400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жастар тәрбиесі − адамзаттың мәңгілік тақырыбы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жастар тәрбиесі − адамзаттың мәңгілік тақырыбы.

Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Жас ұрпақтың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақытпен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс.Ұлы Абай: Адам ата−анадан туғанда есті болмайды,естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады,− десе, француз педегогы Жан Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсақ қағаз бетіне солай түседі, жастар тәрбиесі де солай, өзін қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді» деген екен. Тәрбие ұлттық іс- әрекеттер арқылы әдет -ғұрыпқа негізделеді. Әдеп, әдептілік негізгі ұлттық қолданысқа айналса, оны халық салт немесе заң дейді. Қазіргі қоғам жан- жақты білімді де білікті, мәдени ой өрісі өсіп жетілген ұлттық салт-сананы бойына сіңіріп өскен жаңа адамды тәрбиелеудегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіргізудің маңызды алғы шарттарының бірі ретінде қалыптастыруда.

Бұл жастардың тәрбие мәселасі қоғам әр уақытта өзекті болып, жауапкершілікті жүктеп отыр. Адамзат жаһандану мен ақпарат дәуіріне, әлем шексіз шынжыққа, ал өнер адам өмірін әлеуметтік және өзіндік мағына мен қуанышқа толтыруға бағытталған шаққа аяқ басты. Студенттік жастар өз заманының ең дамыған бөлігі ретінде ертең ақ қоғамның алға басушы, күші болады, олардың ішінен саяси зиялылар қалыптасады, еліміздің және әлемнің келешегі соларға байланысты болады. Еліміздің басты мақсаты жаңа әлеуметтік экономикалық жағдайларда жұмыс істей алатын мамандарды тәрбиелеуге және олардың әлеуметтік механизмдерін байқай отырып, жоғары оқу орнында тәрбиелеу жұмысының қалыптасу мен даму заңдылықтарын айқын жүргізуді қажет етеді. Тәрбие әр уақытта көзқарас, қызығушылық, идеология, саясаттың тоғысу үстінде құнды бағдарламаларды қалыптастыра отырып адамның іс- әрекетінің мән- мағынасы әлеуметтік- экономикалық көмегінен тыс болмауы керек. Жастар тарихи құндылықтармен рухани қасиеттерге ұмтылып, өздерін өмір сүріп отырған заманға лайықтай білсе, көңілдегі көксеген мұратына қол жеткізу тіпті де қиын болмайды. Жастарды жақсылыққа бастайтын жақсы қасиеттің бірі -ауызбірлік пен ынтымақ. Осы бағдарда өзіндік болмысы қалыптасқан жасты еуропалық мәдениет те, өркениетті мемлекет те, жетілген техника да қорқыта алмайды. Бірлік болған жерде әрдайым тату тірлік болмақ. Мұның бәрі жанкештілікті, жанқиярлықты талап етеді. Ұрпақтың жаңаруы мемлекеттің біріктігін, оның гүлденуін айқындайды. Қазіргі жастар осыны жетік түсінулері керек. Халқымыздың сан жағынан көбейіп, сапа жағынан тұрақтауы міне, осы ақиқатқа тәуелді болмақ. Жастар- елдің болашағы, болашаққа сенім арту жеңісті де жемісті келешектің көрінісі. Жастар мемлекетіміздің қуатты тірегі болса, онда экономикалық дағдарыс пени әлеуметтік шиеленіс мүлдем бас көтере алмас еді. Жастар қоғамның белсенді өзегіне айналып, реформаның шешуші күші болуга ұмтылуы керек. Елімізді өткенге емес, баянда болашаққа алып баруға, бар күш жігерін салудан аянбаулары қажет. Ұлтжандылық,отансүйгіштік әрбір адамға керек қасиет. Адам бойында бұл қасиеттер болмаса, елінің азаматы, өз халқының ұлы мен қызы болуы мүмкін емес. Жастар тәрбиесінде ең алдымен осы мәселелер тұруы керек. Өз Отанын, өз ұлтын сүймеген адамнан ешқандай жақсылық күтуге болмайды және оның опасыздық жасауы да әбден мүмкін. Ондай адамдар елінің қорғаны да, патриоты да бола алмайды. Сондықтан да жастарды өз елінің нағыз патриоты етіп тәрбиелеуде көп күш жұмсасақ ұтылмасымыз анық.

Ұлтжандылық дегеніміз- өзт ұлтын сүю және өз халқы үшін аянбай еңбек ету, ұлттық мүддені қорғау, қайда жүрсе де өз ұлтының баласы екендігін ұмытпау,сонымен қатар басқа ұлттың өкілдеріне құрметпен қарап, өз халқының мүддесіне сай саяси, экономикалық, әлеуметтік мәдени мәселелерді шешуге ат салысу. Отансүйгіштікті ұлтжандылықтан бөліп қарауға болмайды. Бұл екі ұғым бірін - бірі толықтырып отырады.

Әрбір жас өзінің нақты сенімін, ұлты мен жеріне деген сөнбес сүйіспеншілігін дұрыс қалыптастырса екен деймін.

Райгуль Жумагулова

Ақжар орта мектебі, Онжас ауылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
486
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі