Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жасөспірімдерге арналған психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беруде тренингті қолдану арқылы алға қойған мәселелерді шешу, қарым-қатынас, жігерлік, өз-өзіне сенімділік, ойлаудың сыншылдығы, өзін-өзі басқару қабілеттілігі және өзіндік «менін» - дамытуға жағдай жасалады. Сонымен қатар эмоциялық тұрғыдан жеке бастың өзін-өзі бақылауы, адам аралық қатынасы, өзін-өзі тануы және тәжірибені тұжырымдап іс жүзінде қолдануы жүзеге асады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«С.Нұрниязұлы атындағы мектеп интернат» КММ











Шамгулова Айганым Уткелбаевна





Оқушыларға арналған психологиялық тренинг

Элективті курс бағдарламасы



















Түсінік хат


Бағдарламаның өзектілігі: Білім беруде тренингті қолдану арқылы алға қойған мәселелерді шешу, қарым-қатынас, жігерлік, өз-өзіне сенімділік, ойлаудың сыншылдығы, өзін-өзі басқару қабілеттілігі және өзіндік «менін» - дамытуға жағдай жасалады. Сонымен қатар эмоциялық тұрғыдан жеке бастың өзін-өзі бақылауы, адам аралық қатынасы, өзін-өзі тануы және тәжірибені тұжырымдап іс жүзінде қолдануы жүзеге асады.

Психологиялық тренинг жұмысының нәтижелі болуы оқыту барысында шешімін табуға тиіс міндеттерге жүргізушінің ықпал ете алуына байланысты. Нәтижесінде, алға қойылған мақсаттармен бірге, топтың әрбір мүшесі кері байланыс көмегімен өз-өзін жаңа қырынан ашу және өз-өзін түсіну тәжірибесін игереді. Тренинг барысында топ мүшелері өзара үйрену процесіне тартылады, сондықтанда олар әдетте жетекшіге емес бір біріне сенім артады.

Тренинг жаттықтыру, жаттығу /ағылшын сөзі. Қазіргі таңда «тренинг» түсінігінің нақты бір анықтамасы болмағанмен, бұл әр түрлі іс-әрекеттердің, әдіс-тәсілдер мен құралдардың ортақ термині ретінде кеңінен пайдаланылуда.

Ресейлік психолог Л.А. Петровская әлеуметтік-психологиялық тренингті «өзара қатынастағы білімді, әлеуметтік белгілеулерді, қабілеттілік пен тәжірибені дамытуға бағытталған әсер ету құралы», ретінде қарастырады.

Осы пікірлер негізінде тренингті «психологиялық әсер ету» деп негіздеуге болатындығы айтылып жүр. Сондықтан да тренингті студенттің кәсіби үйлесімділігін және ұжымның психологиялық феноменін мақсатты түрде өзгертуде, білім беруде, тәрбиелеуде, жаттықтыруда көпқырлы әдіс ретінде қолдануға болады.

Болашақ маманды жеке тұлға деп қарастырсақ, ол С.И.Ожегов сөздігінде: «жеке тұлға – адам қандай да бір қасиет, қабілетті тасушы» ретінде көрсетіледі. Жеке тұлға онда екі мағынада қарастырылады: кез келген саналы адам; өзінің психикалық үрдісін, мінез-құлық, жүріс-тұрысын басқара алатын қабілетті адам. Ал, белгілі психолог Қ.Жарықбаектың пікірінше тұлға - өзіне де айналасындағыларға да өзгеріс жасай алатын адам.

Қалыптасу - адам тұлғасының дамуында немесе оның жеке қасиеттеріндегі белгілі бір фактордың әсер етуінен болатын өзгерістер. Қалыптастыру – яғни, адамның өмір сүру әрекетін ұйымдастыру, тәрбие мен білім беруді жүзеге асыру, тұлғаның бойында белгілі бір қасиетті дамытуға ықпал ету. Осы ықпал етудің көптеген әдістері мен формалары бола тұра соның ішінде тренингтің мүмкіндігінің молдығын атап өтуге болады.

Ғылыми еңбектерде «Тренинг - жеке тұлғаның дамуына және өзара әрекеттестік, өзара қатынас жаттығулар жүйесі» деген анықтама беріледі.

Бағдарламаның  мақсаты: мектеп оқушыларына жеке тұлға болып қалыптасуына және жеке бас қасиеттерін дамыту.

Бағадарлама мектеп оқушыларына арналған.

Бағдарламаның міндеттері:

- Топтың бірлігін нығайтып, өзара сенімділік қалыптастыру;

- «Мен» бейнесін дұрыс қалыптастыру;

- Тиімді қарым қатынас дағдыларын дамыту;

- Өзінің сезімін адекватты көрсете алу қабілітін және басқа адамдардың сезімдерін түсіну қабілетін дамыту;

- Сезімдерін білдіуге дағдыландыру;

- Өз бойындағы қасиеттерін көрсете алуға бағыттау;

- Келешекте қатысушылардың өзін-өзі дамуы үшін мотивация құру;

- Өмірлік жолын айқындауға дамыту.

Әдіс- тәсілдер:

- Ойындар;

- Топтық жаттығулар;

- Пікір алмасу;

- Әңгіме-сұхбат;

Тренинг жұмысының формалары:

  • Жекелей жұмыс;

  • Жұппен;

  • Топтық жұмыс.

Топтық жұмыс ережесі. Біртұтас жұмыс кеңістігін қалыптастыру.

- «қазір және мұнда» ережесі;

- шынайы болу ережесі;

- сөзді және әрекетті бағалауға болмайды;

- жауапкершілік ережесі;

- тыңдап ал, содан кейін айт ережесі;

Бағдарлама құрылымы:

Элективтік курсының бағдарламасы жалпы психологияның негізгі тарауларын қамтиды және мектеп оқушылары үшін айына 1 сағатқа есептелінген. Сабақта тренинг жұмыстары қамтылған.

Күтілетін нәтиже:

  • айналадағылармен сауатты қарым-қатынас жасай білу;

  • басқа адамдардың мінез-құлқын түсіне білу;

  • басқа адамдардың әрекеттеріне, сезімдері мен қызығушылықтарына талдау жасай алу;

  • өзінің даму процесіндегі қиындықтарды жеңе білудің жолдарын іздестіре алуы, пайымдауы;

  • белсенді өмірлік ұстанымының болуы;





Тақырыптық жоспар

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Құрал- жабдықтар

1

«Мектеп және Мен»


1 сағат

үлестірмелі қағаздар, маркерлер, қарындаштар, А4 формат, түрлі-түсті бояулар,қалам.

2

«Топтағы бірлікті нығайту»

1сағат

үлестірмелі қағаздар, түрлі-түсті фигуралар, маркерлер, қарындаштар, А4 формат, қалам т.б. 


3

«Мен өмірді сүйемін»

1 сағат

үлестірмелі қағаздар, түрлі-түсті қалпақтар, маркерлер, қарындаштар, А4 формат, қалам т.б. 

4

«Отбасы бақыт мекені»

1 сағат

үлестірмелі қағаздар, маркерлер, қарындаштар, А4 формат, түрлі-түсті бояулар, қалам.

5

«Сезім әлемі»

1 сағат

А4 формат, қалам,ватман, карточкалар

6

«Мінез – адам көрсеткіші»


1сағат

интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі парақтар.



7

«Сыр сандықты ашайық!»

1сағат

қағаз, қалам, ватман, түрлі-түсті бояулар, қарындаш. 


8

«Мамандық таңдау маңызды іс»»


1 сағат

А4 формат, қалам,ватман, карточкалар


9


«Біз әрқашан біргеміз»

1 сағат

қағаз, қалам.


Барлығы 9 сағат









1 сабақ

Тақырыбы: «Мектеп және Мен» тренингі

Мақсаты: Балалардың шығармашылығын, өздерінің сезімдерін, білім алу қабілеттерін дамыту.

Қажетті құрал- жабдықтар: қағаз, қалам.

Тренингке қатысушылар: оқушылар

Тренинг ережесі:

  • Тыңдау әдебін сақтау

  • Өз пікірін ашық айту

  • Ашық көңілді болу

  • Белсенділік таныту

Тренинг бағдарламасы:

I. Кіріспе

1.Сәлемдесу.

II.Негізгі бөлім

2.«Мектеп жолы» жаттығуы

3«Мен үшін не маңызды» жаттығуы

III. Қорытынды

4«Шынымды айтсам»

I. Кіріспе

1.Сәлемдесу.

Уақыты: 5 мин

Нұсқаулық: Қатысушылардың амандасуы. Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

II.Негізгі бөлім

2.«Мектеп жолы» жаттығуы

Уақыты:10 минут

Мақсаты:ойын ашық айтуды үйрету.

Мазмұны: Тақтада немесе орташа шеңберде «Оқушының жолы» суреті бекітіледі. Онда 1-ші сыныптан 9 -шы сыныпқа дейін мектеп жолын бейнелейтін тау суреттелген. Жүргізуші балалармен олардың өткен жолдары және алда не күтіп тұрғандығы туралы әңгіме өткізеді.

Талдау: Тренингтен алған әсерлеріңіз?

3.«Мен үшін не маңызды?» жаттығуы

Уақыты:15 минут

Мақсаты:топта жағымды атмосфера қалыптастыру, өзін-өзі дамыту.

Мазмұны: Балаларға өздерінің ата-аналарымен ұзақ уақытқа каникулға кететіндігін, демалыстарын елсіз аралда өткізетіндіктерін көз алдарына елестетулері қажет. Ата-аналары балаларға тек қана оларға ең маңызды үш затты жол сандығына салу керектігін айтады.

- Сендер нені таңдайсыңдар? Осы заттардың аталуын қағаз бетіне жазыңдар (5 минут).

Одан әрі балалар тізімді оқып, неліктен нақ осы заттарды таңдағандарын айтып берулері қажет.

Талқылау:

- Сен таңдағанды таңдаған біреу бар ма?

- Кімнің жазбалары сені таң қалдырды?

- Сендердің көпшілігіңде қызықты және маңызды заттар бар ма?

- Кім туралы жаңа нәрсе білдің ?

III. Қорытынды

4. «Шынымды айтсам» ойыны

Уақыты:15

Мақсаты: қиялды дамыту.

Мазмұны: Шынымды айтсам....деген жазумен карточкалар таратылады. Оқушылар сөлемді жалғастыру керек.

Рефлексия.

1) Қай жаттығу ерекше ұнады?

2) Қандай тапсырмаларды орындау қиын болды?

3) Осы тренингтан не түйдіңіз?

Қоштасу сәті.

Қатысушылар шеңберге отырады да, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.




2 сабақ

Тақырыбы: «Топтағы бірлікті нығайту» тренингі

Мақсаты: Ойынның көмегі арқылы, топтағы қарым-қатынасты жақсартып, бірлікті нығайту.

Қажетті құрал- жабдықтар:  үлестірмелі қағаздар, түрлі-түсті фигуралар, маркерлер, қарындаштар, А4 формат, қалам т.б. 

Тренингке қатысушылар: оқушылар

Тренинг бағдарламасы:

I. Кіріспе

1.  «Танысу» жаттығуы

II.Негізгі бөлім

2.  «Айна» жаттығуы

3.  «Мен кіммін» жаттығуы

4.  «Соқыр дене түйісуі» қыздыру жаттығуы

5.  «Сөйлемді жалғастыр» пікірлерді жалғастыру

III. Қорытынды

6.  «Мен тілеймін...» жаттығуы

Шығу парағы

Тренингті бастамас бұрын барлығымыз ереже қабылдап аламыз!

- «қазір және мұнда» ережесі;

- шынайы болу ережесі;

- сөзді және әрекетті бағалауға болмайды;

- жауапкершілік ережесі;

- тыңдап ал, содан кейін айт ережесі;

- белсенді болу ережесі.

I. Кіріспе

1.«Танысу» жаттығуы

Уақыты: 7 минут

Мазмұны: Топ шеңбер бойымен тізіліп отырады. Таныстыру өзі қалаған оқушыдан басталып, сағат тілімен ары қарай жалғасады.

Танысу шарты төмендегідей:

Бүгінгі тренингте оқушылар өз есімдері мен өздерінің өмірлік ұстанымдарын қосып атайды.

II.Негізгі бөлім

2. «Айна» жаттығуы

Уақыты: 5минут

Мазмұны: «Қазір жұп құрып, белгілі бір қимылдар жасаймыз. Бір-біріңізге қарама-қарсы тұрыңыз (бір-біріңізге жүзіңізді қаратып). Тапсырманы кім бастайды, ал кім жалғастыратындығын келісіп алыңыздар. Қазір тапсырманы бастайтын адам бүкіл денесімен, қолымен, көзімен, аяғымен, саусақтарымен, қаспен, басымен әртүрлі қимылдар жасайды. Ал екінші қатысушы серігінің қимылдарын дәлдікпен қайталауы керек. Біршама уақыттан кейін менің белгім бойынша, серіктестер рөлдерін ауыстырады».

3.«Мен кіммін?» жаттығуы

Уақыты: 10 минут

Мақсаты : Өз туралы, өз орны, құқығы мен міндеттері туралы ойын дамыту.

Мазмұны: Сендер: «Мен кіммін?» деген сұраққа 10 жауап жазыңыз. Оны жылдам, ойыңызға бірінші қандай жауап келсе, соны жазыңыз. Оны бірінші бағанға жаз. Екінші бағанға сол сұрраққа ата-анаңның пікірі сеніңше қалай, соны жаз. Үшінші бағанға сенің қасыңда отырған топтың мүшесі қалай жауап берер еді. Парақты жинап аламын да араластырамын, кезекпен дауыстап оқимын, ал топ кім туралы екендігін анықтау керек. Осы берілген мінездеме топтың қаншалықты келісетіні талқыланады.

4. Қыздыру жаттығуы «Соқыр дене түйісуі»

Уақыты: 15 минут.

Мақсаты: Эмоцианалды қыздыру. Тренинг қатысушылары арасында кері байланыс алу. Басқа адамдарды сезе білу дағдысын дамыту, қатысушылардың көңіл- күйін көтеру.

Мазмұны: Осы тренигке қатысушылардың арасынан өз еркімен бір-қатысушы ортаға шығып, көзі байланады. Сол адам қалған қатысушылардың кезекпен дене бөліктерін ұстап, өз сезімдерін сипаттап, кім екенін табуы қажет. Кейін қатысушылар орнын ауыстырып, арамыздағы таба алмағандарына топ болып анықтаған шарттарды орындайдын болады.

Жүргізуші үшін ескерту: Егер басында өз еркімен шығатындар табылмаса, жүргізуші өзі үлгі көрсетеді.

Қатысушылар сезімдерімен бөліседі.

Рефлексия сұрақтары:

1. Бұл жаттығуды орындауда қандай сезімде болдың?

2. Алдыңызға келген адамның кім екенін табу қиынға соқты ма?

3. Сенде қандай сезім басым болды?

5. «Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы

Уақыты: 10 минут

Мақсаты: өз пікірлерін ашық айтуға шақыру.

Жүргізуші: қазір мен аяқталмаған сөйлемдерді оқимын, жалғасын сендер айтасыңдар.

Аяқталмаған сөйлемдер:

-Мен үшін оқушы болған...

-Маған мынадай адамдар ұнайды...

-Мен бүгін қуаныштымын, себебі...

-Мен ұмытпаймын, егер...

-Маған көңілсіз, егер...

-Егер, бүгін сабақ болмай қалса, мен...

-Маған осы пәндер ұнайды...

Қатысушылардың сезімдерімен бөлісу.

Рефлексия сұрағы:

Сөйлемді аяқтағанда сендер қандай сезімде болдыңдар?

III. Қорытынды

6. «Мен тілеймін...» жаттығуы

Уақыты: 8 минут

Жүргізуші: Қазір әр оқушы шығып топтағы оқушылар есімдері жазылған карточканы алады және сол оқушы таңдаған басқа оқушының есіміндегі бар әріптерден басталатын тілектерін жазады.

Ескерту: карточканы таңдаған оқушы өз есімі жазылған карточканы таңдамауы тиіс.

Әр оқушы бір-екі сөзбен бүгінгі тренинг жайлы өз ойларын білдіреді.



















3 сабақ

Тақырыбы: «Мен өмірді сүйемін»

Мақсаты: оқушыларға өмір ұғымын түсіндіре отырып, өмірде кездесетін әр түрлі жағдайлар туралы түсінік беру.

Күтілетін нәтиже: балалардың өмірге деген құштарлығын, қызығушылығын ояту.

Пайдаланылатын қажетті заттар: қалам, А4 түрлі түсті парағы, қағаз майлық, түрлі түсті бор.

Тренинг ережесі:

  • Тыңдау әдебін сақтау

  • Өз пікірін ашық айту

  • Ашық, көңілді болу

  • Белсенділік таныту

Тренинг бағдарламасы:

I. Кіріспе

1. «Танысу» жаттығуы

2. «Өмір несімен қызықты?!» жаттығуы

II.Негізгі бөлім

3. «Түсін мені» жаттығуы

4 «Ата-анаға ашық хат» жаттығуы

III. Қорытынды

5«Қалпақтар» жаттығуы

I.Кіріспе

1.«Танысу» жаттығуы

Уақыты: 5минут

Мақсаты: қатысушылармен танысу, жағымды эмоционалдық атмосфера құру.

Мазмұны:Сәлеметсіңдерме! Тренингіміздің тақырыбы «Мен өмірді сүйемін» деп аталады. Ең алдымен барлылығымыз «шаттық шеңберінде» тұрып, есімімізді және өмірінде қатты қуанған сәттерімізді айтайықшы.

Рефлексия сұрақтары:

  1. Қатты қуанған сәтті еске түсіру оңай болды ма?

  2. Қатты қуанған сәттеріңді еске түсіргенде қандай сезімде болдыңдар?

2.«Өмір несімен қызықты?!» жаттығуы

Уақыты: 18 минут

Мақсаты: топтың өмір туралы пікірімен санасуға үйрету.

Мазмұны: мына жеребилерді таңдайық (жеребилерде « көк аспан», «өмір», «жер», деп жазылған). «көк аспан» деп шыққандар бір топ, «өмір» деп шыққандар бір топ, «жер» деп шыққандар бір топ болып бөлінейік. Енді әрбір топ «Өмір несімен қызықты» атты сұраққа жауап береміз!

Рефлексия сұрақтары

  1. Жаттығуды орындауда қандай қиындықтар болды?

II.Негізгі бөлім

3.«Түсін мені» жаттығуы

Уақыты:10 минут

Мақсаты: вербальды емес құралдар арқылы ақпарат беру мен түсіну іскерліктерін дамыту.

Нұсқау: адам қарым-қатынас жасау барысында тек сөз арқылы ғана емес, сонымен қатар вербальды емес (мимика, жест, пантомимика) құралдар арқылы да ақпарат алмасады. Сендер мына тұрған сөйлемдерді достарыңа

қарым-қатынастың вербальды емес құралдары, яғни мимика, жест арқылы түсіндіріп көріңдер. (берілетін сөйлемдер:

1) Өмірге келудің өзі бақыт;

2) Менің көңіл-күйім өте жақсы;

3) Сабаққа кешіксем мұғалім ұрысады;

4) Достарымды киноға шақырғым келеді, бірақ ақшам жоқ;

5) 8 наурызда анама гүл сыйлағым келеді;

6) 1998 жылдың 12 желтоқсанында мен дүниеге келдім.)

Рефлексия сұрақтары:

  1. Жаттығуды орындауда түсіндіру оңай болды ма, әлде түсіну оңай болды ма?

  1. «Ата-анаға ашық хат» жаттығуы

Уақыты:10 минут

Мақсаты: Ата – анаға деген сыйластықты дамыту.

Нұсқау: түрлі түсті қағаздардан ата –анамызға ашық хат жолдаймыз.

Рефлексия сұрақтары:

1) Бұл жаттығуды орындауда қандай сезімде болдың?

III. Қорытынды

  1. «Қалпақтар» жаттығуы

Уақыты:10 минут

Мақсаты: кері байланыс орнату.

Нұсқау: мына түрлі түсті қалпақтарды таңдап, таңдалған қалпақтар бойынша тренингке өз ойларыңызды айтасыздар.

Жасыл қалпақ. Қандай әсер алдыңдар?

Қызыл қалпақ. Не ұнағаны, не ұнамағаны?

Қара қалпақ. Қай тапсырмалар өте эмоцияналды болды?

Сары қалпақ. Тренинг арқылы қандай жетістікке жеткендерін айту.

Көк қалпақ. Сабаққа қатысқан мұғалім пікірі






















4 сабақ

«Отбасы бақыт мекені» атты оқушыларға арналған тренинг.

Мақсаты: Бала жанұясы мүшелерін бір- бірін түсіне білуге және жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.

Қатысқандар: оқушылар

Көрнекіліктер: Отбасы суреті, бояу қарындаштар, қалам, таза парақ, ватман, шарлар, қайшы, желім, жаңа технология, презинтациялар.

Тренинг ережесі:

  • Тыңдау әдебін сақтау

  • Өз пікірін ашық айту

  • Ашық, көңілді болу

  • Белсенділік таныту

Тренинг бағдарламасы:

I. Кіріспе

1«Танысу» жаттығуы

II.Негізгі бөлім

2«Менің отбасым» жаттығуы

3«Бақытты отбасы» жаттығуы

4. «Махаббат күн шуағында» жаттығуы

III. Қорытынды

5. «Тілек шамы»

І Кіріспе:

1.Танысу. Амандасу.

Уақыты: 10 минут

Алдымен өзіміз,отбасымыз туралы әңгімелеп, таныстырайық!

II.Негізгі бөлім

2«Менің отбасым» жаттығуы

Уақыты: 15 минут

Мақсаты: отбасындағы татулықты нығайту.

Нұсқаулық: Ватман қағазында «Менің отбасым» жазуы жазылған. Сол жазуға мега қалам арқылы отбасы мүшелерін жазамыз.

Талдау:

  1. Жаттығу орындау барысында қандай қиындықтар кездесті?

  2. Сендерге жаттығулар ұнады ма?

3.« Бақытты отбасы » жаттығуы

Уақыты: 15минут

Өтілу барысы: Оқушыларға ақ парақ пен қарандаштар беріледі.

Оқушылар үш топқа бөлініп, бақытты отбасы суретін салады. Оқушылар бақытты отбасы бейнесін бейнелеп, өз отбасыларын таныстырады.

Талдау: жаттығудан алған әсерлеріңіз?



Оқушыларға сіздерге мына ойларды жалғастыру беріледі. Қолымдағы доп кімге түсе сол оқушы мен айтқан сөздерді жалғастырады.

  • Бақыт дегеніміз не....?

  • Борыш дегеніміз не...?

  • Отбасы бақытты ол....

  • Келешектегі отбасымның бақыты үшін мен....

  1. «Махаббат күн шуағында» жаттығуы

Уақыты: 10минут

Бүгінгі сіздерді «Отбасы бақыт мекені» деп аталатын тақырып төңірегінде ойымызды топтастырып, әрі қарай жалғастырайық

Нұсқаулық: Түрлі түсті қағаздарды пайдалану арқылы махаббатқа толы күн шуақ бейнесін жасақтаймыз.

Талдау: күн шуағы жаттығуының орындалысында қиындықдар болдыма?

III. Қорытынды

  1. «Тілек шамы».

Уақыты: 10 минут

Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.

Оқушылар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімізді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!



5 сабақ

Тақырыбы: «Сезім әлемі» тренингі

Мақсаты: Басқа адамдардың сезімін анықтауды үйрету; өзінің сезімдерін басқара алу қабілетін жаттықтыру.

Қажетті құрал- жабдықтар: Плакат, сезімдердің аталуы жазылған карточкалар, қалам, фломастер, А4 формат, қарындаштар.

Тренингке қатысушылар: оқушылар

Уақыты: 1 сағат

Тренинг ережесі:

  • Тыңдау әдебін сақтау

  • Өз пікірін ашық айту

  • Ашық, көңілді болу

  • Белсенділік таныту

Тренинг бағдарламасы:

I. Кіріспе

1«Сен не істедің?» жаттығуы

II.Негізгі бөлім

2«Сезіміңді анықта» ойыны

3«Сезімдер фигурасы» жаттығуы

4. «Сезіміңді ата» ойыны

III. Қорытынды

5. «Сезіміңді бейнеле» жаттығуыщ

Шығу парағы


I. Кіріспе

1.«Сен не естідің?» жаттығуы

Уақыты:8 минут

Мақсаты:Сезімдерін ашық айтуға дағдыландыру.

Мазмұны: Жүргізуші шеңбер бойынша оқушыларға сұрақтар қояды, оқушылардың өмірлік жағдайлары және сезімдері талданады (олар тақтаға жазылады).

II.Негізгі бөлім

2.«Сезімді анықта» ойыны

Уақыты:10 минут

Мақсаты: Басқадай сезімнің туындау факторы туралы түсінікті талдау.

Мазмұны: Сезімдердің ықшамсызбалық көріністері берілген плакаттар ілінеді. Қатысушылар қандай сезімдер берілгендігін табады.

3. «Сезімдер фигурасы» жаттығуы

Уақыты:12 минут

Мақсаты: Өзінің меншікті көңіл-күй жағдайына басшылық ету дағдыларын дамыту.

Мазмұны: Балалар А4 парағында бес үлкен сурет салады. Содан кейін олардың төртеуінің аттарын жазады (ашу, қуаныш, ыза, қорқыныш), түрлі-түсті қарындаштармен бояап шығады. 5-ші фигураға ат қояды көңіл-күй жағдайына сәйкес келетіндігі бойынша бояайды.

4.«Сезіміңді ата» ойыны

Уақыты:7 минут

Мақсаты: өз сезімдерін анықтауға дағдыландыру.

Мазмұны: Допты шеңбер бойынша бере отыра, қатысушылар сезімдерін атайды. Содан кейін доп екінші жаққа беріледі және қарым-қатынас жасауға көмектесетіндері аталады.

III. Қорытынды

5.«Сезіміңді бейнеле» жаттығуы

Уақыты:13 минут

Мақсаты: топ алдында сезімін жеткізуді қалыптастыру.

Мазмұны: Өз сезіміңізді қимыл-қозғалыстардың көмегімен бейнелеңіз. Тренингтегі барлық қатысушылар орындарынан тұрып кезек-кезек көрсетеді.

Талқылау.

- Сіздің өміріңізде сезімдердің рөлі қандай?

- Сабақта сіз үшін не жаңа болды?

- Сізге не нәрсе белгілі болы?

Шығу парағы толтырылады.

Рефлекция. Қарым-қатынас жасаудың түрлі кезеңдерінде, сіз өз сезімдеріңізді билей ала аласыз ба?



















6 сабақ


Тақырыбы: «Мінез – адам көрсеткіші»

Мақсаты: Оқушылардың мінез - құлық туралы түсініктерін кеңейту. Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету.

Қажетті құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі парақтар.

Тренинг қатысушылар: оқушылар

Уақыты: 1сағат

Тренинг ережесі:

  • Тыңдау әдебін сақтау

  • Өз пікірін ашық айту

  • Ашық, көңілді болу

  • Белсенділік таныту

Тренинг бағдарламасы:

I.Кіріспе

1«Амандасу» жаттығуы 

II. Негізгі бөлім

2«Өзіңді тереңірек тани біл»

3«Жақсы адам бейнесі» жаттығуы

4. Аутотренинг жаттығуы «Сиқырлы орман»

III. Қорытынды

6. «Сезіміңді бейнеле» жаттығуы.

I.Кіріспе

1. «Амандасу» жаттығуы 

Уақыты: 10 минут

Мақсаты: қарым-қатынас дағдыларын, топтық өзара әрекеттесу әдістерін дамыту, күйзелісті төмендету.

Нұсқау: Бір-бірімізбен жақсы қарым-қатынас жасау үшін амандасып алайық.

1) Иықпен /оң, сол/

2) Мұрынмен

3) Тіземен /оң, сол/

4) Шынтақпен /оң, сол/

5) Құшақтасамыз

Талдау:

Жаттығу сіздерге ұнады ма?

Сәлемдесу әдісінің идеясын топтан кім ұсынды?

Қай амандасу түрі сіздерге өте ұнады?

Бір-біріңе өзгеше амандасу кезде нені сезіндіңіз?

II. Негізгі бөлім

2. «Өзіңді тереңірек тани біл»

Уақыты: 10 минут

Нұсқау: Сіздер көрсетіліп тұрған жеміс- жидектерден өзіңізге ұнайтын бір жемісті таңдаңыз. Сол жеміс арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай екені анықталады.

Кілті:

1. Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиленіске дау-дамайға бара бермейді. Еш уақытта еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл-күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында үлгілі артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы жетіспейді.

2. Шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуаныш пен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін Өтірік өсек сөзге жоқсыз, әсіресе онекдоттарды ұнатасыз Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сізді оп-оңай өкпелете салуға болады.

3. Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым-қатынас орнату да қиын болады. Бойыңызда менмендік қасиет басымдау.

4. Шабдалыны ұнататын адамдар көпшіл, кез келген адаммен тіл табыса алатын, ашық, жарқын болып келеді.Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын байқалып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз- қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.

5. Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді. Сіз мақсатты нақты қоя аласы, бірақ сол мақсатқа жету үшін жігерлілік, батылдық керек.

6. Құлпынайды ұнатсаңыз, сіз қонақжай адамсыз. Адамдармен тез тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен қызғаншақтығыңыз да жоқ емес.

7. Алманы ұнатсаңыз жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Берілген тапсырманы тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақынжанды, өз-өзіңізге риза адамсыз

Талдау: Жемістерді таңдауда не көмектесті? Қалай сезілді?

3. «Жақсы адам бейнесі» жаттығуы

Уақыты: 15 минут

Мақсаты: Жақсы адам бейнесін қалыптастыру.

Мазмұны: Сандықша ішінде ең жақсы, ашық, білімді, өз мамандығының шебері, белсенді адамның суреті бар. Ол кімнің суреті деп ойлайсыңдар. Көрмес бұрын барлығы көздерін жұмады. Сандықшаны алған адам ғана көзін ашады. Көргенін келесі адамға айтпауы керек. Соңында айнадан өз бейнесін, өзін көреді.

Талдау:

Көргенімен келіспейтін адамдар бар ма?

Өз бейнелеріңді көргенде қандай сезімде болдыңдар?

  1. Аутотренинг жаттығуы «Сиқырлы орман»

Уақыты: 15 минут.

Мақсаты: Өзі туралы ойын дамыту,сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиялық күйге келтіру

Мазмұны:

1. Жап-жасыл орман тап-таза ауа. Тек қана құстар ән салғанын ғана естіп тұрсыз. Сіз ормандақыдырып жүрсіз. Сіз жалғыз емессіз, кіммен қыдырып жүрсіз?

2. Орманда қыдырып жүріп бір жануарды көрдіңіз. Ол қандай аң? Үлкен бе, кішкентай ма?

3. Сіздің аңға деген көзқарасыңыз. Одан қорқасыз ба, сүйсіне қарайсыз ба?

4. Аңнан әрі қарай өттіңіз, алыстан бір үйді көріп тұрсыз. Ол үлкен үй ме, әлде шағын кішкентай үй ме?

5. Үй сырты шарбақпен қоршалған ба?

6. Үйге кірдіңіз, ас үйде үстел үстінде тамақ бар ма , жоқ па?

7. Үйдің артқы есігі бар екен. Сыртқа шықтыңыз. Қапталыңызда шөп үстінде бір ыдыс жатыр. Ол қандай ыдыс, неден жасалған ыдыс және оны не үшін пайдаланасыз?

1. Жауап: Қазіргі таңда өміріңізде маңызды орын алатын адам

2. Жауап: Аң сіздің проблемаңыз.

3. Жауап: проблемадан қорқасыз немесе қорықпайсыз

4. Жауап: Үй арманыңыз

5. Жауап: Адамдармен қарым-қатынасыңыз

6. Жауап: Тамақ болса бақыттысыз, тамақ болмаса- қазіргі таңда өзіңізге көңіліңіздің толмай жүргені.

7. Жауап: Ыдыс сіздің маңызды адамыңызбен қарым-қатынасыңыз

7. «Жылы тілек» жаттығуы

Міне, сіздер бүгінгі сабағымызда өздеріңіз туралы білдіңіздер, сіздер бала жүрегіне жол таба білетін тамаша ұстаз екендеріңізді көрсеттіңіздер. Екі күнгі жұмыс нәтижесімен сіздерге жаңа жылдың алғашқы тренингінен естелік ретінде оқушыға деген ниеттеріңіз қардай аппақ, шыршаның жасыл түсіндей көңіл- күйлерің көтеріңкі болсын және сіздер бір- бірлеріңізге ұқсамайтын дара тұлғасыздар.

5.«Сезіміңді бейнеле» жаттығуы

Уақыты:13 минут

Мақсаты: топ алдында сезімін жеткізуді қалыптастыру.

Мазмұны: Өз сезіміңізді қимыл-қозғалыстардың көмегімен бейнелеңіз. Тренингтегі барлық қатысушылар орындарынан тұрып кезек-кезек көрсетеді.

Талқылау.

- Сіздің өміріңізде сезімдердің рөлі қандай?

- Сабақта сіз үшін не жаңа болды?

- Сізге не нәрсе белгілі болы?










7 сабақ

Тақырыбы: «Сыр сандықты ашайық!» тренингі

Мақсаты: өмірлік мақсаттарын дұрыс құру.

Қажетті құрал- жабдықтар: қағаз, қалам, ватман, түрлі-түсті бояулар, қарындаш. 

Тренингке қатысушылар: оқушылар

Уақыты: 1 сағат

Тренинг ережесі:

  • Тыңдау әдебін сақтау

  • Өз пікірін ашық айту

  • Ашық, көңілді болу

  • Белсенділік таныту

Тренинг бағдарламасы:

I. Кіріспе

1«Амандасу» жаттығуы

2«Танысу» жаттығуы

II. Негізгі бөлім

3«Менің жетістігім» жаттығуы

4«Біз не үшін жақсы көреміз» жаттығуы

5. «Поезд» сергіту жаттығуы

6. «Ватмандағы саяхат» жаттығуы

III. Қорытынды

7. «Титаник» жаттығуы


I. Кіріспе

1. «Амандасу» жаттығуы

Уақыты: 2 минут

Мақсаты: Өзін-өзі жағымды қабылдау, көңіл-күйін көтеру.

Мазмұны: Барлық балалар бір-бірімен амандасып. Топтың жеке мүшесіне жағымды сөз, көңілін көтеретін сөз айту ұсынылады.

2.«Танысу» жаттығуы

Уақыты: 5 минут

Мақсаты: Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, бір-бірін жетік таныстыру.

Мазмұны: Қағаздан жасалған қатпар беріледі, ол 4 бөліктен тұрады. Оған есімін, нені білдіреді, кім қойды, өз есімімен нені атағысы келетіндігін жазады. Қасындағы көршісімен сұхбаттасады. Сұхбаттасқаннан кейін өз жұбын таныстырады.

II. Негізгі бөлім

3.«Менің жетістігім» әңгіме-сұхбат жаттығуы

Уақыты: 10 минут

Мақсаты: Балалардың өмірлік мақсатарын саралау.

Мазмұны: Тренингке қатысушылар «Мен өмірде неге қол жеткізгім келеді?», «Менің өмірлік мақсатым» сұрақтарына ауызша жауап береді.

4.«Біз не үшін жақсы көреміз» жаттығуы

Уақыты: 10 минут

Мақсаты: бірлік қалыптастыру, өзгені тани білу, бір-біріне жылулық сезімдерді дамыту. Мазмұны: Қатысушыларға өзінің көріністері арқылы өте ұнайтын адамды топ ішінен таңдап алады. Сол адамда ерекше ұнайтын 5 асыл қасиетті таңдайды. Адамды көрсетпей сол қасиеттерді ауа-райға, жыл мезгілдеріне, қандай да бір затқа т.с.с теңеп, бейнелейді. Қатысушылар кезекпен мінездемені айтады, қалған қатысушылар осы мінездеме кімге лайық екенін анықтайды.

5.«Поезд» сергіту жаттығуы

Уақыты: 3 минут

Мақсаты: Психологиялық және физикалық қысымнан арылу, дұрыс пікір қалыптастыру.

Мазмұны: Ойын шеңберде өткізіледі. Алдымен бірінші, екінші деп саналу керек. Біріншілер – алақанмен шапалақтау, екі рет аяғымен тоқылдату. Екіншілер – екі шапалақ, бір тоқылдату. Қозғалыс кезекпен қайталанады: бірінші – екінші – бірінші – екінші жәнет.с.с шеңбер бойынша: пойыз доңғалақтарының шуылын салып көрсетеді. Ойын барысының өн бойында қарқын үнемі тездетіледі.

6.«Ватмандағы саяхат» жаттығуы

Уақыты: 15 минут

Мақсаты: еркін ойлауға дағдыландыру.

Мазмұны:Ойынға ватман мен бояулар керек. Бұл ойынды топпен немесе жеке балаңызбен ойнауға болады. Сіздің ұсынысыңыз: «Біз бүгін бірге ватманға саяхатқа шығамыз. әрқайсымыз кезекпен ватманға жақындап суреттер саламыз. Ойынның талабы қылқаламды немесе маркерді ватманнан үзбей сурет саламыз. Егер маркерді ватманнан үзсеңіз онда басқасы келіп, өз суретін сала бастайды. Әртүрлі сызықтарды салуға, түрлі-түсті бояуларды қолдануға рұқсат.»

III. Қорытынды

7.«Титаник» ойыны

Уақыты:10 минут

Мақсаты: өмірге деген жағымды көзқарас қалыптастыру.

Мазмұны: «Балалар, сендар жұпқа бөлініп, кім А ал кім Б болады екенін анықтаңдар. Барлық А-лар үстел басын жақындап алдарына қағаз қолдарына қарындаш алып тұрады. Барлық Б-лар маған жақындайды мен олардың құлақтарына кез келген бір кинонын атын айтамын. Олар А-лардың арқаларына сол киноның суретін салады, ал А-лар сол суреттерді қағазға салып қай кино екенін тауып алу керек. Егер А-лар киноның атын тауып алса, дауыстамай Б-лардың құлақтарына сыбырлай қояды. Содан кейін балалар орындарымен ауыстырылады.»

Рефлексия.

Бүгінгі тренингіміз ұнады ма?

Қай жаттығу ерекше ұнады?

Тренингтен алған әсерің қандай?



8 сабақ

Тренинг тақырыбы: «Мамандық таңдау маңызды іс»

Мақсаты:

  • Оқушылардың мамандық таңдауы туралы ойларын кеңейту, нығайту.Мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететіндей, мамандықтар түрлеріне мүдделерін арттыру.

  • Оқушыны өз ойын айта алуға, эстетикалық талғамға, бүгінгі өмір талабына сай рухта тәрбиелеу

  • Оқушының жүйелі ойлау қабілетін арттыру. Өз ойын айта алуын, өз пікірін қорғай алуын дамыту

Қажетті құрал- жабдықтар: қағаз, қалам, ватман

Тренингке қатысушылар: оқушылар

Уақыты: 1 сағат

Тренинг ережесі:

  • Тыңдау әдебін сақтау

  • Өз пікірін ашық айту

  • Ашық, көңілді болу

  • Белсенділік таныту

Тренинг бағдарламасы:

I. Кіріспе

1«Мен кіммін? Мен қандаймын?» өзін-өзі талдау жаттығуы

II.Негізгі бөлім

2«Мамандықты тап» жаттығуы

3«Мега қалам» жаттығуы

III. Қорытынды

4. «Тыныштықты жақсы көретін патша» ойыны

Шығу парағы

I. Кіріспе

Сәлеметсіңдерме! Бүгінгі тренингіміздің тақырыбы: Мен кіммін?

1.«Мен кіммін? Мен қандаймын?» өзі-өзі талдау жаттығуы

Уақыты: 5 минут

Мақсаты: оқушылардың бойында өзін-өзі тану мотивациясын құру.

Мазмұны: Жазбаша түрде үщ сөйлемді жалғастыру қажет: Мен ойлаймын, мен ...; Басқалары мені .... деп есептейді; Менің .... болғым келеді.

Талқылау.

Тапсырманы орындау барысында қай сөйлемді аяқтау қиын болды?

II.Негізгі бөлім

2.«Мамандықты тап ойыны» жаттығуы

Уақыты:10 минут

Мақсаты: мамандық туралы түсінік қалыптастыру.

Мазмұны: тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, карточкада көрсетілген мамандықты ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалған оқушылар мамандықты табу керек.

3.«Мега калам» жаттығуы

Уақыты:15 минут

Мақсаты: Ептілікті дамыту.

Мазмұны: Ватманда мамандық сөзі берілген. Сол мамандық сөзіне мега қалам арқылы мамандық түрлерін жазу керек.

Талқылау.

- Жаттығуда сіз үшін не жаңа болды?

- Сізге не нәрсе белгілі болы?

III. Қорытынды

4.«Тыныштықты жақсы көретін патша» ойыны

Уақыты:15 минут

Мақсаты: Тұлғалық қасиеттерін дамыту.

Мазмұны: Патша шуды жек көреді, сондықтан ханзаданың көңіл-күйін бұзбау үшін барлығымыз шуламай тыныш қозғаламыз. Патша аяқтың ұшымен жүреді, оның жүрісі жеңіл, баяу. Бұл ролді бір бала атқарады.Жүргізуші келесі сөзді айтады: «Барлық балалар, патшадан басқа бөлменің әр жеріне тұра қалады. Патша саусағын ауызына тигізіп, «Ш-ш-ш, ханзада келе жатыр!» деп, бөлмені аралай бастайды. Барлығы «қатып» қалу керек, ал патша әрқайсысын айналып шығады. Кез келген баланың қасына келіп, саусағын баланың мұрнына тигізеді. Сол бала аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Келесі балаға жақындаған патша саусағын баланың мұрнына тигізеді, ол бірінші баланың соңына тұрып, аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Сол тәртіппен ойын жалғаса береді. Барлық балалар патшаның артына жиналғаннан кейін, патша кез келген артындағы балаға қарап, «Ш-ш-ш» дейді, сонда сол бала өз орнына тыныш, аяқ ұшымен оралады. Барлығы орнына тұрғаннан кейін ойын аяқталады.

Талдау. Тапсырманы орындау қиын болдыма? Егер қиын болса не себепті?

Шығу парағы толтырылады.

Рефлекция.

Сендерге жаттығулар ұнады ма?

Не қиындық келтірді?































9 сабақ

Тақырыбы: «Біз әрқашан біргеміз» тренингі

Мақсаты: топ арасында ынтымақтастыққа, бірлікке баулу.

Қажетті құрал- жабдықтар: қалам, қағаз.

Тренингке қатысушылар: оқушылар

Тренинг бағдарламасы:

Уақыты:1 сағат

Тренинг ережесі:

  • Тыңдау әдебін сақтау

  • Өз пікірін ашық айту

  • Ашық, көңілді болу

  • Белсенділік таныту

I. Кіріспе

1«Топтық сәлемдесу» жаттығуы

II. Негізгі бөлім

2«Жұбын табу» ойыны

3«Өрмек» ойыны

III. Қорытынды

4. «Шеңбер бойынша белгі беру»жаттығуы

Шығу парағы

I. Кіріспе

1.«Топтық сәлемдесу» жаттығуы

Уақыты: 10 минут

Мақсаты: қарым-қатынас дағдыларын, топтық өзара әрекеттесу әдістерін дамыту, күйзелісті төмендету.

Нұсқау: Қыс, көктем, жаз, күз белгілеріне қарай 4 топқа бөлінейік. Әр топтың міндеті – мимика мен ишарат арқылы басқа топтарға сәлемдесу түрлерін ойлап, құрастыру.

Талдау:

Жаттығу сіздерге ұнады ма?

Сіздің топ бұл тапсырманы қалай орындады?

Сәлемдесу әдісі тез ойлап табылды ма?

Сәлемдесу әдісінің идеясын топтан кім ұсынды?

Қай сәлемдесу түрі сіздерге өте ұнады?

Бір-біріңе өзгеше сәлем берген кезде нені сезіндіңіз?

II. Негізгі бөлім

2.«Жұбын табу» ойыны.

Уақыты:10 минут

Мақсаты: Сөзсіз қарым-қатынас тілін пайдалану іскерлігін жаттықтыру.

Мазмұны: Қатысушылар жұпқа бөлінеді. Үнсіз қарасып, бір-бірін есте сақтаулары керек. Содан соң тарап кетеді. 1 жұптар көздерін жұмған кейіпте бөлме ішіндегі өз жұбын іздейді, ІІ жұптардың көзі ашық болады. Жүргізуші: «Бір сөзде айтпай жұптарыңды табыңдар». Қатысушылар бір-бірін ұстап көріп, өзінің жұбын табуға тырысады. Таптым деп ойласа көзін ашады. Содан кейін жұптарын ауыстырады және әрекетті қайталайды.

Талдау: Жұптарды табуда не көмектесті? Қалай сезілді?

3.«Өрмек» ойыны

Уақыты:15 минут

Мақсаты: Өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысын арттыру.

Мазмұны: Жүргізуші жобаға қатысушылардан қайтадан шеңбер құрып жиналуларын сұрайды. Жүргізуші: Келесі ойында біз, өзара бізді байланыстырып тұратын үлкен бір өрмекті құрамыз. Осыдан басқа сендердің әрқайсыларың өздеріңнің сыныптастарыңа деген жақсы ой және сезімдеріңді білдіре аласыңдар.

Жүргізуші түрлі түсті жіптің ұшын өзінің алақанына орайды.Сендер менің не істегінімді көрдіңдер ме? мен өрмекте келесі кім болатындығын таңдаймын, оған мынадай сөздерді айтып: «Сен маған ұнайсың, себебі ...» (мүмкін таңертең сыпайы есік ашқан шығар немесе кеше алгебра пәні бойынша қиын есепті шығаруға көмектестін) жіптің шумағын беремін. Өзіңе айтылған сөзді тыңдап, ойыншы алақанына орап, осындай сөздерді айтып ойынға қатысушы басқа бір балаға айтады «Сен маған ұнайсың, себебі...». Жіптің шумағын бергенде сізге қандай сөз айтылды соны есте сақтауға тырысыңдар.Жіптің шумағын соңында кім алса, сол оны кері бағытта қайта шеше бастайды. Мұның өзінде сіздердің әрқайсыларың өздеріңе айтылған сөзді, сол сөзді айтқан кісіге қайталап айтуларың қажет.

III. Қорытынды

4.«Шеңбер бойынша белгі беру» жаттығуы

Уақыты: 10 минут

Мақсаты: сенімділікті арттыру.

Жүргізуші: - Өте сақ болыңыздар. Бір –біріміздің қолдарымыздан ұстап шеңбер құрамыз. Дөңгелек шеңберді бір-бірімізге беру арқылы, қолдарымызды жібермен шеңбер арқылы өтуіміз керек.

Талдау.

Сендерге жаттығу ұнады ма?

Не қиындық келтірді?

Не сезіндіңдер?

Жаттығудан кейін қандай сезімдесіңдер?

Қоштасу сәті. Барлығы шеңбер құрып тұрады «Қайта кездескенше! Жақсы күн үшін рахмет! Жақсы сағаттар үшін рахмет!» деген сөздерді айтып, бір-бірлерінің қолдарын үш рет қысады.

















Пайдаланған әдебиеттер тізімі


1.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. - Брест,2010.

2.Большаков В.Ю. Психотренинг: социодинамика. Упражнения. Игры. Спб., 2010.

3.Вачков И.В. Основы технологии группового тренинга. Психотехники. - О., 2015.

4.Деркач А.А., Ситников А.П. Формирование и развитие профессионального мастерства руководящих кадров: социально-психологический тренинг и прикладные психотехнологии. Вып. 1-2. - М., 2013.

5.Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. - М.: Изд-во «Совершенство», 2010.

6.Морозов, А.В. Социальная психология: учебник /А.В. Морозов. - М.: Академический проект; Трикста, 2015. - 334 с.

7.Козлов Н.И. Лучшие психологические игры и упражнения. – М., 2007.

8.Козлов Н.И. Как относиться к себе и людям. М., 2003.

9.Мольц М.А. Я-это Я или стать счастливым. М., 2002.

10.Петрусинский В.В. Игры обучение, тренинг, досуг. М., 2004.

11.Прутченков А.С. Видеть человека в другом. М., 2002.

12.Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М., 2001.

13.Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. Пер. с нем.- 2-е изд. - М.: Генезис, 2004. - 267с.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2025
40
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12