400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

“Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу”

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі - бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу екендігін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

“Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың

алдын алу” құқықтық оқудың


б а ғ д а р л а м а с ы


Мақсаты: Оқушыларға Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі - бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу екендігін түсіндіру.


Міндеті: Қоғамда зорлық-зомбылықтың болмауына ықпалын тигізіп, балаларға, әйелдерге, қарттарға барлық адамдарға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру.



Жүргізуші:

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

               Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

               Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

   Қуанғанда күлкімнен түн түрілген – деп жырлаған халқымыз. Сол халықтың жастары да осал болмауы тиіс. Осал емес те. Бекзат, Бақтияр сынды жастарымыз еліміз намысын биікке асқақтатты. Бірақ әтеген-ай дейтін жерлеріміз де баршылық. Бұл бүгінгі жасөспірімдер арасында қылмысқа бой ұрып бара жатқандығы. Яғни мектеп жасындағы балаларды, бір-біріне әлімжеттік көрсетуі, қатігездікке, қылмысқа бой алдыруы заман проблемаларына айналды. Сондықтан бүгінгі әнгіме жастар арасындағы әсіресе мектеп оқушылары арасында болмақ. Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлау, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл – заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін   қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.


Баяндама: «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылдың желтоқсан айындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында балалар – қоғамымыздың ең қауқар және ең қорғалмаған бөлігі деп атап өтілді және мемлекет Қазақстан жерінде туылған әр баланы қорғауға тиіс.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық, қатыгездік, кәмелетке толмағандарды қанау, қараусыздық пен қадағалаусыздық, өз-өзіне қол жұмсау іс-әрекеттері қоғамды толғандыруда.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстық ахуал тиімді шаралар қолдануды қажет етеді.

Осындай жоғары деңгейде балалардың құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету мәселелерінің талқылануы, балалық шақ мәселесі әрқашан сөзсiз мемлекеттiк басымдылықтар болып табылатына сенiмдiлiктi арттырады. Зорлық-зомбылықтың кейбір түрлеріне тоқтала кететін болсақ:

Физикалық зорлық – зомбылық – бұл кеңінен тараған жәбірлеудің бір түрі. Осы жәбірлеуде көбінесе отбасында баланы ұрып – соғу жағдаяттары жиі кездеседі, сондай - ақ ата–ана тарапынан, мұғалім тарапынан да балаға қатаң талаптарды жүктеу арқылы зорлық көрсету белгілері білінеді. Осы жәбірлеудің теңдесі жоқ түрі Мюнхаузен синдромы іспеттес. Физикалық күштеу кезеңінде ата–аналар көбінесе балалардың денсаулығында ақаулық бар деген күдікте болады, медициналық зерттеулер қорытындысына да жүгінеді, алайда психологиялық аурудың бұл түрі балада емес ата–анасында деген қорытындыға келеміз.

Эмоционалды зорлық – зомбылық түрі. Бұл жәбірлеудің түрі дәлел мен құптаушының жоқтығынан хабарланбайды. Балаға зорлық көрсетудің эмоционалды түрі күштеудің кең таралған түріне жатады.

Балаға эмоционалдық күш көрсетудің бірнеше санаттары бар:

1. Жоққа шығару (балаға деген жайсыздықты ата–анасының, мұғалімнің жоққа шығаруы);

2. баланы оқшаулау (басқа балалардан бөліп қарау)

3. Баланы бопсалау;

4. Елемеушілік;

5. Балағаттау;

6. Сөз жүзінде жүйкесіне тию;

Зорлық деген сөздің астарында ұрлау, балалар өлімі, дәстүрлі тәжірибеге байланысты жарақат алу, сондай – ақ жыныстық, психикалық және тұлғалық балаларға қатысты тәртіп шаралары сияқты тұлғалық жазалауды қосқанда қиянат жасау түсінігі жатыр. Конвенцияда балаларға қатысты зорлықтың қандай да түрі болсын, қай жерде болсын ешқандай ақтала алмайды делінген. Зорлық көрген балалар көбінесе тамақтанбайды да түрлі ауруларға ұшырайды, мектепте нашар оқиды, өзін–өзі бағалауы төмен болады. Конвенцияға сәйкес балаларға қатысты зорлық көрсету адам құқықтарының бұзылғандығын білдіреді.

Зорлық – зомбылық келесі құқықтарды бұзады:

- заң алдында бәрінің бірдей қорғалуын;

- қатал қарым – қатынасқа берілмеу құқығын;

- өмір сүру және жеке өміріне қол сұқпау құқығын;

- тұлғалық және психологиялық денсаулықтың жоғары стандартты құқығын.

Балаға зорлық – зомбылық көрсетуге адамды жетелейтін қандай факторлар бар?

  Бұл мәселе бойынша негізінен отбасылық жағдай, яғни ата – аналарының бұрынғы өмірі басты себеп бола алады. Балалық кезге деген өкініші, 20 пайыздайы балалық кезде осындай және басқа да күштеулерге тап болған деген дерек бар: ішімдік ішіп, нашақорлықпен айналысатын отбасыларында балалардың 4 есе көп бөлігі ұрып–соғу зорлығын көрсе, 10 есе көбі эмоционалды күштеуге душар болуда; отбасындағы айрылысу жағдайы да зорлық – зомбылық түріне жатады; теледидарда көрсетілетін оғаш күштеулер де әсерін тигізеді.

Балалар өздерін қорғау туралы ақпараттың жоқтығынан өмірінде шешімі күрделі жағдайларға жиі тап болып, өздерін өздері қорғай алмайды. Көбінесе зорлық, қатыгездік жағдайлары отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда орын алады. Көп жағдайда жасөспірімдердің өздері де бірінің бірі құқығын бұзып жатады.

• балалардың 50 пайызы өз отбасында қатыгездіктің түрлі формаларын басынан өткізеді;

• респонденттердің 16,2 пайызы ата-аналары немесе заңды өкілдер тарапынан көрсетілген қоқан-лоққы және бопса түрлерін (материалдық қолдау көрсетпеу, бостандығын шектеу, кешкі серуенге жібермеу т.б.) көрсеткен;

• сұралғандардың 0,7 пайызы (осылай жауап берген балалардың басым көпшілігі - 15-18 жас аралығындағылар) еңбекке мәжбүрлеу фактісін растаған;

• отбасында әсіресе сексуалдық зорлық фактілерінің орын алғандығын 34 бала растағандығы қатты алаңдатады. Жауап берген жасөспірімдер осындай зорлық көрсеткендердің қылмыстық жауапқа тартылмайтындықтарын атап өтті, өйткені балалар мұндай жағдайлар туралы жария еткеннен гөрі үнсіз қалуды қалайды екен.              

Ендеше, біздің көзқарасымызша, ақпараттық, ағарту бағытындағы жұмыстарды тек балалар арасында ғана емес, ересектер арасында да жүргізген өте қажет. Балаларымыз тек өз құқықтарын білуі ғана өз-өздерін қорғай алуына септігін тигізбейді, сонымен бірге осы проблема шешімінің әдіс-тәсілдерін, жолдарын көрсетіп, болашақта оны болдырмауға ықпал ету керек. Осылайша құқықтарының сақталуына байланысты жағдайға, өмірінің жақсаруына балалардың өзінің атсалысуына мүмкіндік туғызу керек.


1-оқушы: Еліміздегі зорлық – зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар. Әйелдер мен балаларға қарсы зорлық –зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқындады. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500- дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық – зомбылықтың құрбаны болады екен.

2-оқушы: Отбасыларының қиюы қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық – зомбылық. «Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек. Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін- өзі ұстау үлгісін алады.

3-оқушы: Қазақ халқының дана сөзі бар: «Әйел адамға рухы әлсіз ер адам ғана қол көтереді» бұны халық жазылмаған заң деп санап осы уақытқа дейін сақтап келеді, алайда өкінішке орай кейбір ер адамдар бұл заңды ұмытып кеткен сыңайлы.

4оқушы: «Ата көрген оқ жонар, әке көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әр әсер мол. Тәрбиеге әсер ететін өскен орта мен ата- ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады деп ойлаймын.

5-оқушы: Дұрыс айтасың «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз, Жаманнан жақсы туады адам айтса нанғысыз» демей ме халқымыз. Отбасындағы ата- ананың мінез- құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанысы десем артық айтқаным емес шығар.

6-оқушы: Ия достар, сонымен қатар, нашақорлық, темекіге, ішімдікке әуестік, бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиян тигізеді деген ой қосқым келеді.

7-оқушы: Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық-зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам ақыл есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады, отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады.

8-оқушы: Зорлық – зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. Бұның дәлілі ретінде ұлы ғұламалардың мынадай сөздерін ұсынамын. «Тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген ұлы бабамыз Әбунасыр Әл Фараби. «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе – өскен орта, ата-ананың тәрбиесі», «Сүтпен кірген сүйекпен кетеді» бала жасында қандай тәрбие алса, ержеткенде сол әдет қалмайды деген

Ж. Аймауытов.


Жүргізуші: Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.

Зорлық -зомбылықтың түрлері:

Психологиялық (эмоциялық) кемсітушілік 
Физикалық зорлық-зомбылық 
Бопсалау 
Кибербуллинг - баланың қыр соңына түсу, қорқыту, ұялту мақсатында Интернетті не басқа технологияларды пайдалану. Дөрекі, қатыгез сипаттағы мәтіндік хабарламалар жіберу; жәбірленушіні онлайн режімінде мазақ ету не жеке басына тән ақпаратты, фотоны не бейнежазбаны орналастыру; басқа баланың қыр соңына түсу не мазақ ету мақсатында жалған тіркеу жазбасын, веб-парақшаны не онлайн режімінде бейне жасау сияқты әрекет түрлерін қамтиды.
Кемсітушілік 
Суицид


Жағдаяттар: «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?»

Қазір мен бірнеше жағдайларды оқимын. Бұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздер, егер қылмыс емес десеңіздер сол қолдарыңызды көтересіздер, әр жағдайға жеке тоқталып, түсініктеме бересіздер.

1. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.

2. Бір оқушы сыныптасына: «ертең 50 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.

3. Мектеп оқушылары жүзім ұрлады.

4. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын ақтарды.


Қорытынды: Ұлы Абай:

Заман ақыры жастары,

Қысылмас ешбір бастары.

Біріне-бірі қастыққа ,

Қойынына тыққан тастары деп,- жастардың тәртіпсіздігін сынға алып, жаны қиналған еді, заманымыздың тыныштығы, еліміздің ертеңгі болашағы әрқашан өз қолымызда екенін ұмытпайық.



































Баяндама: «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылдың желтоқсан айындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында балалар – қоғамымыздың ең қауқар және ең қорғалмаған бөлігі деп атап өтілді және мемлекет Қазақстан жерінде туылған әр баланы қорғауға тиіс.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық, қатыгездік, кәмелетке толмағандарды қанау, қараусыздық пен қадағалаусыздық, өз-өзіне қол жұмсау іс-әрекеттері қоғамды толғандыруда.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстық ахуал тиімді шаралар қолдануды қажет етеді.

Осындай жоғары деңгейде балалардың құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету мәселелерінің талқылануы, балалық шақ мәселесі әрқашан сөзсiз мемлекеттiк басымдылықтар болып табылатына сенiмдiлiктi арттырады. Зорлық-зомбылықтың кейбір түрлеріне тоқтала кететін болсақ:

Физикалық зорлық – зомбылық – бұл кеңінен тараған жәбірлеудің бір түрі. Осы жәбірлеуде көбінесе отбасында баланы ұрып – соғу жағдаяттары жиі кездеседі, сондай - ақ ата–ана тарапынан, мұғалім тарапынан да балаға қатаң талаптарды жүктеу арқылы зорлық көрсету белгілері білінеді. Осы жәбірлеудің теңдесі жоқ түрі Мюнхаузен синдромы іспеттес. Физикалық күштеу кезеңінде ата–аналар көбінесе балалардың денсаулығында ақаулық бар деген күдікте болады, медициналық зерттеулер қорытындысына да жүгінеді, алайда психологиялық аурудың бұл түрі балада емес ата–анасында деген қорытындыға келеміз.

Эмоционалды зорлық – зомбылық түрі. Бұл жәбірлеудің түрі дәлел мен құптаушының жоқтығынан хабарланбайды. Балаға зорлық көрсетудің эмоционалды түрі күштеудің кең таралған түріне жатады.

Балаға эмоционалдық күш көрсетудің бірнеше санаттары бар:

1. Жоққа шығару (балаға деген жайсыздықты ата–анасының, мұғалімнің жоққа шығаруы);

2. баланы оқшаулау (басқа балалардан бөліп қарау)

3. Баланы бопсалау;

4. Елемеушілік;

5. Балағаттау;

6. Сөз жүзінде жүйкесіне тию;

Зорлық деген сөздің астарында ұрлау, балалар өлімі, дәстүрлі тәжірибеге байланысты жарақат алу, сондай – ақ жыныстық, психикалық және тұлғалық балаларға қатысты тәртіп шаралары сияқты тұлғалық жазалауды қосқанда қиянат жасау түсінігі жатыр. Конвенцияда балаларға қатысты зорлықтың қандай да түрі болсын, қай жерде болсын ешқандай ақтала алмайды делінген. Зорлық көрген балалар көбінесе тамақтанбайды да түрлі ауруларға ұшырайды, мектепте нашар оқиды, өзін–өзі бағалауы төмен болады. Конвенцияға сәйкес балаларға қатысты зорлық көрсету адам құқықтарының бұзылғандығын білдіреді.

Зорлық – зомбылық келесі құқықтарды бұзады:

- заң алдында бәрінің бірдей қорғалуын;

- қатал қарым – қатынасқа берілмеу құқығын;

- өмір сүру және жеке өміріне қол сұқпау құқығын;

- тұлғалық және психологиялық денсаулықтың жоғары стандартты құқығын.

Балаға зорлық – зомбылық көрсетуге адамды жетелейтін қандай факторлар бар?

  Бұл мәселе бойынша негізінен отбасылық жағдай, яғни ата – аналарының бұрынғы өмірі басты себеп бола алады. Балалық кезге деген өкініші, 20 пайыздайы балалық кезде осындай және басқа да күштеулерге тап болған деген дерек бар: ішімдік ішіп, нашақорлықпен айналысатын отбасыларында балалардың 4 есе көп бөлігі ұрып–соғу зорлығын көрсе, 10 есе көбі эмоционалды күштеуге душар болуда; отбасындағы айрылысу жағдайы да зорлық – зомбылық түріне жатады; теледидарда көрсетілетін оғаш күштеулер де әсерін тигізеді.

Балалар өздерін қорғау туралы ақпараттың жоқтығынан өмірінде шешімі күрделі жағдайларға жиі тап болып, өздерін өздері қорғай алмайды. Көбінесе зорлық, қатыгездік жағдайлары отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда орын алады. Көп жағдайда жасөспірімдердің өздері де бірінің бірі құқығын бұзып жатады.

• балалардың 50 пайызы өз отбасында қатыгездіктің түрлі формаларын басынан өткізеді;

• респонденттердің 16,2 пайызы ата-аналары немесе заңды өкілдер тарапынан көрсетілген қоқан-лоққы және бопса түрлерін (материалдық қолдау көрсетпеу, бостандығын шектеу, кешкі серуенге жібермеу т.б.) көрсеткен;

• сұралғандардың 0,7 пайызы (осылай жауап берген балалардың басым көпшілігі - 15-18 жас аралығындағылар) еңбекке мәжбүрлеу фактісін растаған;

• отбасында әсіресе сексуалдық зорлық фактілерінің орын алғандығын 34 бала растағандығы қатты алаңдатады. Жауап берген жасөспірімдер осындай зорлық көрсеткендердің қылмыстық жауапқа тартылмайтындықтарын атап өтті, өйткені балалар мұндай жағдайлар туралы жария еткеннен гөрі үнсіз қалуды қалайды екен.              

Ендеше, біздің көзқарасымызша, ақпараттық, ағарту бағытындағы жұмыстарды тек балалар арасында ғана емес, ересектер арасында да жүргізген өте қажет. Балаларымыз тек өз құқықтарын білуі ғана өз-өздерін қорғай алуына септігін тигізбейді, сонымен бірге осы проблема шешімінің әдіс-тәсілдерін, жолдарын көрсетіп, болашақта оны болдырмауға ықпал ету керек. Осылайша құқықтарының сақталуына байланысты жағдайға, өмірінің жақсаруына балалардың өзінің атсалысуына мүмкіндік туғызу керек.






1-оқушы: Еліміздегі зорлық – зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар. Әйелдер мен балаларға қарсы зорлық –зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқындады. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500- дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық – зомбылықтың құрбаны болады екен.


2-оқушы: Отбасыларының қиюы қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық – зомбылық. «Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек. Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін- өзі ұстау үлгісін алады.


3-оқушы: Қазақ халқының дана сөзі бар: «Әйел адамға рухы әлсіз ер адам ғана қол көтереді» бұны халық жазылмаған заң деп санап осы уақытқа дейін сақтап келеді, алайда өкінішке орай кейбір ер адамдар бұл заңды ұмытып кеткен сыңайлы.


4оқушы: «Ата көрген оқ жонар, әке көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әр әсер мол. Тәрбиеге әсер ететін өскен орта мен ата- ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады деп ойлаймын.


5-оқушы: Дұрыс айтасың «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз, Жаманнан жақсы туады адам айтса нанғысыз» демей ме халқымыз. Отбасындағы ата- ананың мінез- құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанысы десем артық айтқаным емес шығар.


6-оқушы: Ия достар, сонымен қатар, нашақорлық, темекіге, ішімдікке әуестік, бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиян тигізеді деген ой қосқым келеді.


7-оқушы: Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық-зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам ақыл есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады, отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады.

8-оқушы: Зорлық – зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. Бұның дәлілі ретінде ұлы ғұламалардың мынадай сөздерін ұсынамын. «Тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген ұлы бабамыз Әбунасыр Әл Фараби. «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе – өскен орта, ата-ананың тәрбиесі», «Сүтпен кірген сүйекпен кетеді» бала жасында қандай тәрбие алса, ержеткенде сол әдет қалмайды деген

Ж. Аймауытов.




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
2565
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі