400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жасыл шырша жанында!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа-жылдқ қойылым.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бекітемін:

ЖК «Сейсекенова»

«Балауса» бөбекжай-балабақшасы

Меңгеруші: __________

Байгонусова З.Я

«____»_____ ______ ж





­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­



Ортаңғы «Балапан» тобы

Е ртеңгілік

Shape1

«Жасыл шырша жанында!»













Тәрбиеші: Ратаева Д.С







2022 жыл





Тақырыбы: «Жасыл шырша жанында!»
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру. Көңіл күйлерін көтеру. Шырша әсемдігін, қыс келбетін сезіну. Жақсылыққа, достыққа, бір - біріне бауырмалдық көрсете білуге тәрбиелеу.


Міндеттері: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту. Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: әсемделген шырша, ойын өткізуге арналған құралдар, атрибуттар.

Кейіпкерлер:

Жүргізуші: Ратаева Д.С

Сиқыршы: Ануарбекова Қ.

Қоян: Кулқаева Е.

Барыс: Турысбекова А.

Ақшақар: Дюсембаева Н.

Аяз Ата: Бекбергенова З.

Күлдіргіш: Жанабаева С.



Ертеңгіліктің мазмұны:

  1. Жүргізушінің құттықтау сөзі.

  2. Балалар шыршаны айналып тұрады

  3. Сиқыршы шыр айналып кіреді

  4. Ескі жыл Барыс кіреді

  5. «Топ-топ» әнін айтады

  6. Күлдіргіш кіреді қораптың ішінен ойын ойнатады

  7. Аяз Ата, Ақшақар кіреді

  8. Жаңа-жыл Қоянды шақырады

  9. Балалармен бірге «Хоровод» шыршаны айналу

  10. Аяз ата- құттықтау сөздер айтып сыйлықтарын береді.






Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!

(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)

(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)
Сиқыршы:
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!

Жүргізуші:- Рахмет саған сиқыршы:

балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын Барыс жылымыз қайда? Ай, Сиқыршы сен сиқырлап тастаған жоқсың ба? Балалар, барыс қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.
(жылтыр сандық ішінен барыс секіріп шығады)
Барыс -
- Ау, барысжан сенімен де қоштасатын кез келді.

Барыс:
Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.


Жүргізуші: - Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі: Сау бол Барыс!
Сиқыршы: сендердің әдемі сөздеріңмен шыршаның шамын жағайық!

Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет


(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.

Ән: «Топ-Топ»

Жүргізуші. Балалар, мына қораптың ішінде не бар, көрейікші балалар (деп ашып жатқанда ішінен күлдіргіш шығады)

Күлдіргіш: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы.
Күлдіргіш: (шыршаға қарап)
Шырша дейміз елканы
Балалар билеп қоршады.
Түрлі - түсті ойыншық
Шыршада көз тартады.
- Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.
Олар келгенше бір ойын ойнап жіберейік балалар.

«Ақ қағазбен көк қағаз ойыны»

Қиылған қағаздарды аспанға лақтырып ойнау.

Бәрі.
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 - рет
(әуенмен бірге Ат шанаға мініп Аяз ата, ақшақар келеді)

Аяз Ата:
Ардақты ұл - қыздар, балапандар, бүлдіршіндер сендерге бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.





Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар.

Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы.

Аяз ата: ал енді балалар Келер жылды шақырайық.

Бәріміз бірге: Қоян деп 3 рет айтайық.

Қоян
Сәлеметсіздер ме, балалар
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.
Балалармен бірге: Хоровод

Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Алыс жолдан сыйлық алып келдік сендерге.

Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық.. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!


Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!





































































































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 желтоқсан
163
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі