ЖАСТАРДЫҢ
ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БЕЛСЕНДІЛІГІНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
ЖЕЛІЛЕРДІҢ ЫҚПАЛЫ
Еркинова
Нурайса., Жайлым Жансая., Сәрсенов
Ермұхан.,
Клышбаев
Райымбек.,
С.
Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық
зерттеу университетінің
03-074-26-10 тобының 1-курс студенттері,
Астана
Ғылыми
жетекші: Педагогика және философия
кафедрасының аға оқутышысы Дузелбай.А
Түйіндеме.
Мақалада
әлеуметтік желілердің жастардың
қоғамдық-саяси белсенділігіне ықпалы
қарастырылады. Тақырыптың өзектілігі
желі пайдаланушыларының санының өсуімен
және жастардың ақпаратты негізінен
желіден алуымен байланысты. Мақсаты –
желінің оң жақтары мен қауіптерін
анықтау. Әдебиеттер мен ашық дереккөздерге
шолу және талдау әдістері қолданылды.
Нәтижесінде ақпаратқа қолжетімділік,
пікір білдіру мүмкіндігі, сондай-ақ
жалған ақпарат, эхо-камера, «диванды
белсенділік» қатерлері айқындалды.
Желідегі белсенділікті нақты қоғамдық
іс-әрекетпен ұштастыру қажет деген
қорытынды жасалды. Нәтижелерді жастар
саясаты мен медиасауаттылық
бағдарламаларында қолдануға болады.
Түйін
сөздер: жастар;
әлеуметтік желілер; қоғамдық-саяси
белсенділік; азаматтық қатысу; жалған
ақпарат; цифрлық сауаттылық
ВЛИЯНИЕ
СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЕЙ НА ОБЩЕСТВЕННО-ПОЛИТИЧЕСКУЮ
АКТИВНОСТЬ МОЛОДЁЖИ
Еркинова
Нурайса., Жайлым Жансая., Сарсенов
Ермухан., Клышбаев Райымбек.,
Студенты
1-го курса группы 03-074-26-10 Казахского
агротехнического
исследовательского
университета имени С. Сейфуллина, Астана
Научный
руководитель: старший преподаватель
кафедры педагогики и философии Дузелбай
А.
Аннотация.
В
статье рассматривается влияние социальных
сетей на общественно-политическую
активность молодёжи. Актуальность темы
связана с ростом числа пользователей
сетей и тем, что молодёжь получает
информацию преимущественно из них. Цель
работы – выявить положительные стороны
и риски социальных сетей. Использованы
обзор литературы и открытых источников,
анализ. В результате выделены преимущества
(доступ к информации, возможность
выражать мнение) и риски (дезинформация,
эхо-камеры, «диванная активность»).
Сделан вывод о необходимости сочетать
активность молодёжи в сетях с реальными
общественными действиями. Результаты
применимы в молодёжной политике и
программах медиаграмотности.
Ключевые
слова: молодёжь;
социальные сети; общественно-политическая
активность; гражданское участие;
дезинформация; цифровая грамотность
THE
INFLUENCE OF SOCIAL MEDIA ON THE SOCIO-POLITICAL ENGAGEMENT OF YOUNG
PEOPLE
Erkinova
Nuraysa., Zhailym Zhansaya.,
Sarsenov Ermukhan.,
Raiymbek Klyshbayev.,
First-year
students of group 03-074-26-10, S.
Seifullin Kazakh Agrotechnical Research University, Astana
Scientific
Supervisor: A. Duzelbay, Senior Lecturer of the Department of
Pedagogy and Philosophy.
Abstract.
The
article examines the influence of social media on the socio-political
engagement of young people. The topic is relevant because user
numbers keep growing and young people get most information online.
The aim is to identify the benefits and risks of social media. A
review and analysis of literature and open sources was used. The
results show the benefits (access to information, freedom of
expression) and the risks (misinformation, echo chambers,
slacktivism). The authors conclude that online activity should be
combined with real-life civic action. The findings can be applied in
youth policy and media literacy programmes.
Keywords:
youth;
social media; socio-political engagement; civic participation;
misinformation; digital literacy
Кіріспе
Қазіргі
жастардың күні телефонсыз өтпейді десе
де болады. Таңертең көз ашқаннан Instagram
мен TikTok-ты қарап, Telegram-дағы жаңалықтарды
оқиды, достарымен чатта сөйлеседі.
Жаңалықты газеттен немесе теледидардан
емес, лентадан білетін болды. Бұл желілер
тек көңіл көтеретін орын емес, олар
қоғамдық пікір қалыптасатын алаңға да
айналып барады.
DataReportal
мәліметі бойынша, 2026 жылдың қазан айында
Қазақстанда әлеуметтік желілердің 18,3
миллион пайдаланушы аккаунты болған.
Бұл халықтың 86,6 пайызына тең және бір
жыл бұрынғыдан 1,4 миллионға (8,4 пайызға)
көп. Интернетке шығу деңгейі 93,4 пайызды
құрады [1]. Бұл санның бәрі бөлек адам
емес, себебі бір адамның бірнеше аккаунты
болуы мүмкін. Соған қарамастан желінің
қаншалықты кең тарағаны көрініп тұр.
Сондықтан
бұл тақырып өзекті. Жастар қоғамның ең
қозғалмалы бөлігі, ертең сайлауға
қатысатын да, елдің ісін шешетін де
солар. Мақаланың мақсаты: әлеуметтік
желілер жастарды қоғамдық өмірге тарта
ма, әлде нақты іс-әрекеттен алыстата
ма, соны талқылау. Жұмыста ғылыми
әдебиеттер мен ашық дереккөздерге шолу
жасалды.
Әлеуметтік
желілердің оң ықпалы
Ең
алдымен ақпаратқа тез қол жеткізу
маңызды. Бұрын елдегі жаңалықты білу
үшін теледидар көру немесе газет оқу
керек болса, қазір кез келген хабар
бірнеше минутта телефонға түседі. Заң
жобалары, мемлекеттік бағдарламалар,
сайлау туралы ақпаратты жастардың көбі
дәл желіден алады. Бұл олардың саясат
пен қоғамдық мәселелерге қызығушылығын
арттыруы мүмкін.
Екіншіден,
желі жастарға өз пікірін ашық айтуға
мүмкіндік береді. Көпшіліктің алдында
сөйлеуге ыңғайсызданатын адам пост
жазып не пікір қалдыра алады. Экология,
білім сапасы, жол мен қоғамдық көлік
сияқты жергілікті мәселелер желіде
көтеріліп, жауапты мекемелердің назарына
іліккен жағдайлар аз емес. Волонтерлік
акциялар, қайырымдылық шаралары, ағаш
егу науқандары да желі арқылы тез
ұйымдастырылады.
Әлемдік
тәжірибеде де мысал көп. 2010–2011 жылдардағы
Араб көктемі кезінде Тунис пен Мысырдағы
акцияларды ұйымдастыруда Facebook пен
Twitter маңызды рөл атқарды деп жиі айтылады.
Кейін #MeToo қозғалысы желіде кеңінен
тарады, ал 2018 жылы Грета Тунбергтің
жалғыз өзі бастаған мектеп ереуілі
халықаралық климаттық қозғалысқа
ұласты. Әлеуметтік қозғалыстарды
зерттеген Мануэль Кастельс те желі
адамдарды біріктіріп, бірлесіп әрекет
етуге тез жұмылдыратынын атап көрсетеді
[2]. Мәселені жария ету үшін жас адамға
ақша да, байланыс та міндетті емес: жақсы
жазылған пост жеткілікті болуы мүмкін.
Үшіншіден,
мемлекет пен жастар арасындағы байланыс
жақындады. Министрліктердің, әкімдіктердің,
депутаттардың парақшалары бар, оларға
тікелей жазуға болады. «Мемлекеттік
жастар саясаты туралы» Заңда жастардың
қоғамдық өмірге қатысуын қолдау
мемлекеттік жастар саясатының
міндеттерінің бірі ретінде қарастырылған
[3].
Теріс
жақтары мен қауіптері
Алайда
желінің екінші жағы да бар. Ең үлкен
қауіп жалған ақпарат. Желіде хабар
жылдам тарайды, ал оның рас-өтірігін
тексеретін адам аз. Пайдаланушылардың
көбі тақырыбын ғана оқып, бөлісе салады.
Хабар неғұрлым эмоционалды болса,
соғұрлым тез тарайды, ал фактілерді
тексеру әдетте кешігеді. Нәтижесінде
шындыққа жанаспайтын хабар мыңдаған
адамға жетіп, жастардың пікіріне теріс
әсер етуі мүмкін.
Екінші
мәселе алгоритмдер. Желі пайдаланушыға
бұрын қызықтырған нәрсеге ұқсас контентті
көрсетеді. Яғни адам өз көзқарасын
қолдайтын пікірлерді ғана көріп, басқаша
ойлайтындармен кездеспей қалады. Э.
Паризер бұл құбылысты «сүзгі көпіршігі»
деп атаған [4], ал «эхо-камера» деген
атаумен де жиі айтылады. Нәтижесінде
адамдар бір-бірін тыңдаудың орнына
дау-дамайға көбірек барады.
Үшіншіден,
«диванды белсенділік» деген құбылыс
бар, оны ағылшынша slacktivism деп атайды.
Біреу постқа лайк басып, репост жасайды
да, өзін қоғамға көмектескендей сезінеді,
ал шын мәнінде ешқандай нақты іс
жасамайды. Жастар арасында да «пікірімізді
желіге жазып қойдық, жеткілікті» деген
көзқарас кездеседі. Бірақ лайк басу мен
сайлауға барып дауыс беру, не болмаса
волонтер болу мүлде екі бөлек нәрсе.
Онлайн қызығушылық нақты іс-әрекетке
айнала ма, жоқ па деген сұрақ ғылымда
әлі даулы.
Төртіншіден,
манипуляция қаупі бар. Танымал блогерлер
мен парақшалар жастардың пікіріне әсер
ете алады, ал кейде жарнама немесе
үгіт-насихат ашық көрсетілмейді. Сыни
ойлау дағдысы әлсіз жас адам оған оңай
сеніп қалады.
Ақырында,
белсенділердің өзі үшін де қауіп бар.
Желіде жазылған пікір ұзақ уақыт
сақталады, ал қызу эмоциямен жазылған
постты кейін өзің де қаламауың мүмкін.
Сонымен қатар пікір айтқаны үшін
мазақталып қалудан немесе кибербуллингтен
қорқу кейбір жастарды ашық сөйлеуден
тоқтатады.
Желіні
қалай тиімді пайдалануға болады
Әлеуметтік
желіні жақсы немесе жаман деп бір жақты
бағалау дұрыс емес, бәрі оны қалай
қолданатынына байланысты. Біріншіден,
мектеп пен университетте медиасауаттылыққа,
яғни дереккөзді тексеруге, фактіні
бағалауға үйрету керек. Екіншіден,
студенттік кеңестер мен жастар ұйымдары
желідегі белсенділікті нақты іс-шараларға
ұластыра білуі тиіс: желіде шақырып
қана қоймай, шынымен жиын өткізіп,
бастаманы жүзеге асыру қажет. Үшіншіден,
мемлекеттік органдар жастармен желіде
ресми хабарландыру арқылы ғана емес,
шынайы диалог арқылы да қарым-қатынас
жасағаны жөн.
Қорытынды
Қорытындылай
келе, әлеуметтік желілер жастардың
қоғамдық-саяси белсенділігіне айтарлықтай
ықпал етеді. Олар ақпарат алуға, пікір
білдіруге, бірлесіп әрекет етуге
мүмкіндік береді, бірақ сонымен бірге
жалған ақпарат, «эхо-камера», «диванды
белсенділік» секілді қауіптер де
тудырады. Желідегі белсенділік нақты
қоғамдық қатысуға ұласқанда ғана шынайы
пайда береді. Сондықтан жастарда сыни
ойлау мен цифрлық сауаттылықты дамытып,
оларды тыңдайтын нақты алаңдар құру
маңызды.
Қолданылған
әдебиеттер
1.
Kepios. Digital 2027: Kazakhstan /
DataReportal.
-
URL: https://datareportal.com/reports/digital-2027-kazakhstan
(қаралған күні: 15.11.2026).
2.
Castells M. Networks of Outrage and Hope: Social Movements in the
Internet Age. -
Cambridge: Polity Press, 2012.
3.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9
ақпандағы № 285-V ҚРЗ «Мемлекеттік жастар
саясаты туралы» Заңы.
4.
Pariser E. The Filter Bubble: What the Internet Is Hiding from You. -
New York: Penguin Press, 2011.