілікпен қарауға көмектеседі деп ойлаймын.
Бүгінгі кешке арнайы келіп отырған қадірлі қонағымызды таныстырып өтейін,
құқық қорғау саласының қызметкері __________________________________________________.Қош келдіңіз!

«Заңды білу – өзіңді қорғаудың ең дұрыс жолы»деп айтып жатады,жалпы бүгінгі тақырыпқа байланысты жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері туралы айтып өтсеңіз.

Танымдық бейнеролик

«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық» тақырыбында қысқа бейне көрсетіледі.

Сұрақ-жауап «Құқықтық шағын викторина»

Жүргізуші оқушыларға сұрақтар қояды.

Сұрақтар үлгісі:

  1. Жасөспірім қай жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады?

  2. Әкімшілік жауапкершілік деген не?

  3. Сабақтан себепсіз қалу құқық бұзушылыққа жата ма?

  4. Интернеттегі қорлау, кемсіту жазалары бар ма?

Оқушылар жауап береді.
Құқық қорғау қызметкері жауаптарды толықтырады.

«Менің құқығым – менің міндетім» интерактиві

Тақтада бір бағанда құқық, бір бағанда міндет деп жазылған. Әр оқушы мысал келтіреді.

Мысалы:

  • Білім алу құқығы → Сабаққа жауапкершілікпен қатысу міндеті

  • Демалыс құқығы → Басқаның тыныштығын бұзбау міндеті

  • Еркін пікір айту құқығы → Басқаны сыйлау міндеті

Құқық қорғау қызметкері жауаптарды толықтырады.

7. Қонақпен ашық сұхбат

Жүргізуші:
– Енді кезекті
оқушыларға береміз. Құқық қорғау қызметкеріне сұрақтарыңыз болса, қоя аласыздар.

Оқушылар сұрақ қояды:
«Егер оқушы интернетте бейтаныс адамнан қорқыту хабарламасын алса не істеу керек?»
«Түнде көшеде жүруге рұқсат етілетін уақыт қандай?»
«Жасөспірімнің ата-анасының жауапкершілігі қандай?» және т.б.

Қызметкер сұрақтарға жауап береді.

Қорытынды бөлім

Жүргізуші:
– Бүгінгі кездесу бізге заңды білудің, тәртіп сақтаудың, өз әрекетімізге жауапкершілікпен қараудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті.
– Құрметті қонағымызға алғыс айтамыз!

Құқық қорғау қызметкері:
– Заңды білу – өз болашағыңды қорғау.
Ешқашан асығыс шешім қабылдап, өз өміріңе зиян келтіретін әрекет жасамаңыздар.

Рефлексия

Жүргізуші:
– «Бүгін мен білдім…» немесе «Бүгін мен түсіндім…» деген сөйлемді толықтырып,
айтып өтсеңіздер.

Қорытынды сөз

Жүргізуші:
– Осымен біздің танымдық кешіміз аяқталды. Барлығыңызға белсенді қатысқандарыңыз үшін рақмет! Заңды білу – қауіпсіз өмірдің кепілі екенін есте сақтайық.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.05.2026
7
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі