«Жастар жаңа бастамалардың
жаршысы» тақырыбында
оқушылар арасындағы
пікірсайыс турнирінің жүргізілу
тәртібі
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар
мен оқушылар және бүгінгі дебатқа
қатысушылар! Дебат ойынына қош
келдіңіздер!!!
Бүгінгі біздің
“Жастар жаңа бастамалардың
жаршысы” атты пікірсайысымыздың
негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қоғамдық
тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту.
Басты мақсат жастардың
бойындағы барлық көшбасшылық, зияткерлік қасиеттерін ұлт мәселесін
шешуге жұмылдыру, олардың қоғамдағы халықты алаңдатып жүрген
көкейкесті сауалдардың ең дұрыс шешімін тауып, заман талабына сай
саналы ой, салиқалы түйін түйе білуі.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың
көреген саясаты арқасында дүние жүзі халықтарына танымал мемлекетке
айналдық. Қазіргі кезде Қазақстан дамыған мемлекеттердің қайсысымен
болмасын, бәсекелестікке бара алатындай, текетіреске тұра алатындай
деңгейге көтерілдік десек, артық айтқан болмас едім. Жарқын болашақ
– жастардың қолында.
Пікірсайыс турнирінің төрешілерімен таныс
болыңыздар:
1. «Мәңгілік Ел» тәрбие және
білім беру орталығының директоры
Жумадилова
Р.Қ
2. Жастар орталығының жастар
ісі бойынша кеңесшісі
Құтжан
Бақытжан
3. «Мәңгілік Ел» тәрбие және
білім беру орталығының қосымша білім
беру педагогы Дүйсенова
Ж.Н.
Ортаға дебатқа қатысушыларды
шақырайық:
-
Жасөркен о/м «Жас ұлан»
командасы
-
Макаренко о/м «Парасат»
командасы
-
Төле би о/м «Болашақ»
командасы
-
Гродекова о/м «Жастар»
командасы
-
Амангелді о/м «Амангелді»
командасы
-
Шайқорық о/м «Үздіктер»
командасы
-
Б.Тайшапов о/м «Тайшапов»
командасы
-
Б.Бесбаев о/м «Құлагер»
командасы
-
Октябрь-Жеміс о/м «Жас қазақ»
командасы
-
Шайқорық о/м «Шайқорық-2»
командасы
Жүргізуші ашық
пікір-таластың ойын-шарттарымен
таныстырады
Пікірталас
шарттары:
1.Әр топ өздерін
таныстырады.
2.Пікірталасу (3 мин)
3.Екі топ өзара сұрақ алмасады.
4. Қорытынды.
Сарапшыларды
тыңдаймыз
Ойыншылар, Сіздерге
сәт-сапар тілейміз!
Пікір –сайысты жақтау
тобының бірінші спикері бастайды. Оның 5 минут уақыты бар. Сөзін
төрешілерді, қарсыластарын, көрермендер мен өз тобымен амандасудан
бастап, өз кейсіне көшеді. Ең алдымен қарарымен келіседі ( мысалы:
«Жастардың сайлауға қатыспауы ақталмайды»), содан кейін қарардағы
негізгі ұғымдарды анықтайды – «сайлау», «ақталмайды», «жастар».
Негізгі ұғымдарға анықтама берудің маңызы өте зор. Сол арқылы
ойыншылар осы пікір – сайыста қозғала алатын немесе қозғауға
болмайтын мәселелер шеңберін анықтап алады. Анықтама берген кезде
ойыншылар анықтаманың қайнар көзін ( алынған жерін), тіпті бетін
көрсетуі тиіс.
Пікір – сайыс басталмай тұрып, төреші топтарға жеребе тартқызып,
олардың бағытын анықтайды (жақтау / даттау), осыдан кейін топтар
дайындыққа 15 минут уақыт алады. Бұның сыртында әр топтың ойын
барысындағы сөздеріне, қарсы сұрақ – жауаптарға дайындалу үшін 8
минут уақыттары бар, бұл уақытты пайдалану, бөлу мәселелері топтың
өз еншісінде. Әр ойынды уақытты қадағалап отыратын уақыт төрешісі
болуы тиіс.
Турнирдің
қарарлары
1. Қазіргі заманғы жастарға
патриотизм тән бе?
2. Жастар саясаты қажет
пе?
3. Мемлекеттік тілдің қолданыс
аясын кеңейтудің тиімді механизмін
ұсынады.
4. Жастардың мәдениетін көтеру
жолдарын ұсынады.
Ойын толқын, айналған қатты
ағысқа
Табылғандай танымда,жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып,тасып,
Біреу мығым,біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде, жеңілсеңде қалма жасып.
Көрермен жиналған бұл сайысқа,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа,сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді таланттарға
Ал енді әділ саралап, оң
бағасын берген біздің төрешілеріміздің ойын тыңдау үшін сөз кезегі
«Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының директоры
Жумадилова Рина Қамбарқызына беріледі.
Бүгінгі өткен пікірсайыс өз
мәресіне де жетті! Бергенімізден гөрі алғанымыз көп болды, жалынды
жастардың арасында осындай пікірсайыстарды оздыра отырып, біздер
жас ұрпақ арасында шешендік сөйлеу өнерін, тыңдау әдебін дамыта
аламыз, жүйелі, астарлы ой қалыптастыруды, логикалық ойлауды
қамтамасыз етеміз!"Білімді, сауатты адамдар — бұл XXI ғасырда
адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші" деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
айтқандай, біздер бәріміз "ХХІ ғасырдың білімді де, сауатты
адамдары" болуымыз керек! Мақсатымыз айқын ,ендеше, іске
сәт!!!