Ертеңгілік:
«Жасыл
шырша жанында»
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл
туралы түсінік бере отырып, ертегілерге
ғажайып қиял арқылы,мерекеге деген
қызығушылықтарын ояту.
1-жүргізуші : Армысыздар құрметті ата-аналар
,қонақтар бүлдіршіндер.
Сіздерді Жаңа- Жыл мерекесімен
құттықтаймыз.
2-жүргізуші: Жаңа жаңа бақыт сыйласын
Көгімізде бақыт құсы самғасын
Төгілтіңдер жаңа жылдың жақсы әнін
Қуанышпен арайлансын ақ таңың
1- жүргізуші: Жаңа жылда
алдағы
Көңіл өсіп көбейсін
Ортақ ойы арманы
Жақсы дәстүр көбейсін
2- жүргізуші: Бәрекелді
құрметті халайық,бүгінгі Жаңа жыл мерекесінбарлығымыз көтеріңкі
көңіл күймен әсем ән сәнді бимен өткізейік
Уақыты таяп қалған сияқты. Бізге айтары бар
шығар
Тауық жылы : Жасампаз заман бұл заман
Бүгіннен ертең ғаламат
Алдыңғы сапта боларсың
Келер жыл саған аманат
Сау болыңдар
балалар.
2-жүргізуші: Балалар енді ортамызға келер жаңа
жылымыз Ит жылын
шақырыайық.
Ит : Сәлеметсіздер ме балалар
мен кешігіп қалған жоқпын ба ?
Ит жылы: Көңілде көп
қуаныш
Әр көңілде жақсылық
Келер жылға мың алғыс
Әкелкр көп
жақсылық
Кел жаңа жыл біздерге
Кел жаңа жыл, жаңа жыл
1-жүргізуші: Қуаныңдар ағайын
тамсаныңдар
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар
Аяз ата келеді Ақшақармен
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар

Аяз ата мен Ақша қар келеді
Ән «Шырша жыры»
Сиқыршы :Шырша шамын жағады
2-жүргізуші: «Гүлдер» тобының ата-аналарының Жаңа
жылға әзірлеген
«Мақта қыз бен мысық»
ертегісін тамашалайық,
1-жүргізуші: «Гүлдер» тобының
сіздерге әзірлген Жаңа- Жылдық тақпақтарын
тамашалайық
Айзере: Жаңа жылым жол болсын
Басқан қадамың оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын
Рахман: Бізбен бірге ойнайды
Жаңа жылды тойлайды
Барлық бала бақытты
Болса екен деп ойлайды
Нұртас: Мұздан моншақ тағылып
Күміс қырау жамылып
Ортада тұр ақшақар
Көптен күтіп сағынып
Санжар.Тимур: Төрлет енді жаңа жыл
Үйлестір құт береке
Көп қуаныш ала жүр
Көп болсыншы мереке
Айнара: Әдемілеп біз
ілген
Ойыншықтары тізілген

Әмірхан: Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Нұрсұлтан: Аспан жерге түседі
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап
Нұрасыл: Ақ киімді денелі ақ сақалды
Соқыр мылқау танымас тірі жанды
Үсті –басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды
Рамзан: Аппақ,аппақ –бірі аппақ
Ақ қар да аппақ,бор аппақ
Ақ бұлт аппақ, мақта аппақ
Ақ сүт,айран,қант та аппақ
Жанслу: Жаңа жылда балалар
Тек жақсылық көріңдер
Ауырмаңдар ешқашан
Мықты болып өсіңдер
Аслан: Тамаша, тамаша
Шыршамыз түр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Руслан: Ақ таяғын таянып
Таңмен бірге оянып
Аяз ата келіп тұр
Ақ күпіге оранып
Ақкенже: Құтты болсын, құтты болсын
Құтты болсын жаңа жыл
Алина: Жүзімізде күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз
Ерген: Жаңа жылмен, жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине
Атамызды, әжемізді
Қонақтардың бәрінде
Мерует: Міне тағы келіп тұр
Жаңа бір жыл балалар
Жадырытып жер үстін
Төрімізге ол шықты
Балжан: Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын
Шырша келді ортаға
Нүрлат: Көрдің бе, аяз атаны
Аппақ екен сақалы
Аппақ екен мұрты да
Аппақ екен шапаны
Роллан: Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына
Жаннұр: Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Ералы: Жасыл шырша орманнан
Бізге арнайы келіпті
Ойыншығын балалар
Шыршаға әкеп іліпті
Ән «Аяз ата»

Би: «Гномики»
Ән: «Құтты болсын жаңа жыл»
2-жүргізуші: Балалар айтпақшы бізге мыстан кемпір
уәде беріп еді ғой,
ендеше ойын ойнайық.
Мыстан кемпір ойын ойнатады:
1-жүргізуші: Ал балалар Аяз ата мен Ақшақармен
қоштасатын уақытта
болып қалған ситяқты ендеше оларды шығарып
салайық.
Аяз ата мен Ақшақар қош сау болыңдар келесі жылға
дейін көріскенше
Енді сөз кезегін ата аналар комитетіне
берейік.
1-жүргізуші: Жаңа жыл әр отбасына береке әкелсін,
табыс әкелсін
2-жүргізуші: Әрдайым жүздеріңнен нұр кетпесін,
жаңа жылымыз құтты
болсын. Осымен Жаңа жыл мерекесіне арналған
ертеңгілігіміз
аяқталды ,қош сау болыңдар.
«Ақбота»
бөбекжайы
Ертеңгілік: « Жасыл шырша
жанында»
«Жемістер» аралас
тобы
Өткізгендер:
Гусман.З.Т.
2018-2019
жыл