400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жасыл балабақша семинар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасыл балабақша жобасының басты мақсаты -балаларды табиғатпен үйлесімді өмір сүруге үйрету,экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖШС «Nursultan 7777» бөбекжай-балабақшасы





















«Менің Қазақстаным»

«Жасыл балабақша»

облыстық эксперименттік жұмысынан


«Шағала» ересек тобы










Тәрбиеші: Досжанова Г.Ж














Ақтөбе қаласы, 2024 жыл




Тақырыбы: «Менің Қазақстаным»

«Экология-табиғат жүрегі»

Мақсаты:

-Балалардың экогология,табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

-Табиғаттағы ерекшеліктерді бақылай отырып,тәжірибе жүзінде көре білуге үйрету.

-Экологиялық білімдерін арттыру.

-Еңбекке баулу.Өз жерін,Отанын сүйе білуге,экологиялық тазалығын сақтай білуге тәрбиелеу.


Керек құрал-жабдықтар: Көрнекілік суреттер

Іс-тәжірибе үшін: Гүл отырғызуға арналған жабдықтар,аквариумға қажетті ыдыс пен құралдары және балықтар суреттері, қағаздан жасалған гүлдер мен ыдыстағы су, бөлме өсімдіктеріне күтім жасау құралдары.


Өткізу әдісі: әңгімелеу,бақылау,сұрақ-жауап,тақпақтар,мақал-мәтелдер.


Ұйымдастырылған іс-тәжірибе барысы


Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты

Алтын шуақ таратты

Гүлденеді даламыз

Гүлденеді қаламыз

Амансың ба алтын күн

Амансың ба,Жер ана

Амансың ба,достарым

Сендерді көріп қуанамын!


Тәрбиеші: Балалар,көңіл-күйлерің қалай?

Балалар: Жақсы,керемет!

Тәрбиеші: Балалар,біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан Республикасы

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар

Балалар біз өз Отанымызды өте жақсы көреміз,солай ма?

Олай болса,өз жеріміздің табиғаты мен экологиясының таза болуы өзімізге байланысты.Егер біз айналамызды,табиғатымызды қоқыстармен ластамай,тазалықты сақтап жүретін болсақ,еліміз көркейіп,өзіміз де жақсы экологияда өмір сүретін боламыз.

(Суретке қарап әңгімелеу,сұрақ-жауап)




Табиғат бұрышына саяхат

-Балалармен табиғат бұрышында бақылау жасау.

-Отырғызылған жуа көкөнісінің өсу процесіне бақылау жасап,су құю.

-Балалардың пікірін тыңдау;

-Гүлдердің жапырақтарын тазалап,су құю;


Ұйымдастырылған іс-әрекет: «Бөлме гүлін отырғызу»

Тәрбиеші: Балалар қазір сіздермен бірге бөлме гүлін отырғатын боламыз. Гүл адамдарға жақсы көңіл күй мен жағымды энергия сыйлайды.Ауамызды тазартып тұратын пайдасы бар.

Зере гүлді және ыдысын дайындайды,Бекхан,Раяна топырақ салады,Айсұлтан гүлді ыдысқа топыраққа отырғызып,Айару суын құяды


«Теңіз түбіне саяхат»


Қатысушылар: Алан,Альмира,Имран,Айша


Тәрбиеші: Балалар, судың адам үшін және жер бетіндегі барлық тіршілік иелері үшін маңызы өте зор.Сусыз біз өмір сүре аламыз ба?

Балалар: Жоқ,өмір сүре алмаймыз

Тәрбиеші: Иә,балалар сусыз өмір жоқ. Біз күнделікті өмірде жер бетіндегі тіршілікті көзімізбен көріп жүрміз. Қазір балалар, су асты әлеміне бақылау жасайық.

Алдымыздағы стаканда көк су бар,сол суды мына таза суымызға қосып араластырайық. Не шықты балалар?

Балалар: Көк су болды

Тәрбиеші: Суымыз көк түске айналып,өзен-көлге ұқсап шықты

Енді көзімізге көзілдірікті киіп,қолымызға мына дүрбімізді(стакан) алайық.

Су түбіне бақылау жасайық.нелерді көріп тұрсыңдар?

Балалар: Балықтар

Тәрбиеші: Балықтарды судан шығарсақ өмір сүре ала ма?

-Жооқ,сусыз өмір сүре алмайды

Балалар су асты әлеміне бақылау жасап,өз эмоцияларымен бөліседі.


«Гүлдердің жандануы»

Тәжірибеге қатысушылар: Көркем,Раяна,Адиля,Алинұр,Искандер

Тәрбиеші: Судың гүлдер мен өсімдіктер үшін пайдасы мен маңыздылығын білу үшін келесі тәжірибені жасап көрейік.

Қағаздан гүл күлтешесі жасалынып суға салынады(жабылған күйінде)

Су бетіне гүл қойылғанда балалар қалай ашылғанына бақылау жасайды.


Тәрбиеші: Балалар,қане біздің бір аптадағы іс-әрекетіміз туралы тақпағымызды айтып жіберейік



Тақпақ

Бір аптаның күндері өтті

Дүйсенбіде гүлдер ектім,

Сейсенбіде жуа тердім.

Сәрсенбіде су әкелдім

Бейсенбіде бақша баптап

Жұма күні тақпақ жаттап

Сенбіде мен киноға бардым

Жексенбіде бір демалдым.


«Табиғат бұрышындағы еңбек»

Амина мен Тоғжан бөлме гүлдеріне су құйып,жапырақтарын шаңнан тазалады;

Әмір мен Ибраһим балықтарға жем салды;


Тәрбиеші: Өте жақсы балалар, бүгін сіздер керемет жұмыстар көрсеттіңіздер, табиғатымызды аялап,көркейтіп жүрейік әрқашан,сол кезде табиғатта сіз бен бізге риза болып,өз жемісін беретін болады.

Адамның табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың оны айтар тілі жоқ.


Табиғат жер байлығы, Батырлар ел байлығы


Қорытынды

Қазақстанымыз көркейе берсін,сендер сияқты табиғатын аялайтын,елін сүйетін патриот балалар көп болсын!

Балалар, осымен бүгінгі іс тәжірибемізді сәтті аяқтадық.Табиғат пен адам бір бірімен тығыз байланысты екенін түсіндік.

«Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғат та оған тәуелді" демекші алға қойған мақсатымыздың дұрыс және нәтижелі болуы біздің қолымызда. Және де осындай жұмыстардың арқасында болашақта табиғатты аялап қамқор болатын, еңбекқор, білімді ұрпақтар тәрбиеленіп жатқанына сенемін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.05.2026
8
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12