"Жасыл балабақша"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жасыл балабақша"

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту, топырақсыз қоректік ерітіндіде өсімдіктер өсіруге (гидропоника әдісі) болатынын іс жүзінде көрсету, қарапайым тәжірибелер жасап көруге талпындырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыру. 3Қ (3R) қағидасын өмір салтына айналдыру. Сөздік қорын толықтыру. Адамгершілікке, табиғатқа деген қамқорлық, жанашырлық сезімдеріне баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

05. 12. 2025 ж.

8 «Құлыншақ» мектепалды даярлық тобы

Оқу қызметінің түрі: кіріктірілген

Бөлімдері: қоршаған ортамен таныстыру және математика негіздері

Тақырыбы: «Жасыл балабақша»

Мақсаты: балалардың өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту, топырақсыз қоректік ерітіндіде өсімдіктер өсіруге (гидропоника әдісі) болатынын іс жүзінде көрсету, қарапайым тәжірибелер жасап көруге талпындырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыру. 3Қ (3R) қағидасын өмір салтына айналдыру. Сөздік қорын толықтыру. Адамгершілікке, табиғатқа деген қамқорлық, жанашырлық сезімдеріне баулу.

Қажетті құрал – жабдықтар: автобус макеті, сандар жабыстырылған орындықтар, бала саны бойынша билеттер, бала саны бойынша нейро жаттығуға арналған сандар жазылған ламинатталған екі жақты парақтар, «Дана қалам» және санамақтар жазылған кітабы, «Жануарлар әлемінде» аялдамасына арналған аңдардың (қоян, аю, түлкі, қасқыр, бұғы) және қысқы орманның макеті, қыс бейнесі мен ақ және қоңыр қоян бала саны бойынша, ноутбук, блютузбен жұмыс істейтін музыкалық колонка, гидрогель, бөлме өсімдіктерінің өскіндері, екі түрлі жағдайда (шірімей ұзақ жатып алатын зиянды заттар мен тамақ қалдықтары) өсірілген екі бірдей гүл, есеп шығару арқылы жиналатын фото – пазл.

Барысы:

Тәрбиеші:

  • Балалар, сендер менімен бірге саяхатқа шыққыларың келеді ме? Біз саяхатқа қандай көлікпен баратынымызды сендер менің жұмбағымды шешсеңдер білетін боласыңдар:

Өзі үлкен, сап - сары,

Көп адамдар сияды.

Дөңгелегі қап- қара рәзеңкеден болады,

Қоғамдық көлік түрі,

Бензин оның тамағы.

Ол не? (Автобус)

  • Дұрыс таптыңдар! Біз саяхатқа автобуспен шығамыз. Автобусқа отырмас бұрын біз біраз жаттығып алайық. Ол үшін, 10 – ға дейін тура санаймыз:

  • 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10! Дұрыс!

  • Енді, кері санап шығайық: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1! Тамаша! Ал, енді тезірек киініп алайық.

«Серуенге киіну» ырғақты әуенмен пантомима арқылы киіну.

  • Жарайсыңдар! Ал, енді автобустың номеры қандай екенін тауып көрейік. Ол үшін мені мұқият тыңдаймыз. Автобустың номеры 4 тен 1 санға үлкен, ал 6 дан 1 санға кіші. Дұрыс, біздің автобустың номеры 5!

  • Міне біздің автобусымыз. Мынау біздің билеттер.

  • Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Әркім өз билеті бойынша ғана отырсын (әр орындықта орын номерын білдіретін сандар жабыстырылған). Ол үшін билетте берілген тапсырманы дұрыс орындау керек. (сандық қиындымен жұмыс жасау, 1 санға өсу). Бұл тапсырманы орындауда сендерге сызғыш көмектеседі.

3+1= 4

4+1= 5

5+1= 6

6+1= 7

7+1= 8

2+1= 3

Балалар тапсырманы орындап, әркім өз орынына жайғасады. Дұрыс немесе дұрыс емес отырғанын кондуктор тексереді.

  • Барлығымыз жайғастық па? Ендеше жолға шығайық. Ал, жолда ішіміз пыспау үшін мен сендерге санамақ тыңдауды ұсынғым келеді. Маған «Дана қалам» көмектеседі. Мұқият тыңдаймыз.

1 – 2 санамақ тыңдату

Міне, алғашқы аялдамамызға да келдік. Бұл аялдама

«Жануарлар әлемінде» деп аталады. Түшш! Тыныш! Аңдарды үркітіп алмайық. (Балалар жабайы аңдар орналасқан үстелге жақындап, қарайды).

  • Балалар, неше аң көріп тұрсыңдар? Қане, санап көрейікші. Бірінші қай жануар тұр? Ал, аюдың алдында қандай жануар тұр? Бұғыдан кейін қай аң тұр? Жарайсыңдар! Бұл аңдардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады? Олар қайда мекендейді?

  • Аю, алғашқы қарды күтіп ұйқыға жатпаған сияқты, себебі тура апанының жанында тұр. Енді ұйқыға кеткелі жатыр екен. Ал, қоян болса, тонын ақ түске ауыстырып үлгеріпті. Қоян тонын неге ауыстыратынын білесіңдер ме? Қыста, аппақ қардың арасында дұшпандарынан жасырыну үшін.

  • Қане, барлығымыз бір тәжірибе жасап көрейік.

Тәжірибе жасау:

  • Алдарыңда жатқан қарлы орманның суретіне әуелі қоңыр қоянды қойып көрейікші, қатты көрініп, байқалып тұр ма?

  • Иә!

  • Біз көріп тұрғанымыздай, оны қасқыр, түлкі, тіпті аңшылар да көріп қояды екен. Ал, енді ақ қоянды екінші жағына қойып көрейікші? Жасырынып қала алады ма екен?

  • Иә!

  • Ал, осы екі қоянның қайсысын біз бірінші көріп қоямыз? Бірінші тұрған қоянды ма, әлде екінші тұрған қоянды ма?

  • Бірінші тұрған қоянды көріп қоямыз.

  • Әрине, бірінші тұрған қоянды біз көріп қоямыз, себебі оның түсі қоңыр.

Қорытынды: Ақ қоян ақ қарда көрінбейді.

  • Қыста орманның іші суық екен. Жылынып алайық. Ол үшін автабусқа тез кіріп, бір жаттығу жасайық.

Нейро – жаттығу (әуенмен екі қолдың саусақтарымен 1-5 дейін тура санау, ретсіз жазылған цифрларды саусақпен дұрыс көрсетіп санау, «We`ll rock you» әнінің әуенін қолдану )

  • Екінші аялдамаға да жеттік. Бұл аялдама «Тәжірибе алаңы» деп аталады. Бұл жерде «жас зерттеушілер» жұмыс істейді. Балалар, мына жерде ешкім жоқ қой, есесіне ноутбукке бір хат кеп тұр. Қане, көрейікші.

Видеозаметкада :

  • Сәлем , менің кішкентай достарым!

Біз зертханамызды тастап, тез арада теңіз асты тұрғындарын құтқаруға кетіп қалдық. Бастап жатқан тәжірибелерімізді аяқтап үлгермедік. Бізге сендердің көмектерің керек. Біздің орнымызға сол тәжірибелерімізді аяқтап , қорытындылап жіберсеңдер. Рақмет достар!!!

І тапсырма

Гидрогельді суға салып өсіру, оны ыдыстарға салып, өсімдіктерді тамырландыруға қою

Сергіту сәті:

Ноутбуктен Shyraq AI платформасынан сергіту сәтін қосып, барлық балалар бірге орындайды.

ІІ тапсырма

Екі түрлі топырақта отырғызылған гүлдерді салыстыру. Біріншісінің түбінде тамақ қалдықтары, ал екіншісінің түбінде зиянды, шірімейтін улы заттар бар. Қай топырақтағы гүл жақсы өскен? Қорытынды шығару.

Қорытынды: тамақ қалдықтары мен жапырақтар араласқан топырақтағы гүл құлпырып өсіп тұр.

Яғни, зиянды заттарды сұрыптау керек, жер астына түсіп кетуіне жол бермеу керек.

ІІІ тапсырма

Біз жаз кезінде табиғат аясында фотоға түскен едік, ол абайсызда қағаз үгіткіш шредерге түсіп кетіп бөлшектеліп қалды. Соны қалпына келтіру керек. Ол үшін біраз есеп шығарып ойлану керек болады.

10 – 9 = 1

8 – 6 = 2

7 – 4 = 3

6 – 2 = 4

4 + 1 = 5

3 + 3 = 6

5 + 2 = 7

4 + 4 = 8

7 + 2 = 9

ІV тапсырма

  • Барлық тапсырманы орындап болған соң , оң жақтағы гидропондық жүйенің астыңғы жағына қараңдар, сендерді тосынсый күтіп тұр. Бұл бұршақтың микроөскіндері. Адамдарға, әсіресе балаларға өте пайдалы, сол себептен салат жасап жатқан достарыңа апарып , салатқа қосып жеп қойыңдар.

  • Саяхатымыз өте қызықты болды, бірақ біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз келді. Автобусқа жайғасамыз. Осымен біздің саяхатымыз аяқталды. Сендер барлықтарың өте белсенді, шапшаң , алғыр болдыңдар, көп рақмет.































БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ОРТАЛЫҒЫ.

Тақырыбы: «Жаңа жылға арналған кәдесый жасау»

Мақсаты: тастанды заттарға екінші өмір сыйлау, қайта қолдану.

Қажетті құрал - жабдықтар: «Агуша» өнімдерінің және кофенің кішкентай банкалары, киндердің кішкентай ойыншықтары, жасанды қар, түрлі – түсті ермексаз, түрлі – түсті қарындаштар мен фломастерлер, қысқы тақырыптағы мини – боямақтар, таза түрлі түсті қағаз қиындылары.

Алдын – ала жұмыс: балаларға кәдесыйдың бірнеше түрі көрсетіліп, жасалу жолын түсіндіру, бірнеше күн бұрын тәрбиеші бір нұсқасын күннің екінші жартысында жасап көрсетеді.

Барысы:

Таңдау жасап барған балалар өздігінен әрекет етеді.

Жұмыс реттілігі:

  1. Қажет банканы таңдау;

  2. Ұнатқан боямағын таңдау/ өзі қалаған қағазды таңдап алып, қалаған суретін салу;

  3. Суретті бояу;

  4. Қақпағын ашып, ермексазды қалағанынша жағу;

  5. Киндердің ойыншығын қалауы бойынша таңдап, композиция құрастырып, қақпаққа бекіту;

  6. Жасанды қарды сеппес бұрын қақпағын жауып көріп, тексеру;

  7. Бәрін дұрыс жасағанына көз жеткізген соң, жасанды қарды қалағанша сеуіп, қақпағын мықтап жабу;

  8. Жаңа жылдық қонақтарға арналған кәдесый дайын!
















СЮЖЕТТІ – РӨЛДІК ОРТАЛЫҚТАҒЫ ЖҰМЫС.

«Гүлжан» балалар мейрамханасы.

Тақырыбы: «Импровизация» салаты.

Мақсаты: берілген көкөністер мен тағам өнімдерін қолданып, ойдан салат жасау.

Қажетті құрал - жабдықтар: бірнеше салаттың нұсқасы бейнеленген суреттер; бала саны бойынша пышақ, тақтайша, алжапқыш, баскиім; үккіш, майонез, қаймақ, соя тұздығы, сұйық май, пекин орамжапырағы, сыр, қияр, қызанақ, шұжық, аскөк, болгар бұрышы, жұмыртқа, сүйегінен ажыратылған зәйтүн, қалып.

Алдын – ала жұмыс: қай тағам бір – бірімен жақсы үйлесетіндігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, барлық берілген заттарды араластыра салуға келмейтіні жайында айтып өтеді.

Барысы:

Таңдау жасап барған балалар өздігінен әрекет етеді. Топтағы тәрбиешінің көмекшісі бақылап, бағыт бағдар, кеңес беріп, қауіпсіздік ережесін айтып, қадағалап отырады. Әр бала өз қалауы бойында ойынан салат ойлап табады.

Жұмыс реттілігі:

  1. Қолдарын сабындап жуып келу;

  2. Алжапқыштары мен бас киімдерін кию;

  3. Орындарына жайғасу (өз орнына бару, отырып жұмыс істейді ме, тұрып жасайды ма өз еркі, кімге қалай ыңғайлы);

  4. Ыдыс таңдайды (шұңғыл, жайпақ);

  5. Өзіне қажетті заттарды алып, жұмысын бастайды;

  6. Жұмыс орнын таза ұстап, қауіпсіздік ережелерін есте сақтап, бір – біріне бөгет жасамай әрекет етеді;

  7. Қажет болса, Гүлжан Серікқызынан немесе бір – бірінен көмек сұрайды;

  8. Салат дайын!

  9. Салатын таныстырып, не қолданғанын, кімге арналғанын айтып береді.
















СӘНДЕНУ БҰРЫШЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ӘРЕКЕТІ.

Тақырыбы: «Мен кіммін?»

Мақсаты: өзі қалаған кейіпкерді өзіне өлшеп көру арқылы, қиялын, сөздік қорын дамыту; рөлдерді сомдауға үйрену; әртістік шеберліктерін шыңдау; балалармен келісе білуге үйреніп, тату қарым – қатынас орнатуға баулу.

Қажетті құрал - жабдықтар: «Сән салоны» сюжетті – рөлдік ойыны (барлық атрибуттарымен), бітіп қалған сусабын, кремдердің босаған пластик ыдыстары, моншақтар, түрлі ободоктар, түрлі жаңа жылдық ертегі кейіпкерлерінің костюмдары, аналарымызға керексіз ірі бижутериялар, сөмкелер, микрофон, ойыншық гитара, ойыншық боянуға арналған заттар т.с.с.

Алдын – ала жұмыс: қажет заттарын өзара келісіп кезек – кезек алу, рөлдерді өзара келісіп бөлісу, қатты айқайлап сөйлеспеу, басқа орталықтарда жұмыс жасап отырған балаларға кедергі келтірмеу, ойнап болған соң заттардың барлығын өз орындарына бәз қалпындай жинастыру, сергіту сәтіне шақырғанда сол киімдерімен бөлме ішінде сергітуді орындау туралы әңгімелесу.

Барысы:

Осы ойынды таңдаған балалар ұйықтайтын бөлмеде ұйымдастырылған «Сәндену бұрышына» ақырын кіреді. Қалаған кейіпкерлерін таңдап, рөлдерге бөлініп ойнайды. Ал, ойнағысы келмеген 1 бала жатын бөлмеде орналасқан «Оқшаулану бұрышына» өтуіне болады. Ол жерде сурет салуға, боямақ бояуға, анти-стресс ойыншықтарымен немесе жұмсақ ойыншықпен ойнауға, не жай ғана кітап алып отыруына болады. «Ақылды қоян» ойыншығын алып, ертегі , ән, тақпақтар т.б. тыңдауына болады. Немесе кинетикалық құммен ойнаса болады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.12.2025
29
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі