400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жастар мәңгілік тәуелсіз елдің болашағы

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Елбасымыздың Жолдауында осы жылды

«Жастар жылы» - деп жариялануына орай

« Жастар мәңгілік тәуелсіз елдің болашағы!» атты

өнер фестивалінің сценарийі



1-жүргізуші:

Елбасы Н.Ә.Назарбаев халқына арналған жолдауларының бірінде «Бізден кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз. Ел бірлігі болуы керек , жалпы ұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуіміз керек»- деген болатын.Тәуелсіз еліміздің болашағы жастар . Елбасымыз соңғы жолдауында айқын да ашық 2019 жыл «Жастар жылы» деп атап өтті. Жастар бойына елге деген сүйіспеншілікті арттыру, туған жерге өз үлестерін қосу, білімді , білікті, өнерлі жастарды айқындай отырып, еңбек пен білімнің арқасында ғана жаңаруға жол ашылатын нақты қадамдардың бағдарламасын ұсына отырып жеткізген.

2-жүргізуші:

2019 жыл-жастар жылы .Қазақстанның болашағы жастарды әр салада қолдау қажет.Тәуелсіздігіміз мәңгілік, еліміздің іргесі берік, тұғырлы болсын деген тілекпен « Жастар мәңгілік тәуелсіз елдің болашағы!» атты өнер фестиваліне қош келдіңіздер!!!

Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетіп шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік әділқазыларды таныстырып.

Әділ қазылар алқасымен __________________________________________________________________________________________________________________ таныс болыңыздар!

1-жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына 
Жас өрендер желбіретіп нық ұста 
Ғасырларға жалғастырып елдікті 
Дақ түсірме ата баба рухына 
Үлгі бізге аталардың ерлігі 
Ұлағаты өнегесі еңбегі 
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі

2-жүргізуші:

Елбасымыз өз мақаласында: «Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі.Әрбір өлкенің халқына суықта пана , ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуі тиіс»,-деп ерекше атап көрсеткен.

1.Көрініс:________________________________

2.Хор: «Мәңгілік ел жастары» орындайтындар 5-6 сынып оқушылары жетекшісі : Шамшиева Б.

1-жүргізуші:

Көк байрағым желбірейді елімде,

Қалықтасын қыран құсы көгімде.

Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,

Әуелесін Қазақстан жерінде - деп кезекті әнге береміз.

3.ӘН: « Батырлар Ұраны» орындайтын даярлық тобының оқушысы Елдос Бағдаулет қабылалыңыздар!!!

2-жүргізуші:

Балалық балғын қандайсың

Шаршамайсың ,талмайсың

Күндіз-түні тынбастан

Туған жерді шарлайсың,-деп ендігі кезекте

4.БИ: орындайтын 9 «б» сынып оқушысы Мамедов Магамед «Қарабах » биі

1-жүргізуші:

Туған елім, туған жерім,

Бақытымсың, бағымсың.

Қуанамын өзіңменен,

Мәңгі шырқар әнімсің- деп ендігі кезекте

5.Ән: « Жаса туған жер » орындайтындар 9 «а» сынып оқушысы Бектұрсын Гулназ және 10 «б» сынып оқушысы Амирхан Аружан қабылалыңыздар!!

6. Өз шығармаларынан 1) орындайтын «Уақыт қадірі» 3 «г» сынып оқушысы Әшім Нұрислам.

2) Мәнерлеп оқу «Жастар» орындайтын 9 «ә» сынып оқушысы Оразқұлов Абылайхан

3)Мәнерлеп оқу «Отырар» авторы М.Шаханов орындайтын 8 «а»

Сраил Нұрдаулет

2-жүргізуші:

Күйге толы дүние- ай, дүбірлеген

«Қайран шешем», «Кішкентай» күнім деген.

«Көбік шашқан», «Сары өзен» жағасында

«Ерке сылқым» , «Айжанқыз» күлімдеген-деп ендігі кезекті күйге береміз.

7.Күй: «Саранжап» орындайтын 7 «б» сынып оқушысы Кәрібай Айтөре. Қабылалыңыздар!!!

1-жүргізуші:

Ардақталды Астанам,

Мәртебелі бас қалам

Көркейе бер күн сайын

Алға қарай,бас қадам-деп кезекті әнге береміз.

8.Ән: « Астана» дует орындайтындар 5 «ж» сынып оқушысы Марат София мен 6 «а» сынып оқушысы Әскер Ұлдана.


9.Цирк пародия. Өнерге әркімнің ақ бар таласы, сондада олардың бар таңдамасы,-деп ендігі кезекте 5-8-9 сынып оқушыларының пародиясын тамашалаңыздар!!!

10. Терме Аскер Ұлдана «Қазақ осы»

1-жүгізуші

Даламның кеңдігінде жүрегім бар,

Мөп-мөлдір елге арналған тілегім бар.

Қатардағы қазақтың перзентімін,

Отаныма, еліме берерім бар.-деп кезекті әнге береміз.

11.Ән: заманауи «Папури» орындайтындар 9 «а» сынып оқушысы Бектұрсын Гулназ және 10 «б» сынып оқушысы Амирхан Аружан.

2-жүргізуші:

12. Мектебіміздің жас гимнастарының өнерін тамашалаңыздар!!

1-жүргізуші :

Қазақстан-атамекен, құт қонған жер,

Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер

Көк орай белестері мақпал кілем

Қырлары қызғалдағы құлпырған жер,-деп кезекті әнге береміз.

13.Ән: «Туған ел » орындайтын 5ә сынып оқушысы Смайл Әділет

2-жүргізуші:

Сен неткен Түркістаным ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағының бақыты үшін,

Жайнай бер, Түркістаным қазақ елім ,-деп кезекті әнге береміз.

14. ӘН: «Түркістаным Тұраным», орындайтын 2 «г» сынып оқушысы Асемай

Мәңгілік ел-болашағы біртұтас ел!

Жастардың ұраны – мәңгілік ел !

Еліміздің болашағы –Жастар !

Мәңгілік ел жасасын !

Қазақстан - Ұлы дала елі- деп бүгінгі «Жастар мәңгілік тәуелсіз елдің болашағы!» атты қалалық өнер фестиваліміз өз мәресіне жетті. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.05.2019
792
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі