400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Жасыл шырша жанында»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ортадаәсем шырша. Жанында екі бала айнала жүр. -Қандай керемет шырша? Арсен: Аяз Ата келе ме? Бізге сыйлық бере ме? Айару: Әрине, ата келеді, Бізге көп сыйлық береді. Осы кезде музыка әуенімен билей басып түлкі келеді. Түлкі: Мен түлкімін, түлкімін Тұнып тұрған күлкімін
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

№79 «Шабыт» балабақшасының

меңгеруші__________________

Ш.М. Абдыхалыкова







Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік

«Жасыл шырша жанында»


«Сыбызғы» мектепалды даярлық тобы

Тәрбиеші: Абишова А.Е.



АСТАНА 2018



Ортадаәсем шырша. Жанында екі бала айнала жүр.

-Қандай керемет шырша?

Арсен: Аяз Ата келе ме?

Бізге сыйлық бере ме?

Айару: Әрине, ата келеді,

Бізге көп сыйлық береді.

Осы кезде музыка әуенімен билей басып түлкі келеді.

Түлкі: Мен түлкімін, түлкімін

Тұнып тұрған күлкімін

Бұлған, бұлған құйрығым

Текке өтпейді бір күнім

Аяз ата мұнда келмейді

Сендерге сыйлық бермейді.

Балалар: Қалайша? Неге келмейді?


Түлкі: Аяз аталарын адасып кетіпті,

Сендерді таба алмай

Үйіне қайта кетіпті.

Жүргізуші: Балалар- ау мына қу түлкі не дейді? Бұл қалай болды? Мерекеміз Аяз атасыз қалай өтпек?

Түлкі: Жарайды, мен кетейін (билей басып кетеді).

Жүргізуші: Балалар уайымдамандар. Аяз ата келеді, бізге сыйлық береді. Бұл түлкінің кезекті бір қулығы болар.

Арсен: Мұның артында бір шикілік бар, Айару мен түлкінің ізіне түсіп, не бүлдіргенің білейін.

Сықырлаған қардың дыбысы естіледі.

Жүргізуші: Балалар Аяз атамыз келе жатқанға ұқсайды. Дыбысты естідіндер ме?

Балалар: Ия, естіп тұрмыз.

Жүргізуші: Ендеше қарап тұрмайық, аяз атаны қарсы алайық

Аяз ата: Амансың ба ұлдарым,

Амансың ба қыздарым.

Қандай әсем жүздерің

Қандай мөлдір көздерің

Керемет бір ән тындап

Келіп тұр –ау демалғым.

Қандай керемет, ой айналайындарым –ай, сендерге келүін келдім, бірақ қапшық толы сыйлығым ұшты –күйлі жоқ болып кетті. Осынд келе жатып, жоғалтып алдым. Енді не істесем екен?


Осы кезде түлкінің сонынаң кеткен Арсен түлкіні алдына салып, қапшық толы сыйлықтарды алып келеді.


Аяз ата: Ә, енді есіме түсті, қу түлкі жолда өтірік өлген болып жатып, қапшығымды ұрлап кеткен екенсін ғой. Түлкінің мұнасы дұрыс па, балалар?

Балалар: Жоқ


Түлкі: Құлық – сұмдықты жоямын

Өнерге ден қоямын

Аяз ата мені кешірсе

Сыйлығына тоямын.

Аяз ата: Онда түлкі сенін кінәнді кешіремін. Бірақ сен екінші ешкімді алдамаймын, балалармен дос боламын деп уәде бер.

Түлкі: Уәде беремін, енді ешкімді алдамаймын.

Жүргізуші: Ендеше қонақтар біз мерекемізді бастамас бүрын шырша шамын жағып алайық. Аяз ата сіздің таяғыныздың сиқыры бар деп естіп едім. Шыршы шамын жағыңыз, балалар қуанып қалсын.

Аяз ата шырша шамын жағады;


Жүргізуші;Бұрыннан болған екен Аяз ата

Тосады екен балалар қысқы уақытта

Ақшақарды қасына ертіп алып

Жер бетін шырлайды екен аппақ таңда


Арсен: Даламызға, қаламызға,

Жаңа жыл кіріп келеді.

Қартыңызға, балаңызға.

Жалынды сәлем береді.


Айару: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,

Таңырқанып тұрмаңыздар

Сәнді шырша шақырады.

Шырша жырын жырлаңыздар.


Арсен,Айару: Келіңіздер, келіңіздер,

Би де билеп беріңіздер

Қызығы мол жаңа жылдың.

Тамашасын көріңіздер.

Құрметті ата аналар, қонақтар, әріптестер және бүлдіршіндер! Жаңа жыл мерекесіне арналған «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Ортаға Гном шығады.

Дария: Сәлеметсіңдерме балалар.Мереке құтты болсын.

Балалар сендермен кездескеніме қуаныштымын.Мерекені бірге тойлайық. Бүгінгі мерекемізді көңілді әуенмен шыршаны айналып жүрумен бастайық.Сендер мұнда жай отыру үшін емес , ән айтып би билеу үшін келдіңдер .


Жүргізуші : Әрине солай болсын.


Ән «Жасыл шырша»


Арсен,Айару: Ендеше балалар өнерімізді көрсетейік. Қонақтарымызға арналған тақпақтарымызды айтып берейік.


Нұрдәулет: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын

Шат күлкіге толы болсын маңайын,

Көргендер де көрмегенде арманда.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.


Анель: Аяз ата ақ сақалды,

Ақ таяқты паң ата,

Асып өтіп асқар тауды

Жеттін бізге таң ата.


Арайлым: Борандатып, аққарлатып,

Аяз ата келеді

Ақ көңілмен, пәк сезіммен,

Бізге сәлем береді.


Лейла: Жапалақтап ақшақар,

Жауды күнде қайталап

Қырға шықты балалар.

Шаңғыларын арқалап.


Абдурахман: Тамаша сый алып,

Келді Аяз атамыз

Шаттанып, қуанып,

Шырқап ән айтамыз.


Асылхан: Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны!



Жүргізуші:Қабағын еш түймеген

Аяғы жерге тимеген

Мерекеде шаттана

Қыздарымыз билейді.


Ал, енді көрермен кезекті биге берейік!


Би;«Шырша»


Жүргізуші: Балалар,ескі жылмен қоштасып,Жаңа жылмен достасатын уақыт жетті. «Ит – жеті қазынаның бірі деген сөзі бар». Балалар, біз ескі жылымызды ән жырымызбен риза қылып шығарып салайық.



Ескі жылды ортаға шығарып, жақсы тілектер айтылады.

Ит: Уа, халқым, маған риза болыңыздар! Бұл жылы еліміз тыныш, нанымыз мол, халқым бай, қуатты болды! Енді мен сендермен қоштасамын, көп жылдардаң соң қайта қауышамыз!

-Ал, жаңа келер Доңыз жылы –елім саған аманат! Мен жүрейін.


Жүргізуші: Ит жылы кетпес бұрын , балалардың мерекесін бірге тамашалайық! Қуанышты ортамыз сазға ұласқан

Тілегіміз болсын мәңгі ашық аспан

2019 жыл қадам басқан

Гүлденіп көркейе бер Қазақстан

Келесі жыл бастауы доңызға береміз.


Ал балалар ескі жылымызды шығарып салдық, жаңа жаламызды қарсы алдық.Ендігі кезекте тек ән мен би болсын.

Сыбызғы тобының сұлу да әсем қыздары сіздерге ән жолдайды.

Нүрлыбек қызы Нүрай Тілек қызы Адира Ерлан қызы Әмина


Ән; «Шырша жыры»


Жүргізуші: Балалар енді бір қызықты ойын ойнасақ қалай қарайсындар?


Балалар: Ойнаймыз.

Ойын:


Аяз ата: Жарайсындар балалар, не деген керемет, маған мереке өте ұнады. Сендермен қызықты болды. Қарша қызым саған да ұнаған болар?


Ақшақар: Әрине ұнады. Балалар сендермен бірге ән айтып би билегім келіп тұр. Сендар билеп бересіңдер ме?


Балалар: Әрине билейміз.


Би:


Жүргізуші: Құрметті қонақтар, Аяз ата, Ақшақар, біздің бүлдіршіндеріміздің басқа шет тілінде де өнерлері бар. Енді сол өнерлерін тамашалаңыздар.


Ағылшынша көрініс: «Күлбикеш»


Ән: «Кішкентай аққала»

Тақпақтар:

Адира С мамочкой мы елку нарядили

Потому что скоро – Новый год.

Мы стишок четыре дня учили

Потому что Дед Мороз придет,

Принесет подарки и конфеты

Бороду погладит и вздохнет:

Как же я скучал за вами летом,

Становитесь дети, в хоровод!


Айару Наступил Новый год, ура!

Очень рада ему детвора,

Ждет от Деда Мороза подарки,

Будет праздник веселый и яркий.

Елка, ярче засияй,

Новый год к нам зазывай,

Пусть приходит он скорей

И порадует детей!


Алуа Новый год к нам идет,

Нас подарков много ждет,

Дед Мороз к нам спешит,

С Новым годом! Говорит!


Абзал Новогодний день настанет,

Старый год уж посидел,

Дед Мороз наш не устанет,

Хоть полно у деда дел!

Он нам дарит угощенье,

Я с ним тоже поделюсь,

Баловник? Прошу прощенья,

Это я так веселюсь!

Искандер;







Ән: «Праздничный харовод»


Нүрмахан қызы Айша ән айтады «Жана жыл»


Би:


Жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің балаларымыздың мерекесі сіздерге ұнап жатыр ма? Енді біздің мерекеміз сіздермен онан да қызықты болар. Біздің сіздермен ойнығымыз келіп тұр.


Ата-аналармен ойын:«Кім жылдам»Шыршаныбезендіру, әнхаровод


Ән:


Жүргізуші: Құрметті қонақтар және Аяз ата, Ақшақар, біздің балаларымыздың өнерлері таусылмайды. Әнді де айтамыз, биді де билейміз, бірақ бізге берілген уақытшектеулі.

Мансүр;

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне, сұлу шыршамыз

Көптен күтіп, сағынған

Кел, балалар, келіңдер

Ясмина

Жаңа жылда, барлық үйге

Аяз ата келеді

Жаңа жылда сәбилерге

Сыйлық әкеліп береді

Зере;

Ақ қырауға малынған

Сақалы да, мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына

Иманжүсіп;

Аяз келіп қаһарлы

Айналаны қар жапты

Ақ тон киіп орман тұр

Дәл атамдай салмақты


Ән; «Жана жылға шашу»

Жандос ұлы Арсен Нұржан қызы Каусар Арман қызы Дария

Би; Адира


Ән; «Аппақ – Аппақ»


Айару Арсен; Құрметті қонақтар Аяз ата біздің «Жасыл шырша жанында»

Атты ертеңгіліміз осымен аяқталды. Келгендерінізге көп-көп рахмет. Қош сау болыңыздар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
557
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі