400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жасыл шырша-2018" мерекелік бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін деген тілекпен 2018 жылды мектепте қарсы алу үшін мерекелік бағдарлама.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сахналық кеште оқушыларды жүргізушілер,Фиксики қарсы алады.

І-жүргізуші: Аппақ бүгін қыр,далам,

Ақ дастархан жапқандай

Халық біткен қарбалап

Қонақ күтіп жатқандай

ІІ-жүргізуші:Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде – жақсылық

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық.

І-жүргізуші: Құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар!Келе жатқан Ит жылы мерекесімен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін.Кешімізді әнмен сүймелдей отырып,бәріміз ортаға шығып би билеп, көңілімізді бір сергітіп алайық.

Ән «Жаңа жыл»

ІІ-жүргізуші:Жаңа жыл – ең қызықты,қуанышты, ерекше мереке. Бүгінгі мерекемен сіздерді құттықтау үшін сөз кезегі мектеп басшысы Жанабаева Роза Абулхаятовнаға беріледі.

/Сөз сөйленеді/

Шыршаның сыртынан Сауысқан жүгіріп шығып, аяз атадан хабарлама оқиды.

- Асығамын деп жүріп,

Сыйлықтарды шашып алдым.

Бұтаққа мен қабымды,

Іліп алып, тесіп алдым.

Сыйлықтарды жинағанша

Сендерге мен немеремді

Жіберемін асыға

Қорғап сендер Ақшақарды

Жүріңдерші өтінемін.


(Осы кезде Ақша қар болып киінген Мыстан кемпір кіреді).


Мыстан кемпір: Міне, менде келіп қалдым.

Жүргізуші: Кімсің сен?

Мыстан кемпір: Қалай кім? –Мен Ақша қармын.

Жүргізуші: А-а Аяз атаның немересі боласың ба?

Мыстан кемпір: Әрине мен. Мені қарсы алыңдар.

Жүргізуші: Сен Ақша қар болсаң, Аяз ата қайда?

Мыстан кемпір: Сендерге асығамын деп, санамақтарды шашып алды.

Жүргізуші: Қандай санамақтар?

Мыстан кемпір: Қаптың түбі тесіліп, санамақтар шашылып қалыпты.

Жүргізуші:Ешқандай да сен Ақша қар емессің, кет кәне осы жерден.

Мыстан кемпір: Аяз ата сендерге мені қорғасын деді ғой. Сендер неге мені қуып жатсындар?

Жүргізуші: Балалар мүмкін ол шынымен Ақша қар шығар.

Балалар: Жоқ.

Жүргізуші: Сонда кім болғаны?!.

Балалар: Мыстан кемпір.

Мыстан кемпір: А-а ойланып, мені кім екенімді таптыңдар ма. Ақша қар менде, жібермеймін мен оны.

Жүргізуші: Қане босат сен ақша қарды.

Мыстан кемпір: Мен Ақша қарға пештегі отымды жаққызамын. Босатпаймын.

Жүргізуші: Енді не істейміз? Ол еріп кетеді ғой. Не керегін сен айтшы, бірақ Ақша қарды босат.

Мыстан кемпір: Мен мерекеге қатысқым келеді.

Жүргізуші: Жарайды біз келісеміз, қала ғой.

Кең байтақ менің жеріме.

Шаттыққа бөлеп  әр үйді,

Шыға ғой менің төріме.


/Сахнаға Жаңа жыл – Ит күшіктерімен шығады/

Иттің биі орындалады.

Ит:Мен келген жаңа жылмын

Жаңа бақыт, жаңа нұрмын

Сендерді мерекемен

Құттықтауға келіп тұрмын.


Жүргізуші: Қош келдің жаңа жыл! Төрімізден орын ал. Енді жыл бойы біз сенімен бірге боламыз.


Осы кезде: Ит ары-бері секіріп шошып кетеді

Жүргізуші: Жаңа жыл сізге не болды? Соншама неге шошып кеттіңіз?

Ит: Мына үйшіктен бір  дауыс естіледі. Тыңдаңдаршы.

Жүргізуші: Иә, расымен де біреу қорылдап жатқан сияқты. Бұл өзі кімнің үйі болды екен ә? Кірген-шыққан із көрінбейді.

Ит: Онда жақынырақ барып көрейік, бұл үйде кім тұрады екен? (екеуі тыңдайды, қорылдаған дыбыс естіледі, олар есікті қағады)

(Үйшіктен ұйқылы-ояу аю шығады)

Ит: Ее, бұл аюдың үйі екен ғой.

Аю:  Бұл не қылған тыпыр-тыпыр, не шу?  Мені ұйқымнан ояттыңдар ғой.

Жүргізуші: Сені ұйқыңнан оятып жіберсек ренжіме.  Біз шырша тойын  тойлатып отырмыз. Бізге жаңа жылымыз Ит те келді. Енді аяз ата мен ақша қарды сағына күтіп отырмыз.

Аю: Жаңа жыл дейсіңдер ме, жаңа жыл деген не? Аяз ата деген кім?

Ит: Балалар, аю  жаңа жылдың не екенін білмейді екен.

Жүргізуші: Әрине, ол қайдан білсін? Үнемі қыста тәтті ұйқыда жатады ғой.

Жүргізуші: Онда мен айтып түсіндірейін. Аю аға! Жаңа жылда балалар бір жасқа өседі, ал біз ортамызға сәнді шырша құрып оны безендіреміз. Осы шырша мерекесіне аяз ата мен ақша қар келеді. Өнер көрсеткен балаларға сыйлық береді. Жаңа жыл деген осы аю жан.

Аю: Мен қысқы ұйқыда жатқанда сендер керемет мерекені тойлайды екенсіңдер ғой.

Жүргізуші: Аю ағасы! Сен оған ренжіме. Аюлар қыстың ұзақ күндерін ұйқыда өткізеді емес пе, ақыры оянып кеткен екенсің, кел мерекені бірге тойлайық.

Аю: Ал енді маған аяз атаны көрсетіңдер, ол қайда өзі? Аяз ата деген өзі қандай болады?

Жүргізуші: Балалар аюға Аяз ата мен Ақша қарды таныстыратын кезде келіп жетті.Қанекей, бәріміз бірге Аяз ата мен Ақша қарды шақырайықшы.

Барлығы бірге:Аяз ата, ақша қар! Аяз ата, ақша қар! Аяз ата, ақша қар!

 Осы кезде: Аяз ата мен ақша қар келеді

Аяз ата: Уа, жұртым жиналған,

Көңілдерің дүр маржан.

Айналайын ұлдардан,

Айналайын қыздардан.

Аяз ата, Ақша қар жетті жолдан қиналған

Ештене емес барлығы,

Мықтылығым мәлім ғой

Өтіп кеткен жылдардан.

Ақша қар: Амансыздар ма достар,ұстаздар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарын құтты болсын! Ит жылы табыс, береке, бірлік әкелсін. Тарихи жыл болсын.

Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да құанышты жыл болсын.

Ақша қар:Мен сендермен жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, аяз ата, ақша қар! Біздің балалар сіздерді сағына күтіп отыр. Тіпті сізді көрсем деп аю да ұйқысынан оянып келіп отыр. Салтанатты шыршамыз да ортамызда жайнап тұр. Біз сіздерді мерекемізде көруге шын жүректен қуаныштымыз.

Аяз ата:Біз де сендерді көруге,

Халдеріңді білуге.

Асулардан асып,

Аппақ қарды басып жетіп қалдық

Жүргізуші: Ой, балалар, сендердің шыршаларыңның шамы  жанбапты ғой, кәне  шыршамыздың шамын жағайық. Ол үшін бәріміз сиқырлы сөзді айтайық.

1-2-3,  шырша шамы жана түс!     (Бәрі айтады)

Аяз: Мінеки шыршамыздың шамы жанып, көңілі көтерілді.

Жүргізуші: Ендеше, әсем шыршамызға арнап би билейік.

Шырша жанады.

Би: «Шыршалар» орындалады

Аяз ата: Рахмет сендерге.

Аю: Жаңа жыл деген керемет мереке екен ғой. Балалардың өнерін көріп өте риза болдым

Аяз:  Ал балалар, маған көрсетер тағы қандай өнерлерің бар?

Жүргізуші: Сізге арнап тақпақтар айтып берсін..

                     Балалар тақпақтарын,әндерін,билерін айтады, көрсетеді.

Аю: Мен әлі ұйқымды аша алмай тұрмын.

Жүргізуші: Кәне, балалар аюдың ұйқысын ашып онымен ойын ойнайық.

/Ойын ойналады/

Аю: Ооо, міне енді ұйқым шайдай ашылды.

Аяз: Қандай өнерлі балалар өздері.

Қасымда бар ақша қар,

Ол да ренжіп қалмасын.

Балаларым тілерім,

Оған да бір ән сыйлаңдар!


/Ақшақардың биі кетеді/

Аяз ата: Балалар сендер өнерлерінді көрсеттіңдер, менің ақша қарым да өз өнерін паш етті. Енді мен де сендердің жаңа жылдарына ат салысайын. Сендерден қалыспай менде өз өнерімді сендерге көрсетейін.

Жүргізуші:Қандай тамаша достар, аяз атаның өнерін тамашалайық па?

Барлығы бірге: Ия

/Аяз ата және гномиктер би белейді/


Жүргізуші:Қандай тамаша!Ғажап! Жасыңыз 100-ге кесе де биді керемет билейді екенсіз!

Жүргізуші:Солай емес пе, балалар? Осы уақытқа дейін Аяз атаның билегенің көрмеппіз.

Аяз ата:Рахмет! Биім ұнағанына мен өте қуаныштымын.

Аяз ата: Ал қарақтарым мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын.Сендерге көп рахмет. Өнерлерін өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!

Жаңа жыл жаңа бақыт,әкелсін далама құт.

Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын, бастарына бақ қонсын.

Келер жылы келермін, өнер тағы көрермін.

Сыйлық әкеп сендерге, көптен-көптен берермін.

Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар

Келесі жылы көргенше, амандыққа болыңдар!

Ақшақар: Қош сау болыңыздар!

Жүргізуші:Балалар,достар! Бәріміз бірге аяз ата мен ақшақарды шығарып салайық.

Жүргізуші:Аяз ата, Ақша қар келесі кездескенше аман болыңыздар! Біз сіздерді асыға күтеміз!

(Аяз ата мен ақшақар кетеді)

Жүргізуші:Қадірлі қонақтар мен ұстаздар! Құрметті достар! Жаңа жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын.

Жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

































« Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Омар Молдағожин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





















Құтты болсын Жаңа жыл!





















2018 оқу жылы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
357
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі