Материалдар / Жастар-барлық прогрестің қозғаушы күші
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жастар-барлық прогрестің қозғаушы күші

Материал туралы қысқаша түсінік
Елдің дамуы мен өркендеуінің негізгі тұтқасы –айбынды да белсенді жастар екені бәрімізге айқын. Жалындаған, бойында қуаты тасыған, білікті де білімді, патриот жас өркен қай елдің болмасын арқа сүйер мақтанышы іспеттес.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2019
313
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жастар – барлық прогресстің қозғаушы күші «Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты. Мен жастарға сенемiн!» Мағжан Жұмабаев

Елдің дамуы мен өркендеуінің негізгі тұтқасы –айбынды да белсенді жастар екені бәрімізге айқын. Жалындаған, бойында қуаты тасыған, білікті де білімді, патриот жас өркен қай елдің болмасын арқа сүйер мақтанышы іспеттес. Ендеше бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отырған жастардың бәсекеге қабілеттілік деңгейі. Адам баласы қазіргі нарықтық экономика жағдайында бәсекеге қабілетті болуы үшін рухани, мәдени, адами эквиваленттілігі жоғары болу керек деп ойлаймын.Байқап қарасақ қазіргі жастар инновациялық жаңалықтар ашуға, креативті пікір жасауға өте құмар.Бұл да замманның ерекше белгісі екені айқын. Бүгінгі жастар ұрпақ – ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Кез-келген тұлға сыйлы, қоғамда елеулі орны болуы үшін қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы керек.Себебі, рухани ерік-жігер де, патриоттық рух та ортамен араласудан туындайды.Сондықтан мемлекет жастарға «алтын орта» қалыптастыруға жағдай жасаудың болашақтағы маңызы зор деп білемін. Кез келген өзара тиімді іс-қимыл барлық қатысушылар үшін қызығушылық пен пайданы көздейді. Егер біз «жастар» деп атап отырған тұлғалар біз армандайтын Қазақстанды құрып және аяғынан тік тұрғызар болса, оларға қызығушылық туғызып, олар үшін барлық жағдайды жасау керек. Бұл үшін мемлекеттің арсеналында сол мүмкіндіктердің барлығы бар сияқты. Бұл жерде осы мәселені ақылға қонымды шешімдер мен салиқалы саясатсыз шешу мүмкін емес. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Жас ұрпаққа қамқорлық, оның қазіргі өмірі мен болашағы үшін қам жеу қашанда менің саясатымның басты мағынасы болған. Әрбір жас қазақстандықтың жақсы білім алатын, отбасын құратын, жеке тұрғын пәтерге ие болатын мүмкіндігі бар», – деп қоғамдағы жастар мәретбесін ерекшелейді. Соның ішінде елімізде жастарға арнайы бағдарламалар жұмыс жасауда. Атап айтқанда «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру»,«Болашақ» степендиялық бағдарламасы, басқа да жастардың шет елде білім алуына үлкен мүмкіндіктер жасайтын бағдарламалар ұйымдастырылған. Бұдан бөлек айта кететін жайт, Мемлекет басшысының «2019 жылды– Жастар жылы» деп бекітіп, баршамызды бір қуантуы еді. Сол қуаныштың алғашқы қадамы ретінде кеше, 23 қаңтар күні білімді, белсенді, елін-жерін сүйген, Отанына қызмет етіп жүрген жастардың қатысуымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты Жастар жылының ашылу салтанаты болып өтті. Осы форумға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінен доктарант Ерниязова Айсұлу қатысып, сөз сөйледі. Жастар жылына ҚазҰУ студенттері белсенді атсалысуда.Университет ішінде түрлі іс-шаралар, форумдар. мотивациялық-іскерлік кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Бұл ҚазҰУ басшылығының белсенді,тиімді,прогрессивті іс-әрекеттерінің, жұмыстарының нәтижесі.Мұндай жасалып жатқан жұмыстардың барлығы әрине,жастар болашағының жарқын болуы үшін! Қортындылай келе, алдағы уақыттарда Қазақ Елінің даңқын асқақтатар ел жастары бәсекеге қабілетті, тарихта орын аларлық игі істер атқаратындай азаматтар мен азаматшалар болсын!Заманауи прогресті жасайтын, жастар, мына сіздер!

Есекеева Айнаш Акимсаловна, ҚазҰУ Заң факультетінің аға оқытушысы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!