Жастардың денсаулығы- қоғам байлығы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жастардың денсаулығы- қоғам байлығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жастардың денсаулығы- қоғам байлығы. Қазіргі кезде жастардың денсаулығы- біздің болашағымыздың денсаулығы. Ден сау болу үшін оның әр түрлі жолдары бар. Оны қалай сақтау керектігін, өмір бойы білу керек...
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жастардың денсаулығы- қоғам байлығы.

Нурпеисова Ботагоз Кумашевна

КГУ "Ново-Бухтарминская средняя школа 2"


Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулықДенсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.

Біреулер денсаулықты әсемдікпен, әдемілікпен байланыстырады. Енді біреулер үшін денсаулық — күш-қуат, ерік-жігер, салауатты ой сана. Тағы бір топ ағзадағы сырқат белгілерін айта бастайды. Шындығында, біздің денсаулығымыз қоршаған ортамызға, тыныс-тіршілігімізге тікелей байланысты. Бірақ денсаулықтың нағыз анықтамасы қандай екені осы шығарма бойынша түсіндіріледі.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының жарғысында «Денсаулық — физикалық ақаудың, аурудың болмауы ғана емес, адамның физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік тұрғыдағы толыққанды белсенділігі» ретінде түсіндіріледі. Бірақ, бұл менің ойымша, келешекке бағытталған түсіндірме.
Қазақ халқы дұрыс айтқан: «Бірінші байлық — денсаулық, екінші байлық — ақ жаулық, үшінші байлық — он саулық». Біздің зерттеуіміз бойынша, Қазақстанда, мысалы, абсолютті 100% дені сау адам жоқ. Халықтың 20%-ы салыстырмалы түрде ғана дені сау деп айта аламыз. Бірақ қатты күйзеліс, қатерлі факторлар әсер ететін болса, олар бұл санаттан шығып қалуы ықтимал. Енді 40%-ы сырқаты емделсе де, нәтижесі нашар жандар. Адамға кез-келген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Соның әсерінен әртүрлі күйзелістер пайда болған адам өз күшімен бұл жағдайдан шығып кете алмайды. 20%-ы ауру алды күйде және аурулардың созылмалы түріне өткен. Енді қалған 20%-да түрлі созылмалы сырқаттар бар. Бұл кісілердің жалпы денсаулығын қалпына келтіру оңай емес, бірақ сол аурулардың асқынуының алдын алуымыз керек. Бір ауру екінші ауруға өтіп кетпеуі керек. Тұрғын халық, денсаулық сақтау ұжымдары, басқа да кез-келген ұжым денсаулыққа көп көңіл аудару қажет. Әсіресе, біздің жастарымыз болашақ денсаулықтарына қарау керек. "Тәні саудың -дені сау" демекші, егер адам әрдайым жақсылық жасап, алғыс алып жүрсе оның жан дүниесі, тәні таза болады. Өзіңнен үлкен кісілермен амандасып жүру керек. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле.Жалғыз басты кәрі кісілерге, мүгедектерге көмектес. Сонда сен алғыс аласың, достарың да көп болады.

Денсаулығына деген қажеттілік әр жаста әртүрлі көрініс береді. Жаңа туған балаға ананың сүті, жәй ғана мұқтаждық емес, денсаулығының негізгі көзі болса, кейін бала өсе келе оның орнын толықтыру үшін тағам рационынан басқа құндылықтарды керек етеді. Мысалы, май қосылған тамақтар, белок дүниесі, сосын жеңіл кәдімгі тағамдар молырақ болуы керек. Мектеп жасына келгенде бала ойнайды, яғни дене қимылы мол болғандықтан, олардың да тамағында өзгерістер болады. Спортпен шуғылданып, дұрыс тамақтану, гигиена сақтау және көп стресс алмау. Денсаулығы жақсы болуы үшін, ортасына лайық болуы үшін, мысалы, отырып жұмыс істеутін ғалымдар, мұғалімдер, дәргерлердің энергия жұмсау мөлшері аз болғандықтан, тамақтың сапасын да басқаша көріністе беріп отырады.

Жалпы, денсаулықтың 53%-дауы өмір сүру салтына байланысты, 18%-дайы сыртқы ортаның әсерлеріне байланысты, тағы 18-20%-дайы әр адамның өзінінің генетикасына, яки тұқым қуалаушылығына байланысты. Сонда қалған 5-10%-дайы ғана медицина мамандарына байланысты (денсаулық сақтау саласында қазіргі кезде оң өзгерістер көп, кемшіліктер де жоқ емес). Сондықтан, адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек, өзін-өзі күте білуі керек, өзін-өзі жақсы көруі керек. Денсаулық, салауаттылық санадан бастау алады. Бүгінгі таңдағы жас ұрпаққа сапалы білім, баланың саулығын сақтап, саналы тәрбие беру.


Денсаулық — тек жеке бастың ғана емес, ұлтымыздың да ұлы игілігі. Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасын, салт-дәстүрін пайдалана отырып, «баланы-жастан»демекші, дені сау, сана-сезімі терең, ақыл ойы зерек ұрпақ тәрбиелеу, баланы бесігінен жақсы әдетке баулу әр ата- ананың, тәрбиешінің міндеті.Соны ескере отырып, салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылайық!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.11.2021
9391
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі