400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Жасөспірім қыздарға арналған кеңес

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп психологтарына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ерте жүктілік деген не?


Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады.


Ерте жүктіліктің нәтижесі

Бұл мәселеге әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, қыз бала білім алу, жұмысқа орналдасу және карьера құру мүмкіндігінен айырылады. Ал жас жігіт әке атанып, жауапкершілікті көтеруге асықпайды, көп жағдайда қыздар өздері жалғыз қалады да (егер ата-анасы көмектесетін болса, жақсы), жас ана тығырыққа тіреледі; білімі жоқ, жұмысы жоқ, баланы күтіп-бағуға ақшасы болмайды. Осының бәрі жалғыз бір жас анаға ауыр болатындықтан, көп жағдайда аналар баласын балалар үйіне өткізіп жатады. Ал бұл өкінішке орай, ерте жүктіліктің салдарынан болатын жиі кездесетін оқиға. Қыздар қиындықтан аман болсын!








































Ерте жүктіліктің қалай алдын алуға болады?

Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі — сақтану. Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-ана баласымен жиі әңгімелесу керек. Жыныстық тәрбие туралы кітаптарды оқу. Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба?! Баланы көтеріп, өмірге әкеле ала ма?! Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек.

Қызым есіңде болсын!

Қазақ халқы қызының жазылмас дертке ұшырамауы үшін, жаза қадам баспауы үшін мынадай он түрлі талап қойған:

  • Әдепті

  • Ар- ожданы пәк болу

  • Мейір- шапағатты болу

  • Ақыл- парасатты болу

  • Сабырлы- салмақты болу

  • Адал, ақ жарқын болу

  • Моральды- мұратты болу

  • Өжет, батыл болу

  • Ұятты, намысты болу









































«Қыз» ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді. Әрбір қыз бала ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйренсе, болашақта  ол қыздарымыздан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз. Қыздарымыз осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән нәзіктігімен, сүйкімділігімен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар - намысын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы сыйлы.























































«Жел бағытын өзгерте алмасақ та кеме желкенін арманымыздың бағытына қарай өзгерте аламыз” Ең бастысы сенім мен үміт!



Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе- елдің көркі...» деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!











































Дүние есігін ашқан әр сәби жетім болу үшін не тастанды бала атану үшін өмірге келмейді. Ата-ананың жылуын сезінуге әркімнің құқығы бар. Ата-бабамыз ежелден-ақ бұл ақиқатты білген, сондықтан отбасындағы баланы ешуақытта жетім қалдырмаған. Бүгінгі нәресте ертеңгі күні ұлттың болашағы, мемлекеттің потенциалы, байлығы . Қыздың ең бірінші ұстанымы — қыз деген атқа лайық болуы.







Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі







«Ерте жүктілік және оның алдын алу»





































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
05.01.2019
1372
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі