Күнтізбелік-тақырыптың
жоспардың
сабақ
жоспары
№_______
Топ
атауы
|
|
|
|
|
Өткізілген
күні
|
|
|
|
|
Сабақтың
тақырыбы
Жастар киімі.
Сабақтың
мақсаты:
а)
білімділік: студенттерге жастар
киімі туралы
ақпарат, тақырыптың негізгі идеясын
ашу, тақырыпқа байланысты сөйлесу
дағдыларын дамыту.
ә)
дамытушылық:
арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін
дамыту;
ой
түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс
істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде
әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру,
ой-өрісін кеңейту.
б)
тәрбиелік:
қазақтың нақыл сөздерін құрметтеуге,
байлығын қорғауға болашақта елімізді
өркендетуге қабілетті, білімді жас
ұрпақтар тәрбиелеу.
ІІІ.
Сабақтың түрі:
жаңа сабақ
ІҮ.
Сабақтың әдісі:
тапсырмалар, сұрақ-жауап
Ү.
Сабақтың көрнекілігі:
суреттер, слайд
ҮІ.
Пәнаралық байланыс:
орыс тілі, тарих,әдебиет
ҮІІ.
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру
ІІ.
Үй жұмысын сұрау
141-бет
6-тапсырма (авторы: Т.М.Артыкова.
М.Б.Боранбай)
ІІІ.
Жаңа сабақ
Сабақтың
тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру..
Жастар
киімі
Адамдар
әр елде әрқалай киінеді. Сондай-ақ бір
елдің ішінде адамдардың жасына қарай
киімдері де әртүрлі болады. Соның ішінде,
әсіресе жастар киімі айрықша әсерлі..
Мұның өзі жастық кезеңнің әсемдікке
жақын болуымен байланысты. Жастық
дегеннің өзі – сұлулық, ойарманы да,
сөзі де, киімі де –бәрі - бәрі сұлу.
Жастықтың сұлулығын оның, әсіресе киімі
арттырып тұрады. Жастардың киімі
көбінесе ықшам және ашық түсті болады.
Бойжеткендер әсерлі киінгенді ұнатады.
Жігіттер жеңіл киінеді. Жастар, әдетте,
маусымдық сәнге құмар. Қыздар талғамдысына
ұмтылса, ер балалар арзандауында кие
береді. Жастар киімінің сәнділігімен
бірге, оның денсаулыққа зиян болмайтындай
жағы да қарастырылады. Бұл тұрғыдан
алғанда , жастар киім таңдағанда , көшеге
киініп шыққанда ауа райын да ескерулері
керек. Бір сөзбен айтқанда, жастар киімі
өздеріне жарасымды, қолайлы, ауа райы
ескерілген, денсаулықты қорғайтын,
сәнді болғаны дұрыс. Ал киімнің сапасы
, төзімділігі арзан-қымбаты әркімнің
өз мүмкіндіктеріне байланысты.
әрқалай
- по-разному
киінеді
- одевается
жасына
қарай
- по возрасту
әсерлі
- впечатляющий
жастық
кезең
- молодость
әсемдік
- красота
өңі
- лицо
1-тапсырма.
Киімнің сипаттарын қазақ тіліне аударып
айтыңдар.
Модный,
удобный, приятный, впечатляющий, красивый
, прочный, аккуратный, теплый, легкий,
подходящий, сезонный, веселого цвета.
2-тапсырма.
Болымды түрде айтылған киім сипаттарын
болымсыз түрде айтыңдар.
сәнді
ықшам
ашық
түсті әсерлі
маусымдық жылы
қолайлы
жеңіл
әсем жарасымды
Керек
сөздер:
маусымдық емес, жарасымсыз, жеңіл емес,
жылы емес, түсі ашық емес, қолайсыз, әсем
емес, ықшам емес, әсерсіз, сәнді емес.
Есімше
Есімше
– етістіктің бір түрі. Есімшелер
етістікке мынадай жалғану арқылы
жасалады: айт+қан,
іш+кен,бар+ған, бер+ген, ал+атын,көр+етін,отыр+ар,
көр+ер,сана+р, қара+йтын,күре+йтін,
жүгірме+с.
Есімшелердің
сұрақтары оның жұрнақтарына ұқсас
айтылады. Мысалы: қайткен? (теп+кен),
қайтер? (жең+ер),
қайтетін? (жат+атын),
қайтпес? (келіспе+с)
3-тапсырма. Берілген
етістік сөздерге есімшенің тиістіқосымшаларын
жалғап жазыңдар.
Ал
(-ған,-ген,-қан,-кен), кел (-ген,-ған,-қан,-кен),
қайт(-ған,-ген,-қан,-кен), өт(-ген,-ған,
-қан,-кен),
сақта (-р, - ар, -ер), кет(-р, - ар, -ер),қара
(-йтын, - йтін,-ыйтын), төле (-й, -йтын,
-йтін), қала (-йтын, -йтін) жіберме (-с)
4-тапсырма.
Мәтінді
оқыңдар. Тазалық туралы данышпан қарттың
қорытынды сөзін жалғасытырп, өз
пікірлеріңді қосыңдар.
Тазалық
Жас
жігіт дана қарттан: «Өмірдегі ең маңызды
нәрсе не? Оны қайдан табуға болады?»
-деп сұрапты. Дана қарт мәуелі алма
ағашының астында отыр екен. Ол басын
жоғары көтеріп, жігітке:
Мына
алманың біреуін үзіп ал, -деп жауап
беріпті.
Міне,
алыңыз, - деп жігіт алманы алақанына
салып, қартқа береді. Қарт алманы
алмайды. Жігітке:
Енді
оны ортасынан қақ бөл. Ішінде не барын
қара, -дейді.
Төрт
дәні бар.
Соның
біреуін бөл, дәнінде не бар екен?
Ақ
түсті дән.
Сол
дәнді майдалап, тағы да қарашы, не көріп
тұрсың? – дейді.
Еш
нәрсе көріп тұрған жоқпын, -деп жауап
қатады жас жігіт.
Сонда
қарт:
Сен
маңызды нәрсені таппадың. Маңызды нәрсе
соншалықты мөлдір болады, оны көзбен
көру мүмкін емес. Ол – тазалық. Мендегі,
сендегі маңызды нәрсе –тазалық. Адамның
жаны да, денесі де, киімі де, сөзі де,
мінезі де, әрекеті де – бәрі таза болу
керек,-депті дана қарт.
ІІІ.
Қорытындылау
ІҮ.
Үйге тапсырма
172-бет
5-тапсырма (авторы: С.Дюсебаев. Г.Байтилеуова)
Ү.
Бағалау