жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Жасыл шырша жанында"
«Жасыл шырша»
(Жаңа жыл туралы музыка жіберіледі.)
Музыка ойналып, балалар қол ұстасып
кіреді.
Жүргізуші: Уа, халайық, жарандар,
Айналаға қараңдар.
Қызық көріп, шат болып,
Шалқып тұрып тараңдар.
Уа, халайық, құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр.
Жаңа-жылды қарсы алып
Өткізейік дүрмекті.
- Сәлеметсіздерме, балалар, ата-аналар?!
Жаңа –жыл мерекесіне қош келдіңіздер. Жаңа-жылдарыңыз құтты
болсын!
Ал, не тұрыс,жаңа-жылды бастайық!
Ой, балалар, мына шырша неге көңілсіз? Неге шамдары жанбаған?
- Қане, бәріміз бірге «1,2,3 жарқырасын шыршамыз» деп хормен
айтайық.
(Бәрі айтады, шам жанбайды.)
- Ой, балалар, мына шыршаның шамы жанбады ғо, кімнен көмек сұрасақ
екен? Біздің даусымыздың күші шыршаның шамын жағуға жетер
емес,ендеше ата-анамыздан көмек сұрайық. Ал, ата-аналар, қане,
бәріміз бірге хормен қаттырақ айтып көрелік. (Ол кезде де
жанбайды.)
- Ой, біздің әліміз келер емес қой, мына шырша сиқырлы шырша
сияқты. Мүмкін тойымыз қызбай жатқаннан болар. Олай болса, балалар,
шыршаға арнап өнерімізді көрсетерміз. Мүмкін сонда шыршамыз жанар.
Ал ендеше бастайық.
Тақпақтар:Мағжан
Оралды өлкеме
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқар тау қарлы шың
Аяна
Ақ қырауға малынған
Сақалыда мұртыды
Аяз Ата сағынған
Сәлем берді жұртына
Айерке
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Айзере
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа жл
Ата-әже,ата-әке
Құтты болсын жаңа жыл.
Жанасыл
Жаңа жылым мол болсы
Басқан қадам оң болсын
Төрле,төрле жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын
Ән: «Кішкентай
шырша»
(Билеп болған кейін, музыкамен
Ақшақар келеді.)
Ақшақар:Бүгін сізге жырдан алқа
тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендер де көрмегенде арманда,
Жаңа-жылың құтты болсын ағайын!
- Ой,балалар, сіздердің жан айқайларыңды естіп, шыдап отыра
алмадым. Аяз атаны тастап, өзім сендерге көмекке келдім. Менің
қолымдағы сиқырлы таяғыммен мына шыршаларыңның шамын жағып, шырайын
келтірейін деп әдейі ерте келдім. (музыка ойналып, шырша шамы
жағылады)
Жүргізуші: Рахмет, саған Ақшақар! Сіздің келгеніңіз қандай жақсы
болды. Шыршамызға шырай кірді. Енді бізбен бірге болыңыз.
Қане,бәріміз жақсы би билеп
берейік.
Би: «Джингли
белс»
Қорылдаған дауыс шығады.
Ақшақар: Мынау ненің дауысы, балалар
? Орман жақтан естілгендей. Қане,
қарайықшы.
(Сол кезде зор дауыспен аю апанынан керіліп, созылып тұрады.)
Аю: Мен
аюмын қорбаңдаған,
Қарсы келмес ешкім
маған,
Тәтті ұйқымды бұзған
жанды
Ешқашан да аямағам.
-
Улап-шулап мені неге ояттыңдар ,балалар? Мен көктемге дейін
ұйықтауым керек. Бұларың болмайды. Сендер менің ұйқымды бұзғандарың
үшін, мына әсем шыршаларыңды Машаға алып
кетемін! деп шыршаға қарай жүгіріп
келеді.
Ақшақар : Аю аға, ашуыңызды
басыңызшы. Балалар жаңа жылды тойламақшы. Сізде бізбен бірге
болыңыз.
Аю: Жоқ , мен алып кетемін
дедімбе, алып кетемін. Былтыр Машаны өзім тоқтатып едім. Енді
ашуыма тидіңдер, қалайда алып кетемін. Маша бір мәз боп
қалсын.
Ақшақар: Аю аға, ашуланбаңызшы.
Балалармен ойын ойнайық.
Аю: Ойнасақ
ойнайық..
Ойын: «Едет,едет
паравозик»
Аю: Ойын маған
ұнады. Мен ұйқымнан оянғаныма өкінбеймін. Сендермен
бірге қалайын деп шештім.
(Музыкамен түлкі шығады)
Түлкі: Мен түлкімін күлкілі,
Кім
білмейді түлкіні?
Жаңа жылда бұл күні
Алдамаймын, алдамаймын ешкімді!(жан-жағын иіскелейді.)
- Мұрныма бір жақсы иіс кеп тұрғанын
қарашы. Қоянның иісі ма десем, мына жиналған балалар екен
ғой. Қап, жаңа алдамаймын деп айтып қойып едім.Бірақ болмайды енді,
алдауға тура келеді. Қарным ашып тұрғаны. Көп баланың ішінен 1-2
баланы алып кетсем, ештеңе өзгере қоймас,-деп балалардың қасына
барып майысып:
- Жүрші, менімен, бұдан да қызықты думанға, кең сарайға, сыйлығы
көп жерге апарамын, жүрші,- деп алдай
бастайды.
Аю: Түлкі бикеш, сен әлі
естіген жоқсың ба? Кешеден бастап орманда жаңа заң шықты. «Кім де
кім өзінен әлсізді ренжітіп, зәбір көрсетсе, ол жаңа жыл кешіне
қатыспайды, аяз атадан сыйлық алмайды»
Түлкі: Маған ешқандай жаңа жыл кешінің қажеті жоқ. Онда
аңдар көп болады. Аяз атаның сыйлығына таласып, мына әдемі
құйрығымнан айрылармын.
Аю: Түлкі, бір орманда жүрген бұрыннан достар едік
қой. Тойдың шырқын бұзбай, одан да кел,
балалармен бірге
болайық.. Тойды қыздыртсақ, аяз атадан сыйлық алып
қалармыз.
Ақшақар: Қош келдің, түлкітай. Жаңа
жыл мерекесін қыздырып, бізбен бірге болыңыз. Балалардың
ризашылығы сіз үшін үлкен сый болмақ.
Ойын: «Қар жинау»
Тақпақтар:Димаш
Жаңа жыл ,жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Асылбек
Тамаша,тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Данияр
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Аяжан
Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз
Аяз ата келгенде
Билейміз ән саламыз
Жандос
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын
Шырша келді ортаға
Дамир
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Амир
Қандай әсем шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз.
Ән: «Шыршаға бардық»
Би: «Научите танцевать»
(Музыка ойналып, айқаймен
Мыстан келеді. Мыстан келіп, балаларға тиіседі,
сүйрейді.)
Мыстан: Мен бағанадан бері сырттарыңнан бақылап тұрмын.
Бәрің жаңа-жылды тойлап көңілдісіңдер. Мені шақыруды ұмытып
кетесіңдер. Жылда ең алдымен мені шақырам дейсіңдер де, мені ұмытып
кететіндерің қалай осы? Болдым, менде ашуға
мінем де,
мына тойларыңды болғызбаймын, болғызбаймын, –деп балаларды қуалай
жөнеледі. Балалардың арасында жүрген
Ақшақарды құшақтап:
Мен
жылда мына шыршаға қызығып, жаңа жылды бұзам деп айқай салам. Одан
да шыршаңыздың сәнін келтіретін Ақшақарды алып кетіп, өз үйімде
жаңа жылды тойлайын. Сонда аяз атада немересін іздеп, маған
келеді.
Ха-ха деп күледі де, дождикпен Ақшақарды орап
тастайды.
Жүргізуші: Жоқ,Мыстеке. Шырша тойымыздың сәні Ақшақар
ғой. Босатыңыз.
Мыстан: Алып кетемін дедім бе, алып кетем.
Ешқайсыңның алдауларыңа көнбеймін. Қорбаңдаған аюды, сумаңдаған
түлкіні шақырғанда мені ұмытқандарыңа жөн
болсын.
Аю: Сұлуым-ау, жібер Ақшақарды,
мен де
жаңа балаларды біраз қорқыттым. Кел, одан да ортамызды қыздырып,
естен кетпестей қып, би жарыс
ұйымдастырайық.
Мыстан: Ақшақар менің қолымда, сондықтан да
балалар менің қасыма көбірек
жиналады.
Аю: Мен де жалғыз болғанмен, қалыспаспын.
Мейлі.
Балалар, қане, қайсың менімен бірге боласындар.
(Музыка жіберіліп, екі топ боп билейді. Мыстан шаршап, балалармен
қалуға келіседі. Ақшақарды босатады)
Жүргізуші: Балалар, біз бірдеңені ұмыттық. Расында да біз бір нәрсені ұмытқан сияқтымыз.
Мыстан: Мен білем, ескі жылмен қоштасып, жаңа жылды қарсы алушы едіңдер ғой.
Жүргізуші: Уа, халайық, жарандар,
Қилы-қилы заман бар.
Жылқы жылы жылыстап
Кетіп барады қараңдар.
О, халайық, халайық,
Қош айтысып қалайық!
Мыстан: Мында ескі жыл, -деп ертіп
келеді.
Ескі жыл
Ит : Мен ескі жыл есіркедім,
Егемендік елдікті
Мен сүйемін батырлықты
Татулық пен ерлікті.
Қарақтарым, қанаттарым,
Аман болың, шырақтарым.
Ізбасарым жаңа жылға
Аманат қып тапсырамын.
Ақшақар: Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде жақсылық.
Кетер жылға көп алғыс,
Әкелген көп жақсылық, -дей отырып, қане,балалар ескі жылмен
қоштасамыз.
-Қош сау болыңдар, балалар! (Ескі жыл кетеді.)
-Қош, сау бол, Ескі жыл.
(Орман жақтан қардың дыбысы
естіледі.)
Ақшақар: Балалар, естимісіңдер, менің
атамда келіп қалған сияқты.
Қане, бәріміз хормен «Аяз ата» деп шақырайық.
Қасында аю ағамыз бар Аяз атаны қарсы
алайық.
Аяз
ата: Амансың ба, ұлдарым,
Амансың ба, қыздарым?!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың?
Аталарың сендерге
Шаршап келді-ау алыстан.
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр-ау демалғым.
Ақшақар: Ал, қанекей, балалар,
Кімнің әсем әні бар,
Мың бұралған биі бар?
Өнерліге беретін
Аяз ата сыйы бар.
Тақпақтар:Олжас
Тоғайда бауларда
Ақ күміс жамылды
Далада,тауларда
Өзіңді сағынды
Адия
Ақ таяғың таянып
Таңмен бірге оянып
Аяз ата келіп тұр
Ақ күпіге оранып
Айгүлім
Көрдіңбе Аяз атаны
Аппақ екен сақалы
Аппақ екен мұртыда
Аппақ екен шапаны
Альмина
Жаңа жылмен,жаңа жылмен
Құттықтаймыз сіздерді
Ясмина
Әкемізді,анамызды
Қонақтардың бәрінде
Еркебұлан
Шыршаға бардық
Әсем ән салдық
Аяз атадан
Ойын: «Ата аналармен»
Ән: «Аппақ,аппақ»
Би: « Жалпы би»
Аяз ата: Балалар, өнерлерің өрге
жүзсін. Өздеріңізбен қоштасатын да кез келді. Мені
өздеріңдей кішкентай бүлдіршіндері күтіп отыр. Қош сау болыңдар,
балалар.
Жүргізуші: Ал енді қонақтар,осымен біздің жаңа жыл мерекеміз аяқталды.Мерекемізді аяқтай отырып,балабақша меңгерушісі Құралай Сабырқызына сөз береміз.
|
|
Соңы............
«Балдырған» балабақшасы
Келісілді: Бекітемін:
Әдіскер:Дементьева Н.А Меңгеруші: Салиева Қ.С
«Жасыл шырша»
II кіші «Жұлдызша» тобы
Тәрбиешілері:Ақбаева Ә.М
Жұмағұлова М.Б
Әуен жетекшісі:Сембиева Ш.И
2018-2019 оқу жылы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген