Материалдар / Жасөспірім және заң. Сыныптан тыс іс-шара

Жасөспірім және заң. Сыныптан тыс іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының заңы жайлы түсініктеме беріп, оқушыларды құқықтық тәрбиеге баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Желтоқсан 2020
495
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ауыл инспекторымен кездесу «Жасөспірім - Заң-Қауіпсіздік »

Тақырыбы: «Жасөспірім және заң» дөңгелек үстел

Мақсаты:Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға  деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру

Түрі: Кездесу, пікірталас

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, видеоролик,қанатты сөздер

Қатысушылар: 9-11 класс оқушылары

Жүру барысы:


Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар және кеш қонақтары «Жасөспірім – заң-Қауіпсіздік » атты кездесуге кешімізге  қош келдіңіздер! Тәртіп пен заң біздің қалыпты тірлігіміз үшін қажет. “Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды” деген Б.Момышұлының сөзін естен шығармайық.

Бүгінгі кездесу қонақтары:

1.Мектеп директоры Шакиров А.Т.

2. Ауыл инспекторы Ақылбаев Болат Бостанович


І. Құқық туралы түсінік

Құқық  дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.

Құқықтың ерекшелегі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.

Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.

IІ «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)

Ауыл   іші, түн, көп бала өлең айтып шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып:- “Әй, бері кел” деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті.

1.Қалай ойлайсыңдар, демалып отырған жастар заңды бұзды ма ?

  1. Кім қалай бұзды ?

  2. Сіздің тарапыңыздан қандай жауапсыздық кетті?

  3. Ауыл инспекторы Ақылбаев Болат бостанович сізг сұрақ? Сіздің ойыңызша жастарға қандай жаза қолданылады ? Айыппұл төлене ме? Заңды кім, қалай бұзды?

 - Ендігім сөз кезегі ауылдық инстпекторы Болат Бостановичке беріледі. Жасөспірім-Заң – Қауіпсіздік жайлы түсінік беріледі.

V.Видеоролик тамашалау. “Қылмыскер бала қайдан шығады?”

Жер  енді ғана жаратылған, адамдар бір бірімен дос, бауыр болыпты, бір-бірінен еш нәрсені аямапты. Бір. күні аспаннан  әр түрлі ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі  қызылын, бірі көгін, енді бірі сарысын алыпты Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да қызыл лента  алғандар қызыл, көк лента алғандары көк ауыл болып бөлініпті. Әр ауыл бөлек-бөлек қорған тұрғызыпты. Біраз уақыттан соң әр ауыл достықты ұмытады. Көк ауылда су бар, азық жоқ, қызыл ауылда азық бар, су жоқ, Сары ауылда азық та, суда бар, от жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады, не істейсіңдер?

VII. Қорытынды

Ж. Аймауытов:  “Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі” дегендей, баланың қылмыстық жолға түспеуіне бірінші жауапты отбасы. Сондықтан Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жасөспірімдер арасындағы тәртіпті күшейтіп, олар үшін мәдени шараларды кең деңгейде өткізу олардың болашағына жағдай жасауды қолға алып отыр. “Жаңа әлемде жаңа Қазақстан” атты жолдауында Н.Ә. Назарбаев жастар болашағына үлкен сенім артатынын атап көрсетті.

 









Бекітемін:

«Төңкеріс ауылының орта мектебі»КММ

директоры: Шакиров А.Т.

____________






Кездесу:


«Төңкеріс ауылының орта мектебі» КММ

«Жасөспірім - Заң-Қауіпсіздік »

(8-11 сынып оқушылары)


Дайындаған: Серикбаева Н.К.





2020 о.ж.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ