
Түркістан облысы
Ордабасы ауданы
Қайнар ауылы
«Раушан бөбекжай бақшасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Ашық ұйымдастырылған
іс – әрекеті.
Тақырыбы: Күз байлығы
«Балауса» ересек тобы.
Тәрбиеші: Байтикова А.
2024

«Жасыл балабақша» жобасы, биоалуантүрлілік бағыты
Тақырыбы: Күз байлығы.
Мақсаты: Күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейту.Күзгі еңбек туралы
мәлімет беру,үлкендердің еңбегін бағалай білуге баулу, білімдерін кеңейту.
Міндеттері: Еңбек етуге қызығушылығын таныту. Өсімдіктердің өсуі үшін
қажеттілігін түсіндіру.
Көрнекіліктер: Бейне ролик, суреттер, дәнді- дақылдар,мақта қауызы,
сенсорикалық қалталар, жапсыру үлгілері,ойын құралдары.
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ- жауап, АКТ, түсіндіру,жұмбақ шешу.
Әрекет
кезеңі
Тәрбиешінің іс – әрекеті. Балалардың іс – әрекеті.
Мотивациялық –
қозғаушылық кезеңі.
Шаттық шеңбері.
Біз қандаймыз,қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
Қайырлы таң балалар!
Қайырлы таң қонақтар!
Балалар іс – қимылмен
шаттық шеіберін
жасайды.
Ұйымдастырушылық
– ізденушілік
кезеңі.
-Балалар қазір жылдың қай
мезгілі?
-Күз мезгілінде ауа райында
қандай өзгерістер болады?
-Балалар апта күндерін
білеміз ба?
-Кәне бәріміз бірге
айтайықшы.
-Жарайсыңдар.
-Балалар сендерге жұмбақ
жасырғым келіп тұр.
Бозарып дала,
Тоңады бала.
Астығы піскен.
Балалар сұрақтарға жауап
береді.
Сәл демалып, тынып ал,
Тақпақ тыңдап ұғып ал.
Апта деген ағайдың,
Жеті бірдей ұлы бар.
Біріншісі – дүйсенбі,
Екіншісі – сейсенбі,
Үшіншісі – сәрсенбі,
Төртіншісі – бейсенбі,
Бесіншісі – жұма,
Алтыншысы – сенбі,
Жетіншісі – жексенбі.

Жапырағы түскен.
Бұл қай мезгіл деп
ойлайсыңдар?
Ендеше «Күз» мезгілі туралы
бейне ролик тамашалайық.
1)Бидай алқабы туралы
әңгімелесу. Бидайға
зерттеу жүргізу.
2)Мақта алқабы туралы
әңгіме жүргізу. Мақтаға
зерттеу жүргізу.
3)Бау – бақшадағы жемістер
мен көкөністер туралы
әңгімелесу.
Сергіту сәті.
Балаларды топқа бөліп,
шығармашылық жұмыстар
жасау.
1.Топ. Дәндерді табу.
2.Топ. Күзгі жемістермен
көкөністерден банка жабу.
3.Топ. Дәндерді
қапшықтарға салу.
4.Топ. Мақтаны шитін
ажыратып, көрпеше жасау.
5.Топ. Ыдыстағы бояу судың
ішінен дәндерді табу.
Күз туралы тақпақтар.
-Күз мезгілі.
Балалар тапсырмаларды
орындайды.
Балалар тапсырмаларды
орындайды.
Балалар күз туралы
тақпақтарын айтады.
Алихан.
Күн суытып, Жапырақтар
түседі.
Астық- жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Таубай.
Жеміс мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Рефлекция -
түзетушілік кезеңі.
Жұмбақтар арқылы кері
байланыс жасап қорытындылау.Балалар жұмбақтардың

Тау-тау ақ қар,
Ерімеді ыстықта.
Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында дәні бар.
Астай піскен,
Қайнамай түскен.
Түскенде салқын күз.
Жинадық алтын тіс.
Табаны суды сүйеді,
Қабағы күнге күйеді.
Балаларды мақтап мадақтау.
-Жарайсыңдар
балалар,керемет. Бүгінгі іс
– әрекетімізге керемет
қатысқандарың үшін
сендерге жұлдызшалар
берейін.
шешуін табады.
-Мақта.
-Бидай.
-Жеміс.
-Жүгері.
-Күріш.
Балалардың көңіл –
күйлері көтеріледі.





