Материалдар / Жасыл шырша жанында
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жасыл шырша жанында

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымға арналған.тәрбиешілерге дайын сценарий.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2020
220
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Н.Б.Кажгереев

Күні:26.12.2019

Тақырыбы: «Жасыл шырша жанында»

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл-күй тудыру.Шыршаның сәнді безендірілгеніне,балалардың Аяз атаның , ақшақардың карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді бірлескен ойындар ойнату.Достық қарым-қатынас орнату.Мерекелік көңіл- күй сыйлау.

Жүргізуші : Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді

Бақыт ,шаттық, молшылық әкелсін

Құтты болсын

Жаңа жылың тағы да.

Қол соғып қарсы алайық

Шақырайық ортаға

Ертеңгілік басталсын

«Балбөбек», «Айгөлек», «Мектепалды даярлық» топтарын

( Балалар кіріп, шырша айналып тұрады.)

  • Жаңа жылдық ертеңгілімізді ашудағы құттықтау сөз мектеп директоры

Майра Жарылгаганқызына беріледі.



( Музыка қосылып , Сиқыршы шыр айналып кіреді)

Сиқыршы: Келді міне Жаңа жыл

Азаймасын ән мен жыр

Ел көңілін көтерсін

Құтты болсын Жаңа жыл!

Құттықтаймын сіздерді

Тезірек мұнда жиналыңдар

Басталады Жаңа жылдық кешіміз

Маска да бар,би де бар асығындар

  • Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы,айнала неткен керемет,әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен.Бәрімізде әп-әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып алыппыз.Бірақ ... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен сендердің әдемі сөздеріңмен шыршаның шамын жағайық.



Бәрі: Қуант, бізді ,таңырқат

Шамдарынды жарқырат

(Шырша шамы жанады)



Жүргізуші: Міне керемет,қол ұстасып әнімізді шырқайық

Ән: «Аппақ қар»

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Айтыңдаршы Жаңа жылда бізге қонаққа кім келеді? ( Балалар жауабы)

  • Қанекей, ендеше бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық

Бәрі: - Аяз ата,Ақшақар Ау –у-у-у ! 3 рет

Аю: Саламатсыздар ма, балалар! Жаңа жыдарыңмен! Мен қысқы ұйқыда болатынмын.Қатты айқай шу, тасыр- тұсыр шошып ояндым, не болыпқалды деп сұрап едім,бәрінің айтатындары бір –ақ сөз «Жаңа жыл келіп қалды, Жаңа жыл»дейді.Машаны іздеп , осында болар деп келдім

Жүргізуші: Балалар бұл кім?

  • Аю

Жүргізуші: Иә « Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой.Бірақ біз Аяз атаны щақырдық қой, аюды емес ...

  • Иә

( Осы кезде Маша келеді.Шыршаға таңырқап )

Маша :- Керемет ....( деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады)

Аю: - Әрең таптым –ау сені, қасқыр жеп қойған шығар деп едім ( деп барып құшақтайды)

Жүргізуші: Тоқтаңыздар,кетпеңіздер,бізбен бірге юолыңыздар, ән айтып,би билеңіздер ( екеуі қуанып,балалардың жанына келеді)

Би: «Маша мен аю»

Жүргізуші : Балалар, мына сыйлықты бәріміз бөлісейік... ( ашыптжатқанда ішінен Күлдіргіш шығады)

Күлдіргіш: Амансыңдар ма, балалар! Иә бл мен Күлдіргішпін!Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды.Ол жерде тар, әрі қараңғы.ал мұнда,сондай тамаша екен!Менде сендермен Жаңа жылды қарсы алайыншы.( Шыршаға қарап)

Шырша дейміз елканы

Балалар билеп қоршады

Түрлі –түсті ойыншық

Шыршада көз тартады

Жүргізуші: Ендеше балалар Аю мен Машаны ,Күлдіргішті ортаға алып шыршаны айнала би билейік.

Күлдіргіш : Ой балалар шыршада Аяз ата мен Ақшақар жетіспейді ғой



Жүргізуші: Ендеше балалар Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Қоңырау үні сыңғырла

Аяз ата ,Ақшақар

Тез келіңдер ортаға

Біз сендерді сағындық

Аяз ата, Ақшақар 3-рет

Аяз ата: Құтты болсын балалар

Жаңа келген жылдарың

Алаңдамай өсіңдер

Еркелеп ұл-қыздарым

Өткен жылы келіп ем,

Бәріңді де көріп ем

Жыл өтізіп келем деп,

Уәдемді беріп ем

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар?! Жаңа жылдарың құтты болсын!

Сүйсіндірер маңайды,

Ақшақармын арайлы

Жалт-жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды

Ақшақармын аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін,жырмын, тақпақпын

Жаңа Жыл: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сіздерге сондай асықтым,ешігем деп қатты қорықтым.Менің ең жақсы қасиетім –шапшаңдығым.

Жаңа жыл жаңа қадам, жаңа бақыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт

Жақсылықтың белгісі , жаңа уақыт

Келіп міне, жатырмыз қауқылдасып

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары..

Он екіні күтер, қалмай тағаттары

Ғасырдың он екінші жылы келді

Құстай ұшып,қырау шалған қанаттары

Құтты болсын жаңа жыл барша қауым

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім

Жүргізуші: Балалар Аяз атамыз бен Ақшақарды ,Жаңа Жылымызды ортаға алып,шыршамызды айналайық

Би: «Кішкентай гномдар» «Айгөлек» тобының тәрбиеленушілері

  • Ендеше Аяз ата «Айгөлек» тобының бүлдіршіндерінің дйындаған тақпақтарын тыңдайық

Ескі жыл: Балалар , менің жылым аяқталды.Мен сендермен бір жыл ьойы бірге болдым.Қызықты күндер көп болды деп ойлаймын.Ал енді менің келер жылға орнымды беруім керек.Жаңа жыл, мен енді өзімнің мекеніме қайтадан ораламын.Сенің жылың да сәтті жыл болып кірсін,балалар ешқашан мұңаймасын.Сау болыңыздар!

Жүргізуші : Шынымен де, балалар біз бір жасқа үлкейдік.Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр,олай бола,сау болыңыз , біз сізге ризамыз.

Бәрі: Қош ,қош ,ескі жыл!

Жүргізуші : Би: «Жаңа жылдық Флешмоб»

«Балбөбек» тобының тәрбиеленушілерінің тақпақтарын тыңдайық



Ән: «Келді міне Жаңа жыл»

Шыршаны айнала ән айту.

Жүргізуші: Би: «Флешмоб»

Ендеше Аяз атаға арнаған мектепалды даярлық тобының тақпақтарына кезек берейік.



Балаларға сыйлыққа демеушілік жасаған Кужасов Адилбек Амантаевич, Сұлтанов Ержігіт Оңғарұлына және де Аяз ата дорбасына

Мусин Амангелді Масгутович, Алпамышов Кенжебек Каримуллаұлы, Сарсенбаева Динара Алмасқызына мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз.



(Аяз ата мен Ақшақар сыйлықтар таратады)

Аяз ата: Жарайсыңдар ,балаларым! Мені бүгін бір қуантып ,алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер.Барлықтарыңда ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.

Ал енді біз жолға шығайық.Басқа да балалардың өнерін тамашалайық.Ал,балаларым,сендер өсе беріңдер,өркендей беріңдер.Аспандарын ашық болсын! Қош сау болыңдар! ( қолдарын бұлғап шығып кетеді)

Балалар: Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар,балалар! «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгіліміз аяқьалып қалды.Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.Жаңа жыл құтты болсын,отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!