жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жастығын жалын шарпыған (ерлік сабағы)
«Жастығын жалын шарпыған» атты кездесу.
(интернационалист-жауынгерлерге арналады)
Кездесудің мақсаты: Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толған айтулы күнді атап өту. Қажетсіз соғыстың қасіреті жайлы мағлұматтар, Ауған ардагерілермен кездесу арқылы ауған соғысы жайында кеңінен мәлімет беру. Оқушыларды ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру.
Өтетін орны: мектептің акты залы.
Көрнекілігі: слайдтар, бейнесюжеттер, кітап көрмесі, сахнаның безендірілуі.
Түрі: кездесу кеші.
Пәнаралық байланыс: тарих, Қазақстан тарихы, музыка.
Кештің жүру барысы:
І бөлім. «Жастығын жалын шарпыған»
Сахнада бастауыш сыныптың оқушылары тұрады.
1-жүргізуші. Құрметті қонақтар, ұстаздар, мектеп оқушылары бүгінгі Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай және мектеп түлегі марқұм Жампеисов Киікбай Исабекұлының 17 ақпан күнгі туған күнінің құрметіне арналған « Жастығын жалын шарпыған » атты кездесу кешін бастауға рұқсат етіңіздер.
Құсаинов Қ.Т. Ту әкелінеді
Сөз мектеп директоры Тоқтағанов Б.Н беріледі.
Гимн орындалады.
2-жүргізуші. Бүгін бізде қонақта Киікбай Жампеисовтың анасы Нурсипа апамыз, апайлары, «интернационалист-жауынгерлер» Нұқсиев Нұрлыбек Жұмабекұлы, Нұртазин Ерланбек
Слайд «Ауған қасіреті»
1-жүргізуші. Ауғанстан ....Ауғанстан даласында олар Отан үшін от кешті. Кімнің Отаның қорғады, не үшін? Ешкім де білмейді әлі күнге. Ауған даласынан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына биыл 30жыл . Сан қилы қасіретті соғыс өртінен он жыл бойы көзі ашылмаған Ауғанстан қаншама қыршын жаны қиылған ер азматтарды қойнауына сіңірді.
2-жүргізуші. Ауған соғысы.... Алыстағы елді астан-кестен етіп, отқа оралған сол соғыс – біздің де тарихымыз.
Ақтық демдері таусылғанша әскери анттарына адал болған боздақтарымыздың қанымен жазылған ерлік шежіресі.
Видео қосылады. Солақай саясаттың салдарынан 1979 жылы 25 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша 15.00-де КСРО Қорғаныс министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға Кеңес әскерлерін енгізе бастады. Командирлер: «Бұл қысқа мерзімдік акция. Тапсырманы орындаймыз да кетеміз» деді.
Ал бірақ....акция 10 жылдан астам уақытқа созылды. Бұл акция 15 ақпан 1989 жылы аяқталды. Кеңес әскерлері Ауған жерінен шығарылды.
1-жүргізуші
1963 жылы 17 ақпанда Исабек атамыздың әулетінде дүниеге ұл келді. Ол Киікбай еді... Ата- анасы Киікбайға үлкен үміт артатын. Кейде тіпті сегіз баланың ішіндегі оның ерекше жанашырлығы мен елгезектігіне таң қалысатын. Катонқарағай автотранспорт кәсіпорны ұлына жаңа машинаны сеніп тапсырғанын естігенде, әке жүрегін мақтаныш кернеген.Бұл кезде Армия қатарына шақырылуға бір ай қалған еді...
Слайд видое қосылады.
Көрініс. 1. Киікбайдың Армия қатарына алынуы.
Музыка ойнайды.
2. Ауған жері . Видое қосылады. Айым кітаптан үзінді оқиды. Солдаттар орындарынан тұрады. Киікбайдың ата-анасына жазған хаттарынан үзінді.
« 15 май. 1982 жыл,6.00 Сәлеметсіздер ме? Аға, тәте, Әділ, Күляй, Қарлыға, Құралай қалдарын қалай, туыстарым? Ауылда жаңалық көп шығар, бізбен оқығандар армиядан келіп жатқан шығар . Менің қалым жақсы. Ауғанстандамын, бұрын хатқа жазғызбайтын. Кластастарымнан хат алып тұрамын. Қарлыға хатынды әлі алғам жоқ. Менің адресімді кластастарыма берші. Бұл жақта күн ыстық 600 болады – ғой деймін. Шөлге шыдамаймыз. Катонканың суын сағындым. Хат күтемін, аға мені уайымдама, қыстан қалай шықтындар, шөп жетті ме? Аман болсақ әлі-ақ бір жыл өте шығар. Шіркін, Катонға бір жетсем-ғой!
Қош сау болыңдар. Фото салып отырмын.
Сәлеммен Киік.»
Бұл Киікбай ағамыздың үйге жазған соңғы хаты еді.
Слайд . Гүл шоғы қойылады.
10 жыл ішінде ауған соғысына 620 мың кеңестік жауынгер қатысты. Солардың 22 мың 269-дан астамы қазақстандықтар болатын. Сұрапыл соғыстан 924 отандасымыз мүгедек болып оралды. 21-жауынгер хабар-ошарсыз кетті. Экраннан айтылады
2-жүргізуші
Бүгіндері сол боздақтарға еліміздің қалалары мен ауылдарында ескерткіштер орнатылған. Мектептерге, көшелерге есімдері берілген.
1-жүргізуші. Жарымжан болып оралғандар қаншама?! Бақытты бола тұра бақытсыздыққа душар болу, ең ет жақсы, ең жақын бауыр еті баласынан айрылу кімге оңай дейсің. Сол мәңгі қабірде жатқандарының ата-анасы, туған-туысы, сүйген жарлары әлі күнге көкірегіне мұз қатқан қайғысын ерте алар емес.
Зират басына барып, гүл қойып жылағаннан басқа қолдан не келеді?! Қара жер қойнауындағылардың аруағы оған разы болар.
Кездесу кезінде тірі қалғандар бір-бірін өз бауырындай көріп, аса құрметпен құшағына алып көздерінің жасын бір сығып алады..
2-жүргізуші. 2003 жыл Алматыдағы 28 гвардияшы – панфиловшылар саябағында Ауған -соғысы құрбандарының рухына арналған мемориалдық ескерткіш бой көтерді.
1-жүргізуші. Еңселі ескрткіштің қасынан өткен үлкен-кіші бір сәт жүрістерін баяулатып, тас тұғырдағы үш жас жауынгер мүсініне тағзым етеді. Қабақтары қатыңқы сарбаздар соғыс сұрапылға қарғыс айтып, мәңгілік тыныштық күзетінде тұрғандай...
Слайд. ШҚО-нан құрбан болғандардың фотосы. (Киікбайдың суреттінде тоқтатады)
2-оқушы.
Қажет болған кезде де
Отан үшін оққа тостың кеудеңді,
Ерлігіңді, өрлігіңді төрткүл дүние, ел көрді.
Бірге аттанған, кей бауырыңды топырақ жапты, жерлеңді.
Енді олар жебейді-ғой аруағымен сендерді!
Жастығыңмен жауға атылдың оқ болып.
Әндеттің кездеріңде ауылыңды төс керіп,
Жаудың оғы, сом мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып!
1-оқушы.
Сол Ауғанда талай досты жерледің.
Қарлы шыңға күн-түн демей өрледің,
Сұрапылда ерледің де шерледің
Намыс туын қолдан бірақ бермедің.
Ән «Ауғанстан» орындайтындар 10 сынып оқушылары
2-жүргізуші. Иә, 1980 жылғы мектеп түлегі Киікбай Жампеисовтың өмір деректеріне көз жүгіртсек деймін.
Слайд. Фото Киікбайдың балалық кезі, жанұясы.
Ортаға Киікбай Жампиесовтың сынып жетекшісі болған Жақсылыкова К.Т., тарих пәнінің мұғалімі Имашева Ә.У. шақырамыз. Шәкірттері туралы естелік айтылды.
Ән
1-жүргізуші. 2009жылы 06 қарашада мектебіміздің қабырғасына Киікбай Исабекұлына арналған мемориалдық тақта орнатылды.
Қасіретін көзбен көрген жалғанның
Көкірегіңде мәңгілікке қалған мұң,
Алдарыңда басымды ием тағзым қып,
Соғысында мерт болғандар Ауғанның,
Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып,бір минут үнсіздікпен еске алуларыңызды сұраймын. Рахмет!
Слайд. фото мемориалдық тақтаны ашуға арналған жиыннан.
ІІ-бөлім «Интернационалист-жауынгерлер»
2-жүргізуші. Сөз кезегін бүгін еске алып отырған Киікбайдың анасы Нурсипа апайымызға және апайларына сөз береміз.Сұрақ қойып, апамыздың әңгімесіне назар салыңыздар!
(Ортаға Нурсипа апай мен Киікбайдың апайлары шығып естеліктер айтып берді.
1- жүргізуші.
Тағдырымды оқ өтіне байлаған,
Қан майданнан аман қайттым қайнаған
Қалды–ау солай тау-тасында Ауғанның,
Қанша ғұмыр жауқазындай жайнаған.
Іштен тынам,өзегімді өртеп мен,
Ерлік рухы өшпеу керек еркектен.
Мен солардың тірі қалып артында,
Армандарын аялауға серт еткем.
Ауғанның отты жалының коріп қан майдан даласынан елге аман оралса да Ауған қасіреті мәңгі есінде жүрген Нурлыбек Жұмабайұлы
Ортамызда.
Келесі сөз кезегі Киікбай ағамыздың сыныптастарына беріледі.
Кешіміздің келесі қонағы ауған соғысының ардагерлері Нуқсиев Нурлыбек, Нуртазин Ерланбекті ортаға шақырамыз.
1- оқушы. (Нурлыбек Нуқсиевтың ерлік істері туралы айтып береді)
2-оқушы. Ерлан Нұртазин туралы айтады
Келесі ән кеш қонақтарына арналады. 8 -сынып қыздарын
1-жүргізуші. Енді осы атаулы күнге орай тарих беттерін парақтап, сол бір жылдарды көзімен көрген катонқарағайлық ауған соғысының ардагерлерін әңгімеге тартайық.
Еркін микрофон жұмыс жасайды, сұрақ қоям деушілерге рұқсат.
Кеште қойылған сұрақтар:
1. Сіздермен бірге қазақ жауынгерлері болды ма?
2. Сіздердің Ауғанстанға аттанғандарыңызды тума – туысқандарыңыз білді ме?
3. Ауған жерінде болғанда Ауғандықтардың қандай екенін байқадыңыз?
4. «9-рота» атты фильм туралы пікіріңіз.
5. Сіздермен шақырылған жігіттердің қаншамасы елге оралмады?
6. Соғыстың алдында сіздерге жаттықтыру істерін жүргізді ме? Әлде қару беріп жібере салды ма?
7. Қазіргі кезде Ұлы Отан соғысының ардагерлері аз. Сіздерге үкімет тарапынан қандай көмек көрсетіліп отыр?
8. Ауғанстанда да қандастарымыз тұрады. Ауған қазақтарын кездестірдіңіз бе?
9. Жалпы қорқасыз ба?
10. Ең қуанышты күндеріңіз есіңізде ме?
11. Ауған соғысына барғаныңызға өкінесіз бе?
Тағы басқа сұрақтар қойылды.Ауған ардагерлері өте тартымды жауап берді.
Слайд.
2-жүргізуші. Ауған жерінде интернационалдық борышын абыроймен өтеп қайтқан Қатонқарағай аймағынан 47 жауынгер жерлесіміз бар. Оның ішінде елге аман оралған 5 жауынгер –интернационалист біздің мектептің түлектері.
- Нұртазин Ерлан
- Мажренов Мұрат
- Касенов Тоқтарбек
- Кокченов Бауыржан «Қызыл Жұлдыз» орденің иегері
- Нұқсиев Нұрлыбек
1-жүргізуші. Б.Момышұлы айтқандай: «Отан үшін отқа түс- күймейсің», «Айбындылық аспаннан түспейді» қашан да қаһарман ұлдарын пана тұтқан. Қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпас. Ауған соғысының ардагерлерін құрметтейік, қадірлейік ағайын.
2-жүргізуші. Құттықтау сөз мектеп директоры Тоқтағанов Б.Н.-ке беріледі.
Естелік сыйлықтар тапсыру. «Алғыс хаттар» беріледі.
1-оқушы. Қан кешкен 10 жыл
Ерлікпен өткен «тозақтан»
Баласы елдің құтқарар әр кез азаптан,
Еліміз тыныш, батырларымыз аман боп,
Бірлік жасасын, атпасын енді азаптан!
2-оқушы. Жақсының әр кез кең болатуғын ауласы,
Ерлік мінездің қазақта көп қой арнасы,
Оқ пенен оттан қан кешіп елін қорғаған,
Бауыржан менен Қасымдардың сен жалғасы.
Дариғаның орындауында «Ақ көгершін»
әнің қабыл алығыздар
2-жүргізуші. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.
Жастарды отансүйгіштікке баулу, патриоттық тәрбие берудің бір тармағы Ауған соғысы ардагерлерінің еншісіне өтіп жатыр.
Сіздерге ашық аспан, өмірлеріңізге тыныштық, бақыт денсаулық, жастарға патриоттық тәрбие берудегі игілікті істеріңізге табыс тілейміз!
Слайд , фото «Біз тәуелсіздік ұланымыз».
І-жүргізуші. Жүрегі де алып, өзі де алып арыстан,
Қарулы қолы жау жағасында қарысқан.
Батыр елімнің сенер ұлдары бар әлі,
Жаралған биік Рух пенен Жігер, Намыстан!-деп бүгінгі Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толған айтулы күнге арналған кездесу кешімізді аяқтаймыз.
Құсаинов Қ. Ту әкетіледі
Сөз директорға беріледі. Жабу. Гимн орындалады.
Слайд, «Болашақ офицерлер» мектеп түлектері жоғарғы әскери оқу орындарының курсанттары. Фотошоу.
2-жүргізуші
Аспанымыз ашық,елімізде тыныштық , бейбіт заман бола берсін!
Бірге : Назарларыңызға рахмет!
Қош сау болыңыздар!
ІІІ бөлім. «Жауынгерлік Даңқ» мұражайына саяхат.
«Рыков атындағы орта мектебі» КММ
« Жастығын жалын шарпыған...»
1980 жылғы мектеп түлегі Ауған жерінде ерлікпен қаза тапқан Жампеисов Киікбай Исабекұлының рухына, Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жылдығына арналған «Жауынгерлік Даңқ» мұражайының өткізген кездесуі
Жауапты: жоғарғы санатты тарих пәнінің мұғалімі,
«Жауынгерлік Даңқ» мұражай жетекшісі:
Нуриева Даметкен Садуоқасқызы
Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы
Катонқарағай ауылы
2019 жыл 14 ақпан

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген