жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша тәрбиенің маңыздылығы.
Алматы қаласы
№42 ЖББМ КММ
Педагог-психолог:
Есимбекова Ғалия Ғазизқызы
![]()
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша тәрбиенің маңыздылығы.
Бүгінгі бала
тәрбиесіндегі өзекті мәселелердің бірі - жалпы тәрбие қалай
қалыптасады? Қандай факторлар әсер
етеді? Қазіргі
қоғамдағы ең маңызды мәселелерінің бірі – бұл жасөспірімдердің
арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай
жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық
тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек. Құқықтық тәрбие дегеніміз
не? Құқықтық тәрбие дегеніміз – бұл
құқықтық
білім беру – нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім
құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды.
А.С.Макаренконың: «анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына
оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген
пікірін ұмытпағанымыз жөн
болар.
Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты
міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық
бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың
өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің
біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған
жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық
жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас
болып жүрген балалар жатады. Бала бір күнде қылмыскер
болмайды. Жанартаудың атқылауына дейін қаншама процестер жүретіні
сияқты бала қылмыскер болуы үшін де бірнеше жағдайлар әсер етеді.
Оған ата - ананың баланы бақылаусыз жіберуі, баланың топқа кіруі,
жақсы жолдастарының болмауы. Мұның барлығын дер кезінде байқап,
балаға көмекке ұмтылсақ, оны сақтап қалуға
болады. Қылмыстың алдын алудың бірден-бір жолы –
оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын
дұрыс ұйымдастыру. Бүгінгі күні
мектептегі мектептен тыс оқушы қосымша біліммен қамтылып
отыр. Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім
балалар қайдан шығады? Жасыратыны жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзған,
қылмыс жасаған, сөйтіп ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған
балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шығады. Ал енді бір
тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз
беттерінше қалдырып, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып
жүргендерін қадағаламауынан пайда болады.
Бұл тұрғыда ата-аналардың
көпшілігі жұмысбастылық салдарынан балаларына жеткілікті көңіл
бөлмейтіндігін де айта кету керек. Соңғы кезде әлеуметтік желі
арқылы балаларды суицидке итермелейтін түрлі ойындардың көбеюі де
сақтықты талап етеді. Жасөспірімдердің қылмысқа баруының негізгі
себебі – олардың нақты бір мақсат-мүддесінің
жоқтығы.

Сондықтан тәртібі нашар, ішкі істер органдарында есепте тұрған оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізуден жалықпау керек сияқты.
Ел болып ертеңіне үміт артып отырған жастардың жаман әдеттерден аулақ болып, жақсы қасиеттерге баулу жолында жасалып жатқан жұмыстар аз емес және әлі де атқарыла бермек. Себебі, қоғам алдында тұрған басты міндет балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзу- шылықтың алдын ала отырып, кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстың өсуіне жол бермеу. Балалар мен жасөспірімдердің бұрыс жолға түспеуі ата-ананың, оқу орындары мен құқық қорғау органдарының бірлесе орындаған іс-қимылына байланысты.Қазіргі заман ата- анасы мен бала арасындағы қарым — қатынас, жаңа заман балаларын тәрбиелеуде ата- ананың мәдени деңгейін көтеруге ықпал ету, жаңа заман балаларына психологиялық мінездеме беріп,олардың әуестенетін қызығатын әлемі мен таныстыру – басты міндетіміз болып табылады. Жаhандану заманында ата- ана мен баланың қарым- қатынасындағы мәселелерді анықтап, оның шешу жолдарын табу. Бала мен ата- ана арасындағы қарым- қатынасты қайта қарастырып, ата- ананың мәдени деңгейін көтеру. Біздің баламыз ол біздің қарттық шағымыз. Дұрыс тәрбие ол біздің бақытты қарттығымыз. Қате тәрбие ол біздің болашақ қайғымыз,көз жасымыз, ол біздің басқа адамдар алдындағы кінәміз, мемлекет алдындағы кінәміз. Қазіргі жаhандану жаңару заманы, өмір де, адамдар да, білім алу, білім беру бәрі өзгеріп жаңаруда . Қазіргі жаңа заман балаларын жақсы білеміз бе? Олар қандай? Қазіргі заман ата- анасы қандай болу керек? XXI ғасыр ата-анасы қандай болу керек?
1. Ұл немесе қызын түсіне, тындай білетін;
2. Өз балаларын сыйлай, қадірлей біліп, өздерімен тең отбасы мүшесі деп санайтын;
3. Қамын ойлайтын қолдай білетін қайырымды мейірімді жиі күлімдеп жүретін;
4. Қиын сәттерде ақыл кеңес беріп, қолдап, тығырықтан шығу жолын ұрыспай көрсетіп отыратын;
5. Қазіргі заманға сай ата- ана болса музыка,сән,спорт,әр түрлі ынталарымен Міне сіздің балаңыз, сіздің осындай болғаныңызды қалайды.
Өз балаңызды жаман ортадан қалай қорғауға болады?
1-КЕҢЕС. Баланың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударыңыз. Оның көңіл күйінің жылдам өзгеруі, жабырқаңқылығы, бұрын оған тән болмаған басқа да реакциялары Сізді алаңдатуы тиіс. Жасөспірім балаға тән қарсы шығушылық, кейде тіпті баласын жақсы түсінетін және жақсы көретін ата-ананың өзі баласының жаман ортаға түскенін бірден аңғармайтын жағдайға әкеп соғады.
2-КЕҢЕС. Балаңызды бас тарта білуге дағдыландырыңыз. Өмір көп жағдайда жаман ортаға түсудің алғашқы қадамы «Сен бұны істей алмайсың ба?» деген сөзге лайықты қарсы сөз айта алмау екенін көрсетеді. Өз көзқарасын, өзінің пікірі мен құндылықтарын қорықпай білдіре алатын жасөспірім құрдастарының сыйластығын жоғалтпай кез келген «азғыруларға» төтеп бере алады.
3-КЕҢЕС. Балаңыздың жаңа ортасына байланысты үрейге бой алдырмаңыз.
4-КЕҢЕС.Балаңыздың ортасы туралы жеке және обьективті түсінік қалыптастыру үшін, ондағы балалармен танысуға тырысыңыз. Оларды қонаққа шақырыңыз, олармен ақырындап сөйлесу үшін, ортақ іс-шаралар ұйымдастырыңыз. Егер жасөспірім оның ата-анасының достарымен жақын араласуын қаламаса және жолдастарынүйге әкелгісі келмесе, бұндай жағдайда сырттай танысумен шектелуге тура келеді. Балаңыздың достары туралы әңгімелерін ынтамен тыңдаңыз, оның пікіріне құлақ түріңіз.
5-КЕҢЕС. Сіздің жасөспірімнің кіммен араласатынын шеше алмайтыныңызға қарамастан, достар таңдаудың дұрыстығына қатысты күдікті оның басына құю Сіздің қолыңыздан келеді.
6-КЕҢЕС. Балаңыздың назарын спортқа немесе басқа да қызықты істерге аударыңыз: оның қызықты жерлерге баруын, дамыту үйірмелеріне жазылуына ықпал етіңіз. Балаңызды ынталандырыңыз:өзіне ұнайтын мектептен тыс үйірме таңдауға көмектесіңіз.
7-КЕҢЕС. Әрбір ата-ана қандай әдістердің жұмыс істемейтінін ұмытпауы керек:
-достарымен кездесуге үзілді-кесілді және дүрсе қоя беріп тыйым салудың қажеті жоқ;
- жасөспірімді үйде қамап ұстауға болмайды;
- жазалаудың физикалық әдістерін қолдануға болмайды.
8-КЕҢЕС. Спортпен шұғылдану – лайықсыз, деструктивті ортамен араласудың орнына пайдаланатын тамаша балама. Ата-анаға з баласының кішкене күнінен бастап оның күн тәртібін жоспарлай білу қажет. Баланың бос уақытын оның әрбір күні «Ермектен гөрі еңбекті ескер» деген белгілі мәтелге сай болатындай етіп ойластыру қажет.
9-КЕҢЕС. Үнемі туындайтын қиындықтарға қарамастан, берімеңіз! Мойымаңыз, өз балаңызға деген махаббатыңыз бен құрметіңізді жоғалтпаңыз! ЕСІҢІЗДЕ болсын: Өмірде кездесетін жағдайларды түсіндіруде ата-ана шыдамдылық, төзімділік, ынталылық және көрегенділік танытпаса, кішкентай проблемалар үлкен отбасылық жанжалдарға ұласады.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, бүгінігі жастар еліміздің болашағы. Жастар қоғамымыздың жұрек дүрсілі, өзегі. Есігінен енді аттап отырған жаңа ғасырда ұлтымыздың өсуі де, өшуі де жастарға тікелей байланысты. Сондықтан да білім алушы жастар Отанға деген сүйіспеншілік патриотизм, танымының заңдылықтарын игеру тиіс. Осыған орай ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев «Бұл дүниеде біздің Отанымыз бар, ол біздің – тәуелсіз Қазақстан» деген екен. Жастар туған мемлекетімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне қызмет етуге парыздар. Ол үшін әрбір жас еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халқымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан жақты сезіну керек.
Педагог-психолог: Есимбекова Ғ.Ғ.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген