Материалдар / Жасөспірімдердің өзіне – өзі қол жұмсаудың алдын алу шаралары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жасөспірімдердің өзіне – өзі қол жұмсаудың алдын алу шаралары

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзім сияты әріптестерге баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Маусым 2018
957
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жасөспірімдердің өзіне – өзі қол жұмсаудың алдын алу шаралары».

 

Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол салу мәселесі

Суицид (лат.тілінен sui – өзін + caedere – өлтіру) — өзін-өзіне қол жұмсауға икемді адамның әрекеті. Былайша айтқанда, бұл адамның өзінің «ішкі болмысына» жасалған қатігездігі, яғни жауыздығы. Суицид дертіне әдетте рухани әлсіз, психикалық тұрғыдан тұрақсыз адамдар шалдығады. Сондай ақ, өз-өзіне қол жұмсауға күнделікті күйзеліс түрткі болуы да мүмкін.

Мамандар суицид оқиғасының жиiлеуiне әртүрлi себептердi алға тартады. Соның ішінде әлеуметтiк жағдай, тиiстi отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы, моральдық және физикалық зорлық-зомбылық, есiрткi қолдану, жоғары сынып оқушыларының төменгi сынып балаларының намысына тиетiн әрекеттер жасауы сияқты жағдайлар негізгі факторлар. Ал, дінге сенетін адам үшін бұл аталғандар өлімге себеп емес, пәни дүниеде әр адамға кезігетін кәдімгі жағдайлар ғана.

Өз өмірін қиюға бағытталған саналы ерікті түрдегі әрекет қазіргі таңда бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып отыр. Атап айтқанда, ересектер тарапынан баланың саналы деген талап-тілек, мұқтаждықтарын өнегелі тұрғыдан ескермеу, олардың жас мөлшері мен балалық психологиясына көңіл бөлмеу сияқты кемшіліктерден болып жатады.

Балалардың өзіне өзі қол салуға бейімділігі мына төмендегі мәселелерге байланысты болады:

  • баланың достары болмаса;

  • ешкіммен араласпаса;

  • ата-анасымен сырласпаса;

  • ешкімге сенбесе;

  • ешнәрсе қызықтырмаса;

  • қымбат адамын жоғалтса;

  • біреуге ренішін ұзақ уақыт  уайымдаса;

  • сүйген адамы қарамаса;

  • ата-аналары ажырасып, олардың махабатын жоғалттым деп ойласа;

  • ата-аналарының өмірден өткенін қайғырса;

  • басқа адамдар  қорлап, кемітіп тілін тигізсе;

  • өзінікін дұрыс деп кешірім сұрағысы келмей жазалаудан қашқанда;

  • жасөспірім қыздар жүктеліп қалып үйяттан қашып сондай іс әрекетке баруы мүмкін;

  • ұзақ уақыт бопсалауға кездескенде;

  • жолдасына, кітаптағы немесе кинодағы кейіпкерлерге еліккенде.

Балалар өз проблемаларын ашылып ешкімге айтпайды. Біреуге айтса, елдің бәріне жария болып кете ме деп қорқады. Сонымен өзіне-өзі қол салу өміріндегі кездескен дағдарыстан шығудың түйық жолы, өмірмен күресуге қабілетсіздік, қиыншылдыққа төзе алмау. Алдын ала өзін өлімге ақырын бейімдеп жүреді де, кейін сәл ғана нәрсе түрткі болады. 15-25 жас аралығында жастар арасында жыл сайын өзіне-өзі қол салушылар көбеюде. Зерттеу нәтижесі бойынша әрбір бесінші жас ұшырайды екен. Өзіне-өзі қол жұмсауға ұмтылған көптеген жастар, өздерінің осы іс-әрекеті туралы ылғи ескерту жасайды. Кейде айтады, кейде соны білдіретін іс-әрекеттер жасайды, кейде ыммен білдіреді. Өзін қоршаған адамдардың барлығына білдірмегенмен жақын досына немесе туысына білдіреді. Ешқандай білдірмей кететіндер аз. Егер жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсауға бет бұратын болса, онда оған ара түсу мүмкін емес. Бірінші кезде  ойлағанына жете алмаса онда қайта-қайта қайталай береді де өз дегеніне жетеді. Егер осы кезде өзіне қымбатты бір адам ара түссе, өмірдің қымбатшылығын түсіндірсе, ол ешқашан мұндай қадамға бармайды. Егер сенімен бірге жүрген жолдасың өзіне-өзі қол салу туралы әңгіме қозғаса, оның ойында сол бар екенін ескере отырып, оның жаман жақтарынан сақтандырып, өмірдің қаншалықты қажет екенін түсіндіру керек. Өзіне-өзі  қол салу тұқым қуаламайды. Өзіне-өзі қол  жұмсауға психикалық бұзылысы бар адамдар және сонымен қатар сау адамдар да барады. Олар өзіне ғана емес, өзгеге де қауіпті. Олардың ішкі көңіл-күйлерінің бұзылуы өте жоғары дәрежеде болғандықтан, олар тек өлім туралы ойлайды. Өзіне-өзі қол салу туралы айтқан адам, сол іс-әрекетке барады. Он адамның жетеуі өзінің алдағы істейтін іс-әрекеті туралы жолдастарын хабардар етеді екен. Ал оған адамдар  мән бермейді немесе қалжыңдады деп ойлайды. «Менің өлгім келеді» деген сөзге балалар, ата-аналар, мектеп мұғалімдері басқалардың көңілін өзіне аударғысы келіп тұр деп ойлайды. Олай емес, сол мезетте осы әңгімені қозғап, не үшін өлгісі келетінін білуге тырыс. Оған көмек қолын соз. Көп нәрсе адамның досына байланысты. Досың өзіне-өзі қол жұмсау туралы саған сеніп айтатын болса, онда оның шын мәнінде өлгісі келмегені, сенен көмек күткені. Баланы жасынан өзі қызығатын нәрсеге қарай баулып, бос сенделуге жол бермей, әрі үйдегі үлкенді-кішілі мәселенің бәріне араластырып ортақ мүдде үшін міндеттілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу керек. Мектепте баланы тек ұрсу, ұялту арқылы жәбірлеп, жігерін құм етіп, оны өмірден безінетін жағдайлар да болып тұрады. Алдында үлгі-өнегі алатын, сырласатын, үлкен адамға тән қадыр-қасиет, жүріс-тұрыс, мәнері мен мен әдеттерін үйренетін, шаруашылыққа икемдейтін әкенің рөлі ер балаға ауадай қажет. Отбасында қандай, қай жастағы бала болсын онымен санасып, оның жеке ерекшелігін ескеріп, ақылдасып отырған мақұл. Жеткіншек бала өзінің өмір тәжірибесінің аздығына, білімінің  әлі таяздығына қарамай «ересектерден кем білмеймін, қолымнан бәрі келеді» деп есептейді. Баланың осы кездегі ерекшелігін педагогикалық талапқа сай басқара білмеген адамның баласы опық жейтін оқиғаға баруы дайсыз. Мысалы, әке ұлының, шеше қызының жан дүниесіне үңіліп, жан сырын аша білсе,  баланың өмірге деген  сенімі күшейеді. Ал ата-аналарымен араласпай өз бетімен проблемаларын шеше алмаған бала депрессияға түседі. Депрессия кезінде жасөспірімдер көп сөйлемейді, қобалжушылық көрсетіп көңіл-күйі, ұйқысы бұзылып, тез шаршап сабақты жиі босатады, кейбіреулері шылым шегіп, ішімдік ішуді бастайды, ауырғанды жақсы көріп, үнемі бір ауруларды ойлап тауып, ата-аналарын тыңдамай  агрессивті мінез-құлық көрсетуі мүмкін.

Осы кезеңде:

  • ата-аналар қабылдаушы және қамқоршы болу керек;

  • адамда қайғылы жағдайлардың болатынын түсіндіру;

  • қайғылы жағдайды қажеттілігіне байланысты жиірек талқылап отыру;

  • психологиялық қолдау жүйесі жөнінде ақпарат беру;

  • маңыздылығы аз детальдарға да зейін аудару;

  • шығу жолдарына байланысты ақыл айту;

  • жағымды эмоцияларды көрсету (жасанды түрде шығаруға болады)

Өзіне өзі қол жұмсауға негізінен отбасындағы, мектептегі және достарының орта­сындағы қарым-қатынастар себепші болуда. Ал өз еркімен өмірін қиған немесе оны жасауға талпынғандардың ақыл-ойын зерделеу бұл балалардың басым көпшілігінің психологиялық тұрғыдан дендерінің сау екендігін көрсетті. Демек, кінәлі тиісті мемлекеттік уәкілетті органдардың жауапты шенеуніктері болып отыр. Соған орай аталған алқада мәселенің күрделі сипат алғандығы ескеріле отырып, тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтар және олардың туындауына әсер еткен себептер бойынша Үкіметке осы жағдайларға сәйкес ұсыныс енгізу жөнінде шешім қабылданды.

Шынында да, қазіргі кездегі балалардың психологиясы бір түрлі екенін әрбір сөйлесе қалған ата-ана да мойындап отыр. Көп жағдайда тұрмыс деңгейі төмен отбасылардың балалары бүгінгі дүкенде жайнап тұрған киім мен техникалық құралдарға қол жеткізе алмайды. Оның үстіне отбасында да бай мен кедей туралы әңгімелер жиі-жиі айтыла бергендіктен, балалар барлығын сол күйінде қабылдап, өмір бойы біз кедей, ал басқалар бай болып өмір сүреді деген бір ішкі күйініш пен күйзелісті бастан кешіретіні анық. Бар-лық жағымсыз құбылыстарды қалың бояуымен қабылдайтын балалардың өздеріне деген сенімі жоғалып, алдағы болашақ тек қана ақшалы адамдардың еншісінде деген бір оғаш пікір пайда болатынын болжау қиын емес.

Ал шын мәнінде, өзіне-өзі қол жұмсауды ойлаған адамдар өмір сүр-гісі келіп, көмек іздейтін көрінеді. Бірақ, өлімге бас тіге отырып, олардың арасында айналасындағыларға әлденені дәлелдеуді мақсат етіп қоятындары, осылайша өздеріне көңіл аударғысы келетіндері де жетерлік. Кей жағдайда өзіне-өзі қол жұмсауды адам ерлік пен күштілік дегенге сыйғызады.

Ал тағы бір айтарымыз — Ислам дінінде өзіне-өзі қол жұмсау күнә екенін осы балалардың көпшілігі біле бермейді? Алланың берген сыйы — қымбат өмірін қыршынынан өз еркімен қию харам іс деп айтылады. Осындай халде қайтыс болған адамдардың жаназасы шығарылмайды. Бұл жайында да балалар арасында түсінік жұмыстары жүргізілуі тиіс шығар. Әрбір ауылдағы мешіт имамдары да қолынан келген көмегін жасайды.

Көптеген ата-ана мен ұстаздар ұжымымен әңгімелесу барысында елімізде психолог көмек көрсету орталығын ашу қажеттілігі мәселесі көтеріліп отырғанын айтпасқа болмайды. Бұл тек балаларға ғана емес, ересектерге де аса қажет екенін уақыт дәлелдеп отыр. Қазіргі кездегі жекеменшік психологтарға барып, емделуді көптеген отбасылардың, әсіресе ауылды жерде тұратын адамдардың қалтасы көтере бермейді. Оның үстіне осындай қызмет болатынын көп адамдардың білетініне күмәнім бар. Әрбір баланың денсаулығы, өмірі үшін күресетін кез келген сияқты. Бұл үшін қаржыны аямау керек. Өйткені дәрігерлер суицидті емдеу қажет аурулар қатарына жатқызып отыр. Мұның бір ерекшелігі — адамдар тәні ауырса дәрігерге барады, ал жан ауырса қайда барарларын білмейді. Сондықтан да бұл ауруға көңіл аударатын мезгіл жеткен сияқты. Дүниеге келген балаларды сақтау үшін шара қолданбасақ, ұлтымызды көбейтейік, сақтайық деген жалған сөздердің құны жоқ екенін білеміз.Суицид дертінің емі – иманда. Анығырақ айтқанда имани тәрбиеде. Осы тұрғыдан алып қарағанда жасөспірімдер отбасында, мектеп қабырғасында имани тәрбиеге мұқтаж. Демек ата-ана, мектеп мұғалімдері және психологтар бірлесе жұмыс атқаруы қажет. Жауапкершілік те теңдей бөлінуі керек.

Бұл проблемада ата-ананың кінәсы басымырақ секілді. Ата-ана «баламды жұрттың баласынан кем етпеймін» деп тек тамағын тауып, киім кешегін бүтіндеумен әлек болудың салдары. Тіпті, шаңырағына бір мезгіл уақыт бөліп, перзентімен ашық-жарқын сөйлесу ұмыт қалған тәрізді. Баласының киімі көк болғанымен көңілі күпті, жаны құлазып ата-анасының мейіріне мұқтаж күй кешуде екендігін көп жағдайда ұғына бермейміз.

Жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау (суицид) бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Еліміздің болашағы саналатын олардың мұндай оқыс әрекеттерге баруы алаңдатарлық жағдай. Статистикалық мәліметтердің өзінен адам жаны түршігеді. Әлемде жылына 1 млн. адам өзіне-өзі қол жұмсайды екен.

 

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!