Жастар арасындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру
Құқықтық мәдениет – бұл тек заң баптарын жаттап алу емес, ең алдымен адамның қоғамдағы жауапкершілігін сезінуі, өз құқығы мен міндетін дұрыс түсініп, заң аясында әрекет етуі. Құқықтық мәдениеті қалыптасқан азамат заңды қорыққаннан емес, саналы түрде құрметтейді. Мұндай көзқарас кез келген мемлекеттің тұрақты дамуына негіз болады.
Ел болашағы – кейінгі жастардың қолында. Сондықтан оларды дұрыс жолға тәрбиелеу елдің жарқын болашағы үшін жасалған игі қадам саналады. Сол үшін де ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне ерекше қараған. Жас ұрпақ тәрбиесінде теңдік және үйлесімділік секілді құндылықтар болуы маңызды.Қазіргі таңда қоғамда түрлі құқық бұзушылықтардың орын алып жатқаны жасырын емес. Кей жағдайда болмашы ереже бұзудың өзі жалпы қоғамдық тәртіпке кері әсерін тигізеді. Өкінішке қарай, кейбір азаматтар заң талаптарын елемей, өз әрекетінің салдарын толық түсіне бермейді. Бұл – құқықтық мәдениеттің әлсіздігін көрсететін белгі. Мұндай жағдайды сынаудан бұрын, оның алдын алу жолдарын қарастыру маңызды. Себебі ішкі тәртіп пен заңға құрмет мемлекеттің дамуына тікелей ықпал етеді.
Құқықтық мәдениетті қалыптастырудың іргетасы отбасында қаланады. Баланың бойына кішкентайынан тәртіп, жауапкершілік пен сыйластық сіңсе, ол болашақта саналы азамат болып қалыптасады. Ал мектеп бұл тәрбиені одан әрі жалғастыратын негізгі орта. Білім беру мекемелерінде құқықтық сауаттылықты арттыру, оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру аса маңызды. Қазіргі таңда мектептерде құқықтық бағыттағы түрлі іс-шаралар, пікірталастар мен жобалардың ұйымдастырылуы – осының дәлелі.
Құқықтық мәдениеті жоғары қоғамда адамдар өз құқығын біліп қана қоймай, өзгенің құқығына құрметпен қарайды. Мұндай ортада әділеттілік, тәртіп пен сенім орнығады. Ал бұл – тұрақты әрі мәдениетті қоғамның басты көрсеткіші.
«Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың хас жауы» дегендей, баланың жақсы болмағы отбасы тәрбиесімен қатар, білім ошағындағы тәрбиеге де тікелей байланысты. Себебі, отбасында тәрбие көрген адам оны алған білімімен ұштастырса, оның жемісі саялы баққа айналмақ. Жастар – таусылмас күш пен сарқылмас қайраттың нышаны. Жас ағашты барынша күтіп — баптасақ, түзу өспек. Сондықтан, бала тәрбиесінде, олардың арасындағы қылмысты болдырмауда жұмыла әрекет етейік! Сонда ғана оң нәтижеге қол жеткіземіз.
Материалды дайындаған:Азберген Айдын
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 3-курс студенті
Жетекшісі: фил ғ.к., доцент Р.С. Жақсылықбаева
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
“Жастар арасындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру“
“Жастар арасындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру“
Жастар арасындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру
Құқықтық мәдениет – бұл тек заң баптарын жаттап алу емес, ең алдымен адамның қоғамдағы жауапкершілігін сезінуі, өз құқығы мен міндетін дұрыс түсініп, заң аясында әрекет етуі. Құқықтық мәдениеті қалыптасқан азамат заңды қорыққаннан емес, саналы түрде құрметтейді. Мұндай көзқарас кез келген мемлекеттің тұрақты дамуына негіз болады.
Ел болашағы – кейінгі жастардың қолында. Сондықтан оларды дұрыс жолға тәрбиелеу елдің жарқын болашағы үшін жасалған игі қадам саналады. Сол үшін де ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне ерекше қараған. Жас ұрпақ тәрбиесінде теңдік және үйлесімділік секілді құндылықтар болуы маңызды.Қазіргі таңда қоғамда түрлі құқық бұзушылықтардың орын алып жатқаны жасырын емес. Кей жағдайда болмашы ереже бұзудың өзі жалпы қоғамдық тәртіпке кері әсерін тигізеді. Өкінішке қарай, кейбір азаматтар заң талаптарын елемей, өз әрекетінің салдарын толық түсіне бермейді. Бұл – құқықтық мәдениеттің әлсіздігін көрсететін белгі. Мұндай жағдайды сынаудан бұрын, оның алдын алу жолдарын қарастыру маңызды. Себебі ішкі тәртіп пен заңға құрмет мемлекеттің дамуына тікелей ықпал етеді.
Құқықтық мәдениетті қалыптастырудың іргетасы отбасында қаланады. Баланың бойына кішкентайынан тәртіп, жауапкершілік пен сыйластық сіңсе, ол болашақта саналы азамат болып қалыптасады. Ал мектеп бұл тәрбиені одан әрі жалғастыратын негізгі орта. Білім беру мекемелерінде құқықтық сауаттылықты арттыру, оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру аса маңызды. Қазіргі таңда мектептерде құқықтық бағыттағы түрлі іс-шаралар, пікірталастар мен жобалардың ұйымдастырылуы – осының дәлелі.
Құқықтық мәдениеті жоғары қоғамда адамдар өз құқығын біліп қана қоймай, өзгенің құқығына құрметпен қарайды. Мұндай ортада әділеттілік, тәртіп пен сенім орнығады. Ал бұл – тұрақты әрі мәдениетті қоғамның басты көрсеткіші.
«Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың хас жауы» дегендей, баланың жақсы болмағы отбасы тәрбиесімен қатар, білім ошағындағы тәрбиеге де тікелей байланысты. Себебі, отбасында тәрбие көрген адам оны алған білімімен ұштастырса, оның жемісі саялы баққа айналмақ. Жастар – таусылмас күш пен сарқылмас қайраттың нышаны. Жас ағашты барынша күтіп — баптасақ, түзу өспек. Сондықтан, бала тәрбиесінде, олардың арасындағы қылмысты болдырмауда жұмыла әрекет етейік! Сонда ғана оң нәтижеге қол жеткіземіз.
Материалды дайындаған:Азберген Айдын
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 3-курс студенті
Жетекшісі: фил ғ.к., доцент Р.С. Жақсылықбаева
шағым қалдыра аласыз













