400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жастар және музей: байланыс бар ма?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада жастар мен музей арасындағы қазіргі байланыс мәселесі қарастырылады. Автор Орталық музейдегі практика барысында жастардың қызығушылығы мен музей жұмысының өзара ықпалын талдап, мәдениет пен сананы жаңғыртудың маңызын айқындайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әл-Фараби атынадғы Қазақ Ұлттық университеті

Философия және Саясаттану факультеті

Орындаған: Баяхмет Аружан

Жетекшісі: Кудерина Айжан



Жастар және музей: байланыс бар ма?



Қоғам дамуының айнасы — мәдениет. Ал мәдениеттің негізі — тарих. Осы тарихты тірілтіп, ұрпақ санасына жеткізетін киелі орындардың бірі — музей. Алайда қазіргі таңда музей мен жастардың арақатынасы қандай? Жастар музейге бара ма? Барса, не іздейді, не табады? Жастар мен музей арасындағы байланыс бар ма — осы сұрақтар көпшілікті толғандырып жүр.

Менің бұл сұрақтарға ойлануымның себебі — Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік музейінде өткен өндірістік практика болды. Бір ай бойы музей ішіндегі тыныс-тіршілікті, көрермендердің келу себептерін, жас буынның қызығушылығын бақылауға мүмкіндік туды. Сол тәжірибе барысында музейдің сырт көзге байқала бермейтін үлкен әлем екенін түсіндім.

Көпшілік үшін музей — жай ғана экспонаттар қойылған орын. Бірақ шын мәнінде музей – бұл білім мен тәрбие, тарих пен болашақтың тоғысқан нүктесі. Жас ұрпақ үшін ол — ұлттық болмысты танудың, рухани тұрғыдан кемелденудің алаңы. Алайда өкінішке қарай, кейбір жастар музейге тек мектеп немесе университет тарапынан ұйымдастырылған экскурсия аясында ғана келеді. Ал өз еркімен, қызығушылықпен келетіндердің қатары сирек.

Бұл мәселенің себептері де көп. Бірі — жастардың бос уақытын әлеуметтік желілер мен цифрлық контентке жұмсауы болса, екіншісі — музейлердің заман талабына сай бейімделе алмауы. Дегенмен бұл үрдісті өзгертуге болады. Қазіргі таңда көптеген музейлер интерактивті құралдарды, цифрлы технологияларды енгізіп, жастармен жаңа форматта байланыс орнатуға тырысып жатыр. Солардың қатарында Орталық музей де бар.

Практика кезінде көрме залдарын аралап жүріп, заманауи визуалды контентпен жабдықталған бөлімдерге жастардың көбірек тоқтап, қызығушылық танытатынын байқадым. Сонымен қатар, музей ұжымының түрлі тақырыптағы шеберлік сағаттары, ашық лекциялар мен квесттер ұйымдастыру арқылы жастарды тартуға күш салып жатқанын көрдім. Бұл – болашаққа бағытталған оң қадамдар.

Жастар мен музей арасындағы байланысты күшейту үшін екі тарап та қадам жасауы тиіс: музейлер жаңашылдыққа ұмтылып, жастардың тілінде сөйлей білуі керек, ал жастар өз тарихын тануға деген ішкі сұранысты оятуы қажет. Музей — өткеннің мұрасы ғана емес, бүгінгі күннің тәрбие құралы. Жастар оны тек көру емес, түсіну, қабылдау, қайта жаңғырту арқылы мәдени дамуға үлес қосуы тиіс.

Сөз соңында айтарым: жастар мен музей арасында байланыс бар — бірақ ол әлсіз. Оны күшейту – біздің, бүгінгі буынның қолында. Музейге бару – сән емес, сана болуға тиіс. Өйткені өз мәдениетін құрметтеген ел ғана болашағын баянды ете алады

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 маусым
135
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі