ЖАСТАРҒА
ҚҰҚЫҚТЫҢ ТӘРБИЕ БЕРУ
- БҮГIНГI
КҮННІҢ ӨЗЕКТI МӘСЕЛЕСІ
«Академик
С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр
колледжі» білім беру мекемесі жасөспірімдер
арасында құқық бұзушылықтың алдын алу
мақсатында 2019-2020 оқу жылы Қазақстан
Республикасы ІІМ Байқоңыр қаласындағы
Өкілдігімен, Ресей Федерациясының
«Байқоңыр» кешеніндегі Ішкі Істер
Басқармасымен 3 жақты жоспарға, Қызылорда
облыстық ішкі саясат басқармасының дін
мәселелерін зерттеу орталығы КММ
Байқоңыр қаласы бойынша бөлімшесімен
2 жақты жоспарға, сыбайлас жемқорлықтың
алдын алу мақсатында Қазақстан
Республикасы ІІМ Байқоңыр қаласындағы
Өкілдігімен, Байқоңыр қалалық
прокуратурасымен, «Нұр Отан» партисының
Байқоңыр филиалымен 4 жақты жоспарға
сәйкес жүйелі жұмыс жасауда.
2019
жылдың 15 қарашасында «Академик
С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр
колледжі» білім беру мекемесінің
директоры, облыстық мәслихат депутаты
А.Дауленбаев пен Байқоңыр қалалық
сотының төрағасы Т.Қ.Жүсіпов өзара
ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМҒА қол
қойған болатын. Меморандумның мақсаты
біліктілік
деңгейі бойынша үздіксіз дамудағы еңбек
нарығы сұранысының талаптарына жауап
бере алатын құзыретті мамандар даярлау
барысында білімгерлердің бойында
белсенді азаматтық ұстанымы, әлеуметтік
жауапкершілік, отансүйгіштік сезім мен
жоғары адамгершілік, көшбасшылық
қасиеттерді қалыптастырып, құқықтық
сауаттылығын жетілдіру; ақпараттық
сауаттылыққа, интернет кеңістігіндегі
мінез-құлық мәдениетіне, киберқауіпсіздік
мәдениетіне тәрбиелеу азаматтық,
қылмыстық және әкімшілік сот өндірісінің
қағидаларының сақталуын, адам мен
азаматтың құқықтарын, бостандықтарын
және заңды мүдделерін қорғау; сот ісін
жүргізуінің жариялылығы мен ашықтығын
қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың
алдын алу мәселелеріндегі ынтымақтастық
болып табылады.
Мемлекетіміз
жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне
аса назар аударады. Қазақстан
Республикасының заңдарына терең құрмет
сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз
сақтау және орындау - ұзақ уақыт тәрбие
жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне
құқықтық сананың төмендігі, материалдық
және рухани игіліктердің не екенін
жөнді түсінбеушілік қоғамға жат
қылықтарды туғызады.
Қазіргі
біздің қоғамымыздың басты талабы –
мемлекеттік және халықаралық деңгейге
сай, бәсекеге төтеп бере алатын, жан-жақты,
адамгершілік-этикалық нормаларды
меңгерген, отансүйгіш, патриоттық
сезімде өскен ұрпақтар тәрбиелеу.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру-үйлесімді
тәрбиені білім беретін оқу орындарында
пайдалану, оны жетілдіру, өзге тәрбие
нысандарымен байланыстыра отырып, білім
алушылардың құқықтық санасын
қалыптастыруда, олардың қоғам алдындағы
жауапкершілігін арттыруда қолдану
басты іс болып табылады.
Құқықтық
идеяларды тарату және ақпараттық-құқықтық
қызметтерді дамыту компьютер ойындары
мен Интернет жүйесінің, жасөспірімдердің
құқыққа қарсы психологиялық ұстанымдарын
қалыптастыратын батыстық көркем
фильмдердің жасөспірімдердің психикалық
денсаулығына кері әсерінің алдын алуға
септігін тигізеді. Бұл факторлар
қылмыстық аяларды қалыптастырып,
балалардың құқықтық әлеуметсізденуінің
себептері болады. Сондықтан да қазіргі
кезде құқықтық мәдениеті жоғары, білімді
жастарды тәрбиелеу және қалыптастыру
ісі кезек күттірмей атқарылатын
мемлекеттік маңызды шаралардың қатарында
тұр.
26
желтоқсан күні «Академик С.А.Джиенкулов
атындағы Байқоңыр колледжі» білім беру
мекемесі білім алушыларының құқықтық
сауаттылығын жетілдіру мақсатында
Байқоңыр қалалық сотымен 2 жақты
келісілген Өзара Ынтымақтастық жөніндегі
Меморандум негізінде «Қазақстан
Республикасының Конституциялық құқығы
туралы түсінік және оның мәні, мемлекеттік
органдардың конституциялық жүйесі.
Қазақстан Республикасы азаматтарының
құқықтары мен бостандықтары» тақырыбында
дәріс болып өтті. Дәрісті Байқоңыр
қалалық сотының кеңсе меңгерушісі
Жұбатханов Асанхан Жұбатханұлы өткізіп,
білім алушыларға конституциялық құқық
ұғымы, оның қайнар көздері мен нормалары,
адам құқықтары мен бостандықтары,
Конституцияның құрылымы мен баптары
жайлы толық мағлұмат беріп, қылмыстық
кодекс, азаматтық, конституциялық
құқықтарға мысалдар келтіре отырып,
білім алушылардың сабаққа қызығушылығын
оятып қана қоймай ынталаларын арттырды.
Білім алушылардың алған құқықтық
білімдерін бекіту мақсатында Байқоңыр
қалалық сотының отырыс хатшысы Алтыруова
Малика дәріс бойынша сұрақтар қойып,
күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді
мысалға келтіре отырып, білім алушылармен
бірге қызу талқылау жүргізіп, дәрістің
қызықты өтуіне септігін тигізді.
Құқықтық
идеяларды тарату және ақпараттық-құқықтық
қызметтерді дамыту компьютер ойындары
мен Интернет жүйесінің, жасөспірімдердің
құқыққа қарсы психологиялық ұстанымдарын
қалыптастыратын батыстық көркем
фильмдердің жасөспірімдердің психикалық
денсаулығына кері әсерінің алдын алуға
септігін тигізеді. Бұл факторлар
қылмыстық аяларды қалыптастырып,
балалардың құқықтық әлеуметсізденуінің
себептері болады. Сондықтан да қазіргі
кезде құқықтық мәдениеті жоғары, білімді
жастарды тәрбиелеу және қалыптастыру
ісі кезек күттірмей атқарылатын
мемлекеттік маңызды шаралардың қатарында
тұр.
Алимбаева
Н.К.
«Академик
С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр
колледжі»
білім
беру мекемесі директорының тәрбие ісі
орынбасары