400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жасыл шырша жанында

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Топ:Ересек «А»тобы


Тақырыбы:«Жасыл шырша жанында»


Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отырып, ән, тақпақ, ойындар арқылы тілін, ойын дамыту. Сахна мәдениетін сақтауға тәрбиелеу.

Кейіпкерлер:

Аяз Ата- Құнайып

Ақшақар-Инкар

Тышқан - Алуа

Тәрбиеші:
Қызығын да, қиындығын да көлденең тартқан 2019 - ші доңыз жылы аяқталуға да аз уақыт қалды. Өмірімізге енейін деп тұрған 2020 - ші тышқан жылы табалдырықтан аттайын деп тұр.
Тәрбиеші:
Олай болса, Жаңа жыл баршаңыздың отбастарыңызға денсаулық пен бақыт, береке мен бірлік, жақсылық пен қуаныш әкелсін.
Ортамызға бүгінгі кештің иелерін шақырайық. (музыка әуенімен балалар залға кіреді).

Тәрбиеші: Бүгінгі жаңа жыл мерекесіне арналған «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Ерзат
Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың!
Мұхаметали
Тоғай да, баулар да,
Ақкүмісжамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңдісағынды.
Досжан
Аққаржаптыдаланы,
Ақжамылдыайнала.
Жарқыратыпшамдарын,
Шыршакелдіортаға.
Тәрбиеші:Құрметті балалар, қонақтар, мерекемізге біреу жетіспей тұрған сияқты. Кім деп ойлайсыздар?

Балалар:Аязата!

Тәрбиеші:

Дұрыс айтасыңдар! Аязата мерекеге кешігіп жатыр. Мүмкін бізді таба алмай жүрген шығар. Бір әдемі ән айтайықшы, мүмкін естіп, бізді тез тауып алар.

«Шыршаға бардық»

Жаңадан тақпақ аламыз жаттап

Жаңа жыл келді жаңа жыл аппақ

Қайырмасы:

Шыршаға бардық әсем ән салдық

Аяз атадан сыйлықтар алдық

Қуантып енді жаңа жыл келді

Өсетін болдық бір жасқа енді

(Әннен соң балалар отырады)

Тәрбиеші:

(Сиқырлы сыңғыр естіліп, жоғары жақтан бір ұлпа қар ұшып түседі)

Бұл не қылған үлкен ұлпақар! Басқа ұлпақарларға ұқсамайды, өзі ерекше екен. Ой, балалар, бұл жайғана ұлпа қар емес екен. БұлАязатаның хаты! Қазір хатты оқып жіберейін.

Хатта:

Құрметті балалар, мені Мыстан сиқырлап, қатырыптастады. Мыстанды көрсеңдер көзіне қарамаңдар. Маған сендердің көмектерің қажет. Сендер әндеріңді қатты ,тақпақтарыңды ұялмай айтсаңдар, билеріңді әдемі билесеңдер, мен қайтадан өз қалпыма түсемін. Сендерге міндетті түрде келемін, кө-ө-өп сыйлықтарымды әкелемін.

Тәрбиеші:

Балалар, Аязатаға көмектесемізбе?

Балалар: Иә!

Бекжан
Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді!
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді!
Рахымжан
Нұрландырып маңайды
Шырша шамы жағылсын!
Жаңа жылдың құрметіне
Ақ тілектер ағылсын!
Бегімай
Жаңа жыл, жаңажыл.
Жаңа жылға жаңа жыр!
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр!
Сықырлаған дыбыс естіледі. Шанаға Аязатаның қатып қалған фигурасын салып алып, Ақшақар кіреді.

Ақшақар:Балалар, қараңдаршы. Мен Аязатаны тауып алдым. Амандассам амандаспайды. Өзі мүлде қозғалмайды. Аязата ауырып қалған ба? Сендер көмектесе аласыңдарма?

Тәрбиеші:Аязатаны құтқаруымыз керек. Мүмкінбіз бір би билеп берсек Аязата қалпына келетін шығар.

Би: «Украйн»

Инабат
Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.
Ділназ

Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді.
Әлижан
Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып.
ОртадатұрАқшақар,
Көптенкүтіпсағынып.
Тәрбиеші:

Аязата біраз жымиған сияқты. Ойын ойнасақ қайтеді? Мүмкін сонда Аязата қалпына келер?

Ойын: «Хоккей»

Шарты: Ұлдар екі топқа бөлініп хоккей таяқшасымен қақпаға кезекпен барып гол кіргізу керек.

Тәрбиеші:Рахмет балалар! Жақсы ойнадыңдар! Бірақ Аяз атамыз тек саусақтарын ғана қозғалтты ғой. Балалар, мүмкін тағы тақпақ айтып берсек пе екен.

Жангир
Настоящий Дед мороз
Дарит нам игрушки
Он на санках их привез
Из своей избушки.
Батыр
Все вокруг сияет,
Все вокруг блестит.
Новый год шагает
В гости к нам спешит.

Томирис

Дети водят хоровод

Хлопают в ладоши

Здраствуй, здраствуй Новый год

Ты такой хороший.

Тәрбиеші: Біздің мемлекетіміз көп ұлтты мемлекет болғандықтан, жаңа жыл мерекесін барлығы тойлайды. Бізге қонаққа үнді қыздары би шашуын алып келіпті.

Би «Үнді биі»

Айзия, Айша, Томирис

(Сиқырлы әуен естіліп шыршаның артынан таяғын тарсылдатып Аяз ата шығады)

Аяз ата: Амансыңдар ма балалар сендер мені мыстанның сыйқырынан босаттыңдар, көп рахмет сендерге.

Тәрбиеші: Аяз ата ортамызға оралғаныңыз қандай жақсы болды. Сіз болмағандықтан шыршамыздың шамы да жанбай тұр

Аяз ата: Онда не тұрыс шырша шамын жағайық

Балалар:Қуант бізді таңырқат, шамдарыңды жарқырат!

(Шырша шамы жанады)

Тәрбиеші: Аяз ата , Ақшақар біздің балалардың сіздерге дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар.

Ақбұрым
Кел билейік сенімен,
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар.
Адамдардың демімен
Даниал
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
Адина
Жүзімізгекүлкіойнап
Қанаттандыжанымыз.
Жаңажылдыбізтойлап
Шаттанамызбәріміз.
Ән «Аяз ата»

Таяғы бар қолында

Қар борайды соңында

Қандай сыйлық бар екен

Арқалаған қабында?

Қайырмасы:

Қаптың аузы ашылды

Ойыншықтар шашылды

Аяз ата би билеп – ей

Әнімізге қосылды

Сақалының ұзыны ай

Саудыраған мұзын ай

Жарқыраған оттары

Жаңа жылдың қызығы ай

Жанерке
Бізді байтақ далада,
Асқар тауда қалада.
Биыл ғажап іс болды,
Таң ғажайып қыс болды.
Раяна
Жаңажылмен, жаңажылмен,
Құттықтаймызәрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардыңбәрін де!
Айша
Бір топ бала сырғанап,
Би билейікзырлайық.
Қалдыарттақаралып,
Іздеріненқарұшып.
Би: «Вальс»

Ілияс

Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып - жылтар боп жатады.
Алихан
Жылдың әнін бастайын,
Аяз - Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Думан
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгінәнсалдым,
Араластымбиге де.
Ақшақар: Балалар мен ат аналармен ойын ойнағым келіп тұр

Ойын «Шыршаны безендір»

Шарты: Ойынға қыздар шығады, мамалары шырша болады. Қыздар екі топқа бөлініп

2 шыршаны кәмпиттермен безендіреді.

Айзия
Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
Ерасыл
Тамаша, тамаша,
Шыршамызтұржараса.
Басындаәсемжұлдызы,
Көзтоймайдықараса.
Еркеназ
Міне тағы келіп тұр,
Жаңа бір жыл балалар.
Жадыратып жер үстін
Төрімізге ол шыққан.

Залға тышқан кіреді

Тышқан: Сәлеметсіздер ме балалар, ата – аналар мен келер жыл тышқан жылы боламын. Сендерге жаңа жылда жаңа бақыт, жаңа табыстар мен жақсы тосын сыйлар сыйлаймын. Меркелеріңіз құтты болсын. Мұнда менің кішкентай достарым отырған сияқты ғой.

Тәрбиеші: Иә тышқан жан қош келдіңіз!Төрлетіңіз! Біздің тышқандарымыз сізге арнаған биі бар

Би: «Тышқандар»

Ділназ, Раяна, Инабат, Досжан, Алихан, Думан, Ерасыл

Тышқан: Жарайсыңдар балалар рахмет!

Аяз ата: Балалар сендер өнерлі екенсіңдер, өнерлерің үстем болсын, үлкен азамат болып өсіңдер. Сендерге арналған сыйлықтарымды қабыл алыңдар.Біз енді немерем екеуіміз басқа да балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтауымыз керек. Сау болыңдар!

Тәрбиеші: Осымен біздің «Жасыл шырша жанында атты мерекеміз аяқталды, көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет!

Тәрбиеші: Құттықтау сөз кезегін бөбекжай-бақша меңгерушісі Айнұр Мұратқызына беріледі


Ұсыныс: ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Тексерген:________________________________________________________



«Бекітемін»________________

Зайсан қала әкімі аппаратының

«Зайсан қаласындағы «Еңлік»»

бөбекжай- бақшасының

меңгерушісі А.М Досбаева



ЕРТЕҢГІЛІК

«ЖАСЫЛ ШЫРША ЖАНЫНДА»

Ересек «А» тобы


Тәрбиешілер:Оразова Д.,

Акишева Н.

Тексерген: Боржикова Л.

Музыка жетекшісі:Бекшойнова А.










2019-2020 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 желтоқсан
592
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі