жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жасқайратова Ақжүніс Сатқанқызы
Секциясы:Биология
Тақырыбы: Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттері
Аннотация
Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. Шипалы өсімдіктерден дәрі жасау әдістері ұрпақтан - ұрпаққа өтіп, бұл дәстүр атадан жалғасып отырған. Қазақстан табиғи жағдайлары әртүрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000 - ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады екен десек, оның 500 түрінен дәрілік заттар алынады екен. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып, білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген.Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Жер жүзіндегі дәрілердің 40% өсімдіктен дайындалады. Жанға шипа, дертке дауа дәрілердің көпшілігі өсімдіктен алынады. Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасына көз жіберіп қарасақ, жүрек ауруларын емдейтін дәрі – дәрмектің 70%, ішек – қарын, бауыр дәрілерінің 75%, жатыр ауруларының шипалы дәрі –дәрмектерінің 80%, қақырық түсіретін дәрілердің 80%, қан тоқтатын дәрілердің 65% тек өсімдіктен алынады
Мәдени өсімдіктер арасында ең көп белгілісі алоэ. Алоэ араб тілінен аударғанда «ащы» дегенді білдіреді. Сонымен қатар дәрігерлер жүзжылдық деп те атайды. Алоэнің қоспалары Қытайдың мыңжылдық қоспаларында бар. Египетте үйдің кіре беріс жерінде алоэ отырғызылады. Ол денсаулық пен ұзақ өмірдің символы. Халық медицинасында оны қызыл иектің, қабақтың қызаруына, өкпе туберкулезіне, экземді емдеуге, асқазан жарасына пайдаланылады. Дәрілік өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар мен ертінділердің химиялық жолмен жасалған дәрі –дәрмектерден анағұрлым тиімді болады
Мазмұны:
Кіріспе________________________________________________6-7
1 Негізгі бөлім
1.1. Дәрілік өсімдіктер және олардың қоғам үшін алатын орны_____ 8-10
1.2 Дәрілік өсімдіктердің түрлері_______________________________11-14
1.3 Алоэ өсімдігі және Отаны__________________________________14-15
2 Алоэ өсімдігі және бақылау нәтижелері
2.1 Зерттеу материалын таңдау және бақылау жолдары____________16-19
2.2 Алоэның басты ем болатын аурулары және қолданылуы________20-23
2.3 Көз аурулары және оларды алоэ сығындысымен емдеу_________24-27
Қорытынды_________________________________________________28-29
Пайдаланылатын әдебиеттер_____________________________________30
Қосымша____________________________________________________31-43
1.1 Дәрілік өсімдіктер туралы мақал-мәтел, жұмбақтар_______________31
1.2 Дәрілік өсімдіктер туралы өлеңдер____________________________32
1.3 Адам ағзасына әсер ететін дәрілік өсімдіктерді топтастыру_________33
1.4 Дәрілік өсімдіктердің құрамындағы химиялық заттар________________34
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қоршаған ортаның адамдарға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Соның ішінде дәрілік өсімдіктердің адам өміріне тигізетін маңызы зор екеніне ешкім күман келтіре алмас.
Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. Сол себептен жұмысымыздың өзектелігі де осында деп есептейміз. Тақырып өзектілігіне қарай келесі мақсат қойдық.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Алоэ өсімдігін зерттей отырып адам ағзасына тигізетін емдік қасиеттерін зерттеп анықтау және насихаттау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Әдеби дерек көздерінен алоэ өсімдігі туралы деректерді жинап, сараптау;
Сынып бөлмесінде және үйде алоэ өсімдігін өсіру;
Өсірілген алоэ өсімдігіне бақылау жүргізіп, зерттеу нәтижелерін жинақтау
Зерттеу жұмысының нысанасы: Зерттейтін өсімдігіміз жөнінде кітапханадан, ғаламтордан мәліметтер жинақтау.
Біздің гипотеза: Егер, адам ағзасына зиян келтіретін құрамында химиялық қоспалары көп дәрілерді қолданбай, емдік қасиетке толы шөптерді қолданса, адамның ағзасына көп зиян келмес еді.
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
-Алоэ өсімдігінін емдік ерекшеліктеріне жан – жақты сипаттама берілді;
-Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді.
Зерттеу жұмысының негізгі болжамы: Алоэ өсімдігінің емдік ерекшелігін пайдалану арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады.
Зерттеу жұмысының әдістемесі:
- Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау;
- Тәжірибелер жүргізу;
- Оқушылар арасында сауалнамалар жүргізу;
Зерттеу жұмысының құрылымы: ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Негізгі бөлім
1.1 Дәрілік өсімдіктер және олардың қоғам үшін алатын орны
Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. Шипалы өсімдіктерден дәрі жасау әдістері ұрпақтан-ұрпаққа өтіп, бұл дәстүр атадан жалғасып отырған.
Қазақстан табиғи жағдайлары әртүрлі болып келетін орманды, далалы, тайулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады екен десек, оның 500 түрінен дәрілік заттар алынады екен. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып, білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген.
Әбу-Насыр-Әл Фараби, Әбу-Әли Ибн-Сина, Беруни, Әл-Джуржани қазақ халқының медицинасының дамуына әсері дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40-%-ы өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылып жүр. Үй жағдайында кеңінен қолдануға жеикілікті. Ол үшін «дәрісіз ем-домбы» дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Қай заманда
болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағынада көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы», аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Дәрілік өсімдіктерді ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көре аламыз.
Мың теңге тұратын дәрі шарбағының дәл түбінде өсіп тұр.
(Халық мақалы)
Қазақ емшілерінің ауру-сырқаулармен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі-дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғаттағы өсімдіктер дүниесі. Олай болса, аяғымыздың астында өсіп жатқан дәрілік өсімдіктерді танып, білім зерттеп ауруымызға шипа етпеске. Біздің Өкпеті тауы маңындағы жерлерде, елді мекендерде өсетін көптеген дәрілік өсімдіктер бар. Оларға түймедақты, итмұрынды, бақбақты, өгейшөпті, жусанды, аскөкті, киікотын жатқызуға болады. Біздің ауылдың адамдары түрлі аурулармен көп ауырмайды. Себебі менің ауылымның табиғаты таза, өсімдігі жанға шипа.
Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктер де жатады, өйткені олардың көпшілігі емдік мүмкіндігімен ғана (бұлардың шипалы күшіде осында) шектелмейді, бойындағы физиологиялық сергек заттардың арқасында (меруетгүл, шегіргүл, гүлшетен) олардың денсаулығымыздың серігі де бола алады. Сондай-ақ біздің бау-бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады, өздерінің жер үстіне және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы, мәселен, бақбақ ата заманнан «өмір нәрі» аталған, ал қалақай – витаминдер қоймасы саналады. Өсімдіктерді отап тастауға асықпай, алдымен олардың пайдалы қасиеттерін біліп алуға тырысу керек. Қазақ емшілерінің ауру-сырқауларымен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі-дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғатты өсімдіктер дүниесі.
Өсімдктердің сабағы, тамыры, гүлі, жапырағы, қабығы, және тұқымынан дәрі-дәрмек жасалады. Қазақ емшілерінің қолданатын дәрілерінің басым көпшілігі-өсімдіктер. Өсімдіктердің әрбір бөлігінің, мәселен, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс тұқымдарының дәрілік қуаты әртүрлі болып келеді. Сондықтан оларды емдік қуаты ең күшті болатын мезгілде жинағанда ғана сапалы дәрі-дәрмек алуға болады.
Дәрілік өсімдіктер жиналып алғаннан кейін, жас күйінде бірден пайдаланудан қалғандарын кептіріп, жақсы сақтай білу оның емдік қасиеті мен сапасының жоғалмауының басты кепілі болып табылады. Мұндай өсімдіктердің дәріге бірден пайдаланылмайтын бөліктерін топырақ, балшық секілді лас нәрселерден арылтқаннан кейін, әрқайсысының ерекшелігіне қарай кептіру, көлеңкеде кептіру, самалдатып кептіру. [6,49б.]
Қазіргі технологияның дамыған шағында түрлі химиялық заттардың әсерінен, ауаның таза болыуына, түрлі мемлекеттермен қарым-қатынас нәтижесіндегі тауарлардын туындайтын аурулар көп деп айтуға болады. Айта кетсек, тері аурулары, шаштың түсуі, тістің қараюы, өкпе аурулары, бүйректе, өт қалталарында тастың жиналуы, асқазан жаралары, жоғары қан қысымы аурулары.
Қоғам бар жерде түрлі аурулар кездеспей тұрмайды. Бірақ сол мәселені шешу әр адамның саналы қорғанысында. Олай дейтініміз ерінбей бар затты пайдалану керек. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демейме атам қазақ. Сондықтан табиғаттың сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін тану, оларды зерттеп білу, қолданысқа енгізу мен үшін алға қойған басты мақсат, міндет деп білемін.
Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Бұның 600-ге жуық түрінен дәрі дайындауға шикізат ретінде пайдалануға болады. Алайда медицинаға 200-ге жуық дәрілік өсімдіктер түрі белгілі. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ тағы басқа түрінде қолданылады.
Жүрек ауруларын емдеуге - 70%, ішек – қарын, бауыр дәрілерінің 75%, жатыр ауруларының шипалы дәрі –дәрмектерінің 80%, қақырық түсіретін дәрілердің 80%, қан тоқтатын дәрілердің 65% тек өсімдіктен алынады
1.2 Дәрілік өсімдіктердің түрлері
Арша (лат. Juníperus) - кипарис тұқымдасына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұталардың немесе ағаштардың тұқымдас тармағы. Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Бойында зиянды бактериаларды жойғыш және емдік қасиеті бар. Өкпе, тері және астма ауруларын емдеген. Ежелгі Рим мен Грекияда жылан шаққан кезде пайдаланған. Аршаның тік өсетін түрлерінен қарындаш жасайды. Діңінің қабығын ыдыс жасауда, басқа да өндірісте шикізат есебінде және құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданады. Музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады. Аршамен тіс тазалау пайдалы.
Ащы ермен (лат. Artemísia absínthium)- күрделі гүлділер тұқымдасына жатады. Ащы ерменді ата-бабамыз ертеден-ақ әр түрлі ауруларға қолданған. Бастың сақинасына, аяқ-қол сырқырағанда буланған. Асқазан ауруына тұнбасын ішкен. Қолданылуы: 1.Тамаққа тәбет ашуға; 2. Асқазан бүріп ауырғанда; 3. Аяқ астынан дене құрысып, қалтырап діріл пайда болғанда (лихорадка); 4. Әсіресе аяқтағы көктамыр бадырайып шығып білініп тұрғанда; 5. Қан жасушалары азайғанда; 6. Бауыр, көкбауыр ауырғанда; 7. Суық тигенде; 8. Ұйқы қашқанда; 9. Іштегі паразит құрттарды түсіруге қолданған.
Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) — түйе табандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын, буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. Адыраспан – улы өсімдік, дәмі ащы, мал жемейді.
Балқарағай (лат. Lárix) — қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты биік ағаш. Қазақстанда Алтайда, Тарбағатай және Сауыр тауларында өсетін бір ғана түрі — Сібір Балқарағайы (Lárix sіbіrіca) бар. Ағашы шірімейтін мықты болғандықтан құрылыста, химиялық өндірістерде кеңінен қолданылады. Кәрі балқарағайдың діңінен шайырды көруге болады. Оны кір жуғанда сабын ретінде қолданған. Ежелгі рим мен араб медицинасында таптырмас дәрі ретінде пайдаланған. Шайыр-сағызы ауыз қуысын, тісті тазартып, қызыл иекті нығайтады. Ағаштың қабығы да бағалы шикізат. Одан тері илегіш, эфир майын және тоқыма бояуларын алған.
Долана (Crataegus) – раушангүлділер тұқымдасына жататын бұта не ағаш.. Көбірек тарағаны – алқызыл долана (C. sangvіnea). Жарық сүйгіш, аяз бен құрғақшылыққа төзімді, топырақ талғамайды. Бұтақтары тікенді, кейбір түрлері тікенсіз болады, биіктігі 1 – 4 м. Жапырақтарының жиегі тілімденген. Мамыр – шілдеде гүлдеп, жемісі тамыз – қыркүйекте піседі, жемісі қыста ағаш басында тұра береді. Гүлі ақ немесе қызғылт, қызыл, жартылай шатырша не қылқан тәрізді гүлшоғырын түзеді, қос жынысты. Жемісі – жидек, ұсақ, алқызыл, сары не қара түсті, 1 – 5 сүйекті, кейбір түрі жеуге жарамды, витаминге бай. Тұқымынан көбейеді. Аралар арқылы тозаңданып, жануарлар арқылы таралады. Долананың 50-ге жуық түрлері қолдан өсіріледі. Долана медицинада дәрі-дәрмек жасауда пайдаланылады.
Жолжелкен (Psyllіostachys) – қорғасыншөптер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Жолжелкеннің құрамында әр түрлі витамин, белок, май, қышқылдар мен тұздар мол. Мәселен, ол адамның тәбетін ашып, қандағы гемоглобинді молайтып, түрлі жүйке ауруларын тыныштандырады. Сондай-ақ қан тамырының қатаюына, асқазан, ішек жарасына, тыныс жолдарының қабынуына, өкпе туберкулезіне, созылмалы бронхит, плеврит және бүйрек, несеп жолдарының қабынуы тәрізді сырқаттарға қолданылады. Тамырының қайнатпасын іштен қан өткенде, қан қақырғанда ішкізіп, мұрыннан қан тоқтамағанда танау ішіне құяды.
Қалақай (лат. Urtica) — қалақай тұқымдасына жатады. Бір жылдық не көп жылдық, қос үйлі және сирек те болса бір үйлі шөптесін өсімдік. Қалақайдың барлық түрінің құрамында ақуыз, сондай-ақ К, С, В витаминдері, илік заттар және минералды тұздар, әр түрлі органикалық қышқылдар болғандықтан, ол тағам ретінде және медицинада пайдаланылады. Қалақай препаратын диабетпен ауырғанда, кептірілген жапырағынан жасалған қайнатындыны қақырық түсіру және асқазанды тазарту үшін ішеді. Жаңа жұлып алған жас жапырағын сүйелге жапсырады.
Мойыл (лат. Padus) – раушангүлдер тұқымдасына жататын ағаштар және бұталар. Биіктігі 3,5-8 метрлік, ағаш немесе бұталы өсімдік, жемісі – қара сүйекше. Дәрілік шикізат – жемісі. Жеміс тұнбасы жас бұзаулардың іш өтуін тоқтатады. Шыбын-шіркей, кене т.б. зиянкестерді қыру үшін ағаш қабығының тұнбасы пайдаланылады. Ол үшін ағаш қабығының 100 граммы 5 литр суға ерітіліп, шыбын-шіркейі мол жерге шашылады.
Рауғаш (Латын атауы:Rheum rhaponticum) - қара құмық тұқымдастарға тиесілі өсімдіктердің тегі болып табылады. Рауғаш көкөніс ретінде өсіріледі. Рауғаштың құрамында магний, калий, кальций, темір, фосфор, натрий, B тобының дәрумендері, C дәрумені және каротин бар. Рауғаш темір мен С дәруменінің молшылығымен белгілі. Ол ас қорытылуына мүмкіндік туғызады, гастритті емдейді, тәбетті жақсартады. Әсіресе ішекті тазартып, оның жиырылуын жақсартады. Рауғаш асқазан сөлінің және өт бөлінуіне себепші болады, бұл зат алмасуын жеделдетеді. Рауғаш тіпті семірумен күресте пайдаланылады. Артриттен, бүйрек тасы ауруынан және асқазан-ішек жолы ауруынан азап шегуші тұлғалар емдәмінде рауғаштан аулақ болуы тиіс.
1.3 Алоэ өсімдігі және Отаны
Лалагүл тұқымдасына жататын бөлме өсімдіктерінің ішіндегі біздің зерттегеніміз Алоэ өсімдігі. Алоэ - емдік қасиеттерімен бөлме өсімдіктерінің патшайымы атанған өсімдік. Алой (алоэ) биіктігі 50-60 см-ге дейін жететін үй өсімдігі. Етті, қалың әрі шырынды жапырақтары бар. Орыс халқы оны столетник (жүзжылдық) деп те атай береді. Алоэ өсімдіктерінің түрлері: алоэ вера, қорқынышты алоэ, шұбар алоэ, ағаш тәріздес алоэ. Алоэны ел арасында емге ерте кезден пайдаланған. Оны Ұлы Отан соғысы кезінде жаралы солдаттарды емдеуге қолданған. Алоэның тоқсаннан астам түрі бар. Табиғи алойдың Отаны Африкадағы Капландия жері. Бұл жерде биіктігі 20 метрдей ірі ағаш , қызғылт – сары шашақты, жағымсыз иісті гүл ашады. Оның иісінің нашарлығы сонша, қасына барған адамның басы ауыра бастайды. Жергілікті халықтар алоэның кейбір түрлерінің талшықтарынан кілем тоқиды және теңіз кемелеріне керекті арқан жасайды. Алой талшықтарынан жасалған осы арқандар теңіздің тұщы суына өте шыдамды. Таралуы: Африка мен Индияның жартылай шөл далаларында, Мадагаскарда кездеседі. Алоэ-асфоделовтар тұқымдасының суккулентті өсімдіктер туысы, 400 түрі бар. Олар мәңгі жасыл немесе алабажақ, шөптесін, бұта, ағаштектес көпжылдық өсімдік. Суккулентті, жапырағының жиектері тегіс немесе ара тісті. Құрғақшылық жылдары бұл өсімдік жапырағының шырышты өзегіне қоймалжың шырын жинайды да, ол өсімдікті солып қалудан сақтайды. Көп жерде бөлме өсімдігі, яғни әсемдік ретінде өсіріледі. Ресейде мәдени өсімдік ретінде 40-жылдарда орын тапты. Химиялық құрамы: Жапырағында антрагликозид-алоин бар, 1,66 алоэ-эмодин, 25% алоэзин, натолин, геманатолин, ребарберон, шайырлы қоспа, 20% эфир майы, ферменттер мен микроэлементтер, витаминдер, фитонцидтер кездеседі. Ең құндылығы сол құрамындағы 22 амин қышқылының 20-ы адам организмінде кездеседі. Ал жақында ғалымдар оның құрамынан сирек кездесетін күрделі көмірсу –ацеманнан тапты. Ацеманнан тұмау мен қызылшаны және ісік ауруларын емдеуге қолданылады. Бүгінде ол затты СПИД-ті емдеуге қолдануда.
Көбеюі: Жас өсімдікті жыл сайын отырғызады, ересектері әр 2-3 жылда жақсы топыраққа отырғызылады. Алоэның көбінесе шілде мен тамызда немесе көктемде көбейтеді. Олардың көбею мүшелері 10-12 см болуы керек, сонымен қоса 1 тәулік ауада ұстаған жылы топыраққа 1см тереңдікте, бөліктер арасын 3-5 см-дей етіп отырғызады. Тамыры пайда болғанда отырғызуға болады. Алоэның тұқымымен де өсіруге болады. Тұқымын ақпан, наурыз айларында себеді. Температурасы 250С –тан төмен болмауы тиіс. Гүлдеу уақыты: қысқы айлар, әр жылда емес. Қолдану бөлігі: жапырағы, сөлі. Жапырағын кесерден 2 апта бұрын суармау керек. Емдік мақсатқа 3-5 жылдан асқан алоэ ғана жарайды. Жинау уақыты: жыл бойы. Қасиеті: кермек дәмді, усыз келеді. Ауылдық аурухана мед. бикесі Кислякова Светлана Михайловнамен кездесу кезінде алоэ өсімдігін қалай баптап өсіру керек екендігін: яғни қыста жарық жерде, ауа температурасы , +10°C деңгейінде болатын орында ұстауға болады. Тыңайту: жазда айына бір рет кактустарға арналған тыңайтқыш арқылы топырағын құнарландыруға болады. Суару: жаз уақытындағы вегетация кезеңінде (өсу кезеңі) алоэның су сақтағыш ұлпалары (суккуленттері) ылғалдылықты көп қажет етпейді. Сондықтан, әр бір суарудан соң топырақтың кебуі (құрғауы) керек. Қыста салқын жерде тұратын болса, көп суарудың қажеті жоқ. Дұрыс суармаудың нәтижесі алоэның ауруына әкеліп соғады. Крандағы салқын суды бірден құюға болмайды. Суды тек топырақ құрғаған кезде ғана құйған абзал.
2 Алоэ өсімдігі және бақылау нәтижелері
2.1 Зерттеу материалын таңдау және бақылау жолдары
Өсімдіктердің емдік қасиеттерін білу үшін көп еңбек етуге тура келді. Мектеп және аудан кітапханаларында болып осы төңіректе көптеген мәліметтер, деректер жинақтадым. Сонымен бірге ұстазыммен және дәрілік өсімдіктер туралы білетін адамдармен кездесулерге барып, дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттерімен танысып отырдым. Көп ізденіп, көп оқыдым . Өз мектебімдегі мейірбике Гүлнар Айтанова апаймен кездесіп, емдік өсімдіктердің түрлерін, қолданылуын білдім.
«Өсімдік өмір кепілі» деген қағиданы ұстана отырып өсімдіктердің емдік қасиеттерін зерттеуге бел будым. Менің бұл тақырыпты таңдауыма сынып жетекшім мен анам ықпал етті. Өзім кішкентайымнан бөлме өсімдіктерін өсіріп, күтіп, баптауды ұнататынмын. Ес білгеннен бері оқыған- түйгенімнің арқасында тек бөлме өсімдіктері ғана емес, жалпы өсімдік атауының адам өміріне, олардың денсаулығына тигізетін пайдасы , қасиеттері қызықтыра бастады. Көп ізденіп зерттеу барысында өсімдіктердің емдік қасиеттері туралы деректер жинала бастады.
Отбасымызда анам Анар емдік мақсатта пайдалану үшін бөлме өсімдіктерін көп отырғызады. «Ана көрген тон пішер» демекші менде анамнан көргенімді ойға түйе отырып, бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттерін біле бастадым. Жаз айларында өзіміздің бақшамызда өсетін жолжелкенді, бақбақты, сонымен қатар даланың кез келген жерінде өсетін түймедақ, өгейшөп, жусан өсімдіктерін теріп, кептіріп емдік мақсатта пайдаланамыз. Бұл істерді үйдегі 64 жастағы әжемнен көріп жүрмін.
Сурет 1 бұл менің анам Анар және әжем Шолпан
Қазіргі технология қарқындаған заманда ауаның түрлі себептермен ластануына байланысты адамдарда көптеген ауру түрлері көбейіп отырған жайы бар. Сол ауруларды өсімдіктермен емдеу жолдарын білген әрбір адамға тиімді болар еді. Өкінішке орай аяғымыздың астында өсіп тұрған емдік қасиеті жоғары өсімдікті тани бермейміз. Егер әрбір саналы, сауатты
Қазақстан азаматы , азаматшасы өз елінің табиғат сыйлаған сыйын танып, қолдана білсе, салауатты өмір кепілі болмаспа еді. Олай дейтінім ерінбей бар затты пайдалану керек. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демейме атам қазақ.
Сурет 2 Бөлме өсімдіктерін күтіп, баптау сәтінен көрініс.
Сурет 3 ауылдық ауруханадағы медбике Колесникова С.М. және 9-жылдық алоэ өсімдігінің суреті
Содықтан табиғаттың сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін тану, оларды зерттей білу, қасиеттерін ашу мен үшін алға қойған басты мақсат деп білемін. Қоғам бар жерде адам бар. Адам бар жерде түрлі аурулар бар. Бірақ, сол мәселені шешу әр адамның саналы қорғанысында.
Қытайда веналық ауруларды емдеуге қолданады. Алоэ суық тигенді емдейді. Мысалы: тұмау ауруына, жара мен кесілген жерлерді жазады. Мидың үлкен ми сыңарларындағы тітіркену мен тежегішті реттейді. Жұмыс істеу қабілетін жоғарылатып, физикалық ауырлықты жеңеді. Ағзаның сақтандыру функциясын ретке келтіреді.
Алоэның пайдасы
Өкпе туберкулезі
Тәбет ашады
Ангина
Күйік
Иммунитет
Жөтел
Жараларды жазу
Суық тию
Ағзаның жалпы жағдайын жақсарту
Рак жасушаларының өсуіне
тосқауыл жасайды
Алоэның қарсы көрсетілімдері
-өт жолдары аурулары
- бүйрек, бауыр аурулары
- гипертония
-гемморой, жүктілік мерзімі
Сурет 4 дәріханашы Кислякова Наталья Ивановамен және ауылдық аурухананың бас дәрігері Хасенова Муслима Хамитовнамен сұқпат
Сурет 5 ШҚМУ-нің зертханасында: жетекшіміз б. ғ. к., С. Аманжолов атындағы ШҚМУ биология кафедрасының доценті Ж. Т. Игинсиновамен алоэ өсімдігін зерттеу.
Дайындалуы: Дәрі үшін оның жапырақтарын пайдаланады. Жас алоэ жапырағынан емдік-сабур ұнтағы алынады. Сабур қара, қоңыр түсті, өте ащы болады. Сабурды басқа дәрі-дәрмектердің құрамына да араластырады.
Дәрі-дәрмектер: шырын, жағар май, эмульсия, ұнтақ, алоэ тұнбасы, алоэның сұйық сығындысы, алоэ вера, алоэ экстраты, лидаза, стеловидное тело, алоэ т. б.
2.2 Алоэның басты ем болатын аурулары және қолданылуы
1. Иммунитет көтеруде: 500 г жаңа кесілген алоэ жапырағын грек жаңғағы дәнімен араластырып, ет тартқыштан өткіземіз. Оған 1,5 стакан бал араластырып, тамақтан соң бір ас қасықтан күніне 3мезгіл бір ай ішу керек.
2. Тісті ауырғанда алдымен тұзды сумен жуып, алоэдан 1 г ұнтақтап, оны тіске басады.
3. Сыртқы жарақаттан қан шыққанда алоэден лайықты мөлшерде алып, жаншып жарақатқа таңады.
4. Демікпеге жас алоэны езіп, шырынын күніне 3 рет, әр ретте 5 мг ішеді.
5. Шиқан шыққанда іріңді жараларды алоэның жапырағын тіліп, жараның аузына тартады. Шиқанның соқтасын соруға, тез жазылуына, әрі қарай созылмауына алоэ жапырағы көп көмектеседі.
Сондай-ақ адамның тәбетін ашуға, іш тоқтатқанға, асқазан ауруына, ішек аурулары мен баспаға жақсы ем. Бал қосылған алоэ шырыны туберкулез ауруына бірден-бір ем болып табылады.
Шолпан апамның өзінік ем домы
Қазіргі таңда өсімдіктер жинап, кептіріп дәрі жасаушылар саны аз. Барлық шөптің өзіндік емдік қасиеті бар. Мен өз тәжірибемнен айтар болсам бір жылдары қолыма күбіртке шығып қатты қиналдым сол кезде кітаптан оқыған алоэның емдік қасиеті есіме түсіп жапырағын алып жуып, тазалап жараға таңдым сол кезде таң қалғаным тіпті жараның орныда қалмай жазылып кетті. Сонан бері мен балаларыма да өзімде ешқашан дәрі қолданған емеспін. Ауырсам кітап беттерінен оқыған білімімнің арқасында емдік шөптер тұнбасын пайдаланамын.
Халық қоспасы
Қоспа № 1
Жаңа жапырақ сөлі қараңғыда ұстаған борсық майын араластырамыз және де бал қосамыз, май, 100 бөліктей какао, алоэның жапырағының 15 бөлігін 1 шай қасық сөлді 1 стакан сүтке қосамыз. Туберкулез кезінде күніне 2 рет қолдану керек.
Қоспа № 2
Әлсіреткіш қоспа ретінде келесі қоспа дайындалады: 150 гр алоэ жапырағы (тікенімен бірге) қолмен езіп, 300 гр ыстық бал қосады, қайнағанға дейін ысытады. Тәулік ұстап, сосын ысытады. Тамақ ішер алдыднда 1 сағат бұрын әр таңертең 5-10 гр қолдану қажет.
Қоспа № 3
Қолмен алоэның жапырағын езіп, күніне сөлін 3-4 тамшы қолданады. Мұрын қуысы ауруына қолданады.
Қоспа № 4
Сөлін балмен араластырып, бронхитқа қарсы күніне 3 рет шай қасықтың 1/2 бөлігін пайдаланады.
Қоспа № 5
Жараларға жапырағын ортасынан кесіп, ылғал жағын таңады.
Қоспа № 6
Жапырағын кесіп, тазалап жуып, мясурубкадан өткіземіз. Бал қосамыз. Асқазан қыжылына 1 шай қасықтан қолданады.
Қоспа № 7
Суық тиюге 2-3 сағат аралығында 5-6 тамшы пайдаланады.
Қолданылуы: Алойдың шырыны (немесе тұнбасы) асқазан, ішек ауруларына, оларға түскен жараларға, дене сыртындағы іріңді жаралар мен жарақаттарға, күйікке, сондай-ақ, туберкулез бен көз ауруларына қарсы қолданылады. Ол ас қорытуды жақсартады, жараларды жазады, микробтарды өлтіреді. [8,12б.]
Пайдалануы:
1/ Ішкі жараларды емдеу үшін алой шырынын күніне 1 шай қасықтан тамақ алдында 3 рет ішеді. Емделу мерзімі – 1-1,5 ай.
2/ Туберкулезді емдеу үшін алой шырыны (1 бөлік) шошқа мойын (2 бөлік), бал (2 бөлік), сарымай (2 бөлік) қосып араластырады да, қоспаның 1 ас қасығы 1 стақан ыстық сүтке салып, күніне 2 рет ішеді.
3/ Сыртқы жарақаттары емдеу үшін алой шырынын оларға жағдай немесе таңады.
4/ Суық тиіп мұрыннан су аққанда шырынының 3-4 тамшысын мұрынға тамызады.
Адам баласының өсімдік өсіруге ерте кезде-ақ әуестенгені бізге мәлім. Өсімдіктерді бірнеше мақсатпен өсіреді, солардың бірнешеуі – емдің және сәндің мақсатта өсірілуі. Алоэ қысы-жазы жапырақтарын түсірмей, мәңгі жасыл болып тұратындықтан, ерекше сән береді. Көптеген түрлері гүлдейді, мұның өзі адамға эстетикалық ляззат беріп, көңіл күйіне ерекше жағымды әсер етеді. Алоэ күндіз көмірқышқыл газын сіңіріп өздерінен оттегін бөліп шығарады да бөлменің ауасын тазартады. Бөлменің ауасын ылғандандырады, кей түрлері өзінің зат бөлетіндіктен, аудағы кейбір зиянды микробтарды өлтіреді.
Алойды емдік мақсатта көп пайдаланады. Оларды осы мақсатта әдейі егіп, өсіріп, баптайды. Емдік мақсатта кейбіреулерінің жапырағы қолданылса, кейбіреуінің шырыны, гүлі, тамыры пайдаланылып жатады.
Қазіргі заманда экологияның және әр түрлі жағымсыз факторлардың әсерінен пайда болатын тері аурулары кездеседі. Мысалы, олар: ауа мен судың ластануынан, күн сәулесінен, әр түрлі тағамдардан (цитрус дақылдары, йогурт, сағыз), түрлі өсімдіктерден (терек мамығынан), кейбір жәндіктердің шағуынан (маса, бүрге), шаң тозаңнан, косметикалық бояулардан (опа-далап, иіс су) тері аурулары пайда болады.
Мені осы ауруларды емдеу үшін бөлме өсімдігі алойдың атқаратын маңызы зор екендігі қызықтырды. Бөлме өсімдігіалойды көптеген дәрілер жасалады. Солардың бірі «Алоэ вера» шырыны. «Алоэ вера» шырыны микробқа қарсы, жараны жазатын, иммунитетті көтеретін құрал. Түрлі көз ауруларында қолданылады. Теріні жұмсартады және тазартады. Асқазанның жарасы ауруына қарсы, өкпе ауруларына қарсы (астма, өкпе асқынуы, туберкулез), бүйректің көптеген ауруларына қарсы қасиеттерімен ерекшеленеді.
Алойдың жапырағында алоээмодин, алоин, наталоин, гамонаталоин, раборберон атты заттар болады екен Алойдың емдік мақсатта қолданылуын білу үшін мектебіміздің бастауыш сыныптары арасында мына үлгіде сауалнама жүргіздім.
Сауалнама
Сұрақтар
«иә»
«жоқ»
1
Алой өсімдігін білесің бе?
2
Алой дәрілік өсімдік пе?
3
Өз үйіңе алой өсімдігін өсіресің бе?
4
Алойдың емдік қасиетін өзің не отбасы пайдаланып көрдің бе?
5
«Алоэ экстракт», «Алоэ Вера» дәрісін білесің бе?
Осы өткізілген сауалнаманың қортындысына сүйенсек, алой өсімдігін білгенімен оның емдік қасиеттерін әлі де болса біле бермейміз екен.
Сауалнама талдамасы
4-сынып оқушыларынан алынған сауалнама
2.3 Көз аурулары және оларды алоэ сығындысымен емдеу.
Дүниежүзілік денсаулық ұйымы (ДДҰ) жүргізген зерттеулері бойынша мектеп жасындағы әр төртінші баланың көру қабілетінің ауытқулары байқалған. Ал көз көруінің нашарлауы баланың қоршаған дүниені танып білу үрдісін төмендетеді,тілінің дамуы,есте сақтау қабілеті,қиялы тежеледі.
Қазіргі жастардың, оқушы балалардың күндіз-түні компьютер алдында отырып, аз қимылдау себептерінен жас өспірімдердің арасында рефракция ауытқулары, «құрғақ көз», «қызыл көз» синдромдары жиі кездесетін болды. Біздің көзіміз жұқа жас қабатымен жабылған. Ол үш астардан тұрады. Компьютермен жұмыс істегенде монитордың электромагнитті толқындары жас қабатының бұзылуына әкеледі.Соның салдарынан жас қабаты буланып ұшып кетеді де, қоректенуі, қорғануы төмендеп, көздің құрғақтану белгісі пайда болады. Соңғы кездері уақытынан бұрын туылатын нәрестеде көз ақауының болу мүмкіндігі көбірек байқалуда. Мәселен, ДДҰ 500 грамм болып туылған шарананы аман сақтап қалу керек деген талап қоюда. Өйткені, ондай кезде нәрестенің көзі көрмей туылады да, арнайы бесікте кислород астына жатқанда көз алмасына, тор қабығына қатты әсер ететін көрінеді. Демек, бұл да бүгінгі күннің ең күрделі мәселесінің біріне айналып отыр. Қазір осы мәселеге байланысты институт басшысының бастамасымен балаларды емдеуге бағытталған бағдарлама жасалу үстінде. Ал Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республика бойынша тұрғындардың арасында етек алып отырған көз ауруларының ішіндегі күрделісі – глаукомаға (су қараңғылық) қарсы скрининг жүргізілуі Үкімет тарапынан көрсетілген үлкен көмек, қолдау. Алоэ шырыны көз үшін несімен пайдалы?
Алоэ экстракты көз айналасындағы нәзік теріні ылғалдандыруға қажет косметикалық кремдер жасауға қолданылады. Себебі, ол тамаша зат. Сумен араластырылған алоэ сығындысын көзге, құлаққа, мұрынға тамызуға болады. Профессор Филатов дәлелдегендей, алоэ экстракті құрамындағы белсенді стимуляторлар орталық жүйке жүйесі мен көзге ерекше әсер етеді. Дені сау адамның өзі өмір бойында алоэмен емделуді жүйелі түрде қолданып отыруы қажет. Клиникалық зерттеулер көрсеткендей, алоэні қолдану барысында көз тамырларының қалыпқа келіп,сетчаткада жағымды өзгерістер болатыны байқалған. Дәрігерлік тексерістен өткен 46 емделушінің 15-інде көз ішіндегі тамырдың қан қысымы жоғары екендігі анықталған.Алоэ инъекциясының арқасында 10 емделушінің қан қысымы қалыпқа түскен.
Бұл
көне және ерекше өсімдіктің шырынының
құрамынд А,В1,В2,В3,В6,С,Е дәрумендері,
фолий қышқылы, бета-каротин және холин
бар. Осы құрамдас заттардың арқасында
қарашықтағы зат алмасу үрдісі қалыпқа
келеді және көздің қарауытуы мен
катарактінің алдын алуға көмектеседі.
Алоэ ағзаны кальций, калий, мырыш, хром, магний сияқты минералдармен қоректендіріп, қарашықтың химиялық құрамын сақтауға көмектеседі. Халық медицинасында алоэ шырыны ылғалдандырғыш ретінде кең тараған. Көздің көруін жақсарту үшін көзге тамызуға және басуға арналған сығындыны үш жылдықөсімдіктің төменгі қалың жапырағынан алады. Өсімдік шырынын біраз уақыт тоңазытқышта ұстап, соңынан тікенектерін қиып, үгітіп, сүзеді. Шырынды таза күйінде сирек қолданады. Көз ауруларын емдеудегі алоэнің пайдасына шүбә келтіруге болмайды. Алоэ жапырағының ішкі жағында орналасқан шырыны тамаша қасиеттерге ие. Бұл шырынды созылмалы көз ауруларын емдеуге қолдануға болады. Көздің шырышты қабығының қабынуы мен көздің ісінгенін басу үшін пайдалану жақсы нәтиже береді. Көз айналасының терісі өте жұқа және нәзік. Сондықтан ерекше күтімді қажет етеді. Сонымен қатар, алоэ шырыны кірпікті ұзартуға да жақсы әсер етеді. Ол үшін алоэ шырынын косметикалық маймен араластырса болғаны. Кіші жастағы балаларда жиі кездесетін катаракта ауруын емдеу үшін 150 г өсімдік шырынын 5 г мумиемен араластырады. Дайын қоспаны күніне екі рет 1 тамшыдан көзге тамызады. Пайдаланбас бұрын жапырақтарды 14 күн тоңазытқышта ұстайды. Катаракті кезінде көзге баспа жасаған да қолайлы. Ол үшін шырынды қайнаған және суытылған таза сумен 1:10 көлемінде араластырады. Алынған сұйықтықпен көзді шаюға да болады.
Алоэ шырыны – көз ауруларын емдеуде
Трахоманы алоэ сығындысының көмегімен емдеу жолы.
Трахома
- көздің күрделі созылмалы ауруы.Ол көз
айналасында іріңді жаралардың пайда
болуымен сипатталады. Мұндай өте қауіпті
дертке қарсы алоэнің суға ерітілген
сығындысы қолданылады.
Конъюктивит
Конъюктивит-көздің
шырышты қабығының қабынуы. Оның белгілері:
қабақтың қызарып, ісінуі. Аурудың пайда
болу себебі - көзге шаң-тозаң, бөтен
заттар, инфекция түсуі. Конъюктивитті
емдеу үшін алоэ сығындысын қолданады.
Алоэ жапырағын қоймалжың ботқа тәрізді
етіп езіп,су құяды да, эмальді ыдыстың
қақпағын жауып, қайнатады. Қайнатылғаннан
кейін тұндырып, сүзеді. Осы тұнбаға
батырылған томпонмен көз айналасын
сүртеді.
Теріскен.
Теріскенді
емдеу үшін алоэ жапырақтарының суға
салынған тұнбасын жасап,көзге басады.Үлкен
жапырақты ұсақтап турап, қайнап, суытылған
сумен араластырады. Алынған қоспаны 8
сағат тұндырып, сүзеді.Дайын ерітіндімен
әбден айыққанша көзді шайып отырады.
Глаукома.
Глаукома көз ішіндегі қан қысымының көтерілуінен дамиды. Бүл өте ауыр дерттен көздегі жүйке тамырлары мен сетчатка зардап шегеді. Глаук оманың алғашқы белгілері - айналадағы заттар мен түстер көмескі тартып, тұманданып көрінеді. Көздің көруі нашарлап, мүлдем соқыр болып қалуға әкелуі мүмкін. Көздің қан қысымының көтерілуі бастың қатты ауруы, жүрек айнып, құсумен қатар жүреді. Ересектер үшін бұл дерттен емделу мерзімі 3 ай.
Өте жиі кездесетін көз ауруларының бірі- жақыннан көрушілік. Бұл ауруды емдеудің төмендегідей кестесі бар. 15 күн бойы 0,5 мл алоэ сығындысынан жасалған дәріден ине салғызу керек. 15 күн үзіліс жасағаннан кейін тағы да 15 күн ем қайталанады. Бұл емді қабылдау мерзімі 1 жыл
Қорытынды
Алоэ өсімдігін «Ғажайып өсімдік» немесе «Табиғи емші» деп бекер айтпаған. Соңғы кездері көптеген ғалымдар мен қолданушылар емдеудің табиғи әдістеріне көп көңіл бөлуде. Біз ғылыми жобамызға: Адам ағзасына зиян келтіретін құрамында химиялық қоспалары көп дәрілерді қолданбай, емдік қасиетке толы шөптерді қолданса, адамның ағзасына көп зиян келмес еді деген гипотеза қойған едік. Нәтижесінде алоэ өсімдігі тамаша қасиеттерімен қолданушылар назарын қайтадан өзіне аударып отыр. Қазіргі таңда алоэнің құрамында 75-ке жуық қоректік заттар бар екені анықталып отыр. Осы заттардың арқасында алоэ адам ағзасының жекелей мүшелерімен қатар ағзаның тұтастай тазаруына, қалпына келуіне, қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Адам өмірінің арашасы болып, қоғамдағы адам өмірінде кездесетін ауруларды емдеуге дәрілік өсімдіктердің алатын маңызы зор. Әрбір салауатты өмір сүретін адам өз денсаулағының дәрігері болуы керек. Сондықтан зерттеу жұмысын қорыта келгенде біз қойылған гипотеза дәлелденді деп айтамыз. Қай ғылымды оқысақ та, теледидардан көрсек те, естісек те, Қытай, Үндістан, Иран, Египет, жалпы Шығыс елдерінің халықтары көбіне өз ауруларының шипасы ретінде алоэ өсімдігін егіс алқабына егіп, қолданыста көптеп тұтынады. Неге аяғымыздың астында өсіп жатқан өсімдіктерді немесе өз бөлмемізде өсіп тұрған өсімдіктерді ауырған жерімізге шипа етпеске? Химиялық дәрілерді қолдана отырып, бір мүшемізді жазсақ, екінші мүшемізді жаралап, зақымдап отырамыз. Дәрілік өсімдіктердің шипалық, емдік қасиеттері, адамға берер нәрі мол. Тек олардың емдік қасиеттерін түбегейлі білу керек. Мен айтарлықтай жаңалық ашып халықты таң қалдырған жоқпын. Дегенмен, осы зерттеу жұмысымның нәтижесінде дәріханаларда сатылып жүрген дәрілік өсімдіктердің өз шарбағымыздың түбінде өсіп жатқанын және өзім еккен бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттерін біліп, қолданып, тіпті нәтижесінде де көріп үлгердім. Өзімнің көзім жетіп ғана қоймай, өзімді қоршаған адамдарға, сыныптастарыма таныстырып, үнемі дәлелдемелерді алға қойып отырдым. Жоғарыда айтылған деректер мен дәлелдемелерді қорыта келе мынадай ұсыныстар айтар едім:
- Мектеп оқушыларына өз жерінің дәрілік өсімдіктерін таныту мақсатында жазғы демалыстарда мамандар немесе мұғалімдер топсеруендер ұйымдастырса;
- Мектеп қабырғасынан емдік қасиеттері бар бөлме өсімдіктерін арнайы өсіріп, баптап, зерттеп, күтетін бұрыш берілсе;
- Тек дәрілік өсімдіктерді және олардың емдік қасиеттерін жарнамалайтын дәріханалар ашылса;
- Дәрілік өсімдіктерге түрлі дәмдеуіштер қоса отырып, жас балалар жиренбей іше алатын түрлі -түсті кәмпиттер секілді дәрілер жасалса.
Егеменді тәуелсіз Қазақстан мемлекетіндегі әрбір көзі ашық, көңілі ояу адам салауатты өмір салтын сақтап, өмір сүруге лайықты болу керек! Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні:
Алоэ жараны құрғатып,тәніңді тірілтеді. Обырды жеңіп, көзіңді тазартады. Санаңа нұр құяды.Тіліңді жеңілдетіп, естуді өткір етеді. Шаш түсуін тоқтатып, асқазанды нығайтады.Бауырды емдеп жазады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Балалар энциклопедиясы «Өсімдіктер әлемі» Фолиант 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13
2. В. Г. Пышинский Лечение травами Ленинград «Наука»1990
3. Денсаулық журналы №8 2006 жыл.
4. Ж. А. Адаев. Р. Н. Нұрғалиев. Шаңырақ энциклопедиясы.
5. Ж.Жатқанбаев. Өсімдік және адамзат.
6. И.И. Курамысова, В.Ф. Аксенова,Н.Г. Татимова «Лекарственные
растения» Алма-Ата Кайнар 1989 ж
7. Қажымұратов М. «Қазақстанда кездесетін пайдалы емдік қасиеттер»
8. М. «Қайнар» баспасы, Алматы- 1975 ж
9. Қазақстанның өсімдіктер әлемі Алматыкітап 2008 ж
10. Қазақстан табиғат 2 том Ж-Қ «Қазақ энциклопедитясы» Алматы, 2003 ж
11. Қожабеков. М Дәрілік өсімдіктер. Алматы, «Қазақстан»1982.
12. Л. К. Сафина, Е.П. Петров «Жасыл аптека» Алматы Қайнар 1992 ж
13. Л. К. Сафина, Е. П. Петров «Жасыл аптека» Алматы Қайнар 1992
14. М.Оспанова, Ж. Лұқпанов. Өсімдік жанға шипа, дертке дауа.
15. Стрижев А. Н. «Лесные травы» 1979 ж
16. Сыбанбеков Қ. «Жасыл әлем сырлары» Рауан баспасы. 1990 ж
Қосымша
Дәрілік өсімдіктер туралы мақал- мәтелдер
1.Жалғыз ағаш орман болмас.
2.Ақыл басқа бітеді, қына тасқа бітеді.
3.Жігіттің екі сөйлегені өлгені, еменнің иілгені сынғаны.
4.Қорада малың болсын, көшеде талың болсын
5.Дәрі шөптен шығады, дана — көптен шығады.
Дәрілік өсімдіктер туралы жұмбақтар
1.
Өзіне шап - шақ, Киген қалпағы аппақ,
Балалар тұр қаптап. ( Бақбақ)
2. Саздауыт
жерде өседі, Хош иісі аңқыған, Шипа
өсімдік деседі. (Жалбыз)
3. Бұтаға
ілген үлпершек, Іші нәрлі қызыл сөл,
Теріп алып үлгерсек. (Бүлдірген)
4. Қар астында қыстайды, ақпен бүркіп тастайды. (Бәйшешек)
5. Шөлде гүлдейдi, құлпырады,
Суда өмiрi қырқылады. (Сексеуiл)
6.Тау тау ақ қар, ерiмейдi ыстықта. (Мақта)
7. Тау- тау үйілген ақ алтын,табады оның кім атын? (Мақта)
8. Қысы-жазы шешпейтiн,
Көйлегi бар жасылдан.
Өзгертпейдi еш кейпiн,
Жаралғандай асылдан. (Шырша)
Дәрілік өсімдіктер туралы өлеңдер
Тауқонақ, шәйшөп, маңқа, құлынембес,
Сүттіген, еңлік мүйіз, киізкиік.
Ақшалғын, көкемарал, бетеге, раң,
Жапырақтеңге, бұйра, қисық, иық.
Балдырған, у қорғасын, атқұлақты,
Елік жүр сонысында соны қиып.
Желкеуір, бәрпі, шырыш, шытыр,
Сауыны биеемшектің кеп тұр иіп.
Мың тамыр, жуа, рауғаш, жаужапырақ,
Балауса, сорғыш, селдір, ермен, бақбақ.
Сыбызғы жалғыз, құлмақ, қарақияқ,
Шоңайна, меңдуана, сора, шақпақ.
Ішінде сол қурайдың сұлу болар
Шырмауық, кендір, қылша, жыланқияқ.
Қанжыға, қоға, сасық, аққой болып
Бөлінеді жуалар мен таусарымсақ.
Қымыздық, қызсаумалдық дейтіндерге,
Ат қойған тау елінде сүйіп шын-ақ.
Адам ағзасына әсер ететін дәрілік өсімдіктерді былайша топтастыруға болады.
Жүрек - тамыр жүйесіне
арналған
долана, сасық шөп, қазоты, шүйін шөп (валериана), жалбыз
2.
Жарақатты жазатын және тері ауруларына арналған
Жалбыз, түймедақ, жөке, қалақай, қырықбуын, арша, жолжелкен, мыңжапырақ
3.
Зәр айдайтындар
қырықбуын, бидайық, арша, бақ-бақ, қайың, зығыр
4.
Өтке арналған
шашыратқы, қырықбуын,
шайқурай, мыңжапырақ,
итмұрын, бидайық,
қалақай, жалбыз
5.
Бауыр мен бүйректегі тасты ерітетіндер
лобия, шоңайна, шашыратқы, қалақай, андыз
6.
Қақырық түсіретіндер
емен, жөке, тал, өгейшөп, қызылмия, жолжелкен
7.
Паразит құрттарды
түсіретіндер
дермене, сарымсақ
8.
Қант ауруын емдейтін
топинамбур (жералмұрт), лобия
Дәрілік өсімдіктердің құрамында болатын химиялық заттарға сипаттама
Алоэның басты ем болатын аурулары және қолданылуына тоқталайық:
1. Иммунитет көтеруде: 500 г жаңа кесілген алоэ жапырағын грек жаңғағы дәнімен араластырып, ет тартқыштан өткіземіз. Оған 1,5 стакан бал араластырып, тамақтан соң бір ас қасықтан күніне 3мезгіл бір ай ішу керек.
2. Тіс ауырғанда алдымен ауызды тұзды сумен шайып, 1 грамм алоэны тіске басады.
3.Сыртқы жарақаттан қан шыққанда алоэден лайықты мөлшерде алып, жарақатқа таңады.
4. Демікпеге жас алоэні езіп, шырынын күніне 3 рет 5 мг ішіп отыру керек.
5.Сыздауық шыққанда, іріңді жараларды алоэның жапырағын тіліп, жараның аузына тартады. Ол ауруды тез жазып, тез жазылуына, әрі қарай асқынып кетпеуіне көмектеседі.
Сондай-ақ, алоэ өсімдігі адамның тәбетін ашуға, іш тоқтатқанға, асқазан ауруына, ішек ауруларына жақсы ем. Бал қосылған алоэ шырыны туберкулез ауруына шипа болып табылады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген