400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жасыл шырша жанында

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектепалды даярлық топ тәрбиешілеріне қажет. Жаңа жыл мерекесін көңілді, үйлесімді өткізге көмегін тигізеді. Мерекелік көңіл-күйді сыйлайды. ертеңгілік өткізуге көмегі мол
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жасыл шырша жанында!

 

Мақсаты:  Балаларға жаңа жыл мерекесі туралы түсінектерін қалыптастыру, мерекелік  көңіл-күй ортасын ұйымдастыру, хормен ән айту шеберліктерін арттыру, би қимылдарына қызығушылықпен орындалуға төселдіру.

Жүргізуші:  Армысыздар құрметті ата-аналар, қымбатты ұстаздар және балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

                      Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге

                      Жаңа табыс тілейміз ісімізге.

                      Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін

                      Мына отырған барша жан бәрімізге

                      Айнала қоршап шыршаны

                      Шашылар шашу жыр- әні

                      Мынау әсем шыршаға

                      Қош келдіңіз- балалар!- дей отырып, ортаға жаңа жылдық  шыршаға ертеңгілігімізге келіп отырған балаларымызды шақырайық.

Музыка ойналып балалар кіреді.

1.Хор:  «Шырша жыры»

Жүргізуші:  Нұрландырып маңайды,

                     Шырша шамы жағылды.

                     Жаңа жылдың құрметіне,

                     Ақ тілектер ағылды.

    

Құттықтау сөз: Мектеп директорына беріледі.

Жүргізуші: Балалар мынау ортада тұрған не? Білемізба?

Балалар:  Шырша

Клоун:  Қандай әсем шырша, қандай әдемі балалар.

Балалар менде сендермен бірге жаңа жылды қарсы алайыншы балалар!

Балалар:  Жарайды

Жүргізуші: 

Ал халайық, халайық

Ескі жылдай аға бар

Оны ортаға алайық

Қош айтысып қалайық

( Ортаға ескі жыл мен жаңа жыл шығады.)


Ескі жыл: 

Ескі жыл есіркеп

Жаңа жылың жарылқап

Елімде болсын тыныштық

Бейбіт күнің жарылқап

Қоштасамын бүгін мен

Сіздерді қимас көңілмен

Қош сау болыңдар!


Жүргізуші: 

Келді міне жаңа жыл  аппақ болып

Жыр болып, арман болып, қиял болып,

Ән болып,  жұмбақ болып, тақпақ болып.

Қонысыңыз құтты болсын болсын жаңа жыл!


2.Ән: «Жаңа жыл» Орындайтындар: Искандар Жасұлан, Абдимұрат Алинұр


Жаңа жыл: 

Рахмет балалар! Мені бөтенсімей шын шын ықыластарынмен қарсы алғандарыңа рахмет!

Жақсылыққа бағытталған,

Доңызбын мен жаңа жыл

Жаңа жылда барлығыңыз

Жаңа үміт таба біл.

Елде, жерде, табиғатта,

Бейбіт жолды қалаймын


Жүргізуші:Табалдырық аттағалы отырған жаңа 2019- доңыз жылы құтты болсын! 

( кезекті ата-аналарымызға береміз)

Жүргізуші: Балалар біздің әсем шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата-аналарымыз көрермендеріміз де бар енді біздің жаңа жылдық мерекемізге кімдер жетіспейді?

Балалар: Аяз ата, Ақшақар

Жүргізуші: Қане балалар онда аяз атамызбен ақшақарды шақырайық.

(Аяз ата, Ақшақар 3 рет)

Аяз ата: 

Жаңа жылдарыңмен!

Балаларым, балғыным

Өмір гүлім, шалғыным

Тілегенім жыл бойы

Сендердің денсаулығың

Амансың ба, ұлдарым.

Аппақ ару қыздарым?


Ақшақар:

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем билерің

Асулармен алыстым

Асау желмен жарыстым

Шыршамызға асығып

Өздеріңмен табыстым

Армысыздар ата-аналар

Жаңа жылдарымыз құтты болсын

Жаңа жыл татулық пен бірлік жылы болсын!


Жүргізуші: Аяз ата сіз алыс жолдан шаршап келдініз енді отырып дем алыңыз. Біздің сізге арналған тартуымызды қабыл алыңыз.

3.Кезекті балалардың өнеріне берейік. Ортада «Керемет көңіл-күй» биі қыздар тобы.

Аяз ата: Аяз ата:Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан.

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Өздеріңе оралдым,

Бар сыйлығым жоралғым

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр-ау демалғым

Жүргізуші: Олай болса, балалар Аяз атамызға бір ән салайып берейік

4.Ән: «Шырша жыры» Орындайтын: Құлмағамбет Едіге


Келді тағы Жаңа жыл              

Қуантумен біздерді

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді.


Жүргізуші:

5.Келесі кезекті  ұлдарымыздың тамаша биіне берсек, қарсы алыңыздар, ортада би: «Буратино» Орындайтын: ұлдар


Жүргізуші:

  Болсын қызық салтанат,                            

   Болсын қызық мереке.

   Жаңа жылмен жадырап,

   Келсін бақыт,береке.

6.Ән: «Сағындым әже» Орындайтын: Теңгебаева Дария


Тілек: Болат Еламан


Клоун жұмбақ жасырады

Тікен,тікен тік пісте,

      Қысы-жазы бір түсте             \шырша\

Шелек қалпақ басында

     Сәбіз екен танауы

      Қыста қардан тұрады

      Танып көрші сен оны        \аққала\

Аузы жоқ,тісі жоқ

      Бірақ тістеп алады          \аяз\


Жүргізуші:

Жаңа жылды бар тілде          

      Жаңа жылға балайды

      Жаңа жылға әр кімде

      Жақсы үмітпен қарайды



7.Би: «Қуыршақ биі»

Жүргізуші:

«Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй»-деп Абай атамыз айтқандай, ән көңілдің ажары.

8.Ән «Шыршаға біз барамыз» Орындайтын: Самархан Ақниет

Жүргізуші

Өлең де әзір, ән әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір,

Кел, Жаңа жыл біздерге

Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл.


9. Би: «Санта Клаус» Орындайтын: ұлдар


10.Ән: «Ертегілер» Орындайтын Құттымұрат Інжу

Жүргізуші:

Жылдың әсем бұл шағы,

Шыр айналдық шыршаны.

Шоқ жұлдыздай көктегі

Шыныны қағып тұр шамы.

11.Би: «Кішкентай жұлдыздар» Орындайтын: қыздар

12.Ән: «Қазақ жастары» Орындайтын: Мұхаммед Дінасыл

Жүргізуші:

Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз.

13. Би: «Флешмоб» Орындайтын: ұлдар


14.Ән: «Жан гүлім» Орындайтын Нұрсұлтанқызы Нұрлайым

Жүргізуші:

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап.


15. Би: «Новогодные игрушки» Орындайтын: қыздар

16.Ән: «Тұлпарым» Илесов Олжас


Ой бәрекелді балалар! Мен сіздерге риза болдым. Мені сіздер сияқты басқа да балалар күтуде жаңа жылдарыңыз құтты болсын, келесі жылға бейін көріскенше аман сау болыңыздар!

Балалар: Сау болыңыздар! Аяз ата, Ақшақар

Құттықтау сөз ата-аналарға!

Қорытынды: жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршаңыз үшін берекелі мерекелі жыл болсын!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
313
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі