400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жастар жалыны атты кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Жастық жалыны» атты «Балдәурен» республикалық оқу сауықтыру орталығының «Жастар» педагогикалық тобының туған күні мерекесінің сценарийі


Автор –құрастырушылар: «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру

орталығының қазақ тілі мен әдебиеті

пәндерінің мұғалімі Н.Тоқтағұлова;

география пәнінің мұғалімі З.Майлыбекова

Өткізілу түрі: әдеби-сазды кеш.

Мақсаты: «Балдәурен» республикалық оқу сауықтыру орталығының «Жастар» педагогикалық тобының туған күні мерекесімен құттықтау,педагог-ұстаздар еңбегі мен мәртебесін ұлықтау.

Міндеттері:

- «Жастар» педагогикалық тобының тарихымен, қазіргі келбетімен, жетістіктерімен таныстыру;

- «Жастар» педагогикалық тобының түрлі саладағы жетістіктерін насихаттау;

- Туған елге деген сүйіспеншілік пен құрметті нығайтып, патриот болуға тәрбиелеу.

Қажетті жабдықтар: слайдтар, бейнематериалдар, костюмдер, фонограммалар, микрофондар.

ІС-ШАРАНЫҢ БАРЫСЫ:

Безендірілген акт залы

1 слайд

Сергіту тренингі «Арива» әуені ырғағымен би қимылдары

Баймашев Сьезғали «Ассалаумағалейкум» әні

1-Жүргізуші: Қайырлы күн,қадірменді көрермендер!

2-Жүргізуші: Оқушылар,педагог- ұстаздар және «Балдәурен – Шымкент» РОСО әкімшілік қызметкерлері!

1-Жүргізуші: «Жастар» педагогикалық тобының туған күніне орай ұйымдастырылып отырған «Жастық жалыны» атты концерттік бағдарламаға қош келіпсіздер!

2-Жүргізуші: «Жастар» педагогикалық тобы «Балдәурен –Бурабай» Республикалық оқу сауықтыру орталығында 2002 жылдың 27 қарашасында құрылған болатын.Міне,содан бері 16 жыл көлемінде республикамыздың балауса бүлдіршіндерінің демалысының көңілді өтуіне және сауық кештерінің есте қаларлықтай болуының ұйытқысы болып келе жатқан осы «Жастар» педагогикалық тобы.

1-Жүргізуші: «Жастар» педагогикалық тобы «Зубренок» Ұлттық балалар оқу-сауықтыру орталығында өткен халықаралық «Балалар ойнайды, біз ойнаймыз» (Играют дети,играем мы) атты байқауда өнер көрсетіп,2007,2008,2009,2012,2015 жылдары жеңімпаз атанып,2016 жылы «Көрермен көзайымы» номинациясының иегері атанған болатын.

Слайд №2

2-Жүргізуші: Білімнің шыңын таңдамай,
Шәкіртті мүлде талғамай.
Ұстазыммен мақтанам,
Ұлағатты ақ маңдай!

1-Жүргізуші: Тәрбиелеп әрбір шәкірт санасын
Көңілдерін бірден жаулап аласың
Анамдайсың көңілімді қимайтын
Біліп тұрсаң тасқын судай сыймайсың

дей келе, «БалдәуренШымкент» РОСО-ның директоры міндетін атқарушы Баржақсымов Бірлік Қадырбекұлына және директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кембаев Нұрғали Арапбайұлына құттықтау сөз кезегін береміз.

«Жастар» күнімен баршаңызды құттықтай отырып, жанға жайлы жағымды әнге кезек беріп, Баймашев Сьезғалидың орындауында Шәмші әндерінен поппури ұсынамыз

1-Жүргізуші: Тәрбиелеп әрбір шәкірт санасын
Көңілдерін бірден жаулап аласың
Анамдайсың көңілімді қимайтын
Біліп тұрсаң тасқын судай сыймайсың

2-Жүргізуші: «Білсін»-дейді, «көрсін» -дейді әлемді
Өзгелердің қамын ойлап жүреді
Уақыт тапса тексеретін дәптерін
Ұстаз- жүрек жыр жолдарын тереді

деп сыныпта дәптер тексеріп, бос уақытта шәкірттер мен ұстаздар қауымын шаттыққа бөлеп жүрген Давыдов Үсен ағайдың жастар күніне арналған «Ізгі ниетпен» атты жыр шумақтарын педагог –организаторларға жолдаймыз.
1 -Жүргізуші: Сусындатып әрбір білім санасын
Жүректерді бірден жаулап аласың
Ренжімейсің шәкіртіңе «балам»-деп
Осы жанды қалай адам қылам деп

2-Жүргізуші:Әлемдегі асылдарды теңесем де
Сізге жетпес қазына дедім мен де
Қанша асыл,қанша байлық берсең де
Айырбастап алмас едім ештеңеге,-

дей келе,жастар күніне арналған ән шашуға кезек береміз.

Сахнада Қанаева Салтанат «Екі жүрек» әнімен,қабыл алыңыздар!

1-Жүргізуші: Адамдықтың шегінен аспайтұғын – ұстазым.
Адалдықтың жолына бастайтұғын – ұстазым.
2-Жүргізуші: Қылығына шаланың саспайтұғын – ұстазым.
Құпиясын баланың ашпайтұғын – ұстазым.
1-Жүргізуші: Қиындықты жеңуден қашпайтұғын – ұстазым.
Әзіл-қалжың айтып та тастайтұғын – ұстазым
.

2-Жүргізуші: Баламен бала боп қуанатын,жанарында жастық оты жанатын жастар педагогикалық тобы мүшелерінің жұмыс сәттеріндегі бейне-шежіресін назарларыңызға ұсынамыз.

1-Жүргізуші: Көңіл-күйін әркімнің көре білген – ұстазым.
Бойында бар білімін бере білген – ұстазым.

Ізгілікті нұрларын төге білген – ұстазым.
Әр жүрекке гүл-сезім еге білген – ұстазым.
Шапағатын балаға себе білген – ұстазым.
Баянына бақыттың сене білген – ұстазым.

Майлыбекова Зауренің орындауындағы «Айналайын» атты тамаша әнді назарларыңызға ұсынамыз.

1-Жүргізуші: Игі ниет арнасы тола берсін, ұстазым!
Жүрегіңіз елім деп соға берсін, ұстазым!
Жадыңызда жақсылық қала берсін, ұстазым!
2-Жүргізуші: Ұрпағыңыз ұлылық ала келсін, ұстазым!
Әр уақытта денсаулық бола берсін, ұстазым!-

деп барша ұлағатты ұстаздарға арналған тамаша биді назарларыңызға ұсынамыз.

Сахнада «Тауыс құс биі» Қамбарова Гүлжан ағылшын тілі пәні мұғалімі

1-Жүргізуші: Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі», — деген қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев.

2-Жүргізуші: Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы  білім саласының даму бағытына тікелей байланысты.

Сахнада орталығымыздың ер мұғалімдерінен құралған «Жайдарман» тобының әзілдеріне кезек береміз.

1-Жүргізуші: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында», — дегені бәрімізге белгілі. Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл – ұстаздардың еңбегінің жемісі. Олай дейтін себебіміз ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да ұстаз тәрбиелейді. Мұғалімі қандай болса, қоғамы да сондай болмақ делінген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде-ақ белгілі болды. Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекет қана озып шыққан.

2-Жүргізуші: Жастар күні мерекесіне орай орталығымыздың «Жастар» педагогикалық тобы мүшелерінің арасында арнайы ойын ұйымдастырғалы отырмыз.Ойын «Мақал-мәтел білгірі» деп аталады.Шаршы топ алдына төрт қатысушыны шақырып,сайысқа қатысушыларға экраннан мақал-мәтелдерге сілтеме ретіндегі иллюстрацияларды көрсетіп отырамыз,жауапты белгішені бірінші болып көтерген ойыншы беретін болады.Ең басым ұпай жинаған ойыншыны жеңімпаз деп танитын боламыз.Жеңімпазға арнайы марапат ұсынылады.

Слайд №4

(Ойынды орталық қызметкері Қанаева Салтанат жүргізеді)

(Орталық ұстаздарының қатысуымен топтық флешмоб)

1-Жүргізуші: Қазіргі мектеп балалары- болашақ қазақ азаматтары. Ал сол ұрпаққа білім мен тәрбие беретін жан – ұстаз.Жас ұстазда тәжирибе аз шығар,бірақ жалын мол,білуге,үйренуге деген талап терең.Құштарлық пен қабілетін шыңдайтын,шабытын оятатын, алдында «бәрін білсем» деген өресі биік шәкірт бар.

2-Жүргізуші: Ақырын сөйлеп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, —

деп, Абай атамыз айтпақшы, еңбегін далаға емес балаға шашар, ұрпақтың көзін ашар үлттың ұлы ұстазы Ахметтердің бүгінгі ізбасарларының ілімі мен білімі , ұрпаққа берер өнегесі дарыны мен жалыны жетерлік. «Жастар» педагогикалық отрядының мерейлі мерекесіне құттықтау ретінде қасиетті қара домбыраның шанағынан төгілер келісті күйге кезек береміз

Слайд 4

Орталығымыздың қосымша білім беру маманы,домбыра үйірмесінің жетекшісі Бегимова Саматтың орындауындағы Түргештің «Көңілашар» күйін тамашалаңыздар!

1-жүргізуші: Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

2-Жүргізуші: Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз.

Сахнада Қанаева Салтанат және Тугескенова Мақпалдың орындауындағы «Аппақ гүлдер» әніне кезек береміз.

1-Жүргізуші: Ұстаз- жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі

Ұстаз -мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да - әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп,қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек мамандық иесі.Мәртебелеріңіз биік болсын, ұстаздар!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20.03.2019
510
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12