400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Жасөспірімнің суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасөспірімдер суицидінің болдырмау немесе алдың- алу шаралары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жасөспірімнің суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу.

  • Өзіне-өзі қол салу бүгінгі күні қоғамдық денсаулық сақтау саласының негізгі проблемаларының бірі болып табылады. Психологиялық және эмоционалдық тұрғыда аса әлсіз әлеуметтік-демографиялық топ ретінде жастар арасындағы өзіне-өзі қол салу ерекше өткір тұр.

  • Өзіне-өзі қол салу жиілігі жағынан жастар өлімінде екінші орында тұр, ал егер суицидтің зорлықпен өлтірудің басқа түрлерімен жасырынған жағдайларын ескерсек, бәлкім, бірінші орында да шығар. Әлемдік статистика көрсетіп отырғандай, соңғы 30 жылда 10-14 жас аралығындағы балалар суициді 8 есеге артқан. Ер балаларда суцидтілік «шыңы» 11-14 жасқа, қыз балаларда 15-18 жасқа келеді.


Жасөспірімдер суицидін болдырмауда жасөспірімді эмоционалдық қолдаудың басты ресурсы ретінде отбасының рөлі ерекше.

  • Жасөспірімдердегі суицидалдық мінез-құлықтың себептері мен ерекшеліктері олардың тұлғалық тұрақсыздығынан туындайды. Қарама-қайшы сипаттар, ұмтылыстар, ағымдар бірге өмір сүреді, бір-бірімен күреседі, сөйтіп есейіп келе жатқан баланың мінезі мен өзін ұстауындағы қайшылықтарды көрсетеді.

  • Ата-анасымен және сыныптастарымен қарым-қатынасы дұрыс қалыптаспаған жасөспірім өзін жалғыз, бөтен және түсініксіз сезінеді. Бұған өмірді қараңғы етіп көрсететін түңілу сезімдері қосылады. Осылайша ауыр уайымдар пайда болады және түрлі депрессивтік күйлер туындайды.

Жасөспірім үш «бітпес» проблемаларды басынан өткереді:
*
қиындықтарды жеңудің мүмкін еместігі,
* бақытсыздықтың бітпеуі,
* қамығу мен жалғыздыққа жан төзбейді.

Торыққан жасөспірім үш «болымсыздықпен» күресуге мәжбүр:

* шарасыздық,

* әлсіздік,

* үмітсіздік.

Бұл күрестің барысында ол өзін ештеңеге пайдасы жоқ, ештеңе қолынан келмейтін адаммын деген қорытындыға келіп, өзіне өлімге үкім шығаруы мүмкін.

Мынадай жағдайлар мен проблемалар суицидогенді (суицидке итермелейтін) факторлар болуы мүмкін:

  • Алкоголь мен есірткі тұтыну (статистикаға сәйкес, бұл фактор 75% жағдайларда суицидалдық мінез-құлыққа себепші болады).

  • Тұлғааралық жанжалдар, олар кейде тым әсіреленіп қабылданады, мәні мен ауырлығы жүрекке тым жақын тиеді, сондықтан ішкі дағдарыс пен оқиғаларды драмаландыруға түрткі болады. Жауапсыз махаббат пен қызғаныш, жақын адамыңның сатқындығы, жалғыздық, біреудің аяушылық сезімін оятуды қалау, құрдастарына немесе сүйікті қаһармандарына еліктеу. Сабақ үлгірімі нашар оқушыға бағытталған үнемі болатын күлкіге айналдыру жағдайлары және олардың тұрақты түрде өзін қорсынуы да, сонымен қатар қошеметке үйреніп қалған және ата-анасын ұятқа қалдырғаны үшін ұят пен реніш сезімін жеңе алмайтын дарынды жасөспірімнің күтпеген сәтсіздігі де суицидке алып келуі мүмкін. Көптеген үздік оқушыларға өз шешімдеріне жалғыз дұрыс шешім осы деп қарау және оларды бұлжытпай орындау тән. Жеңілісті бастан өткеру кезінде мінездің бұл ерекшелігі дарынды жасөспірімді көп жағдайда жанкешті қадамға итермелейді.

  • Жалығушылық.

Суицидогенді факторлар.

  • Ата-ана отбасының шайқалуы, ата-ананың ажырасуы, жасөспірімнің уайым-қайғыларына туғандары мен жақын адамдарының аяушылықпен қарамауы, теріс қылығы немесе айыптылығы үшін жазаланамын ба деп қорқу, ата-ана махаббатын шын мәнінде немесе жорымалы жоғалту, ата-анасының маскүнемдігі, отбасы тәрбиесіндегі қателіктер: отбасында жиі болатын жанжалдар, қатыгездікпен қарау, кінәлай ма деп қорқу.

  • Тамақтану мәнерінің бұзылуы. Жақында анорексия және булимия секілді тамақтану мәнері бұзылған жасөспірім қыздарда суицидалдық тәуекелдің айқын жоғары болуы дәлелденді.

  • Мұғалімімен жанжал – әділетсіздікке қарсы шығу немесе жазадан немесе масқара болудан қорқу.

  • Жақын адамының өлімі.

  • Физикалық, моральдық, сексуалдық зорлық-зомбылық, жазықсыз балағат, ортаның қудалауы.

  • Өзін-өзі бағалаудағы қақтығыстар, асқан қиялшылдық (шындықпен бетпе-бет кездескендегі психожарақат), «философиялық улану», өмір мәнін жоғалту дағдарысы.


Психолог №4 "Түсінбеушілік неге әкеп соғады" бейнеролигін қарауды ұсынады.

КӨРІП БОЛҒАННАН КЕЙІН ПСИХОЛОГ БЫЛАЙ ДЕЙДІ:


Құрметті ата-аналар! Қайталаудан жалықпаймын: ата-ана мен жасөспірім арасындағы өзара түсіністік – дұрыс тәрбиелеудің маңызды шарттарының бірі.

Отбасы тәрбиесіндегі жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқына себепші болуы мүмкін қателіктер.

  • БІРІНШІ ҚАТЕ. Ата-ана ерікті немесе еріксіз түрде балада кінә сезімін тудырады. «Сен өз ісіңмен, бағаларыңмен мені ренжіттің»; «Біз жазда теңізге бармаймыз, себебі сенің екіліктерің бар. Егер сен болмағанда біз тамаша демалар едік, сен біздің барлық жоспарларымызды бұздың» және т.б. Егер ата-ана баласына көңіл күйлерінің төмендігіне, оларға қаншалықты реніш әкелгеніне оның қаншалықты қатты кінәлі екенін айтудан жалықпаса, олар өзін-өзі іштей жейтін адамды тәрбиелеп шығарады. Жасөспірім бар кінәні өзіне артады және қарсылық белгісі ретінде керісінше жағдайды дәлелдегісі келеді: «Мен өлем, сосын сендер кінәлі болып қаласыңдар!».

ЕКІНШІ ҚАТЕ. Ата-ана баласының күн тәртібін, оқуын, тіпті көңіл күйін қатаң бақылауда ұстайды. Бұндай ата-аналар өз баласының болмашы эмоционалдық уайымына жауапкершілікті өздеріне алады. «Ол жылады немесе шаршады ма – демек біз оған жайлы жағдай жасай алмағанымыз». Нәтижесінде өзі үшін, өз істері үшін жауап бере алмайтын балалар өседі. Жасөспірімдік жаста тәрбиенің осы түрі берілген кезде қиын жағдайларда туындайтын шарасыздық сезімінің өзіне қол жұмсау себебіне айналатын жағдайлар жиі кездеседі.



ҮШІНШІ ҚАТЕ. Ата-ана баласына өзінің соңғы ойыншығы секілді қарайды. «Оқудың не қажеті бар – ол әлі кішкентай ғой! Оған спортпен айналысудың қажеті не – ол сондай әлсіз! Есесіне ол сондай сүйкімді!». Бұл балалардың оқиғаларды күтуді және жоспарлауды үйрене алмауына, алдына мақсат қойып оған жетуге ұмтылмауына әкеп соғады.

ТӨРТІНШІ ҚАТЕ. Ата-ана бала өміріндегі барлық жағдайды сыртқы себептермен түсіндіруге тырысады, адамның өз тағдыры мен сезімдеріне өзі қожа болу мүмкіндігін ескермейді. Бұндай тәрбие эмоционалдық күйлердің сыртқы ортаға тәуелділігіне және қиындықтарды өз күшімен жеңу мүлде қолынан келмейтін жағдайға әкеп соғады.


БЕСІНШІ ҚАТЕ. Ата-ана үнемі баласын қателікке ұрынудан қорғайды. Нәтижесінде балада жетістікке жету мотивациясынан гөрі, қашу мотивациясы басымдыққа ие болады. Бір адамдар көп нәрсеге қол жеткізуге ұмтылады, басқалары қателік жасаудан қорқады. Қателік жасаудан қорқу болашаққа жарқын көзбен қарау қабілетін жоғалтуға әкеп соғады, салдарынан өмірдің мәні де жоғалады.

Тәрбиедегі олқылықтар – өмір бойы қойылатын диагноз емес. Ата-аналарға өз қателігін дер кезінде аңғару және тәрбие стилін өз бетінше немесе психологтың көмегімен өзгерту қажет.

Баланың суицидтік ниеті туралы белгілер.


– Әдеттегі өзін ұстау мәнеріндегі көзге көрінерлік өзгерістер.

– Ұйқының жетіспеушілігі, қатты ұйқышылдық.

– Тәбеттің төмендеуі, ашылуы.

– Мазасыздық белгілері.

– Үнемі шаршау белгілері.

– Сыртқы келбетінің салақтығы немесе сыртқы бейнесіне педанттылықпен қарау.

– Физикалық науқастығына шағымдардың күшеюі.

– Көңіл-күйінің жылдам өзгеруіне бейімділік.

– Отбасынан, достарынан алыстау.

– Күш-қайратының төмендеуі.

– Клубтарда, үйірмелерде жұмыс істеуден бас тарту.

– Іс-әрекеттеріндегі тым жоғары тәуекелдік.

– Өлім туралы немесе ана өмір туралы ойлардың шырмауында қалу.

– Күтпеген жерден ашушаңдық немесе асқан мейірімділік таныту.

– Алаңдаушылық сезімінің күшеюі.

– Айқын білінетін үмітсіздік.

– Алкогольге, есірткіге үйір болу, оларды тым көп қолдану.

– Бағалы мүлікті сыйға тарату.

– Барлық істерін жөнге келтіру.

– Өз жаназасы туралы әңгімелер.

– Өмірден кететіні туралы жазбалар жазу.

– Сөзбен айтылатын мәлімдемелер: «Өмірді жек көрем», «Олар маған істегендеріне өкінетін болады», «Бұған бұдан былай шыдай алмаймын», «Мен өзіме қол саламын», «Мен ешкімге керек емеспін», «Бұған әлім жетпейд.


Жасөспірімдер суицидінің алдын алу және болдырмау шаралары.



  • Суицидологтар сеніммен айтады: кең таралған қоғамдық пікірге қарамастан, өзіне қол салуға ұмтылыстарды көп жағдайда алдын ала білуге және оған жол бермеуге болады. Өзіне қол жұмсаған жасөспірімдердің көбісі бұл қадамға бармас бұрын ол туралы айтуы бұған дәлел бола алады: суицид әрекетін жасаған жасөспірімдердің 70–80% оған дейін осындай ниеттері туралы айтқан, 10–15% кейіннен өзіне қол жұмсау арқылы өмірімен қош айтысқан.

  • Өзіне қол салуға әрекеттену — бұл жасөспірімнің өзіне, өз қайғысына назар аудартқысы келуінен немесе айналадағылардың аяушылық сезімін оятқысы келгенінен туындаған жан айқайы. Бұл әрекеттің мақсаты міндетті түрде өлгісі келу емес, осындай қиын тәсіл арқылы айналадағыларға өзіне назар аудартуға ұмтылыс.

Ата-ана жасөспірім балаларға мыналарды үйретуі қажет

– көңіліңді барлық жақсылықтарға аудару; қоршаған әлемді кедергілер тұрғысынан емес, мүмкіндіктер тұрғысынан көре білу;

– физикалық жаттығулар мен оңтайлы тамақтану көмегімен өзіңді күту;

– құрдастармен және ересектермен ынтымақтаса білу; түсіністікпен қарауды және әлеуметтік қолдауды қабылдау; біреуден көмек сұраудың еш сөкеттігі жоқ екенін ұмытпау;

– өз мүмкіндіктеріңді өзің шын мәнінде қалайтын салаларда, спортта, биде, саяхатта, өнермен – кескіндемемен, фотографиямен, дизайнмен шұғылдануда іске асыру; жасөспірімнің қызығушылықтары мен сабақтары неғұрлым көп болса, ол соғұрлым жағымсыз факторлардың жетегінде кетпейді және проблемаларды шешудің қашу секілді стратегиясын пайдаланудан аулақ болады; түрлі үйірмелер мен курстарға бару жасөспірімнің ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар оған көбірек дос пен қолдау табуға көмектеседі.


СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ маңызды элементі жасөспірімдер ДЕПРЕССИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ болып табылады, бұл жерде де ата-ана маңызды рөл атқаруы тиіс. Жасөспірімде төмен көңіл-күй және депрессивтік күйдің басқа да белгілері байқалған кезде, бірден оған осы күйден шығуға көмектесу үшін шаралар қабылдау қажет.


  • Біріншіден, баламен әңгімелесу, оның денсаулығы мен көңіл-күйі туралы, оны не мазалайтыны туралы сұрақтар қою, болашақ туралы сұхбат құру, жоспарлар құру қажет. Әңгімелесу позитивті болуы қажет: баланы «қашанда тұнжырап жүресің» және «күңкілдейсің» деп кінәлаудың пайдасы жоқ. Оның өзі де уайымнан қуана арылар еді! Сондықтан, кінәлау мен ашуланудың орнына, оның сезімдері мен эмоцияларын түсінетініңізді көрсету қажет, оның тұлғасының жағымды жақтары мен ресурстарын көрсету, өзіне деген сенімін нығайту, өз проблемаларын өзі жеңе алатынына және алға қойған мақсаттарына жете алатынына жігерлендіру қажет. Жасөспірімді басқа одан жақсы оқитын, жігерлі, пысық балалармен салыстырмау қажет. Бұндай салыстырулар жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін және оның онсыз да төмен өзін бағалауын төмендетіп жібереді. Бүгінгі жасөспірімді бүгінгі күнгі бейнесі мен өткен күнгісін ғана салыстыруға болады, сөйтіп оның ертеңгі позитивті бейнесіне ұмтылуға жағдай жасау керек.


  • Екіншіден, жасөспірімнің әдеттегі өміріне әртүрлілік енгізу қажет; жаңа істермен айналысу немесе оған қандай да бір жаңа іс іздеген дұрыс. Мысалы, оны тренажер залына жазу. Баламен көбірек уақыт өткізудің маңызы зор: жаңа серуен маршруттарын белгілеп жаяу серуендеу; демалыс күндері қызықты экскурсияға, кинога, концертке, көрмеге бару; үйдегі міндеттерді орындаудың жаңа тәсілдерін ойлап табу; үйде толық тазалау жұмысын жүргізу. Баламен келісім бойынша ол жақсы көретін үй жануарын — ит, мысық, алақоржын, тотықұс немесе балықтар асырауға болады. Үй жануарына қамқор болу баланың ойын жинақтайды, жағымды эмоциялар береді, белсенділігін оятады.

ДЕПРЕССИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ.

  • Үшіншіден, жасөспірімнің күн тәртібін сақтауын қадағалау қажет: ұйқысы қанғанын, дұрыс тамақтанғанын, таза ауада жеткілікті уақыт болғанын, қозғалмалы спорт түрлерімен айналысқанын. Жасөспірімнің физикалық саулығы жіті назар аударуды қажет етеді, себебі депрессия психофизиологиялық күй.

  • Төртіншіден, ата-анаға өз құдыреттілігіне сенім артпай, басқа да көмектің ықтимал көздеріне көңіл бөлген пайдалы: жасөспірімнің достарына, психологтарға, психотерапевтерге. Егер жасөспірімді мамандарға (психологқа, дәрігерге) жүгінуге көндіру қолдан келмесе, ата-аналар балаға көмек көрсету стратегиясын бірге жасау үшін, оларға өздері жүгінуіне болады.

Өзіне, басқаларға қатысты пессимизмді, сыншылдықты, күдікшілдікті жеңудің пәрменді құралы «Жақсы жаңалықтар диетасы» деп аты дәл айтылған әдістеме болып табылады.

  • Әрбір отбасы мүшесі күні бойы өзін мақтауға тұрарлық кем дегенде үш ойын, эмоциясын, іс-әрекетін есте сақтауға міндеттенеді. Кешке, кешкі ас үстінде отбасы арасында әрқайсысы жақындарымен өздерін осылай бақылаудан алған әсерлерімен бөліседі.

  • Бұл жағымды сәттерді тағы бір рет бастан өткеруге көмектеседі, сондай-ақ туған адамдарға бір-бірінің табыстарын бағалауға, қолдау танытатын жылы сөздер айтуға мүмкіндік береді.

  • Егер жасөспірім жақындарымен осындай қарым-қатынасқа дайын болмаса, оған өткен күннің жақсы сәттерін жалғыздықта, ұйқы алдында еске түсіру ұсынылады.

  • Осылайша, ол 1) өмірінен өзінің ішкі көкірек көзімен сөзсіз жағымды болып табылатын жайттарды аңғаруды үйренеді; бұны өзінің шамшырағы етеді; 2) өзіне, жақын адамдарына және өміріндегі оқиғаларға өзі мен өз өмірі туралы түсінікті бұрмалайтын жағымсыздық белгілерін таңуды тоқтатады.

  • Бұл «диетаны» жүзеге асыруға бүкіл отбасын тарту отбасыішілік қарым-қатынасқа жемісті даму векторын береді, бір-бірінің бойынан жақсы қасиеттер көруге үйретеді.



Психолог №5 «Ата-ана, мені түсініңіздерші!» бейнеролигін қарауды ұсынады.

Көріп болғаннан кейін психолог былай дейді:


Құрметті ата-аналар! Түсіністікке кез келген жастағы балалар, бүлдіршіндерден бастап жасөспірімдерге дейін мұқтаж. Өтінеміз, бұны есте сақтаңыздар!

Келесі тақырыпқа көшейік.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
9 наурыз
1002
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі