жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жасөспірімдік кезеңдегі оқушылардың тұлғалануына психологиялық көмек.
Жасөспірімдік кезеңдегі оқушылардың тұлғалануына
психологиялық көмек.
Бұл тренингтер жасөспірім шақтағы 8-11 сыныптардың қоғамдық ортаға қалыптасуындағы түрлі кедергілерінің алдын алу мақсатынды жасалынды.
Жаттығулардың өзектілігі:
Оқушының тұлғалануындағы түрлі психологиялық кедергілердің алдын алу, жетілдіру, дара қасиеттерін шыңдау, әлеуеттену жағдайына көмек беру осы оқыту бағдарламасында толық қарастырылады.
Мұнда, жаттығулар топтамасы белгілі бір бөлімдерге бөлінген:
Қарым-қатынасты реттеу бөлімінде өзара және ұжымдық қатынастардағы ішкі кедергілерін жою, ортаға бейімделу қабілеттерінің өзгерістерін жасай алуға үйренеді. Оқушылар алғашқы таныстық, ортақ көзқарастарды айқындауға төселеді.
Жүйке салмағын реттеу бөлімі оқушының түрлі деңгейдегі жүйкелік және тұлғалық қысылыстарын (уайым, ұяңдық, тысқарлану, шыдамсыздық т.б) өзіндік бағалауындағы кедергілерін айқындауына және одан арылуына арналған.
Арт терапиясы оқушының қимылдық және танымдық, қиял мен шығармашылық қабілетін арттыра отырып, ішкі кедергілерді жоюына бағытталды.
Аудио тренинг бөлімінде медитация, визуализация арқылы дене тыныштығын сақтай отырып, ойды сауықтыру шарлары қарастырылған.
Өзін-өзі реттеу бөлімінде оқушы өзіндік сараптауын жасап, қажеттіліктері мен кемшіліктерін айқындап, әдет пен дағдылардағы кері кетулерін реттеуге оқушы ерікті түрде тартылады.
Топтық рөлдік ойындар бөлімінде оқушыда өзара қарым-қатынаста өзін және өзгені тану, сыни бағалауларды қабылдау, ортаға бейімделу үдерістері жүзеге асады.
Тренинг-тест бөлімінде оқушы жаттыға отырып, өзін жан-жақты сараптауын жүргізеді.
Мақсаты: Тұлға құзіреттілігін жан-жақты дамыту.
Тренингтік жұмыстардың ерекшелігі: Бұнда оқушының бірнеше проблемасы қарастырылып сауықтыру шаралары комплексті түрде жүргізіледі.
Сауықтыру , бейімдеу, саралау, бағытталу үдерістері кіріктіріліп жүргізіледі.
Екінші ерекшелігі, бағдарлама жаттығулары тәжірибелік сынақтан өткізіліп, нәтижелігі айқындалынған. Бағдарлама автордың шығармашылығынан туындап, тәжрибелік қорында жинақталған тренинг топтамаларынан тұрады. Мектепте тәжірибеден өткізілген.
Күтілетін нәтиже мен нәтижелікке жету тәсілдері:
Эмоцияналдық деңгейі жетіледі;
Рухани құндылықтары мен тұлғалық ерекшеліктері ашылады;
Қасиет, қабілет, дағдылары дамиды;
Теориялық ойды дамыту мен жасампаздық ойлау дәрежесіне жетуде оқушы түрлі ішкі кедергілерді өткереді. Жалпы ойлаудан нақты түйінді ой қорытындыларын жасау. Бір тапсырманың бірнеше күрделі жолдарын тауып шешу сияқты қабілеттерді жетілдіру үшін, оқушының үнемі даму жаттығуларын жасауы сабақ үдерісінде тиімді болады. Біріншіден, стандартты тапсырма емес ойын жаттығуларын жасауда оқушы түрлі эмоцианалдық сергулері байқалса, екіншіден, қарым-қатынаста сынып әлеуеті жақсарады. Үшіншіден, оқушы нақты өзін-өзі басқара жұмыс жасауға дағдыланады.
Төртіншіден, соңғы қорытынды бөлімде, тренинг-тест арқылы оқушылар өзінің тұлғалық бейнесі мен өзін-өзі бағалау деңгейін айқындайды.
Нәтижеге қол жеткізу мен жаттығу шараларындағы өзгерістерді бақылауда оқушылардан алынған кері байланыстар, сауалдар, пікірлер топтамасын сараптау арқылы қорытындысы шығарылады.
Жаттығу алдындағы ескерілетін қағидалар:
Жаттығулар өтілетін сабақтар мазмұнына сай немесе оқушының психологиялық ахуалына қарай таңдалынуы тиіс.
Жаттығуға оқушыларды еркін формада тарту қажет.
Жаттығулардың маңыздылығы мен мақсаты алдын ала оқушыға айтылуы тиіс.
Жаттығу алдында, кейін де оқушы ахуалын реттеуге бағытталған жұмыстар жүргізілуі тиіс.
Жаттығу кезінде оқушының психикасына, денсаулығына кері ықпалды жағдайлар туындамауын алдын ала болжау маңызды.
Қандай жаттығу боламасын оқушының психологиялық тұлғалық сараптауындағы ерекшеліктері назарда болуы қажет.
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ РЕТТЕУ КЕЗЕҢІ..
Тұлғаның жан-жақты кемелденуіне ықпалды орта ол- қоғам. Сондықтан да, бұл жаттығу топтамалары қимыл- әрекеттік, пікірлесу, диалог құру, талқылау бағыттарымен жүргізіледі. Тысқарлану, тұйықталу, ішкі батылсыздық пен өзіндік бағасын төмендетуді жою қарстырылады.
Сабақтың тақырыбы: Адам үшін ең маңызды нәрсе.
Мақсаты: Адам өзі үшін ең маңызды орта құра білуіне. Маңызды деп таныған ортадағы қадір- қасиетіне мән беру. Сол ортада өзінің де өзгелер үшін маңыздылығын сезіне білуге ықпал ету.
Алғы сөз: Кей сәттерде өзімізге ең қымбат, маңызды ортаның қадірін ұғына алмайтын кезіміз болады. Адамның ішкі мендігі мен біржақты көзқарастары түрлі адасуларға соқтырады. Біреудің саған көңіл аударуын, қамқорлығын қажет етсең, тура сондай ізгі істерді ең алдымен өзіңнен бастауың қажет.
Ойын шарты: Ақ параққа өзің үшін ең маңызды нәрселерді жаз (отбасы, достар, жұмыс, туыс т.б) енді әрбір бөлімге өзіңнің бағаңды қойып шық.
Толық көңіл аударады «+» белгісін.
Орташа қөзқараста «-» белгісі
Мүлде көңіл аудармайды «0» белгісі.
Талдау кезеңі: 1. Көңіл аудармаудың жетіспеушілігі неден болады?
2. Нақты не нәрсеге көңілің толмайды?
3. Сен үшін көңіл аударудағы маңызды нәрсе не?
Түзету сәті:
Көңіл бөлу –адамның ойын бөлісу, іс-әрекетіне қарымта қайтару, сол адамның көңілінің жақсаруына ықпал жасау.
Қолпаштау - адамның сол сәттегі жағдайына еш себепсіз жағымды баға беру.
Мадақтау - өзгелермен салыстыра отырып жағымды баға беру.
Қолдау – қиыншылық жағдайларда жұбату, демеу сөздермен көмектесу.
Қорытынды: «Сыйлы болмақ өзіңнен, сыйсыз болмақ сөзіңнен» Өзіңді іштей түзей біл.
Сабақ тақырыбы: «Достық қымбат бәрінен»
Мақсаты: Қолдау нәтижесінің барлық жерде оңды әсері болу қажеттігін ұғынту.
Алғы сөз: Қандай жағдай болмасын әр адамға қолдаушы, қиналғанда ақыл беретін жан дос керек. Сондықтанда, қолдау жағдайларын төмендегідей жікке бөліп қарастырайық.
Қолдау түрлері |
Жұбату сөздер |
Психологиялық механизм |
қателіктер |
Адамның мықты жақтарын меңзеу |
«Бәрібірде сен жарадың...» «Маған сенің осы ...... жақтарың ұнайды» «Сенің бәрін де жасайтыныңа сенімдімін....»
|
Сенім білдіру, адамның ішкі ресурсына әсер ету. |
Жылпостық: мұндайда адамның ақ пейілі мен қара ниеттілігін ажырату қиын. |
Жанашырлық таныту. |
«Мен сені түсінемін...» «маған бұл таныс», «Жалғыз сен ғана емес мен де....» т.б |
Жағдайға қарай ортақтасу, субьективті түрде жауапкершілікті төмендету. |
Өзіне тарту, кедергілерден сақтандыру. |
Жағдайдың қиындығына мойынсұну. |
«Бұл шындығында қиын мәселе болып тұр» «Бұл мәселенің шешімі саған байланысты емес» |
Жаупкершілік пен өзіндік кінәлілікті төмендетеді |
Қолайсыз қатынас құрылады. |
Жағдайдың маңызды жақтарын меңзеу |
«Осы қиындықтың арқасында сен кез-келген жағдайға дайынсың» «Келесі ісіңе үлкен сабақ болды» |
Басқа мүмкіншіліктерді көрсету |
Алдын ала сақтандыру. |
Ойын шарты:
Үш топқа бөлініңдер өздерің ойдан шығарған қиын жағдайларды айтыңдар, өзара бөлісіңдер, бір- біріңе қолдау көрсетуге тырысыңдар.(7-8 минут)
Енді екі топқа бөлінеміз де, шынайы қиын жағдайларымызды баяндап, бір-бірімізге көмектесуге тырысамыз. .(3-4 минут)
Түзету кезеңі:
Қайсың достарыңа қолдау көрсете алдыңдар?
Қолдау көрсету кезеңінде қандай сезімде болдыңдар?
Қиыншылыққа шағымдану ма, әлде қолдау көрсеткен бе, қайсы қиындау болды?
Неліктен қиын болды?
Сабақтың тақырыбы: «Бас тартуға икемделу».
Мақсаты: біреудің өзіңді басқаруына мүмкіншілік бермеу. Бас тартудың түрлі тәсілдерін үйрену.
Алғы сөз: Қарым-қатынастың түрлі құпиялары бар. Біреу таныстығына, достығына, енді бірі өзіне тәуелді болған сәттерді пайдаланып өзінің өтініштерін орындатуға тырысып жатады. Ондай жағдайда, «иә»- деп, жұмысын орындау қажет пе?.... Біреудің өтінішінен бас тартудың өзі сол адаммен қарым- қатынасыңды бұзбайтындай болуы қажет.
Ойын шарты: Екі топқа бөлінеміз бірінші топ өтінішін орындатуы тиіс. Екінші топ өтінішті орындамау үшін түрлі эмоцияда жауап қайтаруы қажет. Мысалы: (кекесін түрде, ызалы кейіпте, өкпелі қалыпта, мазасыз жағдайда, дөрекі қалпында, сыпайы жағдайда, өз ісінің көптігін алға тарту т.б) Келесі жұп қайткен күнде өтінішін орындатуға қажетті тәсілдерді толық қолдануы қажет.
Жүргізілу барысы: Алдын ала жазылған тапсырмалар оқушыларға таратылады. Бірінші топқа өтініш білдіру тақырыптары. Екінші топқа қалай жауап беруі қажеттігі туралы нұсқаулар. Екі топ та бір- біріне қандай тапсырма берілгенін білмеуі қажет.
Жаттығу басталды, ортаға бір-бірден шығып таңдаған адамдарына өтініш білдіреді, қалғандары оның іс- әрекеттерін бақылап отырады.
Талдау кезеңі: Әр ойыншы өзара диалогтан кейін қандай көңіл-күйде болғанын баяндайды. Қорытынды шығарады.
Кері байланыс:
Біреудің қол шоқпарына айналмас үшін қалай қарым-қатынас орнату қажет?
Сен «жоқ» деп айта алдың ба?
Сенің ойыңша кім сенімді түрде «жоқ» деп айта алады?
Сабақтың тақырыбы: «Ол неге ұқсайды?»
Мақсаты: Бір-бірін түрлі заттар мен табиғат көріністеріне ұқсату арқылы достарына жағымды, сыни мінездеме беру.
Көзделетін нәтижесі: Өзіне-өзі сыни тұрғыдан қарау, көпшілік бағасына мән беру.
Кері кетулері болса түзелуге ұмтылу.
Алғы сөз: «Халық айтса қалып айтпайды», деген халық мақалы тегін емес. Біздің тұлғалық келбетімізді, мінезімізді үнемі сырт көз бақылап баға беріп отырады. Сондықтан да адамды бір жануарға, затқа теңеу сияқты түрлі бағалаулар пайда болады. Біз оны көбіне мазақ ретінде қабылдаймыз да, арғы шығу себебіне ойланбастан ашуланамыз. Мүмкін біздің жағымды, жағымсыз істеріміз дәл сол теңеудегі затпен ұқсастық тапқан шығар.
Ескерту ( біреуді сынап, мазаққа айналдырып тұлғалық нұқсан келтіруге болмайды)
Ойын шарты: Дөңгеленіп отырады. Сынға шыдаймын, түзелгім келеді, көпшілік бағасын білгім келеді деушілер таңдалады.
Алдын ала таратылған параққа ортаға шыққан адамның келбетін, мінезін, жүріс-тұрысын бақылап қай нәрсеге ұқсатқандарын жазу қажет. Мұнда әркім өз бағасын береді. Көпшілік дауысымен ұқсатқан мінез- құлқы, іс-әрекеті талданады.
Тіпті, тақпақ, өлең арқылы да сол адам туралы жағымды бағалар беруге болады.
Талдау жұмысы: Ең алдымен біз адамбыз. Адамның мінезі, түрі сан қилы. Бірақ сол мінез бен түрден тек жағымды, адами кейіпті ғана тани білейік. Көпшілік сынына құлақ асып түзелейік.
Қорытынды:
Саған ойын ұнады ма?
Өзіңді сынағанда қандай әсерде болдың?
Көпшілік берген бағадан өзіңнің қорытындыңды шығардың ба?
Сабақтың тақырыбы: «Маған көңіл бөліңдер».
Мақсаты: Жеке тұйықтық пен уайымшылдықтан арылту. Өзгелер алдында өз бағасын ұғынту.
Алғы сөз: Адамның достығы оның өмірдегі сенімін, өзгелерге сенім артуға икемділігін арттырады. Тіпті өзгенің жылы сөзінің өзі жабырқаған адамға қаншалықты күш- қуат беретінін сезінудің өзі адамға жағымды әсер қалдырады. Қиыншылықта ортақтасқан дос пен қуанышыңа ортақтасқан достың айырмашылығы бар.
Ойын шарты: Алдын ала дайындалған түсті гүлдерден бір- біреуден үлестіру.
Үлестірген гүлге таңдаған досыңның атына жақсы тілек жаз. Қолын алып, амандасып, гүлді ұсынамыз.
Енді кімде қанша гүл бар санап шығамыз. Сізге қаншалықты көңіл бөлінеді кестеден қараймыз.
Гүл саны |
Сіздің бағаңыз |
Сізге кеңес. |
1-2 |
Сізді бағалушы топ аз болса да өзгенің рахымына бөлене алатыныңызға қуаныңыз. |
Сіз әліде өзіңізді ортада көрсете алмайсыз. Ашық жарқын, өзгелерді баурай білуге дағдыланыңыз. |
2-5 |
Сізді ашықтығыңыз, бауырмалдығыңыздың арқасында сенімді достар қоршап жүр. Сіздің бос уақтыңыздың өзі көңілді өтуіне себепкер жандар бар. |
Нағыз достарыңызды көптің арасынан таңдай біліңіз. Көпшілдік жағымды, ал нағыз дос одан да жағымдырақ. |
5-12 |
Сізді көпшілік сыйлайды, мінезіңіз жағымды жансыз. Құттықтаймыз! |
Көптің көңіліне бөленіп жүргенімен де, қиыншылықта сүйеніш болар достың қаншалықты адалдығын да тексеріп алған жөн. |
Түзету сәті:
Өзгенің өміріндегі қиыншылықтарына ортақтасып көрдің бе?
Сырласуға тұрарлық досың бар ма?
Жеке қалғанда көңіліңнің жабырқайтын кезі бола ма?
Сабақтың тақырыбы: «Патша мен патшайым».
Мақсаты: Тұлғаның өзіндік қорғанысын арттыру. Тапқырлығы мен оқыс жағдайдан оңтайлы жолмен шығуға үйрету.
Алғы сөз: Ішкі күш жігердің деңгейіне қарай көбіміз оқыс жағдайлар мен қиындықтарда сасқалақтау, ой жинақтай алмау сияқты түрлі жағдайларға ұшырап жатамыз. Ол өзімізге сенімсіздігіміз бен құқықтық, этикалық білім аздығынан болатын жағдай.
Ойын шарты:
Топ ішінен патша мен патшайым сайланады. Қалған қатысушылар патша мен патшайымға өз тапқырлықтарын көрсетіп сәлем беруі қажет. Патша мен патшайым да дәл солай сәлем береді.
Патша мен патшайымның көңілі жоқ оларды көңілді ету қажет. Әркім өзінше тапқырлығын көрсетеді.
Патша мен патшайым ашулы. Олардың ашуын басу үшін жұбаныш сөздер айту қажет.
Түзету сәті:
Оқыс жағдайларда қандай сезімде болдың?
Сен үшін адамгершілік қандай формада болу қажет?
Егер патша болсаң адамгершілікке қандай өзгеріс енгізер едің?
Сабақтың тақырыбы: «Мерген бір рет атса, қисық мың әбігерге түсер...»
Мақсаты: Оқушының әр іске тиянақтылық пен шыдамдылық танытуын қалыптастыру.
Ресурстық база: А 4 қағаз, нысана жамбысы, меже сызығы, ұшақ.
Алғы сөз: Қазақ бабамыз сөзден де, жаудан да жеңілмеген. Құралайды көзге атып, ұрпағы үшін көрегенді сөз айта білген. Ал, біздің шыдам мен мақсатқа ұмтылысымыз қаншалықты дәрежеде екенін ойын арқылы бағамдап көрейік.
Жаттығудың жүргізілу шарты:
Алдарыңдағы ақ қағаздан мінсіз, нысанаға тура тиетін ұшақ жасаңдар.
Тақтада нысана шеңберін сызылған. Әр шеңбер түрлі түспен боялған.
Ортадағы қызыл түсті нысана – қыран;
Одан кейінгі көк түсті – лашын;
Одан кейінгі сары түсті – қаршыға;
Одан кейінгі жасыл түсті – қырғи;
Ең шеткісі қара түсті шеңбер- қарға;
Әрқайсыларың межеден аспай, нысананы көздеп үш рет ұшақты дәл тигізуге тырысыңдар. Қай шеңберге түсең сол атауды аласыңдар.
Қорытынды кері байланыс беру: Ойын кезеңінде, оқушылардың түрлі эмоциялары, шыдамдылығы, ішкі ерік –күштері туралы біраз ақпарат алуға болады. Соңынан мақсатқа жету үшін әуелгідегі ұшақты дұрыс жасау, шыдамен сабырлылық таныту әр істе нәтиже беретіні айтылады.
Сабақтың тақырыбы: «Бір ауыз сөз».
Мақсаты: Оқушының сөз қадірі мен құдіретін түсіне отырып, өзгелердің жан дүниесінің дәл өзі сияқты жақсы игіліктерді қалайтынын ұғынту. Өзін және өзгені сөзбен демеудің қадірін түсіну.
Алғы сөз: «Сөз сүйектен өтеді», «Аңғармай сөйлеген ауырмай өледі..» т.б мақал сөздер нені аңғартады? Сенің өзіңнің дос, туысыңның ауыр сөзінен бетің қайтқан сәтің болды ма? ... Ой елегінен өткен, ақылға қонымды сөз айта білу адамның үлкен байсалдылығы мен сабырын қажет ететін әрекет.
Ресурстық база: Жағдаяттар жазылған тапсырмалар, смайликтер, жазба қағаздар, түсті маркалар.
Жаттығудың жүргізілуі: Қолымызға бүгінгі көңіл-күйімізді білдертін смайликтер таңдаймыз. Сол смайликтерге қарама-қарсы таңдалған достарымызды тауып жұптасып отырамыз. Енді осы смайликті таңдау себептеріңізге түрткі болған нәрсені парақшаға жазыңыздар. Парақшаны алмастырып, бір-біріңізге осы жағдаяттарға сай жұбату сөздерін таңдаңыздар. Қандайда бір сөз таңдап, жұптағы досыңызды қолдап көріңіз.
Түзету сәттері:
Біреуді қолдау мен өзіңнің пікіріңмен бөлісу қаншалықты жақындық туындатты?
Өзіңе қолдау көрсетуідің қаншалықты пайдасы болды?
Алматы қаласы. «РФММ» психологі Динсаламова Б.М

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген