Жасыл шырша жанында

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жасыл шырша жанында

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылдық ертеңгілік мектепалды даярлық тобына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жасыл шырша жанында»

Жүргізушілер: Ақгүл, Айзия,Әлихан (Балалар музыкамен кіреді) «Попури»әнімен.

Жүргізуші : Айзия

Құрметті балалар,қадірлі ата-аналар!

Екеуі бірге: Жаңа жыл мерекесіне қош келдіңіздер! (Балалар қол шапалақтайды)

Айзия : Ақ ұлпа қар жауып,жер беті аппақ болған ,шырша сәнге бөленіп,көңілдер шаттыққа толған керемет мерекеміз басталғалы тұр.

Әлихан: - Достар,қараңдаршы, мына біздің шыршамыздың шамдары неге жанбай тұр?

Айзия:Ендеше, жасыл шыршамыздың шамдарын жағу үшін балабақшамыздың меңгерушісі Мадина апайды шақырайық.(музыка ойнайды,дауыс қойылады.)

Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат

Айзия:-Әлихан, жаңа жыл кешіміздің кейіпкерлері қайда екен?

Тәрбиеші сөзі:

Ой , балапандар, жаңа жыл кешіміздің кейіпкерлерін шақырып алайық.Аяз Ата мен Ақшақар қызды шақыру.(музыкамен кіреді)

Тәрбиеші сөзі: Аяз Ата биыл жылан жылы болды, бізге көптеген жақсылықтар сыйлады,достар таптық,қызықты күндер өткіздік.Олай болса, жылан жылын шығарып салу.( Жыланды музыкамен шығару )

Жаңа жылымыз Жылқы жылын қарсы алайық.(Тық-тық сағаттың тілі аудиосы қосылады,әрі Жылқы кіреді,жылқының сөзі)

Айзия:Аяз Ата ,Ақшақар қыз достармыздың жаңа жылдық кешімізге арналған өнерлері бар.

Әлихан: Айзия,достарымызбен бірге өнерімізді бастаймыз ба?

Айзия: Бастасақ, бастайық.

Тәрбиеші сөзі:

Кел балалар шыршаға

Қол ұстасып ән салайық

Жаңа жылдың жарқын айын

Ән мен бимен қарсы алайық- деп, «Шыршаға бардық»әнін тамашалаңыздар.

Тақпақтар

Абылай

Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды
.


Айсұлтан

Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.


Расул

Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.


Аянұр

Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.





Әлихан

Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Қуаныш

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.


Данагүл

Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп


Сұлтан

Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын жаңа жыл

Шахмардан

Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.


Ержігіт

Аяз Ата келіп тұр

Бізге сәлем беріп тұр

Өлең айтқан балаға

Сыйлықтарын беріп тұр



Асылым

Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.


Елдос

Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.


Жайдарлым

Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.


Нұрсая

Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.




Айзия

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Miнe, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіт, сағынған,

Кел, балалар, келіндер,

Тамашаны көріңдер.



Әлинұр

Жаңа жылым мол болсын

Баскан қадам он болсын

Төрле Төрле Жаңа жыл

Бізге Құтты жыл болсын



Жанайым

Аяз ата келіп тұр,

Бизге сәлем беріп тұр.

Сақалының ұзыны-ай

Кесіп алсам шіркін-ай!!!


Мейіржан

Жасыл желен жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз 

Көптен күтіп сағынған.


Байбек

Жылдың әнін бастайын,

Аяз- Ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.


Мансұр

Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем бepді жұртына.


Айкөркем

Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той-маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

Би:«Ақшақар»(Айзия,Дана,Асылым,Айкөркем,Нұрсая,

Жанайым,АянұрЖайдарлым)

Ән: «Жаңа жыл»

Ертегі:«Үш дос пен боран»(қоян-Сұлтан,тиін-Расул,кірпі-Айсұлтан,боран-Байбек)

Би: «Көңілді қалпақтар»(Мейіржан,Мансұр,Байбек,Сұлтан)

Ойын: «Шаңғы»Шарты: 4 баладан екі топқа бөлініп,шаңғыны тебу арқылы қарды басып, жылдамдық пен шапшаңдықты қалыптастыра отырып, достарына қысқы киімдерін кигізу.

Ойын: «Аяз Ата бас киімі»(ата-аналар ойынмен)

Шарты:Ойынға 6 адам қатысады.Ортада 3 ата-ана орындықта отырады.3 ата-ана қарама –қарсы көздері байлаулы тұрады.Қолдарында таяқшада бас киім ілініп тұрады. Сол бас киімді отырған ата-анаға кигізу керек. Кигізген ата-анаға сыйлық береді.

Би: «Көңілді Аяз Аталар»

Тәрбиеші сөзі: Балалар, Аяз Ата сендерге ерекше тосын сыймен сыйлықтар әкелді.Біз балалар кезекке тұрып ,банкомат корточкасы арқылы ақшамызды алып, дүкенннен сыйлығымызды алайық және дүкеншіге рахметімізді айтайық.

Аяз Атамен қоштасу.

Ата-анаға сөз беру.

Жаңа жылдық Флешмоб

Қорытындылау.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі