400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жасөспірімдер мен ата-ана қарым қатынасын қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
педагог психологтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жасөспірімдер мен ата-ана қарым қатынасы қалыптастырудың жолдары Темиргалиева Карлыгаш Имангалиевна,педагог-психолог

Солтүстік Қазақстан облысы , Ақжар ауданы, Қарашілік орта мектебі


Қазақ отбасындағы ата-ана мен баланың кіслік қарым – қатынасы, эмоционалды сезімдері – олардың жаны мен қанының табиғи бірлігі негізіндегі жақындық арқылы орындалған.

Хадисте : «Ей,перзентім! Ойыңа тоқып ал,ата-анаға құрмет,ізет қылуды мойынға алу ләзім.Себебі баланың түп негізі ата-ана болып табылады.Ата-анамды не үшін құрметтеймін дегенді ойыңа алушы болма.Олар сен үшін өлуге де дайын тұрады.Сен соны білуің керек.Сен ата-ананың еңбегін дін жағынан да өтей алмасаң да ақыл санаңмен,адамгершілікпен өте.Кімде-кім ата-анасын разы еткен болса, ол жақсы.Алла тағала оның өмірін ұзартады»-делінген.

Қазіргі уақытта баланы заман талабына сай жеке тұлға етіп қалыптастыру қазақ отбасындағы барлық ата-аналар үшін маңызы зор. Отбасындағы қарым қатынасты реттеу арқылы баланың жан дүниесімен сырласып, оның мінез-құлқын, тәртібін және адамдармен қарым-қатынасын түзеуге болады. Осы бағыттағы құнды зерттеуімнің негізі, мақаламның тақрыбына сай жасөспірімдер мен ата-аналардың қарым қатынасын реттеу туралы ой талқы жасағым келеді.

Отбасындағы ата –ана мен бала арасындағы қарым – қатынас мәселесін ғылыми тұрғыдан зерттеушілер : В.С. Мухина мен Л.А. Венгер. Олар отбасында дұрыс ұйымдастырылған қарым-қатынас пен тәрбие үрдісі нәтижесінде жасөспірімдер өзінің эмоционалдық жіне агрессивтік мінезін реттей алатынын атап көрсеткен. Баланы дұрыс толыққанды азамат етіп тәрбиелеу үшін ынтымақтастық қарым-қатынастың маңызды құрал екенін бүгінгі таңда ат-аналар естен шығармауы тиіс. Осы қарым-қатынас түрін дамыту жолдарына баса көңіл бөлген жөн. Біздің бұл көзқарасымыз халықтық тәрбиенің басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысын қарастырған С.Қалиевтің тұжырымдамасымен қабысып жатыр.

ҚР Білім туралы заңының 49-бабында ата-аналардың құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Оның бір бөлігінде «Білім беру ұйымдарының өз балаларының үлгеріміне,мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға міндетті»делінген.

Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбеюінің негізгі факторы дұрыс қарым қатынастың жоқтығы болып табылады. Оның себептері:

  • отбасындағы ақау тәрбие;

  • отбасындағы материалдық әл-ауқаты;

  • жұмыссыздық;

  • баланың бос уақытының шамадан тыс мол болуы;

  • ата-ана тарапынан бақылаусыз қалуы;

  • мінез-құлқының ауытқушылығы;

  • рухани құлазуы;


Жасөспірімдердің салауатты өмір салтын сақтай қажеттігі, жеке денсаулық жағдайымен ерекшелігі туралы білімдерін, денсаулықтың дене, психологиялық, әлеуметтік және рухани байлықтармен біртұтастығы және денсаулықты сақтай әдістері туралы түсініктерін қалыптастырады.

Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселелерін Л.А. Венгер баланың ойын әрекетімен байланыстыра қарайды. Ойын барысында жүргізілген қарым-қатынас бұл кезде әлеуметтік қатынастар мектебі болып табылады. Себебі ойын әрекетінде қарым-қатынас жасау арқылы бала өзгенің көңіл күйіне ортақтасып, мінез көнгіштігін түсіне бастайды. Ал, А.В. Запорожец, Я.З. Неверовичтер тек отбасы жағдайында, жағымды қатынастар негізінде ғана жасөспірімдер қоғамға деген көнгіштік, аяушылық, өзгелердің әрекетіне баға беру сияқты эмоционалды тәжірибе қалыптасады деп көрсетеді. Ғалымдардың ойынша отбасындағы жағымды қарым-қатынас балада жауапкершілік, ынтымақтастық, бірлік сияқты сапаларға негіз болса, керісінше жағдайдағы қарым-қатынас (ұрыс-керіс, қақтығысушылық) баланың көңіл-күйіне, еңбекке қабілеттілігіне үлкен зиян келтіреді. Ойындарды ойнату арқылы қарым қатынасты реттеп қана қоймай, жағымды көзқарас қалыптастыруға болады. Мысалы сынып сағаттарында мына жаттығуды бірге орындауды ұсынамын:

«Мен сені түсінуге тырысамын…»  ойыны
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру;

Ата-аналар сыртқы шеңберде, балалар ішкі шеңберде орналасады. Ата –аналарға қима қағаздармен бір жағдай не көңіл күй ұысынылады. Оны ата-ана мимикамен көрсетіп, баласына түйсіндіре алуы тиіс. Екінші айналымда балаға қима қағазы беріледі, ата-ана оны түсінуі тиіс. Қорытындысында түсіністік қарым-қатынастың алғы шарты екенін ұғынады.


ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.- Алматы. 2008.

  2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық- Астана 2012


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
622
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі