400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жасыл шырша жанында

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сыныптарына арналған жаңа жылға арналған сценарий.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі» КММ

Мектепалды даярлық сыныптары мен «Мерей» шағын орталығының топтары арасында «Жасыл шырша жанында» ертеңгілігінің сценариі

Күні: 25.12.2019

Уақыты: 10:00

Сынып: 0 сыныптар, ортаңғы топ

Өткізетін орны: Спорт зал

Мақсаты:Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұматты жетілдіру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Жүргізуші: Жаксыгелдина Ж.Ж.

Ақшақар: 9 «А»оқушысы Махаббат

Аяз ата: Бөлеген Ж.

Қар ханшайымы: 9 «А» оқушысы Амина

Тышқан 1: 6 «Б» оқушысы Аян

Тышқан 2: 6 «Б» оқушысы Нұрмұхан

Доңыз жылы: 6 «Б» оқушысы Ернұр


Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка әуенімен балаларды ортаға шақырады.

Жүргізуші:

Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар! Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар, мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер! Олай болса «Жасыл шырша жанында!» атты 2020 жаңа жыл кешімізге қош келдіңіздер!

Ұстаз деген құдіреттен нәр алған,
Әлдилеген әрқашанда ақ арман.
Білімімен озық үлгі көрсетіп
Бұл балалар, келеді мектепалды даярлық сыныптан.

Қошемет, құрметті халайық!


Өзгелерден  бөлек екен мәнері,
Білімі мен ерекше екен өнері.
Думандата шырша тойды қыздыртқан,
Бұл  жұлдыздар келеді ортаңғы топтан.

Қарсы алайық!


(Мерекелік әуенімен балалар залға кіреді)

Хоровод «Келді,міне, жаңа жыл!»

(Балалар орындарына жайғасады.)

Кең далаға жар салып,

Жаңа жыл келді жұлдызды.

Жасайды думан қарсы алып,

Мәңгілік елдің ұл-қызы,

Дәулеті шалқып,ел тегіс.

Жетілсін лайық жас ұрпақ!

Тәуелсіз елдің тұғырлы.

Нығайсын бірлік ынтымақ!

Ашық аспан төгіп нұр,

Қар жамылған дала қыр.

Аңсап күткен, Жаңа жыл!

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Келе жатқан Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!

Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге жиналған әр біріңіздің үміттеріңіз ақталып, әрбір отбасында арман - тілектеріңіз орындалсын. Бүгінгі шырша тойымызда да көптеген қызықты әндер де, билер де, күтпеген таңғажайып оқиғалар болуы мүмкін.


Құрметті жамағат, жүрекке жылулық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді саналы ұрпақты, сезімі сергек, арманшыл, дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысына береміз.


Осындай ғажап тілектен кейін, біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік.


Фанфар әуені ойналады.Залға қаршалар шырша алдына келіп әңгімелесіп тұрады.Осы кезде дауыс сөйлейді.

Дауыс:

Ханымдар мен мырзалар, назар аударыңыздар!Бүгін барлықтарыңызды Жаңа жыл мерекесіне шақырамыз!Би билеп,көңіл көтеріп,қуанышқа бөленіңіздер!Жаңа жылдық мерекесі ашық деп жариялаймыз!Келіңіздер!Көріңіздер!

Қаршалар би позасында қатып тұрып қалады.Музыка әуенімен шырша артынан тышқан сығалайды.

Тышқан 1

Тышқан 2

Тышқан 1

Тышқан 2

Тышқан 1

Тышқан 2

Тышқан 1

Тышқан 2


Тышқан 1


Тышқан 2

Тышқан 1



Тышқан 2




Тышқан 1


Тышқан 2

Тышқан 1


Тышқан 2


Тышқан 1


-Шық,шыға бер,қорықпа!

Ой, қорқамын,қорқамын!

Шықшы деймін,бұл жерде балалар ғана!

(Шығып жан-жағына қарайды)

Қарашы қандай әсем шырша!Ойыншықтары да көп екен»

Бұл шыршада жейтін тамақ бар ма екен?

Қасына жақындап көрейік(шыршаны жақындап қарайды).

Міне,қарашы мына сары шар ірімшікке ұқсайды екен!Ооо,мына кәмпитті жеймін!

Жоқ, бөтен жерде ештеңе жеуге болмайды!Уланып немесе қақпаңға түсуіміз мүмкін.

Маған бәрі бір,жегім келіп тұр.

Тоқтай тұршы,мен ғылыми кітапты кеміргенмін.Ол жерде шыршаның астында тәтті сыйлықтарды тығып қоюға болатыны жазылған.

Олай болса тәттілерді шыршаның астынан қарау керек!Жүр іздейік(Екеуі екі жаққа бөлініп иіскелеп іздей бастайды,қаршаларға кезігеді).

Бұлар кімдер?

Бұлар қаршалар болуы керек!Мен оларды суреттерден көргенмін.

Бұларды жеуге бола ма?

Сен не деп тұрсын!Олар шынайы қаршалар ғой!Тамақ туралы айтуды доғарайық!

Туфф,енді менің тістерім қышып тұр ғой.Ең құрығанда кішкене кемірейікші!

Жарайды,жақсы!(қаршалардың қолын тартуға тырысады)

Қаршалар олардың қолдарын қағып, итереді.

Тышқан 1

Тышқан 2



Мыналарға қара,біз оларға ұнамаған сияқтымыз.

Ал,олай болса бұларға Қар ханшайымын шақыру керек!(Шақырады)

-Ұлы мәртебелі, Қар ханшайымы! Ұлы мәртебелі,Қар ханшайымы!(шыршаның артына қашып кетеді)

Би: «Жаңа жылдық қаршалар» 0»Б» сынып қыздары билейді.Қарша би соңында сыйқырлы таяқшасымен билейді.Шырша артынан Қар ханшайымы мен екі тышқан шығады.

Қар ханшайымы 

Ұстаңдар, ұстаңдар,қашып кетпесін!

Тышқандар қаршаны ұстап, қолындағы таяқшаны тартып алып, Қар ханшайымына береді.

Қар ханшайымы: 

Ха,ха,ха!Міне сиқырлы таяқша!Мен бұл таяқшыны көп іздедім.(Қаршаға қарап)Неге тұрсыңдар,бар да Аяз Аталарыңа хабарлаңдар,Жаңа жыл мерекесі болмайды!

Қаршалар жылап кетіп қалады.

Тышқан1

Тышқан 2


Қар ханшайымы



Тышқан 1

Тышқан 2

Қар ханшайымы

Аса қатыгез мәртебелім, бұл қандай таяқша?

Бұл таяқшаны жеуге бола ма?(Қар ханшайымына жақындап, таяқшаны иіскелей бастайды)

Саған әйтеуір,тамақ жесең болды.(Тышқаннан таяқшасы бар қолын әрі қарай тартады)Бұл ең сиқырлы таяқша.Осы таяқшамен ғана Жаңа жылдық шыршаның шамын жағып, мерекені бастауға болады.

Массаған!Алақай,бізде мереке болады!

Алақай,Тамақтанатын болдық!

Ақымақ тышқандар!Ха,ха,ха!Ешқандай да би,көңіл көтеру де,мереке де,сыйлық та болмайды.Мені мерекеге шақырмаған өздерінен көрсін.Ал , мен кеттім!(Кетіп қалады)

Тышқан 1

Тышқан 2

Тышқан 1

Тышқан 2


Тышқан 1


Мерекені тоқтату керек деген ой маған мүлдем ұнамады

Ал,менің қарным ашты

Қазір, қазір,кішкене ойланып алайын.

Сен ойлан,ойлан,ал мен аш қарынға мүлдем ойлай алмаймын.

Таптым.Бізге Қар ханшайымын издеуге және одан сиқырлы таяқшаны қайтаруға көмектесетін біреуді табу керек!

Осы кезде доңыз жылы мерекеге асығып келе жатады.

Доңыз жылы:

Тышқан 1


Доңыз жылы:


Тышқан 2



Доңыз жылы:

Әй,тышқандар,қайда асығып бара жатырсыңдар?

Сәлеметсің бе,доңыз!Біз асығып барамыз.Ал,сен қайдан келе жатырсын?

Мен Жаңа жылдық мереке болатынын естіп келе жатырмын.

Ой,ой, ой!Сен естімедің бе?Мерекені Қар ханшайымы тоқтатып кетті.Сиқырлы таяқшаны да алып кетті.Енді не істейтінімізді білмейміз.

Мен білемін.Ол үшін Аяз Атаны шақыру керек!

Қанекей,балалар,барлығымыз бірігіп,Аяз Атаны шақырайық.Келіңдер ортаға!

Аяз Ата! Аяз Ата!Аяз Ата!

Аяз Ата мен Ақшақар кіреді

Аяз Ата 







Ақшақар










Тышқандар:

Аяз Ата:




Ақшақар:

Аяз Ата:

Тышқан 1:


Аяз Ата:










Қар ханшайымы:


Аяз Ата:


Қар ханшайымы:

Ақшақар:


Қар ханшайымы:

Аяз Ата:


Қар ханшайымы:


Ақшақар:





Жүргізуші:


Қар ханшайымы:



Барлығы:



Жүргізуші:


Балалар:

Жүргізуші:



Балалар:

Жүргізуші:


Доңыз жылы:




Тышқандар:





Аяз Ата:




Амансыңдар ма,ұлдарым,

Аппақ сұлу қыздарым,

Құтты болсын келіп жеткен

Жаңа жылдарың!

Өздеріңді сағынып,

Көп сыйлықты әкелдім!


Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!

Сүйсіңдірер маңайды

Ақшақармын арайлы

Жалт – жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін, жырмын, тақпақпын.


Біз сіздерді келмейді екен деп ойладық.

Неге ондай ой келді.Мен қашан уәдемде тұрмадым?!

Ал,қанекей,Біз мерекемізді бастаймыз!Сиқырлы таяқшамды беріңдер!(Барлығы да бастарын төмен түсіріп тұрады)

Ата,олар бізден бір нәрсе жасырып тұрған секілді.

Не жағдай болды?Айтыңдар.

Аяз Ата...Енді...Ата, сиқырлы таяқшаны Қар ханшайымы алып кетті.

Ештеңе етпейді менде сиқырлы асатаяғым бар емес пе?Қазір шыршамызды сиқырлап шамын жағып көрейік!

Шыршаны айналып былай дейді.

Қане, сиқырлы таяғым,

Бар күшіңді сала түс.

(Таяғын тарсылдатып.)

Бір,екі,үш

Шырша шамы жана түс!

(Шыршаның шамы жанбайды.Осы кезде Қар ханшайымы кіріп келеді.)

Ха,ха,ха!Бос әуреге түспе ,Аяз Ата!Сыйқырлы таяқша менде.Мен мереке болмайды дегенім қайда?!Бұл таяқшасыз ешкім шыршаның шамын жаға алмайды.

Сәлеметсің бе,Қар ханшайымы!Біз балалардың мерекесіне келіп тұрмыз.Сен оданда таяқшаны бізге қайтарып бер.

Жоқ,жоқ!Мені мерекеге шақырмайды екенсіңдер.Онда сендерге де мереке жоқ!

Қар ханшайымы,сіз ашуланбаңыз!Одан да келіп бізбен бірге көңіл көтеріңіз!Балалардың өнерін бірге тамашалайық!

Мен оңайлықпен таяқшаны ешкімге де бермеймін!


Олай болса,былай келісейік.Қазір ойын ойнайық,егер сен жеңіліп қалсаң таяқшаны бізге қайтарасың!Келісесің бе?

Жақсы!Келістік!Мен өзіме сенімдімін!Мен жеңемін!(Ойланып жауап береді)


Ал,ендеше ойынды бастайық!

Қолғап ойыны

Шарты: Аяз Атаның қолғабын Қар ханшайымының қолына түспеу үшін, балалар шеңбер бойымен бір-біріне музыка ырғағымен тездетіп береді.

Тамаша!Жарайсыңдар, балалар!Қар ханшайымы,біздің балалар сіздің көңіліңізді көтерген сияқты.

Иә,дұрыс айтасыңдар!Жарайсыңдар,балалар!Кешіріңдер!Аяз Ата,таяқшаңызды қайтарайын!Мен жеңілдім!

(Таяқшаны қайтарады)

Алақай,бізде мереке болады!


Балалар,сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр 2019 кетер жылдың иесі не жылы болды?

...,...,...доңыз

Дұрыс айтасыңдар «Доңыз жылы» болды.

Ал,енді кім айтады келер 2020 жылдың иесі не жылы болмақ?

...,...тышқан

Жарайсыңдар,балалар!Келер жылдың иесі «Тышқан жылы»екен.

Ал, енді барлығы орнына келген сияқты.Бір жыл бойы жыл иесі болдым.Ендігі кезек тышқандар өздеріңде!Жолымды сендерге беремін!( «Жыл иесі» лентасын тышқанға тағады).


Жыл иесі Тышқандар боламыз ,
Мың шырайлы нұрға толамыз.
Ырыс, дәулет, несібенің,

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
339
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі