15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жасыл шырша жанында

«Жасыл шырша жанында» Жаңа жылдық ертеңгілік.
Мереке өтетін бөлме әсем безендірілген.
Жүргізуші:
Бүгін келді жаңарып,
Құлыншақ тобы тағы да.
Би билейді, ән салып,
Жасыл шырша жанында.
Сәлем бізден баршаға,
Құттықтаймыз жар сала.
Бүгін бізде Жаңа жыл,
Қош келіпсіздер шыршаға.
Шырқалады әніміз,
Ата - аналар сіздерді
Құттықтаймыз бәріміз.
Құрметті балалар мен қонақтар! “ Арай”тобының балаларының дайындаған
ертеңгілігіне қош келдіңіздер.Біздің балаларымызды қарсы алайық.
( әсем әуенмен балалар кіріп залға отырады.)
Жүргізуші: Балалар, киімдерің қандай әдемі, өздерің қандай сұлу боп кеткенсіңдер.
Балалар ортамызда тұрған мынау әсем не?
Балалар: Шырша
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтар неткен көп. Ал, мынау шыршаның
түбіндегі не екен? – деп хатты тауып алады да балаларға оқып береді.
-“Салематсыңдар ма балалар! Мен орманда қалып қойдым, Жаңа жыл мерекесіне жете
алмай отырмын. Қар қалың екен, Арай тобының балалары маған көмектесіңдер” – деп
жазыпты. Балалар мұны кім жазды, - білесіңдер ме балалар?(хаттың сыртында аяз
атаның суреті тұрады.)
Балалар: Аяз ата.
-Ой, балалар бәріміз орманнан Аяз атаның келуіне көмектесеміз бе? Олай болса
орманға дейінгі жолды ашып қояйық.
Балалар: -Ия
Жүргізуші: Балалар қар қалың екен,шыршамыздың жан жағының бәрін қар басып
кеткен екен -деп жанына қарай жылжып жүреді. Бұрышта ұйықтап отырған Аққаланы
көреді де, бетін ашады. ( Аққаланың үстін жауып қоюлы болада да, жүргізуші ашады)
Балалар бұл кім?
Балалар: Аққала

Жүргізуші: Аққаламыз ұйықтап қалыпты оятайыншы – дейді. Аққала тұрмай жатыр,
балалар қане Аққалаға арнап тақпақ айтайықшы мүмкін оянар.
Айша: Аула сырты бақта да,
Тұрғызамыз аққала.
Аққаланы айнала,
Ойнаймыз біз шаттана.
Нұрасыл: Көптен күткен сағынған,
Ауыл алды ақша қар.
Ақша қарда балалар.
Соғып жатыр аққала
( Аққала ұйқыдан оянады.)
Жүргізуші: Сәлематсыз ба Аққала! Мұнда не істеп отырсыз?
Аққала: Арай тобының Жаңа жыл мерекесіне Аяз атадан хат әкеліп сендерді күтіп
отырып, кішкене тынығып алайын –деп ұйықтап кетіппін ғой. Балалар,
салетатсыңдарма!
Балалар: Сәлематсыз ба Аққала.
Жүргізуші: Аққала сіздің әкелген хатыңызды оқып алдық. Біздер орманның қарын
тазалап , жол ашайық десек қар қалың екен әліміз келмей тұр. Сіз бізге көмектесесіз
бе?
Аққала: Мен сендерге жалғыз көмектесе алмаймын, ормандағы достарымды
шақырайын- деп ( шыршаның түбіндегі аюды оятады.)
Аю тұршы сенің көмегің керек болып тұр, мына балаларға қарды күреуге көмектесші.
Ал, мен басқа аңдарды Жаңа жылға шақырып келейін.( Кетіп қалады.)
Аю: ( ыңырсып жәйлап оянады) Бұл кім менің мазамды алған? Мені неге ояттыңдар?
Қыста күн суытқанда, мен ұйықтағанды жақсы көрем, бірақ сендерге көмегімді
берейін. Қандай әдемі балалар, менің де қонжықтарым бар, соларды шақырып
көмектесеміз. ( қонжықтар аюмен қонжықтар биін орындайды) Би * Қонжықтар*

Аю: қонжықтарым сендерге рақмет, балалар енді жолдарың ашылды, мен барып
ұйықтай берейін қатты тоңып кеттім./ кетіп қалады/
Жүргізуші: Аю, қонжықтарым сендерге рахмет, біздерге жол ашып бердіңдер, енді Аяз
ата біздің мерекемізге келетін болды, солай ма балалар.
Балалар: Ия
Қуыста шырша жылап отырады.
Жүргізуші: Балалар жылаған дауыс естіле ме? Бұл кім болды екен- деп қасына барады.
Сіз кімсіз? Неге жылап отырсыз?
Шырша: (жыламсыраған дауыспен) Мен шыршаның қызымын, анамның шамдары өшіп
тұр,маған көмектесесіздер ме?
Жүргізуші: Шыршажан жыламаңыз, сіздің анаңыздың шамын қазір балалармен бірігіп
жағамыз, біз сізге көмектесеміз. Қане балалар шыршаға қарап ұрейік. 1,2,3 үф-үф.
Балалар шыршамыз жанбады ғой, оданда ән айтып берейік.
Ән: “ Шырша жыры. ” (шыршаны айнала барлығы ән айтады)
Жүргізуші: Балалар шыршамыз әнімізге жанбады, шыршажан мүмкін сен бізге би
билеп берерсіз.
Шырша: Әрине, ал қане сіңілілерім келіңдер, би билейік.
Би * Шырша*
Жүргізуші: Балалар біздер ән айтсақ та, би билесек те шыршамыз жанбады. Жаңа
жылдық шыршаның шамдарын тек Аяз ата жаға алады. Олай болса бәріміз Аяз атаны
шақырайық.
Аяз ата - ау, Аяз ата - ау-уу! ( Балалардың барлығы Аяз атаны шақырады, Көңілді әуен
жүреді, Осы сәтте Аяз ата Ақшақармен бірге келеді.)

Жүргізуші: Қош келдің Аяз ата! Сәлематсіз бе Ақшақар!
Жаңа жылдарыңызбен! Ал, қане балалар амандаспаймыз ба.
Балалар: Сәлематсыз ба Аяз ата, Сәлематсыз ба Ақшақар!
Ақшақар: Салематсыңдар ма балалар!
Аяз ата: Амансыңдарма, ұлдарым?
Амансыңдарма, қыздарым?
Қандай жарқын жұздерің,
Қандай әсем жырларың.
Сәлематсыздар ма балақайлар мен қонақтар! Жаңа жыл құт – береке, ырыс мереке
әкелсін. Сендердің қалың қардан ашып қойған жолдарыңмен жүріп тура дәл келіппіз. Ал,
мына шыршаларыңның шамдары неге жағылмаған?
Жүргізуші: Ия, Аяз ата, дұрыс айтасыз. Сіздің хатыңызды оқып, жолды ашып қойдық.
Аяз ата: Олай болса балалардын өнерін тамашалайық.
Жүргізуші: Ата сіз алыстан келемін деп шаршаған боларсыз отырып демалыңыз. Ал,
балалар сізге арнап тақпақтарын айтсын.
Айғаным: Тамаша,тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Әли: Дала нұр,қала нұр,
Құтты болсын Жаңа жыл.
Жалғас: Кел Жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл ,Жаңа жыл.
Жарқынай: Базарлықты баршаға,
Әкеліпті ол тағы.
Қарасын деп тамсана,
Безендірдік шыршаны.
Амина : Жаңа жылда жаңаша,
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша,
Әппақ Аяз атамыз.
Нұрайна : Безендіріп шыршаны,
Жыл қуантты баршаны.
Ерсұлтан: Дед мороз,открой мешок,
Расскажу тебе стишок.
Сайда: Жаңа жыл жаңа жыл,
Жаңа жылда,жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Жадырап бар бала жүр.
Жандәулет: Мұз болады қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Қуаныш: Кел жаңа жы Кел жаңа жыл,жаңа жыл.

Жүргізуші: Олай болса балалар “ Ақшақар” биін тамашалайық.
Ақшақар: Қане менің ақшақар сіңілерім келіңдер. ( Әсем әуенмен ақшақарларды ортаға
алып билейді)
Нұрайна,Амина,Меруерт,Айша,Айпара
(Осыдан кейін жақсы әуенмен Ит пен Доңыз келеді)
Ит пен доңыз: Балалармен амандасады.
Жүргізуші: Сәлематсыздар ма Ит жыл мен Доңыз жылы! Біздің Жаңа жыл мерекесіне
қош келдіңіздер. Сіздер балалар мен қонақтарға жылы тілектеріңізді айтыңыздар.
Ит: Ал енді менің сендермен қоштасатын уақытым болды.
Келешегі халқымның,
Ашық болсын аспаның.
Аман болсын жас кәрің,
Аманат қып барамын.
Доңыз жылына сіздерді.
Жаңа жылда балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Сау болыңдар балалар!
Доңыз: Амансыңдар ма балалар мен қонақтар!
Жаңа жылға бәріңіз,
Жаңа үмітпен қараңыз.
Ит жылы өзіңнен,
Қабыл алдым аманат.
Жасамаймын мен әркез,
Аманатқа қиянат.
Жүздеріңде қуаныш,
Әр көңілде жақсы үміт.
Келген мынау Жаңа жыл,
Әкелсін тек жақсылық.
– Бәріңізді Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын!
жүргізуші: Жаңа жыл енді осы мерекені бізбен бірге тойлаңыз. Біздің Аяз атамызға
дайындаған тақпақтарын тыңдаңыз.
Ата сіз біздің балалардың тақпақтарын тыңдайсыз ба?Аяз ата: Әрине,Қане балалар,
айта қойыңдар.
Асылназ: Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын,Жаңа жыл.

Әсем: Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын
Нұрсұлтан: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Марлен: Қыс келді,қыс келді.
Ақтарып ақ қарды.
Меруерт: Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Айпара: Шыршамызда қаншама,
Түрлі-түсті шырақтар.
Нұрлыбек: Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Әбді: Жаңа жылда балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Мансур: Қыс қызығы тамаша,
Ойнаймыз біз таласа.
Думанымыз жалғассын,
Жаңа жылға тамаша.
(Аяз ата тақпақ айтқан балаларды мадақтайды.) Жарайсыңдар балалар.
Жүргізуші: Ата. Балалармен және ата аналарымызбен бірге ойын ойнайық.
Ойын: “Шыршаны безендіреміз”.
Ойын шарты: Екі ата-ана шығады олар шырша болады , ал солардың балалары шығып
қыстырғыштағы ойыншықты ата- аналарының денесіне қыстырып безендіреді. Кім
бірінші болса сол жеңімпаз атанады.
Ақшақар: Ата, біз балалардың өнерін тамашалап жатырмыз, сыйлық беруді ұмытып
кеткен жоқпыз ба?
Аяз ата: Дұрыс айтасың қызым,аша ғой дорбаның аузын, балаларды бір қуантайық.
Ақшақар: Ата қаптың аузы ашылар емес, маған кім көмектеседі екен?
(сол кезде қой келіп көмек береді)
Ақшақар: Балалар мына қап ашылмай тұр, қане бәріміз өлең айтайық.
Ән: “ Жана жыл”
дорба ашылып, Ақшақар: балалар рахмет сендерге,сендер ән айтпағанда дорбаны
аша алмас едім, ал енді сыйлықтарыңды ала қойыңдар-деп сыйлықты таратып береді.
Аяз ата: Ал балалар,балалар,
Біз бармаған қала бар.
Асқар тау бар, дала бар,

Ата бала ана бар.
Соларға тез жетейік,
Рұқсат болса кетейік.
Сау болыңдар балалар- деп Аяз ата, Ақшақар, балалармен қоштасады.
Жүргізуші:
Жаңа жыл бірлік берсін елімізге,
Береке, ырыс келсін жерімізге.
Қой жылын кең пейілменен қарсы алайық,
Қуаныш шашу шашсын төрімізге, - деп
осымен “Арай” тобының ертеңгілігі өз мәресіне жетті.
Жаңа жылдан жаңа жылға аман - есен жете берейік.

«Өркен» ясли бақшасы.
Жаңа жылдық ертеңгілік
Тақырыбы: «Жасыл шырша жанында»
II-кіші «Арай» тобы.
Тәрбиеші:Беккулова Бақыт
Құлсары қаласы.20019ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген