Жастарға айтар ойлар көп. Оларға айта беру керек, айта беру керек...»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жастарға айтар ойлар көп. Оларға айта беру керек, айта беру керек...»

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақ жастарды Отанын сүюге, ізеттілікке, кішіпейілдікке ,ұлттық тәрбиге тәрбиелеу. Барысы:
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашып жастар жанының қазынасын,

Әрқашан да адамға жаны жақын

Досы көрсе, ағынан жарылатын

Парасатты Мұхтарды сағынасын.

Е.Жақсылықов

Сабақтың тақырыбы: Жастарға айтар ойлар көп. Оларға айта беру керек, айта беру керек...»

Мақсаты: Болашақ жастарды Отанын сүюге, ізеттілікке, кішіпейілдікке ,ұлттық тәрбиге тәрбиелеу.

Барысы:

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Бүгін біз «Болашақ – білімді жастар қолында. Жастарға айтар ойлар көп. Оларға айта беру керек, айта беру керек...» деген тақырыпта тәрбие сабақ өткізгелі отырмыз.

Мұхтар Ғалиұлының Тәрбие деген тәңірдің бары рас.Оның көздері көп. «Баланы жастан» дегенді қазақ бекер айтпаған. Адамгершілік,Парасаттылық,Зиялылық-әке қанымен,ананың ақ сүтімен,тәрбиемен келеді. Тәрбие –өте көлемді ұғым. Жастайынан тәрбиелейтін жүйеміз де мектеп. Мектеп тәрбие ошағы. Ең алдымен ой-сананы тәрбиелеу керек.Сабағымызды ашық деп жариялаймын. Енді сөз кезегін жүргізушілерге беремін.

1-жүргізуші: «Ақыл жастан, асыл тастан» деген сөзді айтқанда халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткен болар. Содан бері неше ұрпақ ауысса да халықтың жастарға деген сенімі өзгерген жоқ. Жастар әркез қоғамның қозғаушы күші ретінде танылған.

2-жүргізуші: Бір кездері Мағжан бабамыз:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін, - деп бекерден – бекер айтпаған болар. Сондықтан да біз жастар өзіміздің қоғам, халық алдындағы борышымызды, міндетімізді сезіне білуіміз қажет.

1-жүргізуші: Бізде жастайынан жалындап шыққан мақтан тұтар аға - әпкелеріміз жетерлік. Мысалға алар болсақ, жасындай жарқылдап өткен Шоқан Уәлиханов бүкіл Еуропа назар аударып отырған Қашқар қақпасының ар жағын әлемге паш еткен еді.

2-жүргізуші: Әрине, тізбелей берсек жастар жастар жайлы келтірер мысалдар жеткілікті, бірақ бұл тек құр сөз болып қалуы мүмкін. Сондықтан да біз өзіміздің болашақ үшін жасайтын игі істерімізді ойлануымыз қажет. Қазіргі күні еліміздің болашағы да біздің жастардың қолында.

Ал балалар, сендер болашақта қандай маман иесі болғыларың келеді? Ортаға салайық.

1-оқушы: ...............................

(Мен болашақта мұғалім болғым келеді. Өйткені елдің болашағы, оның өркендеуі үшін ең алдымен білім қажет. Ал білімнің бастауы, тұтқасы мұғалім.)

2-оқушы: .................................

(Банкир болғым келеді. Өйткені дамыған бай мемлекет болу үшін қаржы бірінші мәселе болып табылады. Банклік қызметте жаңа өзгертулер енгізіп, тың ұсыныстар кіргізсем деймін.)

3 – оқушы: ................................

(Дәрігер болсам деймін. Мемлекетіміздің дамып, өркендеуі үшін дені сау азаматтар жұмыс істеу керек. Елдің болашағы сондықтан дәрігерлердің қолында. Елім үшін еңбек етер білікті дәрігер болғым келеді.)

4 – оқушы:.............................

( Ал мен болсам әнші болғым келеді. Қазақтың ұлттық әндерін дүниежүзіне таратып, Қазақстанды бүкіл елге паш етсем. Қай ел болмасын мәдениетінің асқақтығымен танылады. Сондықтан қазақ дәстүрін ән әуезі арқылы бүкіл дүниеге таратсам деп армандаймын.)

1 – жүргізуші: Көздерінде от ойнар, сөздерінде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін.

2-жүргізуші: Жас қырандар балапан,

Жанып қанат ұмтылған.

Көздегені көк аспан,

Мен жастарға сенемін.

5 – оқушы:............................

( Мен болашақта әскери қызметкер болғым келеді. Олар елдің қорғаны. Іргесі берік елден қашанда жау тайсалған. Бабаларымдай жерімізді сырт көзден қорғар қайсар азамат болам деймін.)

6 – оқушы: .................................

(Мен суретші болғым келеді. Әдемі бояулармен елімнің тарихын, салт – дәстүрін, мәдениетін бейнелеп, әлемге танытсам деймін.)

2-жүргізуші:

Қажу бар ма тұлпарға,

Талу бар ма сұңқарға.

Иман күшті оларда

Мен жастарға сенемін, - дегендей енді мына сұрақтарымызға жауап бере кетейіқ.

1 – сұрақ: Қазақстанды 2030 жылы қалай елестетесің?

2 – сұрақ: Қазақстанды гүлдендірудегі өз үлесің.

1-жүргізуші: Міне,достым байқадың ба?Біздің жастарымыздың болашаққа деген сенімі зор. Енді М.Ғалиұлына арналған арнауларын, шығармаларын тыңдап көрелік.(Оқушы тыңдалады.)

2-жүргізуші:

Жұмсақ мінез жібектер,

Сүттен таза жүректер.

Қасиетті тілектер,

Мен жастарға сенемін.

1-жүргізуші:

Мен сенемін жастарға,

Алаш атын аспанға.

Шығарар олар бір таңда

Мен жастарға сенемін.

2-жүргізуші: Мұхтар Арын- қайталанбас тұлға

Мен Мұтар атаны көзіммен көрмесем де , ол кісі жайлы теледидардан естімесемде, газет-журналдан оқымасам да кітаптың көмегі арқылы; №24 лицейдің сол кісі жайлы көрсетілген сабақтары арқылы бұрыннан білмей келген бос «қоржынымды» толтырдым.

М.Арын –қайталанбас тұлға деп отырғаным: болашағы жарқын адамдар «бұл фәнидің жүзінде» қазіргі кезде саусақпен санарлық қана. Мұндай адамдар енді қайталанып келмейді, алайда соның ізімен жүретіндер аз емес: бұндай «терең дарияның» орны толмас, бірақ әр арнамен ағып келіп сол дарияның орнын толтыратындар көптеп кездеседі. «Жақсы адамдар бұлақтай: жан-жағын гүлдендіріп, жайнатып жүреді» деп бекер айтылмаған екенін енді түсіндім. Дәл осы нақыл Мұхтар атамызға айтылған екен. М.Арын атамыз шәкірт жүрегінде мәңгі сақталады.

Мұғалім:

Менің жастарға айтарым, мемлекет және өздеріңнің ата – аналарың сендердің сапалы білім алуларың үшін қолдан келгеннің бәрін істейді. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Ерінбей, жалықпай білім алыңыздар. Жұмыс істеуді үйренейік. Қоғамымыздағы бар жаманат атаулыдан жиреніп, олармен келіспейтін болыңыздар. Жалған әдеттен безіңіздер. Ел – болашағы мына сіздердің қолдарыңызда. «Жастарға айтар ойлар көп. Оларға айта беру керек, айта беру керек.Ызың керек. Жігіттер, ызың керек! Бірек болмаса, біреуі құлақта қалады деген екен»- М.Ғалиұлының қанатты сөзінде.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.05.2024
264
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі