жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жасөспірімдер арасындағы суицидттік мінез-құлықтың алдын алу
Бүгінгі таңда бүкіл әлемді елеңдетіп ,қоғам дертіне айналып отырған суицид мәселесі, қоғамда болып жатқан өзгерістер мен сан түрлі қиындықтар бала психологиясына кері әсер етуде.
Осы мәселеге орай Суицидалогия деп аталатын үлкен бір ғылыми бағыттағы авторлардың зерттеуіне жүгінсек , жалпы, өзіне-өзі қол жұмсаудың басты сылтауы әлеуметтік-психологиялық бейімделе алмауы болып табылады. Бұл мақсатында адам мына қиыншылықтардан немесе ауыртпашылықтардан қашқысы келеді:белгілі бір қиыншылықтардан кету,қауіпті әкелетін іс-әрекеттерден кету,басқа адамдарды өзінің қиыншылықтарына көңіл аударту, ренжіткен адамнан кегін алу мақсатында болады,оны қалай болса да жүзеге асырамын деген қырсықтылық мінез туады. Мұндай жағдайға түскен үлкеннің де, жасөспірімнің де , тіпті, жеткіншектердің де психикасында “Мен ешкімге керек емеспін, мен бір нәрсе істеуге жағдайым жоқ” деген ойлар басынан кетпейді. Кейде мұндай жағдай жасөспірімдерді еліктеушілікке де әкеліп соғады. Жасөспірім айналасындағы болып жатқан теледидар мен әр түрлі кітаптардан оқып көрген іс-әрекетті қайталағысы келеді. Сөйтіп, жасөспірім өлім ренжіткен адамды қорқытады деп түсінеді. Осы арқылы өзіне жұрттың назарын аудартқысы келеді.
Әр адамның өмірінің қиылуы өзінен -өзі трагедия. Адам өзін жер бетіндегі ең керемет жаратылыспын деп есептейді. Бұл таңғажайып емес, себебі махаббат, реніш пен налу, кек алу, жүрекке жылы қабылдау сезімдері — адамға тән қасиеттер. Жер бетіндегі адамнан басқа бірде-бір тірі жан өз еркімен өз өмірін құрбан етпейді. Ендеше, өзін-өзі құрбан ету — адамзат жаратылысынан болып келе жатқан жағдай.
Әр бір жас кезеңдеріне сай суицидальді белсенділік тән болады.
Балалық шақ – 12 жасқа дейін;
Жеткіншектік кезең – 12-17 жас;
Жастар арасы — 17-29 жас;
Ересектер арасы – 30-35 жас;
Қарттық кезең – 55-70 жас.
Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек 5 жасқа дейінгі балаларда өзін-өзі өлтіру әрекетіне бару өте сирек кездеседі. Жанұялық қақтығыстарға байланысты 9 жасқа дейін 2,5%, ал 9 жастан кейін 80% өзін-өзі өлтіру әрекетіне барады екен. Жеткіншек кезеңінде суицидалды әрекеттің себебі болып ата-анасымен, мұғалімдерімен қақтығысқа бару салдары болып табылады. Жастар арасында әсіресе қыздар арасында,әсіресе қыздарда өздерінің жігітеріне байланысты суицидальді әрекеттерге баратыны анықталды.Суицидтың ең жиі кездесетін кезі 15-24 жас аралығы. Өзін-өзі өлтіруге бармас бұрын, суициденттердің көбі дайындық кезеңі – суицидалды кезеңінен өтеді, ол адамның бейімделу қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Ол қызығушылық деңгейінің төмендеуі, қарым-қатынастың шектелуі, мазасызданғыш, эмоционалды тұрақсыз болуы т.б.
Суицидальді мінез- құлықтың 5 типі бар:
1) Протест.
2) Жанашырлыққа шақыру.
3) Қайғыдан қашу.
4) Өзін-өзі жазалау.
5) Өмірден бас тарту.
Суицидалды мінез-құлық соматикалық, психикалық ауытқуы бар, тіпті сау адамдарда да кездеседі. Сондықтан өзін-өзі өлтіретін адамдардың барлығының психикасында ауытқуы бар деуге болмайды.
Жасөспірімдер
11 – 16 жас аралығындағы балалар.
«Жасөспірім» сөзінің мағынасы ішкі
дүниенің негізгі тенденциясының дамуын
көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан
баланың қалыптасуындағы түбегейлі
өзгерістер сана-сезімінің дамуындағы
сапалық өзгеріспен анықталады.
Олардың
физиологиялық, дене құрылысының, күшінің,
жыныстық бездерінің қатты дамуын
байқауға болады. Сондықтан да осы жас
аралығында балалар өздерін ересектер
қатарына қосады.
Жасөспірімдер
басқалардан ерекшелену мақсатында
мінездерін көрсетеді. Әсіресе, бұндай
көңіл-күй, ер балаларда 11-13 жаста, қыз
балаларда 13-15 жаста көптеп кездеседі.
Осы кезеңнен балалар мінез қыңырлығымен
сипатталады. Жасөспірімдер өте еліктегіш
болады, егерде олардың еліктеуі орынсыз
болса, баланың тәрбиесі қиындайды,
еңбек, күш қабілеті төмендейді.
Сондықтан
ата-ана мұғалім бір-бірімен өзара
байланыс жасап, үйдегі мінез-құлқы мен
мектептегі мінез-құлқын бақылап отыру
керек.
Ата-ана
мен мұғалімдер жасөспірімдерге
ересектердің міндетін артады, балалардың
құқығын шектейді. Бір тапсырманы
орындамаса, «неге орындамадың, қашанғы
бала боласың?» дейді. Ал, жасөспірімдер
бір нәрсеге ересектік талпыныс жасаса,
«Сен әлі баласың» дейді. Ересектер
баланың жаман жолға түсіп кетуінен
сақтанады.
Жасөспірімдер
балалық кезеңнен өткеннен кейін,
ата-анамен қарым-қатынастан құрбыларымен
қатынасқа, ой бөлісуге көшеді. Ересектің
пікірінен гөрі, құрбыларының пікірін
артық санайды. тек жасөспірімдер
бір-бірін түсінеді, себебі ортақ әңгіме,
ортақ идел, ортақ кейіпкер, ортақ пікір,
ортақ ойын, ортақ демалыс, ортақ сезім,
ортақ мұң, ортақ қуаныш-бәрі ортақ. Сол
ортақты бөліседі.
Бұндай
кезде психолог мамандар не істеу керек?
Біріншіден: - әлеуми психологиялық
процестерді (суицидтік мінез-құлықтың
басымдылығын) психологиялық тәсілдер
арқылы зерттеу (тест, сауалнама
т.б.).
-суицидтік
мінез-құлықтың пайда болу себебін
анықтау және осы проблемаға қатысты
арнайы кештер ұйымдастыру;
-қолайлы
ұжымдық атмосфераны орнату;
-психологиялық
анализ жасау, суицидтік мінез-құлықты
зерттеу;
-реабилитациялық
жұмыстар жүргізу (өз-өздеріне қол
жұмсауға талпынған адамдар
үшін);
-профилактикалық
жұмыстар жүргізу, суицидтік әрекетті
алдын-алу.
Оқушылармен жұмыс
1.
Диагностикалық жұмыстар
2.Коррекциялық
жұмыстар
3.Кеңес
беру жұмыстары
4.Психопрофилактикалық
жұмыстар
2.
2.Мұғалімдермен және ата-аналармен
жұмыс
Психолог
науқас адамға эмоциялық тұрғыдан қолдау
крсетіп, оның ашылып сөйлеуіне жағдай
жасау керек. Проблема барлық адамдарда
болады, проблемасыз өмір болмайтынын,
бір проблема шешілсе, екінші проблема
пайда болатынын, проблеманың жағымды
және жағымсыз жақтары болатынын
түсіндіріп, проблемадан шығу жолдарын
қарастыру керек.
Жасөспірімдер
арасында суицидтік әрекетті алдын алу,
диагностикалық, коррекциялық,
психопрофилактикалық жұмыстарын
жүргізіп, адамның өмірін сақтап қалу
психологтардың ең басты міндеті.
Суицидтің алдын алу және болдырмау жұмыстары келесі бағыттарда жүзеге асырылуда.
Диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Суицидтік қауіпі бар оқушыларды анықтау, суицидтік қауіпі бар балалар тобын және оның айналасын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу
Сауалнама бойынша сынып жетекшілермен , дәрігер мамандарымен өзара әрекеттесу, мектептегі барлық оқушыларды өмірлік құндылықтарды үгіттейтін тәрбиелік жұмыстарға қатыстыру.
Алдын алу ретінде сынып жетекшілерімен бірге тәрбиелік іс-шараларды өткізу. Негізгі мақсаты – өмірге көзқарастарын дұрыс бағыттау және сыныптағы психологиялық климатты оңтайландыру (мысалы: педагогтарға арналған эмоционалдық күйдің алдын алу бойынша сабақтар, психикалық өзіндік реттеу қабілеттерін қалыптастыру, коммуникативтік қабілеттерді арттыру бойынша сабақтар және т.б.)
Осы бағыттар бойынша мектебімізде арнайы психологиялық қызмет құрылып, төмендегідей жұмыстар жүргізілді:
Сынып оқушыларына үнемі сырттай бақылау жүргігізіледі. Яғни, оқушылардың жекелік қасиетін анықтау, үзіліс кезеңдерде оқушылардың айналасындағылармен қарым-қатынасын бақылау, 1-11 сыныптың сабақтарына ену, жеке сөйлесіп кеңес беру, ата-аналарымен байланысып , түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Суицидалды мінез-құлықтағы оқушыларға арнайы көмек ретінде оның ішкі жан дүниесіне сенімділік ұйымдастырылды және жасалған жұмыстар арнайы журналдарға тіркеліп отырылды. Барлық орнату, рухани күш беру мақсатында жеке кеңес беру жұмысы сыныптың оқушыларына жеке педагогикалық- психологиялық мінездеме жасалды. Жағымсыз іс-әрекетке барғызбаудың алдын-алу жұмыстарына байланысты әңгімелесу,пікірлесу әдісі, жиналыс жасау , сынып жиналысы,тәрбие сағаты т.б іс-шаралар ұйымдастыру.
Қорытынды:
Ата-ана, ұстаз әр баланы керемет рухани
күш иесі деп қарап, оның шетсіз шексіздікті
үйренсем деген ұмтылысына уақытында
көңіл бөліп, демеу жасасақ, қуаттандырсақ
жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын
шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі
мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін,
жерін, тілін, отбасын, жалпы өмірді
сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелеп
шығарымыз сөзсіз.
Жас
адамдарды өмірді бағалауға тек махаббат,
түсіністік және қолдау көрсету
көмектеседі.
Жас
адамдарды қатерлі қадамнан тек өзін
тыңдайтын, түсіністікпен қарайтын
адаммен сөйлесу мүмкіндігі ғана құтқара
алады.
Шетелдiк
ғалымдардың айтуынша, шын мәнiнде,
өзiне-өзi қол жұмсауды ойлаған адамдар
өмiр сүргiсi келiп, көмек iздеп шарқ ұратын
көрiнедi. Әрине, өмiр деген тәттi ғой
шіркін. Бағалай білген адам оның әрбір
сағаты мен минутын алтын берсе де
айырбастамас еді. Өйткені, өмір адамға
бір-ақ рет беріледі. Өлшеніп берілген
ғұмырды өкінбестей өткізу адамға парыз.
«Ашу дұшпан, ақыл дос» деп бұрынғылар
дұрыс айтып кеткен. Сондықтан, кез-келген
нәрсеге сабырмен қарап, әр қимылыңды
жеті рет өлшеп, бір рет қиған ләзім.
Мұндайда ойдағы әзәзілден, бойдағы
шайтан қылықтан, жүректегі кірден ақыл
мен иман ғана құтқара алады.
Қорыта
келе балаға әрқашан назар аудару,
түсінуге тырысу, мәселелерін шешуге
көмектесу, өзіндік тәжірибемен бөлісу,
ұрысу, жекіру орнына жиі мақтап мадақтап
отыру, кешірімді болу, ал ең бастысы,
бала қандай болса, солай қабылдау, сол
қалпында жақсы көру, кемшілігін жасырып,
артықшылығын асырып, оны жақсы көретіндікті
сездірту бұл келеңсіз жағдайларды алдын
алатын жолдардың бірі.
Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Миялы орта мектебі
Жасөспірімдер арасындағы суицидттік мінез-құлықтың алдын алу
(баяндама)
Педагог психолог
Саркулова Светлана Болатовна

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген